36. «VIP» залдары қызметтерінің төлемдері бойынша шығыстарды өтеу Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің басшыларына ғана жүргізіледі.
37. Су көлігімен жол жүру кезінде, егер билеттің бағасына тамақтанудың құны енгізілген болса, баратын мемлекетке келу күнін қоса алғанда, жолға кеткен әрбір күнтізбелік күн үшін белгіленген нормалардың 30 пайызы мөлшерінде тәулікақы төленеді.
8. Еңбекті қорғау
38. Дипломатиялық қызмет персоналының еңбек шарттары келген мемлекетте белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасында белгіленген еңбекті қорғау жөніндегі стандарттардың, ережелердің және нормалардың талаптарына сәйкес болуы тиіс.
9. Қорытынды ережелер
39. Дипломатиялық қызмет персоналының Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінде жұмыс істеген уақыты оның еңбек өтіліне және мемлекеттік қызмет өтіліне есептелінеді.
Олардың Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелерінде болуы (жұмысы) туралы еңбек кітапшаларына жазбалар түсіруді министрлік жүргізеді.
ҚР Үкіметінің 2016.18.03. № 151 Қаулысымен 40-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
40. Министрліктен Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесіне және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесінен министрлікке жіберілетін дипломатиялық қызмет персоналына баратын орнына келісімен есеп айырысу үшін негіз болатын растамалық құжат - есеп айырысу аттестаты беріледі.
Есеп айырысу аттестатында дипломатиялық қызмет персоналының лауазымы, бірге баратын отбасы мүшелерінің құрамы, төлемақы нормалары, бағыттары, дипломатиялық қызмет персоналының межелі және баратын орны, оның алатын барлық ақшалай төлемдері көрсетіледі.
41. Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесіне жұмысқа іссапарға жіберілген және есеп берілетін ұлттық және шетелдік валюта мен жол жүру билеттерін алған дипломатиялық қызмет персоналы Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесіне келгеннен кейін 15 күнтізбелік күн ішінде Министрлікке аванстық есеп беруді тапсыруға міндетті. Аванстық есеп беруді тапсырмаған жағдайда, берілген аванс пен жол жүру билеттерінің құны дипломатиялық қызмет персоналының жалақысы есебінен қайтарылуы немесе өтелуі тиіс.
42. Осы шарттардың 26-тармағында көрсетілген, жұмысқа жіберілген кезде берілетін біржолғы жәрдемақы дипломатиялық қызмет персоналы шетелден Қазақстан Республикасына оралған жағдайда (тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін министрлік дипломатиялық қызмет персоналын жұмыстан шығарған жағдайларды қоспағанда) қайтарылуға жатпайды.
43. Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріндегі еңбек даулары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаралады.
Шетелдегі дипломатиялық қызмет
персоналының еңбек шарттарына
қосымша
Ыстық және дымқыл климатты мемлекеттердегi
жұмыс уақытысының ұзақтығы
Ыстық және дымқыл климатты мемлекеттерде тұратын Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің персоналы үшін жылдың мынадай айларында 36 сағаттық апта белгіленеді:
Египет Араб Республикасы маусым - қыркүйек
Ауғанстан Ислам Республикасы мамыр - тамыз
Грек Республикасы маусым - қыркүйек
Израиль Мемлекеті маусым - тамыз
Иран Ислам Республикасы маусым - тамыз
Пәкістан Ислам Республикасы қаңтар - желтоқсан
Кипр Республикасы маусым - тамыз
Қытай Халық Республикасы маусым - тамыз
Сауд Арабиясы Корольдігі қаңтар - желтоқсан
Таиланд Корольдігі қаңтар - желтоқсан
Малайзия қаңтар - желтоқсан
Монғолия маусым - тамыз
Біріккен Араб Әмірліктері қаңтар - желтоқсан
Түркия Республикасы 15 маусым - 31 тамыз
Үндістан Республикасы қаңтар - желтоқсан
Корея Республикасы маусым - тамыз
Жапония маусым - тамыз