Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 4 ақпандағы № 102 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 ақпандағы № 68 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 745 Қалуысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерін) бекітіп беру бойынша конкурс өткізу ережесін және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 ақпандағы № 102 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 6, 52-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерін) бекітіп беру бойынша конкурс өткізу ережесі және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарында:
11-тармақтың 2) тармақшасында:
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«балық және басқа да су жануарларын аулау және қайта өңдеу жөніндегі негізгі құралдардың, технологиялық жабдықтардың және басқа материалдық-техникалық құралдардың болуы туралы нотариалды түрде куәландырылған құжаттардың көшірмесін»;
сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«салық төлеушінің салықтық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы (болуы) туралы салық органының анықтамасын қамтиды».
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |