Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 4 ақпандағы № 102 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 ақпандағы № 136 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 745 Қалуысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерін) бекітіп беру бойынша конкурс өткізу ережесін және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 ақпандағы № 102 қаулысына(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 6, 52-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерін) бекітіп беру бойынша конкурс өткізу ережесінде және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерін) бекітіп беру бойынша конкурс өткізу ережесі және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" және 2004 жылғы 9 шілдедегі "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Заңдарына сәйкес әзірленді және балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерін) бекітіп беру бойынша конкурсты (бұдан әрі - Конкурс) ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы Ереженің қолданылуы мемлекеттік мекеме нысанындағы заңды тұлғалар болып табылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға таралмайды.";
11-тармақтың 2) тармақшасында:
екінші және үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"заңды тұлғалар үшін - жарғының, мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, салық төлеуші куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін;
жеке тұлғалар үшін - кәсіпкерлік қызметтің осы түрін жүзеге асыруға құқығын растайтын құжаттың, жеке куәліктің немесе паспорттың және салық төлеуші куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмелерін;";
алтыншы абзац алынып тасталсын;
жетінші абзацтағы "салық органының анықтамасын" деген сөздерден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"бұрын балық шаруашылығы су тоғандары (учаскелері) бекітіліп берілген жеке және заңды тұлғалар үшін - өткен жылы балық өсімін молайту және балық қорғау іс-шараларына қаржы салғандығын растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін;
бұрын балық шаруашылығы су тоғандары (учаскелері) бекітіліп берілген және балық және басқа да су жануарларын аулауға квоталар бөлінген жеке және заңды тұлғалар үшін - өткен жылы балық және басқа да су жануарларын аулауға бөлінген квоталардың игерілгендігі туралы уәкілетті органның аумақтық органының анықтамасын;
ЕО елдеріне балық өнімдерін экспорттауға арналған есептік нөмірінің (ХАССП, ИСО 9000 енгізу) (балық өнімдерін экспорттаушылар үшін) бар екенін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмелерін";
18-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жеңімпаздарды анықтау кезінде шарттар тең болған жағдайда мынадай заңды және жеке тұлғалар басымдыққа ие болады:
ғылыми және өсімді молайту мақсаттарына қосқан үлесі Балық шаруашылығын дамыту жоспарына сәйкес ең көп;
өтінім берілген су тоғандары (учаскелері) бұрын бекітіліп берілген;
қызметінің негізі балық аулау және онымен байланысты өндіріс болып табылатын, жергілікті жағалауға жақын аудандардағы.";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Конкурстық орта болмаған жағдайда (бір ғана үміткердің болуы) осы балық шаруашылығы су тоғандары (учаскелері) бойынша конкурс өткізілмеді деп жарияланады. Осы балық шаруашылығы су тоғандары (учаскелері) бойынша қайтадан конкурс өткізген кезде конкурсқа қатысқан жалғыз қатысушы, егер ол конкурсқа қатысушыларға қойылатын барлық талаптарды сақтаған болса, жеңімпаз болып танылады.";
мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:
"22-1. Жалған ақпаратты ұсыну фактілерінің, сондай-ақ Балық шаруашылығын дамыту жоспарына сәйкес міндеттемелерді орындамау немесе толық орындамау жағдайларының анықталуы балық шаруашылығын жүргізуге арналған шартты бұзу, сондай-ақ пайдаланушыларға балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерін) бекітіп беру туралы облыстық атқарушы орган шешімінің күшін жою үшін негіздеме болып табылады.";
23-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) өтінім берушінің басшысы бекіткен және уәкілетті органмен немесе оның аумақтық органымен келісілген жұмыстардың тізбесі мен көлемін, оларды орындау мерзімін және қаржыландыру көздерін көрсете отырып, уәкілетті орган белгілеген үлгі нысан бойынша жасалған Балық шаруашылығын дамыту жоспарының болуы;";
5) тармақша алынып тасталсын;
Балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерін) бекітіп беру бойынша конкурс өткізу ережесіне және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарына 2-қосымшада:
3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) мынадай балық шаруашылығы су тоғандары (учаскелері) табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілсін (балық шаруашылығы су тоғандарының (учаскелерінің) тізімі қоса беріліп отыр).".
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |