2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен 14-бап өзгертілді
14-бап. Карантин белгiлеу мен оны алып тастау тәртібі
1. Уәкілетті орган органдарының ұсынуы бойынша карантин режимiн енгiзе отырып, карантин аймағын белгiлеу немесе оның күшiн жою туралы шешiмдi:
1) екi және одан да көп облыстардың аумағында - Қазақстан Республикасының Үкіметі; 2) облыс, қала, аудан аумағында - облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) атқарушы орган қабылдайды.
2. Карантиндi аймақтарда карантиндi объектiлер залалдаған карантинге жатқызылған өнiмдi әкетуге тыйым салынады немесе шектеу енгiзiледi, карантиндi объектiлер ошақтарын оқшаулау мен жою жөніндегі шаралар әзiрленiп, жүзеге асырылады, карантинге жатқызылған өнiмдi залалсыздандыру, оны техникалық өңдеу жүргiзiледi.
Карантиндi аймақтан әкетiлген залалданған өнiм қайтарылуға, залалсыздандырылуға немесе өңдеушi ұйымдарға берiлуге тиiс.
Залалданған өнiмдi залалсыздандыру немесе өңдеу мүмкiн болмаған жағдайда, ол нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген тәртiппен алынуға және жойылуға тиiс.
Карантиндiк шектеулер және карантиндi объектiлердi оқшаулау мен жою жөніндегі шаралар тiзбесi карантиндi аймақтың жеке, заңды тұлғалары мен халқына хабарланады.
4-тарау. Дауларды шешу және Өсімдіктер карантині
жөніндегі заңдарды бұзғаны үшін
жауапкершілік
15-бап. Өсiмдiктер карантинi саласындағы дауларды шешу
Өсiмдiктер карантинi саласындағы даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шешiледi.
ҚР 18.02.02 ж. № 293-II Заңымен 16-бап өзгертілді
16-бап. Өсiмдiктер карантинi жөнiндегі заңдарды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
1. Өсiмдiктер карантинi жөніндегі заңдарды бұзған жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершiлiкке тартылады.
ҚР 18.02.02 ж. № 293-II ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда
5-тарау. Өсiмдiктер карантинi жөніндегі iс-шараларды
қаржыландыру
ҚР 18.02.02 ж. № 293-II; ҚР 03.07.03 ж. № 463-II Заңдарымен 17-бап жаңа редакцияда
17-бап. 2004.20.12 № 13-III Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
ҚР 18.02.02 ж. № 293-II ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 18-бап өзгертілді
18-бап. Өсiмдiктер карантинiн анықтау жөніндегі шараларды қаржыландыру
1. Карантиндiк зиянкестер, өсiмдiктер аурулары мен арамшөптер тiзбесiне сәйкес карантиндi объектiлердi оқшаулау мен жою жөніндегі мемлекеттік шараларды қаржыландыру республикалық бюджет есебiнен жүзеге асырылады.
2. Жеке және заңды тұлғалардың меншігіндегі объектілерде, сондай-ақ жер учаскелерінде карантиндік іс-шаралар жүргізу уәкілетті орган мен оның аумақтық органдарының өздеріне берілген өкілеттік шегіндегі ұйғарымдары бойынша меншік иелері мен жер пайдаланушылардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
6-тарау. Өсімдіктер карантині саласындағы
халықаралық ынтымақтастық
19-бап. Өсiмдiктер карантинi саласындағы халықаралық ынтымақтастық принциптерi
Қазақстан Республикасы өсiмдiктер карантинi саласындағы халықаралық ынтымақтастықты карантиндi объектiлердi әкелу мен тарату жөніндегі өзара қауiпсiздiктi сақтау принциптерiн басшылыққа ала отырып, жүзеге асырады.
20-бап. Шетелдiк ұйымдар мен азаматтардың Қазақстан Республикасы аумағындағы өсiмдiктер карантинi саласындағы қызметi
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмесе немесе халықаралық шарттармен регламенттелсе, Қазақстан Республикасының аумағында шетелдiк ұйымдар мен азаматтардың өсiмдiктер карантинi саласындағы қызметiне жол берiледi.
21-бап. Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi саласындағы халықаралық шарттары
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы 3аңдағыдан өзгеше нормалар белгiленсе, халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады.
Қазақстан Республикасының