3.2. Суды қабылдау-тапсыру келісілген мерзімде тәуілігіне кемінде 2 рет тараптардан ресми түрде уәкілетті өкілдердің бірігіп қадағалауымен жүргізіледі, нәтижелері журналдарға тіркеледі.
Тараптардың бірі келмеген жағдайда екінші тараптың жазуына дау айтылмайды.
3.3. Өзендер мен шаруашылықаралық каналдарда сорғыларды орнату міндетті түрде Су берушімен келісілуге тиіс.
Судың жеткізілген көлемін суарудан басқа мақсаттарға пайдалануға рұқсат етілмейді. Бұлай болмаған жағдайда су алу суармалы суды өз бетінше басып алу болып саналады.
4. Есеп айырысу тәртібі
4.1. Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен суармалы суды жеткізу жөніндегі қызметтерге тарифтер ҚҚС-ны ескере отырып__________жылға мың текше метрге_________теңге көлемін құрайды.
(Су пайдаланушы көрсетілген қызметтерге тариф бойынша толық көлемде ақы төлейді) немесе (Су пайдаланушы көрсетілген қызметтің 50 %-ына ақы төлейді, ал қалған 50 %-ына - субидиялар алғаннан кейін) немесе (Су пайдаланушы осы Шартқа қол қойғаннан кейін жылдық көлемнің ________%-ы көлемінде аванс төлейді және Су берушімен авансқа жұмысты істегеннен кейін ай сайын нақты көрсетілген қызмет көлеміне төлейді) (қажетін уағдаласу бойынша қалдыру керек)
4.2. Су пайдаланушының жылдық лимиті, барлығы_______________ мың текше метр.
4.3. Тариф бойынша су пайдаланудың жылдық лимитінің құны ____________ теңге, ҚҚС есебімен.
4.4. Осы Шартқа қол қойылмаған жағдайда суару маусымы басталғанға дейін Су беруші Су пайдаланушыға су беруді жүзеге асырмайды.
5. Төлем шарты
5.1. Осы Шарт бойынша төлем теңгемен жүргізіледі.
5.2. Қызметтер толық немесе ішінара көрсетілмеген жағдайда Су беруші осы Шарттың мерзімі өткен сәттен бастап _____ күннен кешіктірмей аванстық төлемнің тиісті сомасын кері қайтарады және Су пайдаланушыға _________ мөлшерінде айыппұл төлеуге тиіс.
5.3. Жазылған есептерге Су пайдаланушыға тапсырылғаннан кейін 20 күн мерзімде ақы төленуге тиіс.
6. Айыппұл санкциялары
6.1. Тарифтер бойынша уақтылы ақы төленбеген кезде Су пайдаланушы Су берушіге кешіктірілген әр күнге төлем сомасының _______ мөлшерінде өсімпұл төлеуге тиіс. Айыппұл санкцияларының (өсімпұлдың) жалпы сомасы төлем сомасының ____ %-ынан аспауы тиіс.
7. Дауларды реттеу тәртібі
7.1. Осы Шарт бойынша туындаған немесе оған байланысты барлық келіспеушіліктер мен даулар Тараптар арасындағы келіссөздер жолымен шешілуге тиіс.
7.2. Егер Тараптар келісімге келе алмаса, онда келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес реттелуге тиіс.
8. Тараптардың жауапкершілігі
8.1. Осы Шарт бойынша міндеттерді орындамағаны және/немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
9. Форс-мажорлық жағдайлар
9.1. Егер осы Шарт бойынша су көлемі Су пайдаланушыға суару көзіндегі суармалы судың тапшылығы, дүлей апаттар сияқты еңсерілмейтін күш жағдайлары салдарынан түгел жеткізілмесе, Су беруші ол үшін жеткізбеуіне жауап бермейді.
9.2. 9.1-тармақта көрсетілген жағдайларда тиісті мемлекеттік орган тиісті түрде растаса, олар заңды болады.
9.3. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындауға мүмкіндігі жоқ Тарап ______ күн мерзімде жоғарыда көрсетілген жағдайлардың басталғаны және тоқтағаны туралы басқа Тарапқа хабарлауға міндетті.
10. Басқа да жағдайлар
10.1. Осы Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар жазбаша түрде жасалса және оларға Тараптардың құқылы өкілдері қол қойса, қолданыста болып табылады.
10.2. Осы Шарт _______ тілдерінде ____ данада Тараптардың әрқайсысына бірдей заңды күші бар бір данадан жасалған.
10.3. Шарт өзара келісім бойынша бұзылуы және тоқтатылуы мүмкін. Ол үшін бұны қолдайтын Тарап Шартты бұзудың болжамды мерзіміне дейін _______ ай бұрын екінші Тарапқа хабарлайды.
11. Шартқа қоса берілетін құжаттардың тізбесі
1. Арнайы су пайдалануға рұқсат (су көзінен суды өз еркімен алғанда). | 3. Суару үшін су алуға өтінім Бекітілген тариф бойынша. |
4. Су тұтынушыға су берудің онкүндік кестесі. |
2. СТН, жеке басының куәлігі, банктік деректемелері. | 5. Күн сайын су беру есебінің журналы. |
6. Жерге құқық беретін құжаттың көшірмесі. |
12. Қорытынды ережелер
12.1. Осы Шарт оған тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді.
12.2. Шарттың қолданылу мерзімі:
20___жылғы «__»_________басталады
20___жылғы «__»_________аяқталады
Тараптардың мекенжайлары:
Су беруші _____________________________________ _____________________________________ индекс, облыс, аудан, ауыл _____________________________________ _____________________________________ республика _____________________________________ _____________________________________ банктің атауы, және.б. ____________________________________ ___________________ е./шот ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ Қол қоюшының лауазымы, Т.А.Ә. жұмыс телефоны Басшы: ____________________________________ Бас бухгалтер: ____________________________________ | Су пайдаланушы _____________________________________ _____________________________________ (толық атауы) _____________________________________ _____________________________________ (мекенжайы) _____________________________________ _____________________________________ (тел. факс) ____________________________________ ___________________ СТН ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ е./шот Басшы: ____________________________________ Бас бухгалтер: ____________________________________ |
Ескертпе: Шарт нөмірі облыстық ауыл шаруашылығы департаменті (басқармасы) бекіткен субсидия алатын су пайдаланушылар тізбесіндегі Су пайдаланушының реттік нөміріне сәйкес келуі тиіс.