Ескертпе:
1- Қазақстан қор биржасының мәлiметтерi бойынша, басқа мемлекеттердiң заңдарына сәйкес, оның iшiнде қатысушылары (акционерлерi) SPV деп аталатындардың (Special Purpose Vehicle/ "Арнайы кәсiпорындардың") эмитент-резиденттерi болып табылатын шетелдiк ұйымдарды пайдаланумен эмитенттелген облигацияларды қоса алғанда.
2- Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі мәліметтері бойынша
9-кесте
Айналыстағы қазақстандық және ресейлiк
корпорациялық облигациялар көлемi
Жылдар | Айналыстағы қазақстандық корпорациялық облигация- лардың жыл соңындағы көлемi1 | Айналыстағы ресей- лiк корпорациялық облигациялардың жыл соңындағы көлемi2 |
млн. теңге | млрд. АҚШ долл. | Қазақ- стан Респуб- ликасы- ның ЖІӨ-не %-бен | млрд. АҚШ долл. | Ресей Федера- циясының ЖІӨ-не %-бен |
2001 | 28475,3 | 0,19 | 0,88 | 2,23 | 0,7 |
2002 | 91890,4 | 0,59 | 2,4 | 3,42 | 0,9 |
2003 | 182493 | 1,27 | 4,1 | 5,30 | 1,2 |
1 - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгi мәлiметтерi бойынша
2- Ресейдiң БҚФК-тiң мәлiметтерi бойынша
Корпорациялық облигациялар iс жүзiнде қазақстан экономикасына бағалы қағаздар рыногы арқылы инвестициялар тартудың негiзгi құралы болып табылады. Алайда 2004 жылғы 1 сәуiрдегі жағдай бойынша облигациялардың қолданыстағы шығарылу саны бар-жоғы 75-тi құрады, бұл акционерлік қоғамдарда (бұдан әрi - АҚ), жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлігі бар серiктестiктер де бола алатын әлеуеттi эмитенттердiң жалпы санының өте аз үлесi. Бұл ретте облигациялардың 48 шығарылымы (29 эмитент) "А" санаты бойынша және облигациялардың 11 шығарылымы (11 эмитент) "В" санаты бойынша Қазақстан қор биржасының ресми тiзiмiне енгiзiлдi.
Инвесторлардың эмитенттерге сенiмiнiң жетiспеушiлiгi және капиталдандырылған компаниялардың шектеулi саны облигациялар эмитенттерiнiң санын ұлғайтуға кедергi болып табылуы мүмкiн. Сонымен қатар бұл рынок сегментi жыл сайын 100%-дан аса ұлғайып, айтарлықтай серпiндi дамуда және үлестiк рынокқа қарағанда оның перспективалары зор.
10-кесте
Эмиссиялық бағалы қағаздардың биржалық айналысы,
млрд. теңге (акциялардың мемлекеттік пакеттер
секторын және репо секторын қоспағанда)
| 2001 жыл | 2002 жыл | 2003 жыл | 2004 жыл І тоқсан |
Акциялар | 12,08 | 21,76 | 40,20 | 8,96 |
Корпорация- лық облига- циялар | 24,97 | 40,32 | 89,89 | 31,32 |
Көзi: Қазақстан қор биржасы
Бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногындагы мәмiлелер көлемiнiң ұлғаюы негiзгi инвесторлар - жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрi - ЖЗҚ), банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтерi ресми тiзiмдерге қосылған бағалы қағаздарға орналастырылуы тиiстiгiнiң нәтижесi болып табылады. Акциялардың және корпорациялық облигациялардың биржалық саудасы көлемiнiң тұрақты өсуi, сондай-ақ iрi институционалдық инвесторлар тарапынан сұраныстың ұлғаюы биржалық айналыстардың өсу үрдiсiнiң сақталуын болжауға мүмкiндiк бередi.
11-кесте
Бағалы қағаздар айналымының жылдамдығы
Жылдар | Ұйымдастырылған рынок | Ұйымдастырылмаған рынок |
| Акциялар | Обли- гаци- ялар | Акциялар | Облигаци- ялар |
Барлығы | Оның iшiнде "көгiл- дiр фиш- калар" | Бар- лығы | Оның iшiнде "кө- гiлдiр фиш- калар" |
2001 | 0,01 | 0,01 | 0,08 | 2,03 | 0,21 | 0,240 |
2002 | 0,03 | 0,01 | 0,13 | 3,70 | 0,03 | 0,003 |
2003 | 0,23 | 0,03 | 0,41 | 3,12 | 0,15 | 0,001 |
Көзi: Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгi
Эмитенттер
Акциялар рыногының жеткiлiксiз белсендiлiгi және листингтiк компаниялардың өте аз саны, 2004 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан қор биржасының ресми тiзiмiнде - 77, Қазақстанның бағалы қағаздар рыногының әлсiз жақтарының бiрi болып табылады. Салыстыру үшiн, Ресейде 300-гe жуық. Алдыңғы қатарлы әлемдiк қор биржаларының листингтiк компанияларының саны: Нью-Йорктiкi - 2366 (2002 жылы), Токионiкi - 2153 және Лондондiкi - 2824.
2004 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан қор биржасының ресми тiзiмiне ("А" және "В" санаттары) жұмыс iстеп тұрған 2875 акционерлік қоғамның (бұдан әрi - АҚ) тек 49-ының акциялары қосылған, бұл олардың жалпы санының 1,6%-ын құрайды. Салыстыру үшiн Ресейде жұмыс iстеп тұрған 20462 АҚ акцияларының шамамен 300-i биржалардың ресми тiзiмдерiне қосылған, бұл олардың жалпы санының 1,5%-ын құрайды.
12-кесте
Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттыққа
жiберiлген бағалы қағаздар
Санаттар тiзiмi | Бағалы қағаздардың шығарылу саны |
2003 ж. сәуiр | 2003 ж. шiлде | 2003 ж. қазан | 2004 ж. қаңтар | 2004 ж. сәуір |
"А" санаты | 24 | 30 | 32 | 33 | 37 |
"В" санаты | 24 | 22 | 24 | 28 | 30 |
Тiзiм бойынша барлығы | 48 | 52 | 56 | 61 | 67 |
Көзi: Қазақстан қор биржасы
2004 жылғы маусымнан бастап Қазақстанда Moody's Investors Service және "Интерфакс" Халықаралық ақпарат тобының (Interfax Information Services Group) құрылтайшылығымен "Moody's Интерфакс Рейтингтiк Агенттiгi" (Moody's Interfax Rating Agency) жұмыс iстей бастады.
Standard & Poor's Credit Market Services Қазақстан рыногында бiрқатар RatingsDirect, RatingsXpress, CreditWire, CreditWeek LossStats Database, CreditPro CrossWalk, CreditRisk Tracker және тағы басқалар сияқты ақпараттық-талдамалық өнiмдердi алға жылжыту туралы бастама көтердi. Аталған өнiмдер әлемде үлкен сұранысқа ие және атап айтқанда, орталық және коммерциялық банктердiң, реттеушi органдардың, инвесторлар мен активтердi басқарушылардың кредиттiк және қаржылық талдаушыларының жұмысында табысты қолданылады.
Қазiр Қазақстан қор биржасында эмитентте Standard & Poor's, Moody's, Fitch рейтингтiк агенттiктердiң бiрi немесе одан да көбiнiң берген қарыз алушының шетел валютасындағы ұзақ мерзiмдi кредиттiк рейтингтiк бағасы болса, қазақстандық қор биржасында бағалы қағаздарды листингке енгізудiң ("А" санатының ресми тiзiмiне енгізу немесе ресми тiзiмнiң "В" санатынан "А" санатына ауыстырудың) жеңiлдетiлген рәсiмi белгiленген.
Агенттiк жүргiзген сұрау барысында Листингтiк компаниялардың жұмсаған шығындарының ұсынылған көрсеткiштерiн талдау бастапқы ұсыныс жүргiзу, сондай-ақ бағалы қағаздарды сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тiзiмiнде қолдау едәуiр шығындармен қатар жүретінін көрсетті.
Қазақстандық компаниялардың транзакциялық шығыны:
Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының ресми тізiміне енгiзiлген "А" санаты бойынша АҚ-дар үшiн транзакциялық шығындар1:
бiр жолғы - 376 мың теңгеден 114 млн. теңгеге дейiндi;
жыл сайынғы - 4,9 млн. теңгеден 61,5 млн. теңгеге дейiндi;
жиынтық - 8,2 млн. теңгеден 157,7 млн. теңгеге дейiндi құрайды.
______________
1Транзакция - ақша қаражатын қандай-да бiр мақсаттар үшiн аударудан тұратын операциялар
Жыл сайынғы мiндетті шығындардың орташа көрсеткіші 22,4 млн. теңге құрайды, бұл листингтік компанияның меншiктi капиталының орташа мәнiнiң 0,06%-ын және бiр жылдағы жалпы шығыстардың орташа мәнiнiң 0,32%-ын құрайды.
Инфрақұрылымдық ұйымдардың қызметтерiне ақы төлеу: қаржы консультанттарына, аудиторларға ("үлкен төрттiк" және Қазақстан Республикасы резиденттерінің корпорациялық бағалы қағаздары үшiн - Дүниежүзiлiк Банктiң Қазақстан Республикасында Дүниежүзiлiк Банк кредиттерінің немесе гранттарының есебiнен iске асырылатын жобалардың аудитi мақсатында аудиторлық ұйымдар үшін белгіленген өлшемдерiне сай келетiн аудиторлық ұйымдардың кез келгені), андеррайтерлерге, маркет-мейкерлерге1 (мiндеттi талап) төленетiн комиссиялық сыйлықақылар (қаржылық емес ұйымдар үшін мiндеттi талап), сондай-ақ АҚ қаржылық есептіліктiң халықаралық стандарттарына (бұдан әрі - ҚЕХС) көшуiмен - бағдарламалық қамтамасыз етудi сатып алу және орнатумен, мамандарды оқытумен байланысты бір жолғы шығындар Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының ресми тiзiмiне енгiзiлген "А" санаты бойынша компаниялар шығындарының аса iрi баптары болып табылады. Заңдар талаптарына сәйкес өз қызметi туралы ақпаратты жариялау шығыстардың маңызды бабын құрайды.
_____________________
1маркет-мейкер - оны биржа мүше ретiнде таныған және биржаның iшкi құжаттарына сәйкес бағалы қағаздар бойынша өзiне екi жақты котировкаларды тұрақты жариялау және қолдау жөнiнде мiндеттеме алған биржа мүшесі
Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының ресми тiзiмiне енгiзiлген "В" санаты бойынша АҚ-дар үшін транзакциялық шығындар:
бiр жолғы - 550 мың теңгеден 6,9 млн. теңгеге дейiндi;
жыл сайынғы - 261,1 мың теңгеден 15,5 млн. теңгеге дейiндi;
жиынтық - 305,8 мың теңгеден 22,3 млн. теңгеге дейiндi құрайды.
Жыл сайынғы мiндеттi шығындардың орташа көрсеткiшi 3,7 млн. теңге құрайды, бұл компанияның меншiктi капиталының орташа мәнiнiң 0,1%-ын және бiр жылдағы жалпы шығыстардың орташа мәнiнiң 0,5%-ын құрайды.
Листингтiк емес АҚ үшiн жыл сайынғы шығындардың орташа мәнi 260,3 мың теңге құрайды, бұл АҚ-ның ең аз жарғылық капиталының 0,6%-ын құрайды.
Келтiрiлген мәлiметтер АҚ шығындары акцияларды Қазақстан қор биржасының ресми тiзiмiнiң ең жоғары санатына қосқан кезде айтарлықтай өсетiнiн куәландырады. Бұл ретте бағалы қағаздардың ресми тiзiмге қосылуы және болуы жөніндегі Қазақстан қор биржасының тарифтерi ресейлiк биржа алаңдарының тарифтерiнен едәуiр артық (13-кесте).
13-кесте
Бағалы қағаздарды ресейлiк iрi биржа алаңдарында
және Қазақстан қор биржасында орналастыру тарифтерi
Р/с N | Шығын бабы | РТҚ1 | МIСЕХ2 | Қазақстан қор биржасы3 |
1 | Листинг рәсiмiн өту: |
| - құжаттарға сараптама жүргiзгенi үшiн ақы | 0 | бағасы келісімдi | 100 АЕК (680 АҚШ долл., бағалы қағаздарды кейiннен ресми тiзiмге қосқан жағдайда бас- тапқы листинг- тік алым төлеу есебiне есепке алынады. Егер бағалы қағаздар ресми тiзiмге қосылмаған жағ- дайда, көрсетiл- ген ақы қайта- рылмайды) |
| - бағалы қағаздарды рес- ми тiзiмге қос- қаны үшiн ақы | 0 | "А" баға белгiлеу парағы: бiрiншi деңгейде - 2000 АҚШ долл. екiншi деңгейде - 1500 АҚШ долл. "B" баға белгiлеу парағы - 500 АҚШ долл. | шығару көлемi- нiң 0,025%-ы, бiрақ 100 АЕК-тен кем емес және 4.000-нан көп емес (6800- 27.150 АҚШ долл.) |
| - бағалы қағаз- дар ресми тi- зiмде ұстағаны үшiн ақы, жылына | 0 | "А" баға белгiлеу парағы: бiрiншi деңгейде - 500 АҚШ долл. екiншi деңгейде - 400 АҚШ долл. "B" баға белгiлеу парағы - 200 АҚШ долл. | шығару көлемi- нiң 0,025%-ы, бiрақ 100 АЕК-тен кем емес және 2.000-нан көп емес (680- 13.575 АҚШ долл.) |
2 | Комиссиялық алым (ҚҚС-сыз) | мәміле көле- мiнен облига- циялар үшiн: 0,00375% акциялар үшiн: 0,00875% | орналасты- рылатын бағалы қағаздар көлемiнiң 0,02%-ы | мәміле көлемiнiң 0,05%-ы |
| | | | |
Ескертпе:
1- РТҚ-тың мәлiметтерi бойынша - www.rts.ru
2- МБВБ-ның мәлiметтерi бойынша - www. http://micex.ru
3- Қазақстан қор биржасының мәлiметтерi бойынша
Алайда Қазақстан қор биржасындағы листингтік ережелерде листингтiк компанияның немесе оның бағалы қағаздарына рұқсат беру бастамашысының бастапқы листингтiк алымды төлегеннен кейiн бағалы қағаздар ресми тiзiмге қосылған күннен бастап үш ай iшiнде Биржада осындай бағалы қағаздарды орналастыру немесе сауда-саттық ұйымдастырғаны үшiн Биржаның комиссиялық алымын төлемей оларды сатып алу жөнінде мамандандырылған сауда-саттық жүргiзу құқығы көзделген.
Акциялар шығаруды тіркеу жөніндегі уақыт шығындары көп емес - 10-нан 15 күнге дейiн, дегенмен бiр шығару акцияларын орналастыруға жұмсалатын уақыт шығындары қомақты болып табылады - 2-ден 12-айға дейiн және одан да көп (кейбір жағдайда бiрнеше жылға дейiн), бұл оларды инвестициялық тартымдылығының төмен екендiгiнiң куәсi.
Қорытындылар
Тұтастай алғанда бағалы қағаздар рыногы капиталдандырудың төмен деңгейiмен, МБҚ-ға тәуелдiлігімен, РЕПО операцияларының басым болуымен, туынды бағалы қағаздардың дамымауымен және рынок қатысушылары санының шектеулiлiгiмен сипатталады.
Қазақстан рыногында компанияларды бақылауды сақтап қалу үшiн iрi акционерлердiң компаниялар акцияларының ауқымды пакеттерін сатып алу жағдайлары басым. Кейiннен бұл акциялар сатылмайды. Осылайша, халықаралық талдаушылар қабылдаған нормаларға сәйкес бұл акциялар рынокқа қатыспайды деп есептеуге болады. Облигациялардың да жағдайы осыған ұқсас - институционалдық инвесторлар оларды, әдеттегiдей, өтеуге дейiн ұстап тұрады. Бұл қазақстандық бағалы қағаздар рыногының алып-сатарлық құрамы жоқ екендiгiнiң және бағалы қағаздармен мәмiлелердiң сирек сипатының куәсi.
Кәсіпорынды дамытуды қаржыландыру негізінен кәсіпорындардың меншікті қаражаты есебінен және екінші деңгейдегi банктерден алынған қарыздар есебiнен жүзеге асырылатыны қазақстандық экономиканың ерекшелiгі болып табылады, мұны Ұлттық Банк жүргiзген және шамамен 400 акционерлік қоғамдар қамтыған мониторинг растайды.
Ағымдағы жылдың қаңтар-ақпанында экономиканың "АҚ" секторында жүргiзiлген тексерiстiң және алынған 2003 жылғы 4-тоқсан (нақты) мен 2004 жылғы 1-тоқсан (күтiлетiн) көрсеткiштерiн бағалау нәтижесi бойынша, 2003 жылғы 4-тоқсанда АҚ капиталының құрылымында мiндеттемелермен салыстырғанда меншiктi капиталдың басып өсуі есебiнен өзiн-өзi қаржыландыру деңгейiнiң өсуi байқалды. Қысқа мерзiмді төлем қабiлеттілігi көрсеткiштерi жақсарды, меншiктi қаражаты есебiнен АҚ инвестициялық белсендiлігі айтарлықтай жоғары болды. Тиiсiнше, АҚ бағалы қағаздарды шығару жолымен капитал тартуы ағымдағы кезеңде өткiр қажеттілік болып табылмайды немесе оны менеджменттiң енжарлығы тежейдi.
Әлемдiк практикада ұсақ және орта кәсiпорындар қарыз алу үшiн негiзiнен банк кредиттерiн пайдаланатынын және тек iрi компаниялар ғана бағалы қағаздарды шығару жолымен қарыз алатынын атап өткен жөн. Қазақстанда акцияларды 1 миллиард теңгеден астам сомаға орналастыруды жүзеге асырған АҚ-дар саны 140-ты құрайды, бұл ретте олардың 28-i ғана Қазақстан қор биржасының ресми тiзiмiне қосылған. Эмитенттердiң қаржы есептілігiнiң жетiлмеуi, компаниялар ашықтығының жеткiлiксiздiгi, ұйымдастырылған рынокқа шығумен байланысты қомақты шығасылар бағалы қағаздар рыногын дамытуды ұстап тұратын факторлар болып табылады деп болжауға болады.
Жоғарыда баяндалған талдау жақын арадағы перспективада қазақстандық бағалы қағаздар рыногын жандандырудың және оның өтiмдiлiгiнiң өсуiн күтпеуге болатындығы туралы қорытынды шығаруға мүмкiндiк бередi. Сонымен қатар, мемлекеттік емес облигациялар рыногының сапалық және сандық даму үрдiсi сақталады. Екi жүз жылдық тарихы бар рыноктық экономикасы дамыған көптеген елдерде қалыптасу мен бастапқы белсендi өсу және негiзгi капиталды iрi меншiк иелерi арасында бөлудi аяқтау кезеңiнен кейiн бағалы қағаздар рыногы (немесе акциялар рыногы) капитал тартудың және қаражатты қайта бөлудiң негiзгi тетiгi рөлiн атқаруды доғарады.
Мұндай елдерде мемлекеттік реттеу және корпорациялық басқару дамудың неғұрлым кеш сатысында енгiзiлгенiн атап өткен жөн. Ал бұрынғы социалистiк елдердiң бағалы қағаздар рыногының қалыптасуы болса мемлекеттік мүлiктi жекешелендiру негiзiнде бiрден мемлекеттік реттеу шарттарында жүргiзiлдi, ол жүргiзiлгеннен соң және жаңадан құрылған компанияларға капиталды бастапқы тартудан кейiн бағалы қағаздар рыногының жандануы көзделмейдi.
Сонымен қатар қаржы рыноктары даму үстіндегі елдердiң тәжiрибесi рыноктық экономиканы дамытудың алғашқы 10-15 жылы iшiнде кәсiпорындарды сыртқы қаржыландырудың негiзiнен борыштық сипаты бар екендiгiн және тек осыдан кейiн ғана акцияларды орналастыру арқылы үлестiк қаржыландыру жанданатынын көрсетедi. Қазақстандық бағалы қағаздар рыногында осындай жағдай қалыптасып отыр.
Дамыған инфрақұрылымның, жетiлдiрiлген электронды сауда-саттық жүйесiнiң және Орталық депозитарийдiң болуы, экономиканы дамытудың қарқынын қазақстандық бағалы қағаздар рыногының мықты жақтары болып табылады.
Қазақстандық бағалы қағаздар рыногының қазiргi жай-күйiн, оның бағалы қағаздардың жетiспеушiлiгiмен және активтер жинақталуының жоғары деңгейiмен, институционалдық инвесторлардың инвестициялау құралдарына сұранысымен және жеке инвесторлар әлеуетiмен негiзделген негiзгi үрдiстерiн, сондай-ақ елдiң экономикалық өсуiнiң жоғары қарқындарын ескере отырып, осы Бағдарламада бағалы қағаздар рыногын дамытудың негiзгi бағыттары ретiнде: iшкi инвесторларды дамыту, бағалы қағаздарды шығару үшiн мүмкiндiктердi ұлғайту, инвесторлардың шетелдiк бағалы қағаздарға қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету, бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салық салу тәртібін, инфрақұрылымның техникалық мүмкiндiктерiн, корпорациялық басқару мен мемлекеттік реттеудi жетiлдiру айқындалды.
Қазiргі уақытта Қазақстанда трансфер-агенттiктер желісі дамымаған. Банкаралық есептеудiң қазақстандық орталығының есептік-техникалық мүмкiндiктерiн пайдаланумен "Қазпочта" АҚ базасындағы жалпы республикалық трансфер-агенттiк желісінiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мәселесi бұрын көтерiлгенiн айтып өту қажет. Осы iс-шараны орындау үшiн мынадай құжаттар қабылданды:
- "Қазақстан Республикасының почта саласын дамытудың және почта-жинақ жүйесiн қалыптастырудың 2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 15 қарашадағы № 1716 қаулысы және Бағдарламаның бiрiншi сатысын іске асыру жөніндегі 2000-2001 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары.
Аталған бағдарламада "Қазпочта" АҚ трансфер-агенттiк қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензия алуы көзделген. Алайда, бiрқатар себептерге байланысты "Қазпочта" АҚ мұндай лицензия алуға дайын болмай шықты;
- трансфер-агенттердiң құрылуы мен жұмыс iстеуiне жағдайлар белгiлейтiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногындағы трансфер-агенттiк қызметтi лицензиялау ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 29 қыркүйектегi № 350 және "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында трансфер-агенттiк қызметтi жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 29 қыркүйектегi № 349 қаулысы.
Бұдан басқа, трансфер-агенттiк қызмет талаптарына оларды оңтайландыру мақсатында талдау жүргiзу қажет.
Қаржы рыногын, қаржы институттарының түрлерi мен санын арттыру, халықтың жинақтарын бағалы қағаздар рыногына тарту жөніндегі жоспарларды дамытуда, оның iшiнде "Бағалы қағаздар рыногы туралы" және "Акционерлік қоғамдар туралы" Заңдарды жетiлдiру жолымен инвесторлардың құқығын қорғауды көтеру қажеттiлігі туындайды. Отандық және шетелдiк инвесторлар өздерінiң құқықтары қорғалған екендігіне сенiмдi болуы тиiс.
Бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң аффилиирленген адамдар мен iрi қатысушылар туралы ақпараттарды ашумен байланысты, ең алдымен миноритарлық, инвесторлардың құқығын қорғау жөніндегі заңнаманың талаптарын бұзу мүмкiндiгiн болдырмау, қазақстандық бағалы қағаздар рыногының ЕурАзЭқ, БЭК және Қазақстан мүшесі болып табылатын басқа да халықаралық қоғамдастықтар шеңберiнде шетелдiк рыноктармен тиiмдi бiрiктiру бойынша кедергiлердi жою, олардың клиенттерiнiң заңды құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету бойынша iрi банк қатысушыларына, жинақтаушы зейнетақы қорларына, сақтандыру (қайта сақтандыру) компанияларына қатысты уәкiлеттi органның бақылау-қадағалау функцияларын қамтамасыз ету мақсатында номиналды ұстаушы клиенттер туралы ақпаратты беру тәртібін жетiлдiру қажет.
Осы мақсатта "Акционерлік қоғамдар туралы" мен "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Заңдарға бiрқатар түзетулер дайындалды, олар қазiргi уақытта Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қарауында.
Атап айтқанда, "Акционерлік қоғамдар туралы" Заңға енгізуге ұсынылған түзетулер мынадай бағыттарды қамтиды:
- ұғымдарды нақтылайды:
дауыс берушi акциялар, бұл ретте номиналды ұстаушыдағы және орталық депозитарийдiң есепке алу жүйесiнде мәлiмет жоқ меншiк иесiне тиесiлi дауыс берушi акциялар қатарынан шығарып тастайды;
- аффилиирленген тұлға және аффилиирленген тұлғалардың тiзiмiн жүргiзу тәртібі;
- номиналды ұстаушының мiндетi тiркеушiнiң және орталық депозитарийдiң талабы бойынша клиенттердiң талаптарына қарамастан, оның номиналды ұстауындағы бағалы қағаздары бар клиенттер туралы мәлiметтердi беру;
инвесторлардың кең ортасын ең аз шығын жұмсау арқылы хабарландыру кезiнде акционерлік қоғамдардың пайдалану мақсатында бұқаралық ақпарат құралдар (электрондықты қоса алғанда) ұғымын енгiзедi;
- қоғамды халықтық деп таныған күннен бастап, бiр жыл iшiнде оны корпорациялық басқару кодексiн әзiрлеу мен бекітуге мiндеттейдi;
- қоғамды өзiнiң қызметi туралы ақпаратты акционерлердiң алдында ғана емес, мүдделi тұлғалар - олардың талаптары бойынша әлеуеттi инвесторлардың алдында да ашуға мiндеттейдi;
- акционерлердiң жалпы жиналысында акциялардың құнын, қоғам оларды сатып алған кезде анықтайтын әдiстемесiн бекіту қажеттілігiн белгiлейдi;
- акцияларды сатып алу және өз акцияларын қоғам кепiлге қабылдау, акционерлердiң жалпы жиналысында дауыс берудi ұйымдастыру рәсiмдерiн нақтылайды;
- мәжілісте қарауға мәселелер енгiзген адамды мiндеттi шақырумен директорлар кеңесiнiң мәжілісiн өткізудi мiндеттейдi;
- акционерлердiң жалпы жиналысына ұсынылатын жылдық қаржы есептіліктi аудиторлық есеппен растау мiндеттілігiн белгiлейдi және тиiсiнше жариялау әрi уәкiлеттi органға ұсыну үшiн;
- iрi акционердiң аудиторлық ұйымды дербес айқындау құқығын және қоғамның аудиторлық ұйым сұраған барлық қажеттi құжаттаманы (ақпаратты) ұсынуға мiндетiн белгілейдi.
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Заңға ұсынылатын өзгерістердi енгізу үшін:
- бағалармен айла-шарғы жасау ұғымын және бағалармен айла-шарғы жасау мақсатында жасалған мәмiлелердi тану негізiн, сондай-ақ осындай мәмiлелердi жасаудың құқықтық салдарын нақтылау;
- эмитенттің бағалы қағаздарды шығарудың шарттары мен тәртібін, оларды орналастыру мен өтеуiн бұзған кезде шараларды;
- жарияланған акцияларды шығаруды мемлекеттік тiркеуiн жарамсыз деп тану немесе ерiксiз тарату туралы сот шешiмiн қабылдаған жағдайда акцияларды шығарудың күшiн жою туралы шешiмдi қабылдау бөлiгiнде уәкiлеттi органның өкiлеттiктерiн нақтылау;
- тiркеушi мен орталық депозитарийдiң жарамсыз мәмiлелердi жасауды болдырмау мақсатында уәкiлеттi органның осы бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы шешiмiн алған сәттен бастап, бағалы қағаздарды орналастыру жөнiнде мәмiлелердi тiркеудi тоқтата тұру мiндетi;
- бағалы қағаздар рыногында коммерциялық құпияны құрайтын мәлiметтер ұғымын нақтылау;
- бағалы қағаздарды ұстаушыларға эмитенттiң жалпы жиналысын өткізу, бағалы қағаздар бойынша пайданы төлеу, сондай-ақ шығарылатын бағалы қағаздар туралы хабарлау жөніндегі тiркеушiнiң функцияларын нақтылау;
- эмитенттiң Инвесторлардың мүддесiне қатысты қызметiнiң өзгергені туралы жариялау мерзiмдерiн нақтылау көзделiп отыр.
Бұдан басқа, инвесторлардың құқықтарын қорғауды арттыру мақсатында басқа да заңнамалық актiлерге түзетулер енгізу талап етiледi.
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Бағалы қағаздар рыногын одан әрi дамыту, оның ашықтығы мен тиiмдi қызмет етуiн бағалы қағаздар шығару үшiн мүмкiндiктердi кеңейтудi, инвесторлардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету және адал бәсекелестіктi қамтамасыз ету Бағдарламаның басты мақсаты болып табылады.
Бағдарламаның осы мақсатын iске асыру үшiн мынадай мiндеттердi шешу қажет:
1) бағалы қағаздар рыногын қазiргі заманғы талаптарға сай келтiру;
2) инвестициялаудың ұжымдық нысандарын1 дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау;
3) инвестициялау үшiн бағалы қағаздар шығару үшiн мүмкiндiктердi, соның iшiнде мемлекеттік кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген жобалық облигациялар, туынды бағалы қағаздар шығару, сондай-ақ корпорациялық басқару нормаларын енгізу және "Секьюрителендiру туралы" заң жобасын қабылдау жолымен кеңейту;
4) бағалы қағаздар рыногының институционалдық инфрақұрылымын және бағалы қағаздар рыногындағы салық салу режимiн одан әрi жетiлдiру;
5) бағалы қағаздар рыногының тетiктерiн пайдалану жолымен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң капитал тартуын, соның iшiнде ұйымдастырылған рынокта компаниялардың бағалы қағаздарының листингiн ынталандыру;