«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 17 қазандағы
№ 294-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 25 сәуірдегі № 107-ө Өкімі
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 17 қазандағы № 294-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық кесімдердің тізбесінде:
«Орындалу мерзімі» деген 4-бағанда:
реттік нөмірі 1, 2, 8-жолдардағы «2006 жылғы наурыз» деген сөздер «2006 жылғы қыркүйек» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 3-жолдағы «2006 жылғы наурыз» деген сөздер «2006 жылғы қараша» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 5-жолдағы «2006 жылғы наурыз» деген сөздер «2006 жылғы мамыр» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 10-жол алынып тасталсын.
Премьер-Министр | Д. Ахметов |