«Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 мамырдағы № 386 Қаулысы
(2007.29.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2008 ж.12 қарашадағы № 1048 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
ҚР Үкіметінің 2007.29.05. № 432 Қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы басқармасының құрамына:
Қайрат Нематұлы Келімбетовті басқарма төрағасы;
Мақсат Нұрдәулетұлы Мұқановты басқарма төрағасының орынбасары;
Әсет Өрентайұлы Исекешевті басқарма төрағасының орынбасары етіп сайлауды;
2) Асқар Болатұлы Сембинді «Қазақстанның Даму Банкі» (бұдан әрі - Даму Банкі) акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің мүшесі және президенті етіп сайлауды;
3) Қамбар Басарғабызұлы Шалғымбаевты Даму Банкі президенті лауазымынан босатуды және оны Даму Банкі директорлар кеңесінің құрамынан шығаруды қамтамасыз ету ұсынылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | Д. Ахметов |