“Қазақстан Республикасының ұлттық инновациялық жүйесiн қалыптастыру және дамыту жөніндегі 2005-2015 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 сәуірдегі № 387 Қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 24 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Республикада зияткерлiк әлеуеттi, жаңа білімдердi генерациялауды, таратуды және коммерциялауды тиiмдi пайдалану негiзiнде елдiң бәсекеге қабiлеттi экономикасын тұрақты дамытуға арналған жағдайлармен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының ұлттық инновациялық жүйесiн қалыптастыру және дамыту жөніндегі 2005-2015 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасының Yкіметіне жыл сайын жарты жылдың және жылдың қорытындылары бойынша есептi кезеңнен кейiнгi айдың 15-күнiне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпаратты ұсынсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрi С.М.Мыңбаевқа жүктелсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2005 жылғы 25 сәуірдегі
№ 387 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының ұлттық инновациялық
жүйесiн қалыптастыру және дамыту жөніндегі
2005-2015 жылдарға арналған
бағдарлама
Астана, 2005 жыл
1. Бағдарламаның паспорты
2. Кiрiспе
3. Қазақстанның инновациялық дамуының қазіргі жай-күйi мен
проблемаларын талдау
3.1. Әлемдiк экономиканың инновациялық даму үрдiстерi
3.2. Қазақстанның инновациялық дамуының проблемалары және
оны талдау
3.2.1. Ғылыми-техникалық қызметтiң жай-күйi мен оны iске
асыру тетіктері
3.2.2. Инновациялық кәсіпкерлiк
3.2.3. Инновациялық инфрақұрылым
3.2.4. Қаржылық инфрақұрылым
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетігі
5.1. Ғылыми әлеуетті дамыту
5.2. Инновациялық кәсiпкерлiктi дамыту
5.3. Инновациялық инфрақұрылымды дамыту
5.4. Қазақстандағы Ұлттық инновациялық жүйенiң қаржы
инфрақұрылымдарын дамыту
5.4.1. ҒЗТКЖ және инновациялық жобаларды мемлекеттік ынталандыру
5.4.2. Венчурлік қорлар құру
5.4.3. Венчурлiк инвестициялардың өтiмділігін қамтамасыз ету
5.4.4. Зияткерлiк меншіктің объектілерін бағалау жүйесiн жақсарту
5.4.5. Кәсiби инновациялық менеджментті қалыптастыру
5.4.6. Жеке инвесторлардың желiлерiн дамыту
5.5. Ұлттық инновациялық жүйе элементтерiнiң өзара
iс-әрекетін қамтамасыз ету
5.5.1. Ұлттық инновациялық жүйенің жұмыс iстеуiн ақпараттық қамтамасыз ету
5.5.2. Ұлттық инновациялық жүйенi мемлекеттік басқарудың тетіктері
5.5.3. Ұлттық инновациялық жүйенiң жұмыс iстеуiн
институционалдық қамтамасыз ету
6. Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздерi
7. Бағдарламаны iске асырудан күтілетiн нәтижелер
8. Бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары
1. Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның Қазақстан Республикасының Ұлттық инновациялық
атауы жүйесiн қалыптастыру және дамыту жөнiндегі
2005-2015 жылдарға арналған бағдарлама
Әзiрлеу үшiн Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы
негiздеме 5 қыркүйектегi № 903 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003-2006
жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру
жөніндегі іс-шаралар жоспары (2.6.11.);
Қазақстан Республикасының Үкіметі мәжілісiнiң
2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 20 хаттамасы
үзiндiсiнiң 2.2-тармағы
Әзірлеуші Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
министрлігі
Мақсаты Отандық, сондай-ақ шетелдiк ғылыми әлеуеттi және
технологияларды пайдаланудың негiзiнде бәсекеге
қабiлеттi түпкiлiктi өнiмдi жасауды қамтамасыз
ететiн ашық үлгiдегi инновациялық жүйені
қалыптастыру.
Мiндеттер Ғылыми әлеуеттi дамыту;
инновациялық кәсіпкерлік ортаны қалыптастыру және
қолдау;
көп деңгейлі инновациялық инфрақұрылымды
қалыптастыру мен дамыту;
қаржы инфрақұрылымының элементтерi мен тетiктерiн
берілетін гранттар түрлерiн ұлғайту және
венчурлiк қорлар құру бөлiгiнде қалыптастыру мен
дамыту;
ұлттық инновациялық жүйе элементтерінің арасында
тиiмдi өзара іс-қимыл жасасуды қамтамасыз ету;
нормативтік құқықтық базаны жетілдіру.
Iске асыру 2005-2015 жылдар
мерзiмдерi Бірiншi кезең: 2005-2007 жылдар - мемлекеттiң
белсендi қатысуымен ҰИЖ-дi қалыптастыру:
ғылыми әлеуеттi дамыту, ғылыми-технологиялық
дамытудың басымдықтарын айқындау;
инновациялық бизнес-ортаны дамыту, мемлекеттік
ресурстарды шоғырландыруды талап ететiн
кластерлердiң ядросын қалыптастыратын жүйелік
инновациялық жобаларды іске асыру:
инновациялық инфрақұрылымдарының негiзгі
элементтерiн құру және дамыту;
қаржы инфрақұрылымдарының негізгі элементтерін
берілетін гранттар түрлерiн кеңейту бөлігінде
құру және дамыту әрi отандық инвесторлармен
венчурлiк қорлар құру және озат шетелдiк
венчурлiк қорлардағы инвестициялау
Екiнші кезең: 2008-2010 жылдар - ҰИЖ
элементтерiнiң өзара іс-қимылдары мен жұмыс iстеу
тетiктерiн жетiлдiру:
ҰИЖ-дiң қалыптасқан элементтерiнiң өзара iс-
қимылының сапасын арттыру;
шетелдiк инвесторлармен венчурлiк қорлар құру
арқылы венчурлiк қаржыландыру тетігін белсендi
дамыту;
біріншi кезеңде қалыптасқан жобалар маңындағы
кластерлік кооперацияны дамыту;
жетекші әлемдiк компаниялармен өңiрлiк және
ауқымды технологиялық альянстарды қалыптастыру
жөніндегі жобаларға ҰИЖ субъектiлерiнiң қатысуы.
Үшiншi кезең: 2011-2013 жылдар - мемлекеттік
шығыстар үлесiнiң кемуiмен және жеке
инвестициялардың өсуiмен ҰИЖ-дың тұрақты дамуы:
артықшылықты ынталандырудың жанама құралдарын
пайдалану;
Төртіншi кезең: 2014-2015 жылдар - мемлекеттiң
венчурлiк қорлар мен инновациялық жобалардан
"шығуы".
Қажеттi 2005-2015 жылдарға арналған Бағдарламаның жалпы
ресурстар мен құны 139795,13 млн. теңгенi, оның iшiнде
қаржыландыру республикалық бюджеттен - 77272,3 млн. теңгенi
көздері және жергілiктi бюджеттен - 2112 млн. теңгенi
құрайды және 60410,83 млн. теңгеден кем емес
сомада жеке отандық және шетелдiк капиталды
тарту жоспарланады
___________________________________________________________________
| | оның ішінде жылдар бойынша
______|________|___________________________________________________
| | 2005 | 2006 | 2007 | 2008- | 2011- | 2014-
| | | | | 2010 | 2013 | 2015
___________________________________________________________________
Бар- |
лығы: |139795,13 11313,51 15824, 11659, 48782, 31328, 20885,
| 94 04 67 98 98
_______|____________________________________________________________
рес- | 77272,3 6654,9 10728,3 7403,53 30814, 13002, 8668,6
публи- | 03 9
калық |
бюджет |
_______|____________________________________________________________
жергі- | 2112 512 800 800 - - -
лікті |
бюджет |
_______|____________________________________________________________
жеке | 60410,83 4146,61 4296,61 3455,51 17968, 18326, 12217,
капитал| 64 08 38
_______|____________________________________________________________
Бұл ретте республикалық бюджеттен бөлiнетiн қаражаттың жыл сайынғы көлемi тиiстi жылға арналған бюджетті қалыптастыру кезiнде нақтыланатын болады.
Күтiлетiн Бағдарламаларды iске асырудың нәтижесiнде мыналар
нәтижелер күтіледi:
IЖӨ-дегi ғылыми және ғылыми-инновациялық
қызметтердiң үлестiк салмағын 2005 жылы 0,8%-дан
2015 жылға 1,7%-ға дейiн ұлғайту;
Қазақстанның инновациялық және ғылыми-зерттеу
қызметіне тiкелей шетелдiк инвестициялар тартуды
2003 жылмен салыстырғанда 2015 жылға қарай 15-20
есеге ұлғайту;
қолданбалы ҒЗТКЖ-ларды бюджеттік қаржыландыру
жүйесiн оңтайландыру;
Қазақстан Республикасындағы инновациялық
қызметтiң бірыңғай ақпараттық базасын қамтитын
тиiмдi инновациялық инфрақұрылым құру;
мынадай ұлттық технологиялық парктер мен аймақтар
құру: ақпараттық технологиялар паркi; ядролық
технологиялар паркi, биотехнологиялар паркi,
индустриялық мұнай-химия технопаркi; жаңа
материалдар паркі; агроөнеркәсіптік
технологиялар паркi және экономика үшін басқа
басымдықты салалар бойынша;
бірiншi кезеңнiң өзiнде 7 өңiрлiк технопарктер
құру;
iрi технологиялық университеттер мен
технопарктердiң жанынан 12 технологиялық
бизнес-инкубаторлар және технопарктер жанынан 8
оқу орталықтарын ұйымдастыру;
отандық та, сол сияқты шетелдiк капиталдың
да қатысуымен венчурлiк қаржыландыру жүйесiн
қалыптастыру;
венчурлiк қорлар мен жас технологиялық
компаниялардың (IРО рыногы) бағалы қағаздарының
рыногын құру;
инновациялық менеджмент деңгейiн көтеру;
инновациялық дамудың жүргiзілген саясатына сәйкес
заңнаманы жетілдiру.
2. Кiрiспе
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегі № 903 қаулысымен бeкiтiлген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары (2.6.11-тармақ) ұлттық инновациялық жүйенi қалыптастыру мен дамыту жөніндегi бағдарламаны әзiрлеу үшiн негiз болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы экономика салаларын әртараптандыру және дамудың шикізаттық бағыттылығынан арылу жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткізуiн көздейдi, бұл ретте инновациялар ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттiгiн айқындаушы негiзгi фактор ретiнде айқындалады; экономика мен қоғамды одан әрi серпiндi дамыту үшін инновацияларды толыққанды пайдалану мемлекет мақсатты инновациялық саясатты жүргізген кезде мүмкiн болады.
Әлемдік экономиканы жаһандандыру аясында Қазақстан мынадай бірқатар проблемалар да кезiгедi: экономиканың шикiзаттық бағыттылығы, әлемдiк экономикамен елеусiз ықпалдастық, өндiрiстiк және әлеуметтік инфрақұрылымның дамымағандығы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық артта қалуы, ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға (бұдан әрi - ҒЗТКЖ) шығыстардың төмендігі және т.с.с. Бұл проблемаларды шешу үшін Қазақстан қоғамдық әл-ауқатының iргесi болуға қабiлетті білімдерге негiзделген бәсекеге қабiлетті экономиканы құруы керек.
Осы Бағдарламаны әзірлеу жүйелiк сипаттағы ықпалдастықты, өзара байланысты шаралар кешенi, білімдердi жинақтау, тарату және коммерциялау тетіктерiн өзiне қамтитын тиiмдi әрекет ететiн ұлттық инновациялық жүйе (бұдан әрі - ҰИЖ) арқылы қалыптастыру қажеттілігінен туған.
3. Қазақстанның инновациялық дамуының қазiргi
жай-күйi мен проблемаларын талдау
ХХ ғасырдың аяғына қарай ғылыми-техникалық сала ғылымның, білімнің, ғылымды қажетсiнетін салалардың, әлемдiк рыноктар - технологияларының Даму деңгейi - бай және кедей елдер арасындағы шекараларды айқындайтыны, серпiндi экономикалық өсiмнiң негізiн құрайтыны, күштер орталықтарын қалыптастырудың маңызды факторы болып табылатыны анық болды. Ғылыми-техникалық саладағы басымдықтарды таңдау оның өзіндік даму перспективаларының шеңберiнен шығатын мәнге ие болды.
Сонымен қатар жаһандану процестері және экономикалардың өспелі өзара тәуелдік инновациялық процестерді басқару міндетін барынша қиындата түседi және жекелеген мемлекеттiң инновациялық әлеуетiн дамытуға меншiкті стратегиялық әдiстердi дұрыс белгiлеу қабілетіне тәуелдi етедi.
3.1. Әлемдiк экономиканың инновациялық даму үрдістері
Әлемнiң дамыған елдерiндегі инновациялық саясатты қалыптастыру кезiнде жүйелiк әдiсті қолдану әсiресе мынадай әлемдiк экономиканы дамытудың қазiргi заманғы үрдістердің арқасында бірiншi кезектегi мәнге ие болды:
сапалы адамдық капитал үшiн бәсекесi әлемдiк инновациялық дамудың маңызды сипаттамасы болады, жоғары білікті персоналдың өсiмтал ұтқырлығы да, сондай-ақ білiмдi тарату процесiн қамтамасыз етедi;
білімдi тарату процесіндегі ақпараттық технологиялардың рөлi инновациялық белсенділiктiң одан әрi өсуi үшiн өзектi бола түсуде, білім тарату процестерi жеке экономиканың шегiнен шықты;
жаһандану компанияларды технологиялардың мейлiнше жоғары деңгейлерiне бәсекелесуге мәжбүрлейдi және сонымен бірге инновацияларды мамандандыру мен оқшауландыру процестерiн ынталандырады.
Инновациялық саясат жүргiзуге жүйелік әдiс тұжырымдамасын iске асырған елдер уақыттың тарихи қысқа кезеңiнде мемлекеттiң өзара іс-қимыл тетіктерiн, бизнестi, ғылымды және білiмдi қамтитын тиiмдi ұлттық инновациялық жүйе құра алды және жалпы ғылымды қажетсiнетiн ЖIӨ-нi ұлғайтуға қол жеткiздi.
Мысалы, соңғы жылдардағы ғылыми-техникалық саланы жылдам кеңейткен өңiрлерi Оңтүстiк Шығыс Азия елдерi, Скандинавия елдерi (Финляндия, Швеция) болды. Жаңа индустриялық елдер бір жарым-екі есе ЖIӨ-нiң ғылымды қажетсiнуiн ұлғайтты және еуропа мен АҚШ елдерiнiң көрсеткiштерiне жақындады.
Ғылымға деген "мемлекеттік тапсырысты" тұрақтандыру немесе қысқарту жағдайында ұлттық бюджеттегi мемлекеттік сектордың үлесiн қысқарту жаңа оң үрдiс болып табылады. Iрi корпорациялардың ғылыми бөлiмшелерi, шағын және орта ғылымды қажетсiнетiн фирмалар мемлекеттiң көмегiмен құрылған білім беру, инфрақұрылым және экономикалық сипаттағы кейбір жеңiлдiктер жүйесiне сүйене отырып, ұлттық ғылыми-техникалық дамытудағы өз ұстанымдарын күшейтедi.
Көптеген дамушы елдерде ғылыми зерттеулер мен әзiрлемелердi бюджеттен тыс қаржыландыру осы салаға бюджеттік бөлулердің көлемдерiнен едәуiр асып түседi. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдер (бұдан әрі - ЭЫДҰ) бойынша ол орташа алғанда 1981 жылғы 55%-дан 90-жылдың бас кезiнде 65%-ға дейiн өстi.
Бюджеттен тыс қаражаттың бас көзi - iрi ұлттық және трансұлттық корпорациялар жетекшілік ететiн кәсіпкерлік сектор. Дамушы елдердегi кәсiпкерлiк сектордың корпорациясы ұлттық инновациялық жүйенiң маңызды құрылымдары ретiнде тарихи қалыптасты. Солар ғана, зерттеулердi бір уақытта қаржыландыра отырып және нақты өнiмдер мен технологияларды, ғылыми нәтижелер мен өнертабыстарды iске асыра отырып, ғылыми-техникалық прогрестің (бұдан әрi - ҒТП) негiзгі бағыттары үшiн өзiне экономикалық жауапкершілік алады, олардың үлесiне ғылымды жеке сектордың күштерiмен қаржыландырудың қомақты бөлiгi тиедi. Кәсiпкерлiк сектор жұмсалатын қаражаттың көлемi бойынша, дәл солай ғылыми зерттеулермен айналысатын ғалымдар мен инженерлердiң саны бойынша ҒЗТК-нiң перспективадағы iрi орындаушысы болып табылады және қала бередi.