Инвестициялық кірiс
Салымшылардың (алушылардың) дербес зейнетақы шоттарына бөлiнген таза инвестициялық кiрiстiң сомасы 2004 жылғы 1 қыркүйекке 102,32 млрд. теңгенi құрады.
Таза инвестициялық кірiстің өсу қарқыны өткен жылдардың тиiстi кезеңiмен салыстырғанда мынадай деректермен сипатталады:
№ 3 кесте
(млн. теңге)
Күні | Зейнетақы жинақтарының таза инвестициялық кірісі |
Сомасы | Өсім | Өсу қарқыны |
1998 | 1597 | - | - |
1999 | 18855 | 17253 | 1080% |
2000 | 32399 | 13544 | 72% |
2001 | 49478 | 17079 | 53% |
2002 | 77877 | 28399 | 57% |
2003 | 99231 | 21354 | 27% |
01.09.04 | 105195 | 5964 | 6% |
Инвестициялық кірістің өсу қарқынының төмендеуі байқалады: 2003 жылы - пайызы 30 тармаққа. 2003 және ағымдағы жылы инвестициялық кірiс қарқынының төмендеуi ұлттық валютаның нығаюының және бағалы қағаздардың ішкі нарығындағы сияқты, капиталдың сыртқы нарықтарында қаржы құралдары бойынша кірiстің төмендетуінің есебiнен болуда.
Зейнетақы жинақтары
ЖЗҚ-ға зейнетақы жарналарының шоғырлануы және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқарудың нәтижесiнде салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтары 2004 жылғы 1 қыркүйектегi жағдай бойынша 436 млрд. теңгенi құрады.
Жылдар бойынша зейнетақы жинақтарының өсу қарқыны мынадай деректермен сипатталады:
№ 4 кесте
(млн.теңге)
Күні | Зейне- тақы жинақ- тарының сомасы | Жинақтар сомасын- дағы ең ірі қор- лардың үлесі* (%) | Бір жыл- дағы өсімі | Өткен кезең- дегі жарна- лардың орташа айлық түсім- дері | Бір жыл- дағы зей- нетақы жинақта- рының өсу қарқыны (%) |
1998 | 23541 | 85 | | 1961 | |
1999 | 64502 | 81 | 40961 | 3413 | 174 |
2000 | 112649 | 74 | 48147 | 4012 | 75 |
2001 | 182383 | 71 | 69734 | 5811 | 62 |
2002 | 269752 | 68 | 87369 | 7280 | 48 |
2003 | 368349 | 66 | 98597 | 8216 | 37 |
01.09.04 | 436065 | 65 | 67716 | 8128 | 18 |
* - "Қазақстан Халық Банкі ЖЗҚ" АҚ, "МЖЗҚ" АҚ және "Ұлар Үміт" ЖЗҚ" АҚ
3.3 Зейнетақы төлемдері
1998 жылдан бастап 2004 жылғы 1 қыркүйекке дейiнгi кезеңде зейнетақы қорлары аударымдарды қоса алғанда, міндетті және ерікті зейнетақы жарналарының есебінен, жалпы сомасы 24 млрд. теңге зейнетақы төлемдерiн жүзеге асырды. Көрсетілген кезеңнiң iшiнде зейнетақы төлемдерiнің негiзгi бөлiгі үш iрi ЖЗҚ-да шоғырландырылды.
Төменде келтiрілген кесте ЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері мөлшерiнiң өсуiн, сондай-ақ өткен жылдардың тиiстi кезеңдерімен салыстырғанда ең iрi ЖЗҚ-дың төлеу үлесінің төмендеуiн көрсетедi:
№ 5 кесте
(млн.теңге)
Күні | Зейнетақы жинақтарының есебінен төлемдер, оның ішінде: |
сақтан- дыру ұйым- дарына ауда- рымдар | зейнет- керлік жасына жету бойынша төлемдер | сыртқа шығуға байла- нысты төлем- дер | басқа төлем- дер | төлем- дердің бар- лығы | Үш ірі ЖЗҚ-ның үлесі* (%) |
1998 | | 133 | 38 | 2 | 173 | 98 |
1999 | | 1119 | 571 | 55 | 1745 | 97 |
2000 | | 1946 | 2135 | 277 | 4358 | 94 |
2001 | | 2773 | 4620 | 648 | 8041 | 73 |
2002 | | 4635 | 8428 | 1348 | 14411 | 69 |
2003 | | 6596 | 11093 | 3076 | 20765 | 67 |
01.09.04 | 1,9 | 8451 | 11707 | 3943 | 24103 | 66 |
* - "Қазақстан Халық Банкі ЖЗҚ" АҚ, "МЖЗҚ" АҚ және "Ұлар Үміт" ЖЗҚ" АҚ
2004 жылғы 1 қыркүйекке жинақтаушы зейнетақы қорларына барлық төлемдерiнің жартысына жуығы басқа елдерде тұрақты тұру үшін салымшылардың кетуіне байланысты. Iс жүзінде, эмигранттардың саны қысқарғандықтан, жекелеген жағдайларда салымшылар зейнетақы жинақтарын алу үшін жалған сыртқа кету құжаттарын ресiмдедi. Осыған байланысты, заңнамаға зейнетақы жинақтарын мерзiмнен бұрын алуға құқылы тұлғалар шеңберi шектейтiн толықтырулар мен өзгерістер енгiзiлді. Нәтижесiнде, № 5 кестеден көрінетiндей, салымшының Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге кетуiне байланысты төлем көлемі 2003 жылда 2665 млн. теңге құрады, ал 2004 жылдың 8 айында едәуір төмендеді әрі небәрі 614 млн. теңге құрады.
Зейнетақы төлемдерінің қолданыстағы тәртібінде орташа алушының алдын ала белгiленген тұрмыс деңгейiне зейнетақы төлемдерi мөлшерінің барабарлығын қамтамасыз ету мәселесі белгiлi бір дәрежеде проблема болып табылады. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес, егер зейнеткер ЖЗЖ шеңберiнде 1998 жылғы 1 қаңтардан кейін өзінің еңбек қызметiнің төрттен үшінің iшiнде мiндетті зейнетақы жарналарын жүзеге асырса, бiрақ жеткiлікті соманы жинай алмаса, мемлекеттік бюджеттен ең төменгі зейнетақыға дейiнгі үстеме ақы түрінде болжанады. Зейнеткерлiк жасқа жеткен өзге азаматтарға ЖЗЖ шеңберiнде мемлекеттің тарабынан ең төмен зейнетақыға кепiлдiк берiлмейдi.
Зейнетақы төлемдерi схемаларын жетiлдiру мақсатында зейнеткерлерге өмiр бойы тұрақты төлемдердi төлеудi тиiмдi қамтамасыз етуге арналған жеке сақтандырудың өнiмi ретiнде аннуитеттердi ұсыну жүйесін дамыту қажет, өйткенi өмiрінің ұзақтығына қарамастан, жинақтар түгел сарқылғанға дейiн кесте бойынша төлеудi қамтамасыз етедi. Алайда, салымшылардың зейнетақы жинақтарының әлі де жеткiлiксiз деңгейi, сондай-ақ зейнетақы аннуитеттерi бойынша сақтандыру төлемдерінiң ең төменгi зейнетақысы бойынша индекстелген сақтандыру ұйымдарының қамтамасыз ету тәуекелдері зейнетақы аннуитеттерін дамыту үшін негiзгі кедергi болып табылады.
3.4 Зейнетақы жинақтарының аударымдары
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес салымшыларға (алушыларға) ЖЗҚ-н дербес таңдау құқығы берiлдi. Сондай-ақ алушыға өзінің зейнетақы жинақтарын бір ЖЗҚ-дан екiншiсіне аудару мүмкіндiгі берiлдi, бiрақ жылына екi реттен жиiлетпей.
№ 6 кесте
(млн.теңге)
Күні | Басқа зейнетақы қорларынан қабылданған аударымдар |
1998 | 813 |
1999 | 9218 |
2000 | 17758 |
2001 | 26991 |
2002 | 42341 |
2003 | 62430 |
01.09.04 | 77073 |
Нәтижесiнде бiр зейнетақы қорынан екiншісiне ауыстырылған аударымдар 2004 жылғы 1 қыркүйекке 77 млрд. теңгенi немесе зейнетақы жинақтарының 18 % құрады. Аударымдардағы салымшылар белсенділігінің осындай салыстырмалы түрде жоғары көрсеткіші ЖЗҚ-дың салымшыларды тартудағы белсендiлігімен, ЖЗҚ-ны бiрiктiру жолымен қайта ұйымдастыру әрі біріккен ЖЗҚ-дың салымшыларының зейнетақы аударымдары жинақталуы процестерімен, сондай-ақ жекелеген жағдайларда салымшының ЖЗҚ таңдауына жұмыс берушінің қысым көрсетуiмен түсiндiрiледi.
3.5 ЖЗҚ инвестициялық портфелiнiң құрылымы
және қаржы құралдары ұсыныстарының кеңеюі
Зейнетақы реформасының бастапқы кезеңiнде ЖЗҚ-ның инвестициялық портфелi негізінен мемлекеттік бағалы қағаздарды қамтыды. ЖЗЖ-ның жұмыс iстеуi кезеңiнде зейнетақы қорлары инвестициялық портфелiнiң құрылымы кеңейді және едәуiр өзгерістерге ұшырады:
№ 7 кесте
(%)
Құралдардың құрылымы | 1998 | 1999 | 2000 | 2001 | 2002 | 2003 | 01. 09.04 |
ҚР-ның мемлекеттік бағалы қағаздары, оның ішінде: | 97,67 | 93,97 | 74,62 | 5930 | 48,33 | 53,33 | 52,95 |
ҚР-ның еурооблига- циялары | 15,27 | 35,65 | 65,94 | 42,95 | 22,56 | 12,19 | 0,80 |
ҚР Қаржы министрлігінің бағалы қағаздары | 80,43 | 55,63 | 4,12 | 10,82 | 13,03 | 17,75 | 16,53 |
ҚР Ұлттық Банкінің ноталары | 1,97 | 2,4 | 4,33 | 4,90 | 12,24 | 23,18 | 35,58 |
ҚР жергілікті атқарушы органдарының бағалы қағаздары | 0,00 | 0,29 | 0,23 | 0,63 | 0,45 | 0,21 | 0,04 |
Екінші деңгейдегі банктердегі салымдар | 0,32 | 1,64 | 2,55 | 8,44 | 8,78 | 6,85 | 7,04 |
Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары | 0,00 | 0,59 | 4,08 | 3,56 | 6,45 | 2,92 | 0,51 |
Шет мемлекеттердің бағалы қағаздары | 0,00 | 0,00 | 0,00 | 0,00 | 3,69 | 2,39 | 4,99 |
ҚР эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары, оның ішінде: | 0,37 | 1,96 | 15,89 | 23,23 | 27,96 | 29,73 | 31,25 |
Акциялар | 0,37 | 0,67 | 2,14 | 3,56 | 3,82 | 3,98 | 5,35 |
Облигациялар | 0,00 | 1,29 | 13,75 | 19,67 | 24,14 | 25,75 | 25,90 |
Шетел эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары | 0,00 | 0,40 | 2,44 | 2,99 | 3,95 | 4,22 | 2,80 |
Инвестициялық шоттағы қаражат және басқа активтер | 1,64 | 1,44 | 0,42 | 2,48 | 0,84 | 0,56 | 0,46 |
№ 7 кестенің деректерiне сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттік бағалы қағаздарының үлесi реформа кезiнен бастап 45 пайыздық тармаққа төмендедi, бұл ретте Қазақстан Республикасы эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздарының үлесі 31 пайыздық тармаққа өстi. Қазiргi уақытта зейнетақы жинақтары 40 кәсіпорын мен ұйымдардың акцияларына және облигацияларына салынды.
Сонымен бipгe, инвестициялық кірiстердi тұрақтандыру және салымшылардың зейнетақы жинақтарын басқарудың тиiмділігін арттыру үшін ЖЗҚ инвестициялық портфелін әртараптандыру және зейнетақы жинақтарының сақталуы талаптарына сай қаржы құралдары тiзбесін кеңейту жөніндегі іс-шараларды одан әрі жүргізу қажет, бұл өз кезегiнде ішкі жинақтар мен өндiрiстiк сектордың жандануы есебiнен Қазақстан Республикасы экономикасының нақты секторын қаржыландыру проблемаларын шешудi қамтамасыз етуi тиiс.
Дүниежүзілiк банктiң және Халықаралық валюта қорының бiрлескен Қаржы секторын бағалау бағдарламасының (FSAP) шеңберiнде 2004 жылғы 11-25 ақпан кезеңінде Қазақстанда миссия өткiзген қаржы жүйесі тұрақтылығының жаңартылған бағасы туралы баяндама ЖЗҚ үшін ұзақ мерзiмдi қаржы құралдары шығарылымдарын ынталандыру жөнiнде күш-жiгер жұмсауды жалғастырудың қажеттілігін баса айтады, сондай-ақ Қазақстанда мемлекеттік борыштық мiндеттемелердiң белсендi болжамды нарығының жоқ екенін атап өтті және iшкi мемлекеттік борыш шығарылымдарының құрылымын, ол теңгемен iрілендiрiлген борыштық мiндеттемелер нарығының дамуына жәрдемдесу үшін бағдарлар мен кiрiстілiк көрсеткiшiн белгiлеу жолымен қалыптастыруды ұсынды.
3.5.1 Жобалық инвестициялауды дамыту
және акциялар рыногын жандандыру
Инвестициялық жобаларды қаржыландыруға ЖЗҚ-ның қатысуы ішкі ұзақ мерзiмдi инвестициялар экономикалық өсуге әсер ететіндіктен және елдiң бәсекелестік қабілетiн арттыратындықтан, бүкіл елдің дамуына оң әсер етеді. Сонымен бір мезгілде ЖЗҚ ұзақ мерзiмдi инвестицияларды сатып ала отырып, өз портфельдерінің тәуекелдерін неғұрлым әртараптандыруға және барабар кiрiстілiкке қол жеткiзе алады.
Инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландырудағы латын америкасы елдерінің зейнетақы жүйелерінің тәжiрибесi кез келген жағдайда мұндай қаржыландыру тікелей жүрмейтіндігін көрсетеді. Барлық жағдайда зейнетақы ақшасын нақты экономикаға тарту барынша қауіпсіз жолмен, яғни әр түрлі субъектілердiң бағалы қағаздары арқылы жүргізіледі.
Олардың iшiнде ЖЗҚ-ның өз кезегiнде тiкелей инвестициялардың, жылжымайтын мүлiктiң және т.б. қорлары бола алатын инвестициялық қорларға қатысуының тәуекелi мейлiнше зор болып табылады.
Үлестiк бағалы қағаздар нарығын жандандырудың негізгі проблемасы қазақстандық компаниялардың капиталдандырылуының төмен болуы әрi баяу өсуi болып табылады. Республика экономикасында акциялар нарығының рөлi болмашы, оның капиталдандырылуының төмен болуы әрi кәсіпорындардың инвестициялар тарту тетігі ретiнде оған жете мән бермеуі Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының елеулi проблемалары болып қалуда.
3.5.2 Ұзақ мерзімдi мемлекеттік бағалы қағаздар шығару
Қазiргi уақытта iшкi мемлекеттік борыш құрылымында айналыс мерзiмi бip жылдан бес жылға дейiнгi құралдар неғұрлым көлемдi орын алуда және ЖЗҚ тарабынан сұранысқа ие неғұрлым ұзақ мерзiмдi құралдар жетіспеуде.
Мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылымдары алдын ала болжануы мен жеткiлiктi үлкен көлемде және ұзақ мерзiмге (10 және одан да көп) белгiленген белгiлi кестеге сәйкес жүзеге асырылуы сияқты нарықтағы жалпы нормаларға сай болуы тиiс.
Мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылымының кестесi уақыттың ұзақ кезеңiн қамтуы, ұйымдастырылған бағалы қағаздардың нарығына қатысушылары үшiн қол жетімдi болуы және олардың эмитентi сақтауы тиiс.
Есептеу үшiн базасы инфляция индексi болып табылатын сыйақының (мүдденің) өзгермелi ставкасы бар ұзақ мерзiмдi мемлекеттік бағалы қағаздар және ЖЗҚ әрi зейнетақы мен өмiрдi сақтандыруды жүзеге асырушы сақтандыру ұйымдары мемлекеттік бағалы қағаздар портфелi бойынша нақты оң кiрiстi алуы мақсатында шығарылуы тиiс.
Қазақстандағы қолданыстағы зейнетақы жүйеci сақталуының мемлекеттік кепiлдiгi заңнамада белгіленген міндетті зейнетақы жарналарын көздейтiндiгiн атап өту қажет. Бұл кепiлдiк зейнетақы төлемдерi құқығын алу кезіндегі инфляция деңгейiн ескеретіндiгiне байланысты ұзақ мерзімдi индекстелген мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылымын шығару орынды болып табылады, бұл жоғарыда аталған бағалы қағазға зейнетақы активтерiн инвестициялау кезiнде осы кепiлдiктiң алдын ала орындалуына жәрдемдеседі.
3.6. Салымшылардың (алушылардың) құқықтарын қорғау
3.6.1 ЗАИБЖҰ мен ЖЗҚ-ның жауапкершiлiгі
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жинақталған зейнетақы қаражатын аудару немесе төлеу кезiнде дербес зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының сомасы азайған жағдайда инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерінен аз, ал зейнетақы жинақтарының азаюы ЖЗҚ немесе ЗАИБЖҰ немесе кастодиан банк кінәсінің салдарынан болса ЖЗҚ өз капиталының есебiнен зейнетақы жинақтарының залалын инфляция деңгейiн ескере отырып, нақты енгiзiлген міндеттi зейнетақы жарналарының мөлшерiне дейiн қалпына келтiруге міндетті.
ЖЗҚ-ның осы міндетi (жауапкершілігі) тек ЖЗҚ-ның, ЗАИБЖҰ-ның немесе кастодиан банктiң кiнәсi анықталған жағдайда туындайды. Сайып келгенде, көрсетілген субъектілердiң кiнәсiн мүдделi тұлғаның талап-арызының негізiнде тек қана сот анықтай алады.
Сонымен бiрге, зиянды өтеу жөніндегi мүдделi тұлғалардың талап-арыздарын беру мүмкіндiгi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде азаматтық-құқықтық қатынас нормалары ретiнде көзделген, осыған байланысты заңнаманың осы нормасы Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңында көрсетiлуi талап етілмейдi және жинақтаушы зейнетақы жүйесi субъектілерінің жалпы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін ештеңемен толықтырмайды.
№ 7 кестеде ЖЗҚ-ның өз салымшылары алдындағы жауапкершілiк өлшемдерiн анықтаудың халықаралық тәжiрибесi келтiрiлген.
№ 7 кесте
Зейнетақы жүйелерінің ерекші ліктері | Чили | Аргентина | Польша | Қазақстан |
Кепілдік берілген инвестициялық кіріс деңгейін есептеуге арналған база | Өткен 36 ай үшін барлық зейнетақы қорларының нақты орташа инвестициялық кірісі | Кепілдік берілген ең төменгі инвестициялық кіріс нақты мөлшерде емес, номиналды мөлшерде айқындалады | Тоқсан сайын зейнетақы қорының соңғы 24 айдағы негізгі құралдарының мөлшеріне сәйкес есептелген орташа номиналды инвестициялық кіріс есептеледі | |
Кепілдік берілген инвестициялық кірістің ең төменгі деңгейі | Нақты орташа инвестициялық кірістің және 2% азайтылған нақты орташа инвестициялық кірістің 50%нен ең төменгі мөлшері | Орташа инвестициялық кірістің және 2% азайтылған орташа номиналды инвестициялық кірістің 70%нен ең төменгі мөлшері | Орташа инвестициялық кірістің және 4% азайтыл ған орташа номиналды инвести циялық кірістің 50%нен ең төменгі мөлшері | |
Резервтік қор | Барлық қорлар бойынша инвестициялық кірістің орташа деңгейінен асатын инвестициялық кіріс есебінен қалыптастырылады. Өз қаражатының 1% мөлшерінде жеке резервтік қор қосымша құрылады | Ең жоғары белгіленген деңгейден асатын инвестициялық кіріс есебінен қа лыптасады. Басқарудағы қаражаттың 2% мөлшерінде мен шікті қаражат есебінен резервтік қор қосымша құрылады. | Инвестициялық кіріс есебінен қалыптас тырылатын резервтік қор көзделмеген. Резервтік қор қордың жиынтық қаражатының 1 ден 3%ке дейінгі мөлшерде өзі қаражаты есебінен құрылады. | Инвестициялық кіріс есебінен қалыптастырылатын резервтік қор көзделмеген. Резервтік қор басқарушының таза кірісі есебінен немесе оның акционерлерінің қосымша жарналары есебінен құрылады. Негізгі резервтік капитал зейнетақы активтері мөлшерінің және қосымша зейнетақы активтері бойынша кірістілік деңгейіне қарай 0,25тен 0,1%ке дейінгі мөлшерде қалыптастырылады. |
Инвестициялық кірісті өтеуге кепілдік беру тетігі | Инвестициялық кіріс ставкасы ең азына төмен деген кезде қызметкердің шотына нақты емес, ең аз инвес тициялық кіріс есеп теледі. Инвестициялық кіріс ставкасы барлық қорлар бойынша орташа алғанынан 50% асқан кезде не осы көрсеткіштің 2 пайыздық тармақтан асып кетуі (не жоғары екеніне қа рай) қызмет кердің шотына нақты емес, белгіленген ең жоғары кіріс есептеледі. | Қызметкер лерге есептелетін ең жоғары инвестициялық кіріс барлық зейнетақы қорлары бойынша орташа арифметикалық көрсеткіштің 30% мөлшерінде белгіленедіне осы көрсеткіштің 2 пайыздық тармаққа асып кетуі (не жоғары екеніне қарай). Егер 2 жыл бойы резервтік қор қордың жиынтық қаражатының 5%тен асып кеткен жағдайда, артық қаражат дербес шоттарға аударылады. | Инвестициялық кірістің ең жоғары деңгейі белгіленбейді | Азаматтық құқықтық жауапкершілік деңгейінде реттеледі. |
Қаржылық қамтамасыз ету көздері | Инвестициялық кіріс кепілдік берілген деңгейден төмен азайған кезде айырмасы резервтік қордан өтеледі. Резервтік қорда қаражат жеткіліксіз бол ған жағдайда, шығыстар өз резервтік қоры есебі нен өтеледі. | Инвестициялық кіріс кепілдік берілген деңгейден төмен азайған кезде айырмасы резервтік қордан өтеледі. Резервтік қорда қаражат жеткіліксіз бол ған жағдай да, шығыстар өз резервтік қоры есебінен өтеледі. | Кепілдік берілген төлемдер өз резервтік қоры есебінен жасалады. Резервтік қорда қаражат жеткіліксіз болған жағдайда, шығыстар өз резервтік қоры есебінен өтеледі. Осы қара жат та жеткілік сіз болған жағдайда кем шығуын ұлттық кепілдік беру қоры өтейді. | Сот кінәсін анықтаған жағдайда зейнетақы жинақтарының шығындары қордың немесе басқарушының өз қаражаты есебінен өтеледі. |
Қосымша кепілдіктер | Үкімет соңғы инстанцияның кепілі болады және ортақ негізде кепілдікті қамтамасыз етеді | Үкімет соңғы инс танцияның кепілі болады және зейнетақы қорлары үшін тегін сақтандыруды береді. Ұлттық Банк жинақтаушы шоттардың кірістілігі мөлшерінде кіріске кепілдік береді | Ұлттық кепілдік беру қоры қаражаты ның тапшы лығы бол ған жағ дайда, оның міндеттемелері мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеледі. Қор қаражаты зейнетақы қорларының арнайы жарналары есебінен және кепілдік беру қорының инвестициялық кірісі есебінен қалыптастырылады, олардың жалпы құны барлық зейнетақы қорларының жиынтық қаражатының 0,1% аспауы тиіс. | Мемлекеттік инфляция деңгейін ескере отырып зейнетақы төлем деріне құ ықтарға иелік ету сәтіне мін детті зейнетақы жарналарының сақталуына кепілдік береді. Зейнетақы жинақтары төленген немесе аударған зейнетақы жинақтары нақты енгізілген жарналар мөл шерінен төмен азай ғанда, қордың немесе басқарушының кінәсі болған жағдайда, инфляция деңгейін ескере отырып қор нақты енгізілген жарналар мөлшерін қалпына келтіреді. |
Осылайша, мiндеттi ЖЗЖ бар елдердiң тәжiрибесi қызметінің ерекшелiгi және олар көрсететiн қызметтен туындайтын, зейнетақы активтерiн дербес басқарушы ЗАИБЖҰ мен ЖЗҚ-ның нақты қаржы жауапкершілігі жинақталған зейнетақы қаражаты бойынша инвестициялық кiрiспен қамтамасыз ету тәртібін тәптiштей отырып, барлық ЖЗҚ бойынша уақыттың белгiлi бiр кезеңiнде нақты қалыптасқан кiрiстiлiктi негiзге ала отырып, шектi кiрiстіліктiң белгiлi бiр деңгейiн қамтамасыз ету бойынша зейнетақы активтерiн дербес басқарушы ЗАИБЖҰ мен ЖЗҚ-ның жауапкершілiгiн белгiлейтiн заңнамада анықталуы мүмкiн.
3.6.2 Төлем төлеу кезіндегі инфляция деңгейiн ескере отырып, нақты енгізілген зейнетақы жарналарының сақталуына берiлетін мемлекеттік кепілдiк
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерінде белгіленген тәртіппен алушының зейнетақы төлемдерiне құқық алу кезiндегі инфляция деңгейiн ескере отырып, нақты енгiзілген міндеттi зейнетақы жарналарының мөлшерiнде ЖЗҚ-да мiндетті зейнетақы жарналарының сақталуына мемлекет алушыларға кепiлдiк бередi.
Мiндеттi зейнетақы жинақтарының сақталуының көзделген мемлекеттік кепілдiгi мониторингті қамтамасыз ететiн тетiктердi iске асыруды, республикалық бюджетке қажетті шығыстарды енгізу үшiн болжамды, сондай-ақ негiздер туындаған жағдайда осы кепілдiкті iске асыру тәртібін талап етедi.
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңында көзделген оқиғалардың ықтимал туындауы кезiнде "ЗТМО" РМҚК-ның дерекқорындағы инфляция деңгейiн ескере отырып нақты енгізiлген жарналар мөлшеріндегі жинақтардың ең төменгі мөлшерiнің мониторингі қажет.
3.7. Жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң субъектiлерiн
қадағалауды дамыту және оның тиiмдiлiгін арттыру
Дүниежүзілiк практикадағы әлеуметтiк қамсыздандырудың жеке жүйелерiн кешендi түрде дамытуды қамтамасыз ететiн ЖЗҚ-ның қызметiн реттеу мәселелерi Экономикалық Ынтымақтастық Елдерi Ұйымының (OECD) жанындағы Зейнетақы реттеуіштерінің Халықаралық Қауымдастығының (INPRS) Жеке зейнетақы қорларын реттеу қағидаттарында белгілендi:
1) реттеудiң барабар жүйесінің болуы;
2) қаржы нарықтарын тиiсiнше реттеу;
3) салымшылар мен қатысушылар құқықтарын қорғау;
4) зейнетақы төлемдерi схемасына қойылатын барабар талаптар;
5) реттеу және бөлу жүйесi;
6) қорландыру;
7) есептеулер техникасы;
8) қадағалауды ұйымдастыру;
9) өзiн-өзi реттеу;
10) бәсекелестiк нарығы;
11) инвестициялау;
12) сақтандыру тетiктерi;
13) тарату;
14) ақпаратты ашу және оған қол жеткізу;
15) корпоративті басқару.
Қазақстанның ЖЗЖ-ын реттеу жүйесі зейнетақы қорлары салымшыларының мүдделерiн қорғауды қамтамасыз етедi, ЖЗҚ мен ЗАИБЖҰ тұрақтылығын қамтамасыз етедi, зейнетақы және меншiктi активтердi есепке алудағы бөлудi қамтамасыз етеді, заңнамада зейнетақы төлемдерінің схемалары мен оларды жүзеге асыру тәртібі, комиссиялық сыйақы ставкасы шегі, ЖЗҚ тарату және зейнетақы активтерiн беру тетiгi белгіленген, салымшының тарабынан толық қаржыландыру қағидаты қолданылады, қадағалаушы уәкілетті орган жүйенің субъектілеріне қатысты тиiстi реттеуші және бақылаушы өкілеттiктеріне ие. Сөйтіп, оларды енгізу үшін ЖЗҚ мен ЗАИБЖҰ тәуекелдерi жүйесі, "Қазақстан Республикасындағы зейнетақы мен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген зейнетақы активтерін сақтандыру жүйесін құру, нысандарын және уақытын, шоғырландырылған қадағалауды жетілдiру, ЖЗҚ автоматтандырылған ақпарат жүйесінің қауіпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерiн қарау қажет болып отырған техникалық есептеулер, сақтандыру тетiктерi мен корпоративті басқару қағидаттарын қоспағанда, жеке зейнетақы қорларын реттеу қағидаттарының көпшілігі табысты түрде қолданылуда.