Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистикасын жетілдірудің
2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 ақпандағы № 71 Қаулысы
(2008.04.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 37 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегi № 903 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 7.1.14-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистикасын жетілдірудің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар жыл сайын 20 қаңтарға дейін Бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Статистика агенттігіне ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі жыл сайын 20 ақпанға Бағдарламаның орындалу барысы туралы жиынтық ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2006 жылғы 6 ақпандағы
№ 71 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының
мемлекеттік статистикасын жетілдірудің
2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы
Мазмұны
1. Бағдарламаның паспорты
2. Кіріспе
3. Қазіргі жағдайды талдау
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттерi
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігi
§ 1. Статистикалық жүйені үйлестірудің қазіргі заманғы деңгейіне көшу
§ 2. Халықаралық ұсынымдар мен стандарттарды ұлттық деңгейде
бейімдеу мақсатында статистика әдіснамалары мен әдістемелерін әзірлеу
және енгізу
§ 3. Мемлекеттік және салалық бағдарламаларды әзірлеуді және іске асыруды
ақпараттық қамтамасыз етуді жақсарту үшін статистикалық ақпаратқа талдау
жасауды ұйымдастыруға және талдау жүргізуге жүйелік тәсіл енгізу
§ 4. Деректерді жинау, өңдеу, сақтау және тарату жөніндегі халықаралық
стандарттардың талаптарына жауап беретін «Мемлекеттік статистика»
бірыңғай статистикалық ақпараттық жүйе құру
§ 5. БҰҰ-ның ресми статистикасының негіз қалаушы қағидаттарына
сәйкес техникалық көмек алудан белсенді халықаралық ынтымақтастыққа көшу
6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
1. Бағдарламаның паспорты
ҚР Үкіметінің 2008.04.10. № 918 Қаулысымен 1-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
Бағдарламаның атауы Қазақстан Республикасының мемлекеттік
статистикасын жетілдірудің 2006-2008
жылдарға арналған бағдарламасы
Бағдарламаны әзірлеу «Қазақстан Республикасы Үкіметінің
үшін негіздеме 2003 - 2006 жылдарға арналған бағдарламасын
іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2003 жылғы 5 қыркүйектегі № 903 қаулысы
(7.1.14-тармақ)
Әзірлеуші Қазақстан Республикасы Статистика
агенттігi
Бағдарламаның мақсаты Еуропалық Одақта қабылданған халықаралық
стандарттарды кешенді енгізу жолымен
статистикалық ақпараттың сапасын арттыру
Бағдарламаның Статистикалық қызметтің барлық аспектілерi
міндеттері бойынша сапаны басқару жүйелерін сатылап
енгізу және барабар ұйымдастырушылық негіз
құру негізінде статистикалық жүйенi
үйлестірудің қазіргі заманғы деңгейіне
көшу
Халықаралық ұсынымдар мен стандарттарды
ұлттық деңгейде бейімдеу мақсатында
статистика әдіснамалары мен әдістемелерін
әзірлеу және енгізу
Мемлекеттік және салалық бағдарламаларды
ақпараттық қамтамасыз етуді жақсарту үшін
статистикалық ақпаратқа талдау жасауды
ұйымдастыруға және талдау жүргізуге жүйелік
тәсіл енгізу
Деректерді жинау, өңдеу, сақтау және тарату
жөніндегі халықаралық стандарттардың
талаптарына жауап беретін "Мемлекеттік
статистика" бірыңғай статистикалық
ақпараттық жүйе құру
БҰҰ-ның ресми статистикасының негіз қалаушы
қағидаттарына сәйкес техникалық көмек
алудан белсенді халықаралық
ынтымақтастыққа көшу
Бағдарламаны іске асыру 2006 - 2008 жылдар
мерзімi
Қаржыландыру көлемі 2006 жыл - 52,4 млн. теңге
мен көздері 2007 жыл - 52,4 млн. теңге
2008 жыл - 211,2 млн. теңге
Көрсетілген мақсаттарға жыл сайын бөлінетін
қаражат және Қазақстан Республикасының
заңнамаларында тыйым салынбаған басқа да
көздер шегінде республикалық бюджет
қаражаты есебінен
Бұл ретте республикалық бюджеттен
қаржыландыру көлемі тиісті жылдың бюджетін
қалыптастыру және нақтылау кезінде
белгіленген тәртіппен жыл сайын нақтыланып
отырады
Бағдарламаны іске Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде:
асырудан күтілетін 2006 жылы кәсіпорындарға түсетін
нәтижелер статистикалық жүктеме мониторингi
енгізіледі;
2006 - 2008 жылдары барлық енгізілетін
халықаралық стандарттар жөнінде әдіснамалық
және әдістемелік база құру мақсатында
16 тақырып бойынша ғылыми зерттеулер
жүргізіледі;
2006 - 2008 жылдары 14 статистикалық
модуль, соның ішінде өндірістің бәсекеге
қабілетті көрсеткіштерінің модулі бойынша
жаңа статистикалық көрсеткіштер өндірісi
енгізіледі;
2006 - 2008 жылдары дамытудың мемлекеттік
және салалық ұзақ мерзімді бағдарламаларын
ақпараттық қолдауға арналған 21 талдау
есебі әзірленеді;
2006 - 2008 жылдары "Статистика 7" және
"Статистика 8" достастық елдеріне
техникалық жәрдемдесу (ТАСИС) жобалары,
сондай-ақ статистика саласында 8 екіжақты
шарттар бойынша іс-шаралар іске асырылады;
2007 - 2008 жылдары статистикадағы екi
өндірістік процеске арналған сапа
мониторингі жүйелері енгізіледі;
2007 - 2008 жылдары "Мемлекеттік
статистика" бірыңғай ақпараттық жүйесін
қалыптастыру үшін негіз жасайтын 5
ақпараттық жүйе енгізіледі;
2007 - 2008 жылдары екі халықаралық семинар
өткізіледі;
2008 жылы сыныптаманың жаңа халықаралық
жүйесіне сәйкес мемлекеттік статистикалық
сыныптамалар жүйесі әзірленеді;
2008 жылға қарай респонденттерге түсетін
жүктемені азайтуды қамтамасыз ететін
статистикалық деректерді жинаудың жаңа
әдіснамасына көшу аяқталады.
2. Кіріспе
Бағдарламаны әзірлеудің негізі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі № 903 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 - 2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 7.1.14-тармағы болып табылады.
Экономиканың ғаламдануы және дүниежүзілік қоғамдастық елдерінің бірігуі ресми статистикаға өспелі әсер етеді. Статистиканың міндеттері енді қажеттілікті ұлттық деңгейде қанағаттандырумен шектелмейді. Барлық статистикалық деректер халықаралық деңгейде салыстырылуы тиіс. Осы талапқа жауап беретін статистикалық жүйелер экономиканы басқарудың және мемлекеттерді әлеуметтік дамытудың қажетті шарты болады.
Статистика саласындағы ұлттық практиканы үйлестіру мақсатында соңғы 15 жылда статистикалық қызметтің барлық негізгі аспектілері мен салалары бойынша халықаралық стандарттар мен ұсынымдар қабылданды. БҰҰ-ның статистикалық комиссиясы қабылдаған ресми статистиканың негіз қалаушы қағидаттары, Халықаралық Валюта Қоры әзірлеген және қабылдаған деректерді таратудың арнайы стандарты, халықаралық статистикалық сыныптамалар жүйесі мен басқалар аса маңызды стандарттар болып табылады.
Еуропалық Одақта статистика саласындағы заңнама мен регламент қабылданды. Заңнама мүше-елдердің пайдалануы үшін міндетті стандарттарды анықтайды, ал регламент - статистикалық есепті ұйымдастыру мен әдіснамасы жөнінде ресми бекітілген құжаттардың аса кең жиынтығы. Бұл нормативтік құжаттардың халықаралық мәртебесі бар, себебі олар БҰҰ-ның стандарттарымен үйлестірілген және Еуропалық Одақтан тыс кеңінен пайдаланылады.
Заңнама мен регламентті пайдалану ұлттық статистикалық жүйелердің дамуын бағалаудың айқындаушы өлшемі болып табылады. 2003 жылы Еуростат Қазақстанның статистикалық жүйесінің көрсетілген құжаттарға сәйкестігіне ғаламдық бағалау жүргізді. Ғаламдық бағалау нәтижелері осы Мемлекеттік статистиканы жетілдірудің 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасын әзірлеу кезінде пайдаланылды.
Осы орташа мерзімді Бағдарламаның мәні оның іске асырылуы мемлекеттік статистиканың беделін халықаралық деңгейге көтеруінде ғана емес. Статистикалық стандарттар өзіне көптеген елдердің ғасырлық тәжірибесін шоғырландырады және ұлттық статистикалық жүйелерді ғылыми әдіснама, тиімді ұйымдастырушылық құрылым және демократиялық құқықтық негіз базасында дамытуға мүмкіндік береді.
3. Қазіргі жағдайды талдау
Мемлекеттік статистиканы 2006 жылға дейін реформалау ақпаратқа деген мемлекеттік және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыратын және БҰҰ-ның статистикалық комиссиясы қабылдаған ресми статистиканың негіз қалаушы қағидаттарына сәйкес келетін тәуелсіз мемлекеттің ұлттық статистикалық жүйесін қалыптастыруға бағытталған.
Алдыңғы үш бағдарламаны іске асыру барысында осы міндет негізінен орындалды. Мемлекеттік статистика қазіргі заманғы статистикалық жүйелердің мынадай міндетті атрибуттарының барлығына ие: заңнама; нарықтық экономикасы бар елдерге тән статистика салалары; техникалық жарақтанудың жеткілікті деңгейі; қазіргі заманғы технологияларды кеңінен қолдану.
Статистиканы дамытудағы ең маңызды оқиғалар «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануы, ұлттық есеп жүргізу жүйесін (ҰЕЖ 1993) енгізу, төлем теңгерімі, сыртқы сауда статистикасын, баға статистикасын құру, статистикалық сыныптамалардың халықаралық жүйесіне көшу, Мемлекеттік статистикалық тіркелім жасау және басқалар болды.
Мемлекеттік статистиканы жылдам және табысты реформалау едәуір дәрежеде халықаралық стандарттар енгізу шеңберінде статистикалық қызметтің барлық жаңа бағыттары бойынша халықаралық ынтымақтастықтың жүзеге асырылуына байланыстылығымен түсіндіріледі. Ұлттық есеп жүргізу ҰЕЖ 1993 (БҰҰ) стандартына сәйкес қалыптасты, мемлекеттік сыныптамалар (ЭҚЖС, ЭҚТӨС және СЭҚ ТН) еуропалық ұқсастығымен үйлестірілген. Төлем теңгерімінің жиынтық көрсеткіштерін өндіруді Халықаралық валюта қорының "Төлем теңгерімінің басшылығында" көрсетілген халықаралық ұсынымдар негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүргізеді. Қазіргі кезде, сондай-ақ статистикада Халықаралық еңбек ұйымының, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының және басқа да халықаралық ұйымдардың статистикалық стандарттары да пайдаланылады.
Статистиканы реформалауда маңызды орынды ақпараттық технологиялар алады, оларсыз жаңа стандарттарды енгізуді қамтамасыз ету де, статистикалық жүйенің қарапайым жұмыс істеуі де мүмкін емес. Қол жеткізілген деңгей жергілікті жүйелерді, электрондық почтаны, "клиент-сервер" жұмыс режимін және басқаларды республикалық және өңірлік деңгейлерде кеңінен пайдаланумен сипатталады. Сыртқы пайдаланушылар үшін рұқсат режимі бар статистикалық жарияланымдар мен жиынтық көрсеткіштердің (1991 жылдан бергі кезеңдегі) электрондық базалары құрылған.
Тұтастай алғанда реформалар жылдары ішінде мемлекеттік статистиканың түрлі статистикалық ақпараттың үлкен көлемін өндіруге бағытталған жаңа жүйесі құрылды. Өндірілетін статистикалық көрсеткіштердің тізбесі негізінен халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.
Алайда статистикалық деректердің сапасына деген талаптардың қазіргі деңгейі өте жоғары. Сапа тұжырымдамасы статистикада уақытылығымен және деректерді қамтумен шектелмейді. Ақпараттың ролі үздіксіз арта түсуде. Пайдаланушылардың қажеттіліктерін статистикалық жинақтармен немесе шығарылған өнімнің көлемі туралы ақпарлармен қанағаттандыру мүмкін емес. Статистикалық деректер күрделі эконометрикалық модельдерде, ғылыми зерттеулерде, маңызды сыртқы саяси мәселелерді болжауда және шешуде өте жиі пайдаланылады. Статистикалық деректер сапасының маңызды құрамдас бөліктері - пайдаланушылар үшін салыстырымдылығы мен ашықтығы.
Статистикалық деректердің салыстырымдылық проблемасы халықаралық және ұлттық деңгейлердегі салыстырымдылықты қамтиды. Статистиканың әртүрлі салаларының деректері ұлттық деңгейде салыстырылуы мүмкін, бірақ халықаралық деңгейде салыстырылмайды. Керісінше, халықаралық деңгейде салыстырылатын барлық көрсеткіштер өзара және ұлттық деңгейде салыстырылымды болып табылады. Бұл деректерді экономикалық талдау мүмкіндіктерін едәуір кеңейтуге, сондай-ақ экономиканың және оның жекелеген салаларының бәсекеге қабілеттілігінің әртүрлі біріктірілген көрсеткіштерін өндіруге мүмкіндік беретін маңызды жағдай.
Статистикалық деректердің салыстырымдылығының қол жеткізілген деңгейі пайдаланушылардың талаптарына әр кез жауап бермейді. Қалыптасқан жағдай едәуір дәрежеде халықаралық стандарттармен қатар статистикада ескірген тұжырымдамалардың және әдіснаманың әлі де кеңінен қолданылуымен түсіндіріледі. Статистикалық деректерді жинаудың қолданыстағы әдіснамасы жоспарлы экономика кезеңінде қалыптасқан және жаппай зерттеу әдісіне негізделген. Рынок жағдайларында кәсіпорындар санының өсуіне қарай осы тәсілдің тиімділігі төмендейді. Зерттеулер жүргізуге жұмсалған шығындардың өсуі кезінде есеп берген кәсіпорындар үлесінің және олар табыс еткен деректер сапасының төмендеуі байқалады. Қаржылық, еңбек және өндірістік көрсеткіштер салыстырымдылығының жеткіліксіздігіне байланысты біріктірілген талдау көрсеткіштерін алу үшін оларды салыстыру қиын. Қосымша зерттеулерге қажеттілік туындайды. Бұл ретте, кәсіпкерлерге түсетін жүктеме проблемасы шиеленісе түседі.
Санамаланған проблемаларды шешудің оң тәжірибесі Шығыс Еуропа елдерінде бар, олар да сондай-ақ Қазақстан сияқты жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға реформалау жолынан өтті. Еуропалық Одаққа кіруге дайындық шеңберінде бұл елдер негіз қалаушы сипаттамалар бойынша өздерінің ресми статистика жүйелерінің дамыған елдердің жүйелерімен салыстырымдылығын қамтамасыз етулері тиіс еді. Бұл салыстырымдылықты бағалау үшін стандарттар мен ұсынымдардың жиынтығы әзірленген, оны сақтау Еуропалық Одаққа мүшелік үшін қолайлы деңгейге қол жеткізуді білдіреді. Стандарттар мен ұсынымдардың осы жиынтығы осы Бағдарламаны әзірлеу кезінде негіз ретінде пайдаланылды.
Бағдарлама статистикалық жұмыстар жоспарын орындауға, кадрлар даярлауға, жарияланымдар шығаруға және басқаға байланысты ағымдағы статистикалық қызметті қамтымайды. Бағдарламаның айқын көрсетілген мақсатты сипаты бар және ол ресми статистиканың барлық шешуші бағыттары бойынша халықаралық ұсынымдар мен стандарттар кешенін енгізуге бағытталған. Кешенді көзқарас сондай-ақ, енгізілетін әрбір стандарт (ұсыным) бойынша енгізуді қамтамасыз ететін іс-шаралардың толық жиынының анықталғандығымен де білдіріледі.
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттерi
Бағдарламаның мақсаты - Еуропалық Одақта қабылданған халықаралық стандарттарды кешенді енгізу жолымен статистикалық ақпараттың сапасын арттыру болып табылады.
Мақсатқа жету мынадай міндеттерді шешумен қамтамасыз етілетін болады:
статистикалық жүйені статистикалық қызметтің барлық аспектілері бойынша сапаны басқару жүйелерін сатылап енгізу негізінде үйлестірудің қазіргі заманғы деңгейіне көшу және барабар ұйымдастырушылық негіз құру;
халықаралық ұсынымдар мен стандарттарды ұлттық деңгейде бейімдеу мақсатында статистиканың әдіснамасы мен әдістемесін әзірлеу және енгізу;
мемлекеттік және салалық бағдарламаларды әзірлеуді және іске асыруды ақпараттық қамтамасыз етуді жақсарту үшін статистикалық ақпаратқа талдау жасауды ұйымдастыруға және талдау жүргізуге жүйелі тәсіл енгізу;
деректерді жинау, өңдеу сақтау, және тарату жөніндегі халықаралық стандарттардың талаптарына жауап беретін «Мемлекеттік статистика» бірыңғай статистикалық ақпараттық жүйе құру;
БҰҰ-ның ресми статистикасының негіз қалаушы қағидаттарына сәйкес техникалық көмек алудан белсенді халықаралық ынтымақтастыққа көшу.
ҚР Үкіметінің 2008.04.10. № 918 Қаулысымен 5-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)