«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1376
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 11 ақпандағы № 97 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1376 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі дамытудың 2004 - 2006 жылдарға арналған бағдарламасында:
«Бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімде:
«Қаржыландыру көздері» деген жолдағы «9 млрд. 882 млн. 767 мың» деген сөздер «7 млрд. 401 млн. 262 мың» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қажетті ресурстар мен оларды қаржыландыру көздері» деген 6-бөлімде:
«9 млрд. 882 млн. 767 мың» «2 866 579 мың», «3 433 205 мың», «3 582 983 мың» деген сөздер тиісінше «7 млрд. 401 млн. 262 мың», «2 866 580 мың», «2 147 400 мың» және «2 387 282 мың» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 8-бөлімде:
реттік нөмірлері 5, 7, 19, 32-жолдар алынып тасталсын;
реттік нөмірі 6-жолдың «Орындау мерзімі» деген бағанындағы «2005 - 2006 жылдар ішінде» деген сөздер «2006 жыл ішінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 8-жолда:
«Аяқтау нысаны» деген бағандағы «Пайдалануға беру» деген сөздер «Үкіметке ақпарат» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Болжамды шығыстар (млн. теңге)» деген бағандағы «463.062» деген сандар «5.000» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 37-жолда:
«Аяқтау нысаны» деген бағандағы «Пайдалануға беру» деген сөздер «Үкіметке ақпарат» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацта:
«Орындау мерзімі» деген бағандағы «2004 - 2005 жылдар ішінде» деген сөздер «2004, 2005 және 2006 жылдар ішінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Болжамды шығыстар (млн. теңге)» деген баған «164.150» деген сандармен толықтырылсын;
«Қаржыландыру көздері» деген баған «-/-» деген белгілермен толықтырылсын;
«Болжамды шығыстар (млн. теңге)» деген бағанның төртінші абзацындағы «200.000» деген сандар «197.300» деген сандармен ауыстырылсын;
алтыншы абзацта:
«Орындау мерзімі» деген бағандағы «, 2005» деген сандар алынып тасталсын;
«Болжамды шығыстар (млн. теңге)» деген бағанда:
«279.480» деген сандар алынып тасталсын;
«373.950» деген сандар «571.260» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 38-жолдың «Болжамды шығыстар (млн. теңге)» деген бағанындағы «100.000» деген сандар «20.000» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 39-жолдың «Аяқтау нысаны» деген бағанындағы «Пайдалануға беру» деген сөздер «Үкіметке ақпарат» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 40-жолдың «Болжамды шығыстар (млн. теңге)» деген бағанындағы «229.000» және «743.000» деген сандар тиісінше «176.550» және «242.502» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 41-жолдың «Аяқтау нысаны» деген бағанындағы «Пайдалануға беру» деген сөздер «Yкіметке ақпарат» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Болжамды шығыстар (млн. теңге)» деген бағанда 2) тармақшадағы «200.000» деген сандар «147.550» деген сандармен ауыстырылсын;
3) тармақша алынып тасталсын;
реттік нөмірі 42-жолдың «Болжамды шығыстар (млн. теңге)» деген бағанындағы «300.000» деген сандар «64.000» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 43-жолдың «Болжамды шығыстар (млн. теңге)» деген бағанындағы «150.000» деген сандар «50.000» деген сандармен ауыстырылсын;
«Жиыны» деген жолдың «Болжамды шығыстар (млн. теңге)» деген бағанындағы «2.866.579», «3.433.205» және «3.582.983» деген сандар тиісінше «2.866.580», «2.147.400» және «2.387.282» деген сандармен ауыстырылсын;
«Барлығы» деген жолдың «Болжамды шығыстар (млн. теңге)» деген бағанындағы «9.882.767» деген сандар «7.401.262» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |