«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 969 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 мамырдағы № 406 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етедi:
1. «Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту жөніндегі экономикалық саясат пен ұйымдастыру шараларының 2005-2010 жылдарға арналған негізгі бағыттары» бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 969 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2005 ж., № 36, 502-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту жөніндегі экономикалық саясат пен ұйымдастыру шараларының 2005-2010 жылдарға арналған негізгі бағыттары» бағдарламасында:
«Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту жөніндегі экономикалық саясат пен ұйымдастыру шараларының 2005-2010 жылдарға арналған негізгі бағыттарының бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 10-бөлімде:
реттік нөмірі 16-жолдың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"Жыл сайын, 25 ақпан";
реттік нөмірі 22-жолда:
2-бағандағы "бағалау" деген сөз "бағалаудың рейтингілік" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-баған "мүдделі мемлекеттік органдар" деген сөздермен толықтырылсын;
5-бағандағы "2005" деген сандар "2006" деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 26-жолда:
2, 3-бағандар мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік кәсіпорындарды мемлекеттік қаржылық қолдау тетігі жөнінде ұсыныстар енгізу
ЭБЖМ-ге ұсыныс";
4-бағандағы "ЭБЖМ," деген аббревиатура алынып тасталсын;
5-бағандағы "2005 жыл IV тоқсан" деген сөздер "2006 жыл II тоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 39-жолдың 3, 5-бағандары мынадай редакцияда жазылсын:
"Үкіметке ұсыныс
2006 жыл II тоқсан";
реттік нөмірі 46-жолда:
4-баған "мүдделі мемлекеттік органдар" деген сөздермен толықтырылсын;
5-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"Жыл сайын, 25 ақпан".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |