Президенттің төрағалық етуiмен өткiзілетiн Үкiмет мәжілiстерiнiң хаттамалары Президент Әкiмшілiгiмен келiсіледi.
21. Үкiмет мәжілістерiнiң әрбiр хаттамасына кезегiмен күнтiзбелiк жылдың басынан бастап реттiк нөмiр беріледi. Хаттамалар немесе олардың үзiндi көшiрмелерi оларға қол қойылған күнi Үкiмет мүшелерiне, ал қажет болған кезде мәжілiстерде тиiстi тапсырмалар берiлген басқа да мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға жөнелтiледi. Хаттамалар (үзiндi көшiрмелер) жөнелтiмінің көрсеткiшi Кеңсе Басшысымен келiсіледi.
Үкiмет мәжілiстерi хаттамаларының түпнұсқалары, оларға қоса берілетiн құжаттар, фонограммалардың басылып шыққандары, ауызекi ақпаратты магниттi жеткiзгіштер және бейне материалдар тұрақты сақтаудағы құжаттар тiзiмдемесiне енгiзіледi және Кеңсе мұрағатында сақталады.
5. Мемлекеттік органдардың Үкiмет қаулылары мен
Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобаларын дайындау
және ресiмдеу тәртібі
22. Мемлекеттік органдар Үкiмет қаулыларының жобаларын (бұдан әрi - қаулылардың жобалары) дайындауды Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Президент кесiмдерінің және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердің негiзiнде және оларды орындау үшiн жүзеге асырады. Қаулылардың жобаларын уәкілетті органдар өз бастамалары бойынша немесе егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмалары бойынша әзiрлейдi.
Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобаларын (бұдан әрi - өкiмдердiң жобалары) дайындау әкiмшілiк-өкiмдiк, жедел және жеке сипаттағы мәселелердi шешу үшiн жүзеге асырылады.
Орталық атқарушы органдар арасында қағидатты және еңсерілмес келiспеушiлiктер болған кезде келiсілген шешiмдер қабылдауды, сондай-ақ ведомствоаралық үйлестірудi талап ететiн мәселелер Үкiмет мәжілістерiнде не Премьер-Министрде, оның орынбасарларында немесе Кеңсе Басшысында өтетiн кеңестерде қаралуы мүмкiн.
23. Қаулылар мен өкiмдердiң жобаларын дайындауды мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының "Нормативтiк құқықтық актілер туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiнде iс жүргiзу жөніндегі нұсқаулықтың, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 22 шiлдедегi № 678 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерінің жобаларын ресiмдеу жөнiндегі нұсқаулықтың (заңдық техникасы) және осы Регламенттiң талаптарын сақтай отырып, мемлекеттік және орыс тілдерiнде жүзеге асырады.
Қаулының (өкiмнің) жобасын әзiрлеудi жүзеге асыратын мемлекеттік органның бiрiншi басшысы (немесе бiрiншi басшысының мiндетiн атқару ресми түрде жүктелген тұлға) оның Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясына және Үкiмет Бағдарламасына сәйкес келуi, жобаның уақтылы, сапалы әзiрленуi және белгiлеген мерзiмдерде Үкiметке ұсынылуы, жобаның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі, оның iшiнде магнитті жеткiзгiштердегi мәтiндерінің дәлме-дәл болуы, осы Регламент талаптарының сақталуы үшiн дербес жауап бередi.
24. Экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң экспорты, импорты және транзитi мәселелерi бойынша қаулылардың жобаларын дайындауды Қазақстан Республикасы Экспорттық бақылау мәселелерi жөніндегі мемлекеттік комиссиясының жұмыс органы жүзеге асырады. Көрсетілген қаулылар жобаларын келiсу мен енгізу мәселелерi осы Мемлекеттік комиссия туралы Ережемен айқындалады.
"Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыру мен зымырандарды сынақтық ұшырудың жоспарлары жөніндегі қаулылардың жобаларын келiсу және енгізу мәселелерi Үкiмет бекiтетiн тиiстi нұсқаулықпен айқындалады.
Кадр мәселелерi бойынша қаулылардың жобаларын дайындауды Кеңсе жүзеге асырады.
25. Қаулының (өкiмнің) жобасын әзiрлеушi, егер оны қабылдағаннан кейiн мұндай қажеттілік туындаса, жобада бiр мезгілде ?кіметтің және/немесе Премьер-Министрдiң бұрын қабылданған шешiмдерiн қаулының (өкiмнiң) жобасына сәйкес келтiру жөніндегі нормаларды көздейдi.
26. Әзiрлеушi қаулының (өкiмінің) жобасына мынадай негізгі мәлiметтердi қамтуы тиiс Кеңсе Басшысы белгілеген нысан бойынша түсiндiрме жазбаны мiндетті түрде қоса бередi:
1) тиісті нормативтік құқықтық кесiмдерге жасалған сiлтеме бар жобаны қабылдауға негiздеме және/немесе оны қабылдау қажеттігінiң басқа да негiздемелерi;
2) жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттiгі және оның қаржылық қамтамасыз етілуi;
3) жоба қабылданған жағдайдағы болжамды салдарлар;
4) нақты мақсаттар мен күтілетiн нәтижелердiң мерзiмдерi;
5) жобада қаралатын мәселелер және оларды iске асыру нәтижелерi бойынша бұрын қабылданған Президенттің және/немесе Үкiметтің кесiмдерi туралы мәлiметтер;
6) енгiзілетiн жоба қабылданған жағдайда қолданыстағы заңнаманы оған сәйкес келтiру қажеттігі (басқа нормативтiк құқықтық кесiмдер қабылдау немесе қолданыстағы кесiмдерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетіндігі көрсету) не мұндай қажеттіктiң болмауы;
7) жобада көрсетілген мәселелер құзыретiне енетiн мүдделi мемлекеттік орган басшысы бұрыштамасының болмау себебi (мұндай факт болған кезде).
Қаулы (өкiм) жобаларының және оларға қосымшалардың әр парағына әзiрлеушi мемлекеттік органның бiрiншi басшысы немесе бiрiншi басшының мiндетін атқару ресми түрде жүктелген тұлға не Үкiметтің және Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бiрiншi басшы ресми түрде өкілеттiк берген тұлға алдын ала қол қояды, ал iлеспе хаттарға қол қояды.
Қаулы жобасында халықаралық шарттарға немесе өзге де құжаттарға (заңнамалық кесiмдерден, Президент, Үкiмет және Премьер-Министр кесiмдерiнен басқа) сiлтемелер болған кезде әзiрлеушi тиiсiнше Сыртқы iстер министрлігі немесе жобаны әзiрлеушi куәландырған мемлекеттік, орыс және өзге қол қойылған (әр түрлi оқылған кезде басымдықты болатын) тілдердегі осы құжаттардың көшiрмелерiн мiндеттi түрде жобаға қоса бередi.
27. Қаулылар мен өкiмдердiң жобалары олардың құзыретiне орай мүдделi мемлекеттік органдармен мiндеттi түрде келiсіледi, бұл ретте жобаны келiсудегi мұндай мүдделілiк жобада қаралатын мәселелердiң мәнi негiзге алына отырып белгiленедi.
Кадрлық және ұйымдастырушылық сипаттағыны қоспағанда, қаулылардың жобалары мiндеттi түрде:
1) экономикалық орындылығы және жобаның мемлекеттік әлеуметтiк-экономикалық саясаттың негiзгi бағыттарына сәйкес келуiн қамтамасыз ету мәселелерi бойынша, сондай-ақ бюджеттік жоспарлау шеңберiнде - жобаның қаржылық қамтамасыз етілуi, мемлекеттік кiрiстердiң ықтимал қысқартылуы және мемлекеттік шығыстардың арттырылуы мәселелерi бойынша - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен;
2) жобаның Үкiметтiң құзыретiне сәйкестігi тұрғысында заңды сараптама жүргiзу және оның Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңнамалық кесiмдерiне, Президентінің, Үкiмет пен Премьер-Министрдiң кесiмдерiне сәйкестiгiн қамтамасыз ету мақсатында Әдiлет министрлігімен келісілуге тиiс.
Келiсушi мемлекеттік органдарға оларда осы органдардың тiкелей құзыретiне жатпайтын немесе жобалардың мәтiндерiне ескертулер болған кезде қаулылардың (өкiмдердiң) жобаларын "ескертулермен" келiсуге (бұрыштама соғуға) тыйым салынады.
Оларды қабылдау экологиялық, соның iшiнде радиациялық қауiпсiздiкке, қоршаған ортаны қорғауға қауiп төндiруi мүмкiн зардаптар болжанып отырған қаулылардың жобалары мiндеттi түрде мемлекеттік экологиялық сараптама жасауға жатады. Жобаны әзiрлеушi жобаны заңнамада белгіленген тәртiппен экологиялық сараптама жүргiзудi қамтамасыз етедi, оның нәтижелерi жобаға қоса берiледi.
28. Халықаралық ұйымдарға кіру және олардан шығу, халықаралық шарттарға қосылу мәселелерi жөніндегі, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Әдiлет министрлігінде құқықтық сараптама жасауға жататын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және күшiн жою мәселелерi жөнiндегі қаулылардың жобалары мүдделi мемлекеттік органдармен алдын ала келiсілуге тиiс, ал құқықтық сараптама жүргiзiлгендерi Сыртқы iстер министрлігінде келiсуге жатады.
Көрсетілген жобаларға:
1) тиісті шет мемлекетпен (мемлекеттермен) немесе халықаралық ұйыммен келісілген әзiрлеуші органның бірінші басшысы (бірінші басшының міндетін атқару pecми түрде жүктелген тұлға не ?кіметтiң және Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бiрiншi басшы ресми түрде өкілеттік берген тұлға) алдын ала қол қойған халықаралық шарттың жобасы не Сыртқы істер министрлігі куәландырған оған сәйкес Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымға кіруi немесе одан шығуы не Қазақстан Республикасының шартқа қосылуы жоспарланып отырған көп жақты халықаралық шарттың мемлекеттік, орыс және қол қойылған өзге тiлдердегi мәтiнi (әр түрлi оқылған жағдайды басымдығы бар);
2) Сыртқы iстер министрлігі куәландырған халықаралық шарттардың көшiрмелерi және оларға жобада сiлтемелер бар жобаны әзiрлеушi куәландырған халықаралық сипаттағы өзге де құжаттар қоса берiледi.
Қол қойылған халықаралық шарттардың және халықаралық сипаттағы өзге де құжаттардың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтiндерiнiң дәлме-дәлдігін тиiсiнше Сыртқы iстер министрлігі және әзiрлеушi оларды Кеңсеге енгiзгенге дейiн қамтамасыз етедi.
29. Премьер-Министр не оның тапсырмасы бойынша Кеңсе Басшысы Үкiметтiң резервiнен қаражат бөлу және басқа да жедел мәселелердi шешу жөнінде қаулылардың (өкiмдердiң) жобаларын келiсудiң өзге де рәсiмiн айқындай алады.
30. Жобаны әзiрлеушi мемлекеттік орган сонымен бiр мезгілде осы Регламенттiң 27-тармағына сәйкес тиiстi мемлекеттік органдарға қаулы (өкiм) жобасының, оған түсiндiрме жазбаның және басқа да қажетті құжаттардың көшiрмелерін келiсуге жiбередi.
Қаулы (өкiм) жобасының көшiрмесiн келiсуге алған кезде мемлекеттік органдар оған басқа да мемлекеттік органдардың алдын ала бұрыштама соғуын талап етпеуi және желеу және өзге де негiзсiз себептер бойынша жобаны келiсуден бас тартпауы тиiс.
31. Қаулылардың (өкiмдердiң) жобаларын мемлекеттік органдарда келiсу олар түскен күнiнен бастап мынадай мерзiмнен аспауы тиiс:
1) осы Регламенттің 64 және 65-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қаулылардың жобалары, соның iшiнде Қазақстан Республикасы Президентінің және Парламентінің қарауына енгізу туралы тиiсiнше Президент кесiмдерінің жобалары мен заң жобалары - 10 жұмыс күнi;
2) Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобалары - 5 жұмыс күнi.
Премьер-Министрдiң оның орынбасарларының немесе Кеңсе Басшысының тапсырмалары бойынша ?кіметтiң қаулыларын немесе Премьер-Министрдің өкiмдер жедел қабылдау қажет болған кезде нақты жобаларды мемлекеттік органдарда келiсудiң неғұрлым қысқа мерзiмдерi белгіленуi мүмкiн. Мұндай жағдайда қаулының (өкiмнiң) жобасына мемлекеттік органның бiрiншi басшысы немесе бiрiншi басшының мiндетiн атқару ресми түрде жүктелген тұлға не Үкiметтің және Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бiрiншi басшы ресми түрде өкілеттiк берген тұлға ?кімет басшылығында болған кеңесте немесе Үкiмет мәжілiсiнде бұрыштама соғуы мүмкін.
32. Қаулының (өкiмнiң) жобасын келiсушi мемлекеттік органда қарау және келiсу (бұрыштама соғу) осы Регламентте белгiленген мерзiмде және осы мемлекеттік органның құзыретi шеңберiнде жүзеге асырылуы тиiс.
Қаулының (өкiмнiң) жобасын қарау қорытындылары бойынша келiсушi мемлекеттік орган әзiрлеушiге жауаптың мынадай нұсқаларының бiрiн ұсынуға тиiс:
1) жоба ескертулерсiз келісілдi (бiрiншi басшының немесе бiрiншi басшының мiндетiн атқару ресми түрде жүктелген тұлғаның не Үкiметтің және Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бiрiншi басшы ресми түрде өкiлеттік берген тұлғаның жобадағы бұрыштамасы);
2) жоба ескертулермен келісілдi (бiрiншi басшының немесе бiрiншi басшының мiндетiн атқару ресми түрде жүктелген тұлғаның не Үкiметтiң және Кеңсенің басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бiрiншi басшы ресми түрде өкілеттік берген тұлғаның жобадағы "ескертулермен" деген бұрыштамасы), бұл ретте ескертулер жобаға қоса берілетiн бiрiншi басшы (бiрiншi басшының мiндетiн атқару ресми түрде жүктелген тұлға не Үкiметтің және Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бiрiншi басшы ресми түрде өкілеттiк берген тұлға) қол қойған хатта баяндалады, онда оларды жою жөніндегі ұсыныстар мiндеттi түрде қамтылуы тиiс. Келiсу барысында жобаларды жұмыс тәртібімен пысықтауға жол беріледi;
3) жобаны келiсуден бас тартылды (жобаға бұрыштама соғылған жоқ), бұл ретте келiсуден бас тартуға уәждемесi бар бiрiншi басшы (бiрiншi басшының мiндетiн атқару ресми түрде жүктелген тұлға не Үкiметтiң және Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бiрiншi басшы ресми түрде өкiлеттік берген тұлға) қол қойған хат қоса беріледi.
33. Егер қаулының (өкiмнiң) жобасы бойынша ескертулермен келісілген жағдайда, әзiрлеушi мемлекеттік орган өзi келiскен ескертулердi түзетедi, жобаның соңғы түпкiлiктi нұсқасын дайындайды және оны қайта келiсуге жiбередi. Қайта келiсу осы Регламенттiң 31-тармағында белгiленгендерге ұқсас мерзiмде жүзеге асырылады.
Әзiрлеушi келiспейтiн ескертулер бойынша ол мен келiсушi орган арасында келiспеушілiктер хаттамасы жасалады. Бұл ретте қаулының (өкiмнiң) жобасын әзiрлеушi бағандарында келiспеушілік туғызған жоба тармақтарының әзiрлеушi мен келiсушi орган ұсынатын редакциялары және олардың негіздемелерi қамтылуы тиiс кесте түріндегі келiспеушілiктер хаттамасын дайындайды. Әзiрлеушi органның бiрiнші басшысы (бiрiншi басшының мiндетiн атқару ресми түрде жүктелген тұлға не Үкiметтің және Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бiрiншi басшы ресми түрде өкілеттiк берген тұлға) қол қойған келiспеушіліктер хаттамасы жобаның түпкілікті нұсқасымен бiрге келiсушi органға жiберіледi және оның бiрiншi басшысы (бiрiншi басшының мiндетiн атқару ресми түрде жүктелген тұлға не Үкiметтiң және Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бiрiншi басшы ресми түрде өкілеттік берген тұлға) қайтадан келiсу үшiн белгіленген мерзімде қол қоюы тиiс.
Келiспеушілiктер хаттамасы оны Кеңсеге енгізу кезiнде мiндеттi түрде қаулының (өкiмнiң) жобасына қоса тiркеледi.
34. Үкiметтiң қаулысы оның ұжымдық заңды пiкiрiн білдiруi тиiстілігiне байланысты қаулылардың жобалары, сондай-ақ заңдардың, Мемлекет басшысы кесiмдерінiң және Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкiметтің қорытындыларының жобалары бойынша Үкiмет мүшелерінiң дауыс беруi жүргiзіледi.
Дауыс берудi өткізу мақсатында қаулы жобасының (заң, Мемлекет басшысы кесiмi, Үкiмет қорытындысы жобасының) түпкiлiктi нұсқасын Кеңсеге енгiзер алдында әзiрлеушi оның қағаз және/немесе магнитті ақпарат жеткiзгіштердегi мәтiнiнiң көшiрмелерiн не электрондық көшiрмесiн (құпия сипаттағы және кадр мәселелерi бойынша жобалардан басқа) электрондық почта арқылы Үкiмет мүшелерiнiң барлығына (Премьер-Министрдi, оның орынбасарларын және әзiрлеушi жобаны келiсудi жүргізген ?кімет мүшелерiн қоспағанда) жiбередi. Жобаға қосымшалар Үкiмет мүшелерiне, тек оларға қатысты бөлігінде жіберiлуi мүмкiн.
Егер қаулының жобасы Кеңседе елеулi пысықтауға ұшыраған жағдайда, сондай-ақ пысықталған заң жобасы, Мемлекет басшысы кесiмiнiң жобасы немесе Парламент депутаттары бастамашылық жасаған, Кеңседе сараптама жүргiзiлген заң жобасына Үкiметтiң қорытындысы бойынша шұғыл дауыс берудi жүргiзу қажет болған кезде осындай жобалар бойынша дауыс берудi Кеңсе оның Басшысының нұсқауы бойынша ұйымдастырады, ол жобалардың (заң жобаларының, Мемлекет басшысының кесiмдерi, Үкiмет қорытындылары жобаларының) электронды көшiрмелерi бар хабарламаларды электронды почта арқылы не олардың қағаз жеткiзгiштердегі көшiрмелерiн фельдъегерлiк қызмет арқылы Үкiмет мүшелерiне жiбередi.
Үкiмет мүшелерiнің қаулылардың жобалары бойынша дауыс беру мерзiмi жобалар көшiрмелерi (электронды көшiрмелерi бар хабарламалар) жiберілген күнiнен бастап 3 жұмыс күнiнен аспауға тиiс. Дауыс беру мерзiмi аяқталғанға дейiн Үкiмет мүшелерi әзiрлеушiге жобалар бойынша өз пiкiрiн білдiрген жазбаша жауаптар жiбередi. Көрсетілген мерзiмде жазбаша жауап берiлмеген жағдайда, Үкiмет мүшесi жобаны ескертулерсiз қабылдауға дауыс бердi деп саналады. Қаулылардың жобалары бойынша дауыс берудi ?кімет мүшелерi алмастыру құқығынсыз жүзеге асырады. Егер жоба бойынша ?кімет мүшелерінiң кемiнде үштен екiсi дауыс берiп, олардың көпшілiгi жобаны қабылдауға пікір бiлдiрсе дауыс беру өткiзiлдi деп саналады. Олай болмаған жағдайда дауыс беру өткiзілмедi деп саналады және Кеңсе енгiзілген жобаны қабылдамайды.
Қаулының жобасы бойынша дауыс беру нәтижелерiн әзiрлеушi жобамен және Кеңсе белгілеген нысан бойынша оған басқа да материалдармен бiрге бiр мезгілде ұсынады.
35. Ол бойынша Үкiмет мүшелерiнiң дауыс беруi өткiзілген қаулылардың және өкiмдердiң A4 форматындағы қағаздың жай парақтарындағы (мемлекеттік және орыс тілдерiндегі мәтiндер үшiн № 14 мөлшерлi "Times№ewRoman" қарпi қолданылады, символдарды кодтау стандарты ҚP СТ 1048-2002 стандартына сәйкес) және ақпаратты магнитті жеткiзгiштегi мәтiндiк файлдар түріндегі (бұдан әрi - магниттік жеткізгіш) жобаларын, сондай-ақ оған қажетті материалдарды әзiрлеушi мемлекеттік органдардың өкiлдерi өз қолымен Кеңсеге енгiзедi. Бұл ретте қаулылардың (өкiмдердiң) жобаларына ілеспе хаттарда тапсырманың нөмiрi мен берiлген күнi көрсетiле отырып, олардың не Yкімет немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша немесе Президент, Үкiмет немесе Премьер-Министр кесiмiнiң нақты тармағын орындау үшiн не бастамашылық жасау тәртібімен енгізілгендiгi көрсетiлуге тиiс. Почта арқылы келiп түскен жобаларды Кеңсе әзiрлеушiге қарамай және тiркемей қайтарады.
Кеңседе тiркелер алдында жобалар Кеңседе iс жүргiзу жөніндегі нұсқаулықтың және осы Регламенттiң талаптарына сәйкестігiне, сондай-ақ iрiктемелi түрде дәлме-дәлдiгіне тексеріледi. Жоба мәтiндерi осы талаптарға сәйкес келмеген немесе олардың мемлекеттік және орыс тiлдерiнде дәлме-дәл еместігі анықталған жағдайда жоба тiркелместен (құпия сипаттағы жобаларды қоспағанда) анықталған кемшiлiктердi жою үшін әзiрлеушінің өкiлiне қайтарылады.
Кеңсеге келiп түсетiн "Aca маңызды", "Өте құпия" және "Құпия" деген құпиялық белгiсi бар қаулылардың (өкiмдердiң) жобалары белгіленген тәртiппен тiркеледi және Кеңсе Басшысына баяндалады. Көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда бұл жобалар Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша әзiрлеушiге қайтарылады.
36. Кеңсеге мемлекеттік органның бiрiнші басшысының мiндетiн атқарушы тұлға (Үкiметтің және Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бiрiншi басшы ресми түрде өкілеттік берген тұлға) бұрыштама соққан қаулының (өкiмнiң) жобасы не ол қол қойған iлеспе және өзге де хаттар енгiзілген кезде жобаға оған бiрiншi басшының мiндетін атқару жүктелгенi туралы (оған Үкiметтiң және Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бiрiншi басшы өкілеттік бергендігі туралы) кесiмнің көшiрмесi қоса беріледi.
37. Кеңседе қаулының (өкiмнiң) жобасы тiркелгеннен кейiн жобаның Кеңседе тiркелген күнiнен бастап есептелетiн, осы Регламенттiң 31-тармағында көрсетілгенге ұқсас мерзiмде оның қаржы-экономикалық, құқықтық және өзге де аспектілерiне сараптама (бұдан әрi - сараптама) жүргізіледi.
Сараптама қаулы (өкiм) жобасының дайындалу сапасын, негізділiгін, уақтылылығын бағалау, ықтимал терiс салдарларды айқындау үшiн, сондай-ақ жобаның жоғары деңгейдегi, Үкiмет пен Премьер-Министрдiң нормативтiк құқықтық кесiмдерiне сәйкестiгi және жобаның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтiндерiнiң дәлме-дәлдігі мәнiне жүргiзіледi. Жобалар сараптамасының нәтижелерi Премьер-Министр мен оның орынбасарлары, Кеңсе Басшысы үшiн олар тиiстi жобаларға қол қою немесе келiсу туралы шешімдер қабылдаған кезде ақпараттық-ұсынымдық сипатқа ие болады.
Кеңсенiң тиiстi жобаның өтуiне жауапты құрылымдық бөлiмшесi жүргiзілген сараптаманың нәтижелерi бойынша жобаға қорытынды дайындайды. Қорытынды мынадай ақпаратты қамтуға тиiс: жобаны қабылдау қажеттілігi неге негiзделдi, оны дайындау кезiнде осы Регламенттің талаптары сақталды ма, келiсушi мемлекеттік органдардың қандай қарсылықтары бар, жоба бойынша Үкiмет мүшелерiнiң дауыс беру қорытындылары, жоба сараптамасының нәтижелерi, оның iшiнде құқықтық сипаттағы және заңи техника бойынша ескертулер, жобаны пысықтау туралы мәлiметтер (ондай факт болған кезде), жоба бойынша өзге де қажетті мәлiметтер, жобаны қабылдау немесе қабылдамау мүмкiндiгi туралы ұсынымдар.
38. Кеңсе сараптама жүргiзу барысында немесе оның нәтижелерi бойынша жобаны мемлекеттік органға мынадай негiздер бойынша:
1) оның жоғары деңгейдегi нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес келмеуi анықталғанда;
2) жобаның мемлекеттік және орыс тілдерiндегі мәтiндерiнiң дәлме-дәл еместiгi анықталғанда;
3) Үкiмет бекiткен Кеңседе iс жүргiзу жөніндегі нұсқаулықтың, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулылары мен Премьер-Министрi өкiмдерiнiң жобаларын ресiмдеу (заңды техника) жөнiндегі нұсқаулықтың және осы Регламенттің талаптарының бұзылғаны анықталғанда пысықтауға қайтаруға құқылы.
Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң өзге де аспектiлер бойынша терiс сараптамалық қорытындысы да Үкiмет басшылығының немесе Кеңсе Басшысының жобаны қайтаруы үшiн себеп болуы мүмкiн.
39. Жоба пысықтауға мынадай түрде қайтарылуы мүмкiн:
1) мемлекеттік органдар бiрiншi басшыларының не олар өкілеттік берген тұлғалардың қатысуымен өткен ?кімет мәжілiсiнiң немесе Үкiмет басшылығында немесе Кеңсе Басшысында өткен кеңестiң хаттамасы негiзiнде;
2) Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң жоба сараптамасының нәтижелерi бойынша қорытындысы негiзiнде Премьер-Министрдiң жобада қаралатын мәселелер құзыретiне жататын орынбасарының немесе Кеңсе Басшысының не оның мiндетін атқарушы тұлғаның жазбаша тапсырмасы бойынша;
3) жобаны әзiрлеушi орган не оның өкілi (өкілетті тұлғасы) Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң ескертулерiмен келiскен кезде Кеңсе Басшысының рұқсатымен әзiрлеушi өкіл (өкілетті тұлға) жобаның келiсу парағына қол қойып жұмыс тәртібімен. Әзiрлеушiнiң жобаны жұмыс тәртібімен пысықтау мерзiмi 7 жұмыс күнiнен аспауға тиiс.
Егер қайтарылатын жобаларға тапсырмаларда өзге мерзiм көрсетілмесе, жобаларды пысықтауды, қайтадан дауыс беру өткізудi және енгізудi әзiрлеушiлер қайтарылған күнiнен бастап бiр айдан аспайтын мерзiмде жүзеге асырады (жұмыс тәртібімен пысықталатын жағдайларды қоспағанда). Пысықтау мерзiмi аяқталғаннан кейiн әзiрлеушi Кеңсеге пысықталған жоба мен ол бойынша дауыс беру нәтижелерiн (Кеңсе белгiлеген нысан бойынша) не жобаны қараудан алу туралы жазбаша өтiнiштi ұсынуы тиiс.
Жоба пысықталғаннан кейiн Кеңсеге қайта енгiзілген кезде оған сараптама жүргiзудiң және қорытынды дайындаудың жаңа мерзiмi белгіленедi.
40. Ведомстволардың санын, министрлiктердiң, агенттіктердiң және ведомстволардың штат санын, олардың басшы лауазымды тұлғаларын өзгертудi (ұлғайтуды немесе қысқартуды) көздейтiн қаулылардың жобалары бойынша Үкiмет мұндай өзгерiске Мемлекет басшысының немесе оның уәкілеттігi бойынша Президент Әкiмшілiгiнiң жазбаша келісімiн алуы тиiс.
41. Кеңседе сараптама жүргізiлгеннен, жоба пысықталғаннан (осындай факт болған кезде) және қорытынды дайындалғаннан кейiн жоба Кеңседе iс жүргiзу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес тиiстi қорғалған елтаңбалық бланкiге көшiріледi, оған: орындаушы мен жобаның өтуiне жауапты құрылымдық бөлiмшенiң басшысы; жобаға сараптама жүргiзген құрылымдық бөлiмшелердiң басшылары; жоба мәтiндерiнiң дәлме-дәлдiгiн және олардың мемлекеттік және орыс тілдерiнiң ережелерiне сәйкестiгiн тексерудi жүзеге асырған қызметкерлер бұрыштама соғады. Егер жоба және/немесе оған қосымшалар Кеңседе пысықтауға ұшыраса, онда пысықталған жобаға және/немесе оған қосымшаларға не олардың өзгертілген бөлiктерiне әзiрлеушi органның бiрiншi басшысы немесе бiрiншi басшының мiндетiн атқару ресми түрде жүктелген тұлға не Үкiметтiң және Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бiрiншi басшы ресми түрде өкілеттiк берген тұлға әр парағына алдын ала қол қоюға тиiс.