«Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының
Директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 қарашадағы № 1149 Қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 3 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстанның Даму Банкі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 25 сәуірдегі Заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Даму Банкі) акционерлерінің жалпы жиналысына Даму Банкі Директорлар кеңесінің құрамына:
Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі - Әсет Өрентайұлы Исекешевті;
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі - Қайрат Медібайұлы Әйтекеновті;
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі - Ғани Нұрмұханбетұлы Өзбековті;
Даму Банкінің президенті - Қамбар Басарғабызұлы Шалғымбаевты қайта сайлау ұсынылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |