Жалпы ақылы алмасу көлеміндегі ең көп үлес салмақты жазылу мен мерзімді басылымдарды сату - 73,5 %, жазбаша хат-хабар - 15,4 % алады, зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеу үлесі 9,8 %-ды құрайды.
2004 жылы аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдық өңірлерде зейнетақыларды, жәрдемақылар мен атаулы әлеуметтік көмекті дербес төлеу жөніндегі іс-шараларды іске асыру жалғастырылды.
2004 жылы жалпы сомасы 115,1 млрд. теңге болатын барлығы 20,9 млн. зейнетақы мен жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек төлемі жүргізілді, бұл 2003 жылғы нақты орындаудан 23,6%-ға жоғары. Қалыптасып отырған үрдіс Компанияның қызметін жандандыру жөніндегі міндеттердің осы бағытта іске асырылуына оң сипаттама береді.
Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері бойынша 2003 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 2004 жылы Компанияның жиынтық кірісі 42,1 %-ға ұлғайып, 7111,0 млн. теңгені құрады. Компанияның негізгі қызметтен кірісі 6456,4 млн. теңге құрады. 2004 жылы шығыстар 2003 жылдың деңгейінен 43,3 %-ға артып, 6952,2 млн. теңгені құрады. 2004 жылы Компанияның таза пайдасы 158,8 млн. теңге сомасын құрады, бұл 2003 жылдың көрсеткішінен 4,7 %-ға немесе 7,1 млн. теңгеге артық.
2005 жылы Компания 2003-2004 жылдары байқалған мерзімді басылымдар бойынша почталық алмасудың, жазбаша хат-хабарлар, зейнетақы, жәрдемақы төлемдері және почталық ақша аударымдары бойынша ақылы алмасулардың өсу үрдісін сақтауды жоспарлап отыр. 2005 жылы шығатын ақылы алмасу көлемін 4,19%-ғa ұлғайту күтілуде.
2005 жылдан бастап аудан орталықтары мен селоларда зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеу жөніндегі функцияларды біртіндеп Компанияға беру жоспарлануда.
Тиімді жұмыс істейтін отандық почта-жинақтаушы жүйені қалыптастыруға бағытталған қызметті жандандыру нәтижесінде компанияның қаржылық жай-күйі біршама жақсарды.
2005 жылы 2003 жылдың деңгейімен салыстырғанда жиынтық табыстың 12,6 %-ға өсуі күтілуде, бұл 894,0 млн. теңгені құрайды, жиынтық шығыстар деңгейі 12,7 %-ға немесе 880,4 млн. теңгеге өседі. Компанияның негізгі қызметтен кірісі 2005 жылы 7421,9 млн. теңге мөлшерінде бағаланады және таза табыс 172,3 млн. теңге сомасында болжанып отыр.
"Қазақтелеком" АҚ
"Қазақтелеком" ҰК" АҚ (бұдан әрі - Компания) Қазақстан Республикасының жалпы қолданыстағы бірыңғай телекоммуникация желісінің ұлттық операторы болып табылады.
"Қазақтелеком" ұлттық акционерлік компаниясы "Қазақтелеком" ұлттық акционерлік компаниясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 17 маусымдағы № 666 қаулысына сәйкес ұлттық ауқымда құрылатын, мемлекеттік өңірлік және мамандандырылған телекоммуникация кәсіпорындарының мүлкін Республиканың бүкіл аумағында кең ауқымды байланыс қызметтерінің көрсететін акционерлік қоғамның жарғылық қорына беру жолымен құрылды.
2004 жылғы 1 сәуірде "Қазақтелеком" ҰАК-ты Астана қаласының Әділет басқармасы "Қазақтелеком" АҚ етіп қайта тіркеді.
Компания Қазақстанда жұмыс істейтін 3 еншілес және бірлесіп бақыланатын ("Алтел" АҚ (50 %), "Қазақстан GSM" ЖШС (49 %), "Нұрсәт" ЖАҚ (41,25 %)) ұйымға қатысушы немесе акционер болып табылады.
Компания мынадай негізгі қызметтерді көрсетеді:
жергілікті, қалааралық, халықаралық телефон байланысы;
телеграф, телекс, деректер беру;
спутниктік байланыс;
сым арқылы радиохабар тарату;
байланыс арналарын жалға беру.
2003-2004 жылдары Компанияда жоғары өндірістік және қаржылық көрсеткіштер байқалды.
Компанияның бағалауы бойынша 2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы қазақстандық телекоммуникация қызметтері рыногының көлемі 27%-ға өсті және 140000 млн. теңгеден асты. Рынок құрылымының өзгеруі ұялы байланыс рыногы үлесінің өсуі есебінен болды, оның үлес салмағы телекоммуникациялық рынок көлемінің 37 %-ын құрады. Қалааралық байланыс рыноктың 20%-ын құрайды, оның үлесінің осы деңгейде сақталуына көп жағдайда ұялы желілердің өсіп бара жатқан трафигі ықпал етеді. ТМД-ға халықаралық сөйлесулер үлесі 7 %-ды құрайды. Барлық қызметтер түрі көлемінің өсуі аясында алыс шетелдерге қызметтер үлесі қысқарды және 4%-ды құрады. Жергілікті желі қызметтерінің үлесі 10%-ды құрайды. Деректер беру және Интернет қызметтерінің үлесі жыл сайын өсу үстінде және 2004 жылы 10%-ды құрады. ІР-телефония қызметтерінің үлесі 2 %-ды құрайды, алайда бұл сегмент жоғары өсу қарқынымен сипатталады.
Телекоммуникациялар рыногындағы Компанияның үлесі 2004 жылы айтарлықтай өзгеріске ұшыраған жоқ және орта есеппен 57 %-ды құрады.
Жергілікті байланыс рыногындағы Компанияның үлесі 2004 жылы 94 %, қалааралық - 92 %, ТМД елдерімен халықаралық - 85 %, алыс шетелдермен - 67 % деп бағаланады. Деректер беру рыногындағы Компания үлесінің бағасы 65 %-ды, Интернет жүйесінде 58 %-ды құрайды.
Рыноктың жоғары үлесі көбінесе тарихи қалыптасқан клиенттік қормен түсіндіріледі. Кейбір жергілікті рыноктарда және корпорациялық клиенттер рыногында Компанияның үлесі анағұрлым төмен.
Компанияның тәуекелдері бәсекелестер желілерінің, әсіресе жер үсті желілерінің дамуына, олардың корпорациялық клиенттер және жеке тұлғалар рыногындағы белсенді қызметіне, ұялы байланыстың дамуына, телекоммуникация рыногын ырықтандыру процесімен байланысты реттеуші органдардың іс-шараларына келіп тіреледі.
2004 жылы негізгі қызметтен түсетін кірістер 80096,4 млн. теңгені құрады немесе 2003 жылмен салыстырғанда 82,2 %-ға артық, оның ішінде қалааралық, халықаралық байланыс қызметтерінен түсетін кірістер - 46678,2 млн. теңге, жергілікті байланыс қызметтерінен түсетін кірістер - 13710,5 млн. теңге, деректер беру желісі қызметтерінен түсетін кірістер - 4206,5 млн. теңге.
Бағалау бойынша 2005 жылы негізгі қызметтен түсетін кірістер 83 466,3 млн. теңгені, оның ішінде қалааралық, халықаралық байланыс қызметтерінен түсетін кірістер - 43454,7 млн. теңгені, жергілікті байланыс қызметтерінен түсетін кірістер - 18472,5 млн. теңгені, деректер беру желісі қызметтерінен түсетін кірістер - 5464,9 млн. теңгені құрайды.
Операциялық қызмет шығыстары 2004 жылы 58712,6 млн. теңге немесе 2003 жылмен салыстырғанда 64,6%-ға артық соманы, оның ішінде өндірістік өзіндік құн бойынша - 45567,3 млн. теңгені құрады.
2005 жылы операциялық қызмет шығыстары 63669,4 млн. теңге сомасын, оның ішінде өндірістік өзіндік құн бойынша - 49610,4 млн. теңгені құрайды.
Таза пайда мөлшері 2004 жылы 26917,6 млн. теңге сомасын құрады, бұл 2003 жылдың деңгейінен 66,2 %-ға жоғары. Таза пайда мөлшері 2005 жылы 27823,8 млн. теңге деңгейінде бағаланып отыр.
2003 жылдың қорытындылары бойынша дивидендтер төлеу 3438,5 млн. теңге мөлшерін, оның ішінде мемлекеттік акциялар пакетіне - 1910,1 млн. теңгені құрады. 2004 жылдың қорытындылары бойынша 2005 жылы дивидендтер төлеу 4413,06 млн. теңге, оның ішінде мемлекеттік акциялар пакетіне - 2451,7 млн. теңге мөлшерінде бағаланып отыр.
Кірістер бойынша болжамдарды орындау инвестициялық бағдарламаны іске асыру нәтижесінде қамтамасыз етілді, оның көлемі 16894,7 млн. теңгені құрады.
2004 жылы Компанияның меншікті қаражаты есебінен 277 ауылдық елді мекенге телефон жүргізілді.
2005 жылғы 4 мамырда Компания басшылығы 2005 жыл ішінде Қазақстан Республикасы халқына көрсетілетін қызметтің реттелетін түрлеріне тарифтерді көтеруге мораторий жариялады.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде 2005 жылғы 1 сәуірден бастап Компания Интернет желісі қызметтеріне арналған тарифтерді, сондай-ақ халықаралық телефон қосуларының жекелеген бағыттарына, оның ішінде Ресейге, Украинаға және басқа да ТМД елдері мен алыс шетелдерге (бұдан әрі - АШ) арналған тарифтерді азайтты.
Жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру республика ауқымында жеке тұлғаларға арналған MEGA Line-нан бастап корпорациялық VP№-ге дейін көрсетілетін қызметтер аясын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Компанияның инвестициялық саясаты телекоммуникациялар саласындағы ең жаңа технологияларды дамытуға, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ақпарат ағыны транзитін көбейтуге, жергілікті телекоммуникациялар желілерін дамытуға бағытталған.
Компания "Қазақтелеком" ұлттық акционерлік компаниясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 17 маусымдағы қаулысына сәйкес құрылды.
"Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ
"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-тың (бұдан әрі - Компания) тасымалдау процесінде темір жол саласының функционалдық тұтастығын және ыңғайлы басқарылуын қамтамасыз етуге негізделген холдингтік құрылымы бар. Қазақстанда темір жол саласын реформалау 1997 жылы құрылған "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрамында қазақстандық үш темір жолды біріктірумен және оның құрамында бір мезгілде алты жол басқармасын құрумен басталды.
Компания 17 аффилиирленген ұйымға қатысады, олардың акциялар пакетінің мөлшерi/Компанияға қатысу үлесі 33 %-дан 100 %-ға дейінгіні құрайды.
Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен тасымалдауда Компания монополист болып табылады және бәсекелестері жоқ.
Компания жүк тасымалдарының негізгі көлемі өндіруші және өңдеуші өнеркәсіптің (көмір, мұнай және мұнай өнімдері, қара және түсті металдар, кен) үлесіне келеді.
Көмір. Компанияның көмір тасымалдау жөніндегі негізгі клиенттері: "Богатырь Аксес Көмір" ЖШС (компанияның жалпы тасымалдарының 17,3 %-ы), "Еуразиялық энергетикалық корпорация" ААҚ (9,3 %), "Испат Кармет" ААҚ КД (5,6 %), "Қазақмыс" корпорациясы ААҚ-тың "Бөрлі" КД (4,3 %), "Майкубен-Вест" ЖАҚ (1,3 %), "Балапанкөлік" ЖШС (1,1 %), "Шұбаркөл кенін" ААҚ (0,9 %) болып табылады.
Мұнай. Компанияның мұнай жүктерін тасымалдау жөніндегі негізгі клиенттері: "Шмос" ЖШС (3,7 %), "Ақтөбемұнайгаз" ААҚ МӨБ (1,6 %), "АМӨЗ-Көлік" ЖШС (1,3 %), "Теңізшевройл" БК (1,1 %), "Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖАҚ (1,0 %) болып табылады.
Темір рудасы. Компанияның темір рудасын тасымалдау жөніндегі негізгі клиенттері: "ССКББ" ААҚ (8,14 %), "Өркен" ЖШС (1,8 %), "Дон ТБК" ААҚ (1,5 %) болып табылады.
Қара металдар. Компанияның қара металдарды тасымалдау жөніндегі негізгі клиенттері: "Испат Кармет" ААҚ (2,4 %), Ақсу ферроқорытпа зауыты (0,5 %), "Феррохром" ААҚ (0,1 %), "Қазақмыс" корпорациясы ААҚ (0,15 %) болып табылады.
Жүк айналымы 2004 жылы 163 420 млн. т-км құрады, бұл жүктерді тиеу көлемінің өсуі есебінен 2003 жылдың деңгейінен 10,7%-ға артық.
Жүк айналымы бағыттардың барлық түрлері бойынша: республикаішілік - 8,8 %-ға, экспорттық - 6,8 %-ға, импорттық - 28,3 %-ға, транзиттік - 28,2 %-ға өсті.
2004 жылы жалпы жүк тиеу 193,8 млн. тоннаны құрады, бұл өткен жылдың деңгейінен 8,3 млн. тоннаға немесе 4,5 %-ға артық. Жалпы жүк тиеудің өсуі жүктердің негізгі түрлері бойынша тиеудің: мұнай жүктерінің - 4,5 %-ға, темір рудасының - 9,6 %-ға, түсті кеннің - 4,7 %-ға, қара металдардың - 7,2 %-ға, химиялық және минералдық тыңайтқыштардың - 28,5 %-ға, құрылыс жүктерінің - 13,5%-ға, астық пен тартылған өнімдердің - 13,5%-ға өсуімен негізделген.
2005 жылы болжамды жүк айналымы жүктерді тиеу көлемінің өсуі есебінен 172 679 млн. т-км (2004 жылға қатысты 5,7 %-ға ұлғайған) құрайды.
2004 жылы Компанияның негізгі қызметінен 224 237 млн. теңге сомасында кipic алынды, 2003 жылдың деңгейіне қарағанда 17,2 %-ғa өсу жүк айналымының өсуіне және Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2004 жылғы 25 мамырдағы № 242-ОД бұйрығына сәйкес 2004 жылғы 20 шілдеден бастап магистральдық темір жол торабы қызметтеріне арналған тарифтерді белгілеуге байланысты.
2005 жылы Компанияның негізгі қызметінен түсетін, тұрақты өндірістік-қаржылық қызмет пен Компанияның инвестициялық қажеттіліктерін жабу үшін қажетті кірістер кемінде 259 267 млн. теңгені құрауға тиіс.
2004 жылғы негізгі қызмет бойынша күтілетін шығыстар 21 612 млн. теңгені құрайды, бұл 2003 жылдың тиісті кезеңінің деңгейінен 11,7%-ға жоғары.
Шығыстардың ұлғаюы:
1) "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 505-II Заңына сәйкес ең төменгі жалақыны 6600 теңге мөлшерінде белгілеумен байланысты еңбекақы төлеу қоры бойынша шығыстардың өсуі;
2) материалдар, отын, электр энергиясы бағаларының өсуі;
3) "Қазтеміржолкөлік" АҚ пен "Локомотив" АҚ-тың құрылуына және олардың жүк вагон паркімен және локомотивтік тартқышпен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер үшін шот ұсынуына байланысты жұмыстар мен қызметтерге ақы төлеу; байланыс қызметтері бағаларының өсуі;
4) күзет қызметтері құнының өсуіне байланысты өзге де шығыстар салдарынан болды.
2005 жылы Компанияның негізгі қызметі бойынша шығыстар 21872 млн. теңге мөлшерінде болжанып отыр.
2004 жылдың таза пайдасы 10250 млн. теңгені құрады.
2004 жылы Компания мемлекеттік акциялар пакетіне дивидендтер төлеген жоқ, 2005 жылы мемлекеттік акциялар пакетіне дивидендтер төленбейді.
2004 жылы Компанияның инвестицияларды игеруі 38816 млн. теңгені, оның ішінде сыртқы қарыздар есебінен 4 586 млн. теңгені, меншікті қаражат есебінен 34 230 млн. теңгені құрады.
2004 жылы компанияның инвестициялық қызметінің негізгі бағыттары магистральдық темір жол торабын оңалту, дамыту және жаңғырту, ақпараттандыру және байланысты дамыту, жол техникасын сатып алу, Достық станциясын дамыту, Екібастұз - Павлодар учаскесін электрлендіру, сондай-ақ Алтынсарин - Хромтау жаңа темір жол желісін салу болды.
"Қазақстан инжиниринг" ҰК" ААҚ
Машина жасау саласындағы қызметті жүзеге асыратын "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ (бұдан әрі - Компания) "Қазақстан Республикасы қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 наурыздағы № 244 қаулысының негізінде жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен құрылды.
2003 жылы Компания өндірген өнім көлемі 4500 млн. теңгені, 2004 жылы 7100 млн. теңгені құрады, ұлғаю 55,4%-ды құрады.
Негізгі қызметтен түсетін кіріс 2003 жылы 4000 млн. теңгені, 2004 жылы 6800 млн. теңгені құрады. Кірістердің ұлғаюы 70 %-ды құрайды.
2003 жылы таза залал 529 млн. теңге сомасында қалыптасты, 2004 жылы таза пайда 235,9 млн. теңгені құрады.
Кірістердің өсуі негізінен дайын өнімді (қызметтерді) сату көлемінің өсуімен негізделген, бұл, өз кезегінде, кәсіпорын шығаратын өнімді өткізу рыноктарын іздеу жөнінде Компания жүргізген жұмыстың нәтижесі болып табылады.
"Астана халықаралық әуежайы" АҚ
Рейстер мен жолаушыларға қызмет көрсету саны бойынша әуежай арқылы қозғалыс көлемі "Астана халықаралық әуежайы" АҚ (бұдан әрі - Компания) өндірістік қызметін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер болып табылады.
2003 жылмен салыстырғанда қызмет көрсетілген рейстер санының даму үрдісі 2004 жылы 15%-ға және 2004 жылы 8 %-ға ұлғаюмен сипатталады. Қызмет көрсетілген жолаушылар саны да тиісінше 25 %-ға және 31 %-ға өсті. 2004 жылы барлығы 13 316 рейс пен 498 686 жолаушыға қызмет көрсетілді. Бағалау бойынша 2005 жылы 14 378 рейс пен 651 606 жолаушыға қызмет көрсету жоспарланып отыр. 2004 жылы аталған көрсеткіштер бойынша орташа тәуліктік деректері әуе кемелерінің 36 ұшу-қонуын және 1366 қызмет көрсетілген жолаушыны, 2005 жылы тиісінше 39 және 1785-ті құрады.
Бар бағыттардағы рейстердің жиілігін ұлғайту және жаңаларын ашу осы үрдістің айқындаушы факторы болып табылады. 2004-2005 жылдары Компания қызмет көрсеткен рейстер мен жолаушылардың жалпы көлемінің негізгі үлесін Қазақстанның барлық ірі қалаларының астанамен байланысын қамтамасыз ету үшін ішкі әуе желілерін кеңейтуге негізделген ішкі әуе тасымалдары құрайтынын (77%) атап өткен жөн.
2004 жылы Компанияның кірісі 3941 млн. теңгені құрады, бұл жоспардағы деңгейден 105%-ға (198 млн. теңге) асып түсті. Компанияның операциялық қызметтен түсетін кірістерінің 22 %-ға немесе 541 млн. теңгеге ұлғаюы кірістер өсуінің айқындаушы факторы болды. 2004 жылы Компания кірістері өсуінің негізгі себептері авиакомпанияның әуе кемелеріне май құю үшін сатып алынатын авиаотын құнының өсуі мен әуежай арқылы әуе тасымалдары көлемінің өсуі болды.
Әуежайлық емес қызметтерден түсетін кірістер құрылымында әуежай алаңдарын жалға беруден, ақылы қызметтерден және басқалардан түсетін кірістердің екі есе дерлік айтарлықтай ұлғайғанын атап өткен жөн, бұл Компанияның негізгі мақсатына қол жеткізумен - кірістілікті, оның ішінде концессиялық қызметтен түсетін кірісті арттырумен негізделген.
2004 жылы Компанияның шығыстары 3 271 млн. теңгені құрады, бұл 2003 жылдың деңгейінен 8 %-ға немесе 237 млн. теңгеге асып түсті және жоспарланған көлемнен 3%-ға (86 млн. теңге) кеміді.
Әуежайдың операциялық емес қызметтен болатын шығыстарының ұлғаюы Компания шығыстарының ұлғаюының негізгі себебі болды, мұндағы негізгі үлесті негізгі құралдарды қайта бағалауға байланысты шығыстар құрайды.
2004 жылдың қорытындылары 670 млн. теңге сомасындағы қаржылық оң нәтижемен сипатталады, бұл жоспар деңгейінен 74 %-ғa артық.
Жалпы көлемдегі бағыттар бойынша жолаушылар тасымалы рыноктарының үлесі өткен кезең деңгейінде сақталуда және ішкі желілер үшін 78 %-ды және халықаралық тасымалдар үшін 22%-ды құрайды.
2005 жылы Компанияның кірістері 5 480 млн. теңге сомасында болжанып отыр, бұл 2004 жылдың деңгейінен 40 %-ға және жоспардан 24%-ға артық (тиісінше 1 539 млн. теңге және 1 048 млн. теңге). Кірістердің өсуінің негізгі факторлары: көлемнің өсуіне байланысты әуежайлық қызметтер көрсетуден түсетін кірістердің ұлғаюы, сондай-ақ "Астана қаласындағы халықаралық әуежайды қайта жаңарту" жобасын іске асыруға байланысты Компанияның операциялық емес қызметтен түсетін кірістерінің ұлғаюы болып табылды.
2005 жылы Компания шығыстары 5281 млн. теңгені құрайды, бұл 2004 жылдың деңгейінен 61%-ға немесе 2010 млн. теңгеге артық, ал жоспарланатын көлемнен 31%-ға (1208 млн. теңге) кемиді. Алдын ала бағалау бойынша Компания қызметінің 2005 жылғы қорытындылары 199 млн. теңге сомасында қаржылық оң нәтижемен сипатталады.
2005 жылы Компанияның инвестициялық қызметі екі негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады:
1) "Астана қаласының халықаралық әуежайын салу" жобасын іске асыру, оның мақсаты Астана қаласының әуежай объектілерін жетілдіру, оның өткізу қабілетін арттыру, әуе кемелеріне, жолаушыларға қызмет көрсету қауіпсіздігінің және халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес багаж өңдеудің деңгейін жоғарылату, астананың әуе қақпаларының инфрақұрылымдық кешенін дамыту болып табылады;
2) меншікті қаражат есебінен негізгі қорларды ауыстыру. Негізгі қорларды жаңғырту шеңберінде әуежайдың меншікті қаражатынан негізгі құралдарды (арнайы техника, жабдық, әуе кемелерінің тұрақ орнын жөндеу және т.б.) жөндеу және ауыстыру жүргізілді.
Компания Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму стратегиясында айқындалған міндеттерді орындау және ережелерді іске асыру жөнінде жұмыс жүргізді. Елдің шапшаң экономикалық өсуіне сәйкес жүк-жолаушылар легін кеңейтуді және жетілдіруді қамтамасыз ету мақсатында:
Астана қаласының әуежайындағы, транзиттік техникалық қонуды жетілдіру үшін, негізінен әуе жүк кемелері үшін үстеме май құюға клиенттер ретінде бірнеше шетелдік авиакомпания тартылды;
жаңа әуежай кешенінің тұсаукесері өткізілді;
құны 1 700 млн. теңге ұшу-қону алаңын қайта жаңарту жөніндегі жоба іске асырылды.
"Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы" АҚ
"KEGOC" АҚ (бұдан әрі - Компания) желілері бойынша электр энергиясын беру көлемі 2003 жылы 26,9 млрд. кВт.с. құрады, бұл 2002 жылдың көрсеткішінен 13%-ға жоғары. Беру көлемінің өсуі, негізінен, "Екібастұз МАЭС-2" станциясынан Ресейге электр энергиясын экспорттық жеткізудің ұлғаюына, сондай-ақ Қазақстан аумағы арқылы Ресей Федерациясына Тәжікстан мен Қырғызстан электр энергиясының транзитіне байланысты.
2004 жылы Компания 32,8 млрд. кВт.с. көлемінде электр энергиясын беру жөнінде қызметтер көрсетті, 2003 жылмен салыстырғанда өсу 22 %-ды құрайды. Беру көлемінің айтарлықтай ұлғаюының негізгі себебі "Қырғызстан-Қазақстан-Қырғызстан" қоғамының желілері арқылы электр энергиясының транзитіне шарт жасасу болды.
2005 жылы Компанияның желілері бойынша электр энергиясын беру көлемі 31,5 млрд. кВт. с. мөлшерінде бағаланып отыр, бұл 2004 жылдың көрсеткішінен 4,2 %-ға төмен және негізінен, Екібастұз МАЭС-2-ден электр энергиясын экспорттық жеткізу көлемінің азаюына байланысты.
2003 жылы Компанияның негізгі қызметтен түскен кірістері 15742,2 млн. теңгені құрады, бұл 2002 жылдың деңгейінен 24,9 %-ға жоғары.
2004 жылы Компанияның негізгі қызметтен түскен кірістері 16835,7 млн. теңгені құрады (2003 жылдың деңгейінен 7,0%-ға жоғары).
2005 жылы негізгі қызметтен түсетін кірістер 18386,6 млн. теңге мөлшерінде бағаланып отыр.
2003 жылы Компанияның негізгі қызмет бойынша шығыстары 13346,1 млн. теңгені құрады, бұл 2002 жылдың шығындарынан 9,7 %-ға жоғары, бұл персоналды оқытуға және қарыз қаражатынан қаржыландырылатын ҰЭЖ-ді жаңғырту жобасы бойынша консультациялық қызметтерге ақы төлеуге арналған ағымдағы шығыстардың ұлғаюына, сондай-ақ инвестициялық бағдарламаға сәйкес негізгі құралдардың енгізілуімен негізделген амортизациялық аударымдардың ұлғаюына байланысты.
2004 жылы Компанияның негізгі қызмет бойынша шығыстары 14536,2 млн. теңге мөлшерінде қалыптасты. 2005 жылы Компанияның негізгі қызмет бойынша шығыстары 17725,4 млн. теңге немесе 2004 жылдың көрсеткішінен 21,9 %-ға жоғары мөлшерде күтіліп отыр. Негізгі қызмет бойынша шығыстардың өсуі, негізінен, негізгі құралдардың қолданысқа енгізілуімен негізделген амортизациялық аударымдардың және мүлік салығының ұлғаюына, ағымдағы шығыстарға жатқызылатын кредиттер бойынша пайыздардың ұлғаюына байланысты, бұл да ҰЭЖ-ді жаңғырту жобасы бойынша негізгі құралдардың енгізілуіне байланысты. Бұдан басқа, 2005 жылы Қоғам комиссияларды, сондай-ақ кредиттік шарттарға қол қоюға байланысты басқа да шығыстарды соған сәйкес төлейтін "Қазақстанның Солтүстігі-Оңтүстігі" транзитінің 500 кВ екінші электр беру желісін салу" жобасын іске асыру шеңберінде Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкісімен (бұдан әрі - ХҚҚДБ), Еуропа Қайта Құру және Даму Банкісімен (бұдан әрі - ЕҚҚДБ) және Қазақстанның Даму Банкімен кредиттік келісімдер жасау жоспарланып отыр.
Компанияның 2003 жылғы таза кірісі 1741,6 млн. теңге құрады. 2000 жылдың көрсеткіштерімен салыстыру бойынша таза кірістің едәуір өсуі негізгі қызметтен алынатын кірістердің, Компанияның электр желілік объектілерін жөндеу және пайдалану бойынша толық игерілмеген шығындардың ұлғаюына негізделген.
2004 жылы Компанияның таза пайдасы 1613,2 млн. теңгені құрады. 2005 жылы Компанияның таза пайдасы 92,9 млн. теңге мөлшерінде бағаланып отыр. 2005 жылы таза пайданың азаюы ағымдағы шығыстарға жатқызылатын жобалар бойынша тартылған кредиттерге қызмет көрсету жөніндегі, сондай-ақ компанияның Астана қаласына көшірілген қызметкерлеріне тұрғын үй сатумен байланысты шығындардың едәуір ұлғаюына байланысты.
Қазақстанның бүкіл энергия жүйесінің жұмыс істеуінің сенімділігі мен тиімділігін арттыру мақсатында Компания ХҚДБ мен ЕҚДБ-ның қарыз қаражатын тарта отырып, "Қазақстан Республикасының Ұлттық энергия желісін жаңғырту" жобасын іске асыруда. Жобаның жалпы құны - 258,4 млн. АҚШ доллары.
2004 жылғы 1 қаңтарда Жаңғырту жобасын іске асыра бастағаннан бері 65,5 млн., соның ішінде 2003 жылы 46,9 млн. AҚШ доллары сомасында қарыз қаражаты жұмсалды. Бірлесіп қаржыландыру желісі бойынша Компания қаражатынан 59,4 млн. АҚШ доллары жұмсалды.
Жоба бойынша капитал салымдарын игеру 10517,21 млн. теңгені (ҚҚС-мен бірге), соның ішінде ХҚДБ мен ЕҚДБ-ның қарыз қаражаты бойынша 6168,2 млн. теңгені, бірлесіп қаржыландыру желісі бойынша Компанияның меншікті қаражатынан 4348,9 млн. теңгені құрады.
Сондай-ақ, 2004 жылы Компания "Қазақстанның Солтүстігі-Оңтүстігі" транзитінің 500 кВ екінші электр беру желісін салу" жобасын іске асыру жөніндегі жұмысты бастады. Жобаның техника-экономикалық негіздемесін әзірлеуге, сондай-ақ желінің бірінші учаскесінің трассасын таңдау және келісу жөніндегі жұмысты жүргізуге арналған шарттар жасалды.
2004 жылы Компания инвестициялық қызметке 10967 млн. теңге, соның ішінде қарыз қаражатынан 6218,7 млн. теңге, Компанияның меншікті қаражатынан 4748,2 млн. теңге мөлшерінде қаражат жұмсады.