Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2006 жылғы 26 сәуірдегі
№ 329 қаулысымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің
Туризм индустриясы комитеті туралы ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2007.19.02. № 125 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің құзыреті шегінде және заңнамаға сәйкес арнайы атқарушылық және бақылау функцияларын, сондай-ақ туристік қызметті және ойын бизнесін реттеу саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
Комитеттің негізгі міндеті туристік индустрияны және ойын бизнесін дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты, Қазақстан Республикасы туралы туризм және кластерлік бастамалар үшін қолайлы ел ретіндегі ұғымды қалыптастыруға бағытталған шараларды іске асыру болып табылады.
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің кесімдеріне, Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға, өзгеде нормативтік құқықтық кесімдерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қазынашылық комитетінің органдарында және банктерде шоттары болады.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Комитеттің, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Комитеттің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Yкіметі бекітеді.
ҚР Үкіметінің 2007.19.02. № 125 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Комитеттің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 33.
6. Комитеттің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» мемлекеттік мекемесі.
7. Осы ереже Комитеттің құрылтайшылық құжаты болып табылады.
8. Комитетті ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Комитетке заңнамалық кесімдермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда бұл қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Комитеттің функциялары мен құқықтары
9. Жүктелген міндеттерге сәйкес Комитет заңнамаға сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) ішкі және халықаралық туризмді дамыту, туристік қызметтер нарығын қалыптастыру;
2) туристік қызмет мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық кесімдер жобаларын дайындауға қатысу;
3) Қазақстан Республикасындағы туристік саланы дамыту бағдарламасын әзірлеу және орындау;
4) туризм индустриясын дамыту жөніндегі стратегияны іске асыру, оның ішінде туризм саласындағы инфрақұрылымды, индустриялық-инновациялық парктерді жоспарлау және салу;
ҚР Үкіметінің 2007.19.02. № 125 Қаулысымен 5) тармақша өзгертілді (2007 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) туризм, ойын бизнесі салаларындағы заңнаманы қолдану практикасын қорыту және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
6) туристік нарықты зерттеуді жүргізу, халықаралық туристік нарықта және мемлекет ішінде Қазақстан мен оның туристік мүмкіндіктері туралы ақпарат дайындау және тарату (жарнама, мамандандырылған көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысу және өткізу);
7) туристік қызметтер нарығындағы бәсекенің дамуына жәрдемдесу, онда туристік қызметтің барлық субъектілері үшін тең жағдайлар жасау;
8) туристік қызмет субъектілеріне олардың қызметін ұйымдастыруға байланысты мәселелерде әдістемелік және консультативтік көмек көрсету;
9) симпозиумдарды, конференцияларды, семинарларды, жетекші әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен туроператорлар үшін ақпараттық жарнамалық турларды, туризм саласындағы мамандармен оқытудың және тәжірибе алмасудың басқа да нысандарын ұйымдастыруға қатысу;
10) туристік индустрияға инвестициялар тарту бойынша, оның ішінде туристік және кәдесый өнімдері, жабдықтар, керек-жарақтар мен мүкаммалдар өндірісін дамыту үшін мемлекеттік саясатты іске асыру;
11) туризм индустриясын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру, оның ішінде туризм объектілерін салу, оларды ұстау және пайдалану;
12) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен туристік саланы дамытудың өзекті проблемаларын іс жүзінде шешуге қатысты мәселелер бойынша, оның ішінде туристік кластерді дамыту мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
бақылау функциялары:
ҚР Үкіметінің 2007.19.02. № 125 Қаулысымен 12-1) тармақшамен толықтырылды (2007 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
12-1) ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
ҚР Үкіметінің 2007.19.02. № 125 Қаулысымен 12-2) тармақшамен толықтырылды (2007 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
12-2) Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
ҚР Үкіметінің 2007.19.02. № 125 Қаулысымен 12-3) тармақшамен толықтырылды (2007 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
12-3) Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына арналған лицензиялардың тізілімін жүргізу;
ҚР Үкіметінің 2007.19.02. № 125 Қаулысымен 12-4) тармақшамен толықтырылды (2007 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
12-4) ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялауға қойылатын біліктілік талаптары мен белгіленген ережелерді сақтау бойынша тексерулер жүргізу;
13) туристік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының орындалуын бақылау;
14) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, оның ішінде туризм индустриясы объектілерін инвестициялау және салу жөніндегі туристік іс-шаралардың ұйымдастырылуын және өткізілуін бақылау;
15) ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін бақылау, сондай-ақ мемлекеттік туристік ұйымдарға (оның ішінде мемлекеттік қатысу үлесі бар) және туристік инфрақұрылым объектілеріне ұйымдық басшылық жасау;
16) туризм индустриясы объектілерін салуды бақылау;
17) заңды тұлғалардың туристерді қорғау мен олардың қауіпсіздігі шараларын қамтамасыз ету жөніндегі қызметін бақылау.
ҚР Үкіметінің 2007.19.02. № 125 Қаулысымен 18) тармақшамен толықтырылды (2007 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
18) ойын мекемелерінің Қазақстан Республикасының ойын бизнесі саласындағы заңнамасын сақтауын бақылау.
10. Негізгі міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру мақсатында Комитеттің заңнамада белгіленген тәртіппен:
ҚР Үкіметінің 2007.19.02. № 125 Қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (2007 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының туристік саланы, ойын бизнесін және оның индустриясын дамыту мәселелері жөніндегі заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;
2) халықаралық, өңіраралық және ішкі туристік байланыстарды жүзеге асыруға;
3) туризмді дамытуға байланысты жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен туроператорлар үшін ақпараттық жарнамалық турлар, аукциондар, жарнамалық және басқа да іс-шаралар өткізуге, республикалық және халықаралық деңгейлерде семинарлар, бизнес-форумдар мен іскер топтардың кездесулерін ұйымдастыруға;
4) орталық және жергілікті атқарушы органдардан қажетті ақпарат сұратуға және алуға;
5) техникалық реттеу, метрология жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, сертификаттауға жататын туристік өнімдерді айқындауға;
6) туристік қызмет субъектілеріне олардың қызметін ұйымдастыруға байланысты мәселелерде әдістемелік және консультативтік көмек көрсетуге;
7) мүдделі органдармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, туристік клубтардың, мектептер мен ғимараттардың, туристік ақпарат орталықтарының желісін дамыту жөніндегі жұмысты іске асыруға және үйлестіруге;
ҚР Үкіметінің 2007.19.02. № 125 Қаулысымен 8) тармақша өзгертілді (2007 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) консультациялар мен сараптамалар жүргізу үшін орталық, жергілікті атқарушы органдардың, басқа да ұйымдардың мамандарын тартуға;
ҚР Үкіметінің 2007.19.02. № 125 Қаулысымен 9) тармақшамен толықтырылды (2007 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
9) Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялар беруге;
ҚР Үкіметінің 2007.19.02. № 125 Қаулысымен 10) тармақшамен толықтырылды (2007 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
10) ойын бизнесін ұйымдастырушының «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды алуға және олармен танысуға;
ҚР Үкіметінің 2007.19.02. № 125 Қаулысымен 11) тармақшамен толықтырылды (2007 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
11) ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялауға қойылатын біліктілік талаптары мен белгіленген ережелерді сақтау мәніне тексерулерді жүзеге асыруға;
ҚР Үкіметінің 2007.19.02. № 125 Қаулысымен 12) тармақшамен толықтырылды (2007 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
12) Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға;
ҚР Үкіметінің 2007.19.02. № 125 Қаулысымен 13) тармақшамен толықтырылды (2007 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
13) талап-арыздармен сотқа жүгінуге, оларды қарауға қатысуға;
ҚР Үкіметінің 2007.19.02. № 125 Қаулысымен 14) тармақшамен толықтырылды (2007 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
14) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті материалдарды құқық қорғау органдарына жіберуге.
3. Комитеттің мүлкі
11. Комитеттің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
12. Комитеттің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің, сондай-ақ құны Комитеттің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктің есебінен қалыптасады.
13. Комитетке бекітіп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
14. Комитеттің, егер заңнамалық кесіммен өзгеше белгіленбесе, өзіне бекітіп берілген мүлікті және оған смета бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
4. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
15. Комитетті Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.
Комитет төрағасының заңнамада белгіленген тәртіппен қызметтерге тағайындалатын және қызметтерден босатылатын орынбасарлары болады.
Төраға орынбасарларының санын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
16. Комитеттің төрағасы Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық етеді әрі Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауап береді.
17. Төраға осы мақсатта:
1) өз орынбасарларының және Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) заңнамаға сәйкес Комитеттің қызметкерлерін қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен Комитеттің қызметкерлерін көтермелеу мәселелерін шешеді, оларға тәртіптік жаза қолданады;
4) бұйрықтарға қол қояды;
5) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
6) мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда Комитетті білдіреді.
18. Комитет қабылдайтын шешімдер Комитет төрағасының бұйрықтарымен ресімделеді.
5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
19. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 26 сәуірдегі
№ 329 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің
Туризм индустриясы комитетінің құрылымы
1. Басшылық
2. Туристік өнімді жылжыту және жарнама-имидж жұмысы басқармасы
3. Ішкі әкімшілендіру және қаржыландыру бөлімi
4. Туризм индустриясын дамыту жөніндегі саясатты іске асыру басқармасы