«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 тамыздағы № 917 қаулысына
толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 24 ақпандағы № 125 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2005 - 2007 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 тамыздағы № 917 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2005 - 2007 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында:
қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі 2005 - 2007 жылдарға арналған басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесінде (5-бөлім):
«2005 - 2007 жылдарға арналған басымды республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі» деген кестеде:
«Астананың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі» 2005 жылға дейінгі кезеңге арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының мемлекеттік бағдарламасы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 72-жолда:
5-баған «31007640» деген сандармен толықтырылсын;
6-баған «1000000» деген сандармен толықтырылсын;
7-бағандағы «8000000» деген сандар «8308000» деген сандармен ауыстырылсын;
8-баған «7194666» деген сандармен толықтырылсын;
9-баған «14504974» деген сандармен толықтырылсын;
реттік нөмірі 76-жолда:
6-бағандағы «23722» деген сандар «22050» деген сандармен ауыстырылсын;
7-бағандағы «200000» деген сандар алынып тасталсын;
9-баған «201672» деген сандармен толықтырылсын;
«Бағдарлама бойынша ЖИЫНЫ» деген жолда:
7-бағандағы «15019635» деген сандар «15127635» сандармен ауыстырылсын;
8-бағандағы «6631350» деген сандар «13826016» деген сандармен ауыстырылсын;
9-бағандағы «5194341» деген сандар «19900987» деген сандармен ауыстырылсын;
«Барлығы:» деген жолда:
7-бағандағы «194631734» деген сандар «194739734» деген сандармен ауыстырылсын;
8-бағандағы «203318437» деген сандар «210513103» деген сандармен ауыстырылсын;
9-бағандағы «162772793» деген сандар «177479439» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |