«Мемлекетаралық қатынаста теміржол көлігімен жүк тасымалына арналған
тарифтер туралы»
Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің 1994 жылғы 23 наурыздағы
№ 287 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2003.17.03. № 258 қаулысымен күші жойылды
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің теміржол көлігімен тасымалға біртұтас тариф саясатын жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті қаулы етеді:
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің 1994 жылғы 24 наурыздан бастап мемлекетаралық қатынаста теміржол көлігімен жүк тасымалында қолданылып жүрген тарифтерге өсіп отыратын шекті 1,2 коэффициентін (қосылған құн салығын есепке алусыз) белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі жанындағы Баға комитетімен және Қаржы министрлігімен келісілген ұсынысы қабылдансын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi