5) сақтанушы сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға өзiнiң талап қою құқығынан бас тартқанда, сондай-ақ сақтандырушыға талап қою құқығының өтуi үшiн қажеттi құжаттарын беруден бас тартқанда керi талап қоюға құқығы бар.
2. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырған сақтандырушыға сақтанушының сақтандыру нәтижесiнде сақтандырушы өтеген шығындар үшiн жауапты тұлғаға керi талап құқығы төленген сома шегiнде ауысады.
21-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатудың негiздерi
1. Сақтандырушы егер сақтандыру жағдайы:
1) аудиттеу субъектiсiнiң сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына ықпал ететiн қасақана iс-әрекеттерiнiң;
2) аудиттеу субъектiсiнiң Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген тәртiппен сақтандыру жағдайымен себептiк байланыстағы қасақана қылмыстар немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар деп танылған iс-әрекеттерiнiң салдарынан болса, сақтандыру төлемiн толық немесе iшiнара жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.
2. Сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тартуы үшін мыналар да:
1) сақтанушының шығынды келтiруге кiнәлi тұлғадан шығынның тиiстi өтемiн алуы;
2) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандыру жағдайының басталуы туралы сақтандырушыға хабарламау немесе уақтылы хабарламау;
3) сақтанушының сақтандыру жағдайы басталуының мән-жайларын тексеру және келтiрiлген зиянның мөлшерiн белгiлеу кезiнде сақтандырушыға кедергi келтiруi;
4) аудиттеу субъектiсiнiң аудит жүргiзуге арналған шартта көзделген мiндеттердi бұзуы;
5) сақтанушының аудитордың және аудиторлық ұйымның Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңдарында белгiленген функцияларына және мiндеттерiне сәйкес келмейтiн қызметтi жүзеге асыруы;
6) аудиттеу субъектiсiнiң сақтанушыға аудит жүргiзу үшiн қажеттi толық емес және (немесе) расталмаған құжаттаманы және басқа да ақпаратты ұсынуы негiз болуы мүмкiн.
3. Сақтандыру жағдайының басталуы туралы сақтандырушыға хабарламау немесе уақтылы хабарламау, егер сақтандырушының сақтандыру жағдайының басталғаны туралы уақтылы бiлгендiгi дәлелденбесе не сақтандырушыда бұл туралы мәлiметтердiң болмауы сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асыру мiндетiне әсер етпесе, ол сақтандыру төлемiнен бас тартуға құқылы.
4. Сақтандыру төлемiнен бас тарту үшiн негiздер бар кезде сақтандырушы осы Заңның 19-бабында көзделген құжаттарды алған күннен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде сақтандыру төлемi туралы өтiнiш берген тұлғаға бас тартудың себептерiне жазбаша нысанда, дәлелдi негiздемемен келтiрген сақтандыру төлемiнен толық немесе iшiнара бас тарту туралы тиiстi шешiмдi жiберуге мiндеттi.
5. Сақтандырушының осы бапта көзделмеген негiздер бойынша сақтандыру төлемiнен бас тартуға құқығы жоқ.
5-тарау. Қорытынды ережелер
22-бап. Дауларды қараудың тәртібі
Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартынан туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қаралады.
23-бап. Қазақстан Республикасының аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы заңдарын бұзуға кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
Қазақстан Республикасының
Президентi | Н.А. Назарбаев |