«Ақпараттық технологиялар паркi» арнайы экономикалық аймағының
жекелеген мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1377 қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 24 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Ақпараттық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" 2003 жылғы 18 тамыздағы № 1166 Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі "Ақпараттық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағын басқару жөніндегі орталық атқарушы орган болып белгіленсiн.
2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі заңнамада белгіленген тәртiппен:
1) "Инжиниринг және технологиялар трансфертi орталығы" акционерлік қоғамын Ақпараттық технологиялар паркiн дамыту жөніндегі компания етiп белгiлесiн;
2) Ақпараттық технологиялар паркін басқаруға халықаралық деңгейдегi жоғары біліктi сарапшыларды iрiктеудi жүргізсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Алматы қаласының және Алматы облысының әкiмдерi заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң "Ақпараттық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағының дирекциясы" мемлекеттік мекемесiне жалпы алаңы 340 (үш жүз қырық) гектар жер бөлуді жүзеге асырсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д.К. Ахметов |