2005 жылы Компания негізгі үш бағыт бойынша инвестициялық қызметке 16200 млн. теңге жіберуді жоспарлап отыр:
1. Ұлттық энергетикалық желіні жаңғырту жобасын одан әрі іске асыру, атап айтқанда, 3 903 млн. теңге, соның ішінде қарыз қаражатынан 2 533 млн. теңге мөлшерінде ақшалай қаражат.
2. "Қазақстанның Солтүстігі - Оңтүстігі" транзитінің 500 кВ екінші электр беру желісін салу". Мұнда 5 640 млн. теңге, соның ішінде қарыз қаражатынан 5 490 млн. теңге сомасында қаражат игеріледі.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық электр желісінің авариясыз, сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған өзге де инвестициялар.
"Қазақ ақпарат агенттігі" ҰК" АҚ
"Қазақпарат" ҰК" АҚ (бұдан әрі - Компания) "Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Қазақ ақпарат агенттігі (ҚазААГ)" республикалық қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 8 қарашадағы № 1186 қаулысына сәйкес құрылды.
2003 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 2004 жылы кірістердің 131,724 млн. теңгеге дейін, яғни, 30,817 млн. теңгеге немесе 31 %-ға, соның ішінде негізгі қызмет түрі бойынша 29,841 млн. теңгеге немесе 30%-ға ұлғаюы байқалды. Бұл өcу, бірінші кезекте, өндірілетін өнім көлемінің ұлғаюымен және оның сапасының жоғарылауымен, өткізу рыноктарының кеңеюімен, өнім желісінің жаңғыруымен негізделген. 2005 жылы компания кірістері 201,696 млн. теңгені құрайды, бұл ретте мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің веб-сайтын ақпараттық сүйемелдеу шеңберінде бөлінетін республикалық бюджет қаражаты негізгі кіріс көздері болып табылатынын атап өткен жөн.
Шығыстар құрылымында өндірілетін өнімнің 2003 жылы 70,569 млн. теңге және 2004 жылы 79,526 млн. теңге құраған өзіндік құны басым. Өткізілген қызметтердің өзіндік құнының үлес салмағы 60%-дан астам. 2003 жылы шығыстар 32,176 млн. теңгені және 2004 жылы 49,724 млн. теңгені құрады. 2005 жылы Компания шығыстары 201,207 млн. теңгеге жоспарланып отыр, ағымдағы жылы Компанияны жаңа әкімшілік ғимаратқа көшіру жүзеге асырылды. Осыған байланысты Компания үй-жайларды қайта жаңартуды және жөндеуді жүргізді, жаңа жергілікті есептеу желісі салынды, телекоммуникациялық және есептеу жабдығы орнатылды.
2003 жылы өндірістік-қаржылық қызмет нәтижесінде Компания 1838 мың теңге сомасында зиян шекті. Компания 2004 жылы 59,536 млн. теңге мөлшерінде зиян шекті. Бұл ретте, 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша өтелмеген зиян 29,118 млн. теңгені құрады. Зиянның ұлғаюы 2003-2004 жылдары құралған дебиторлық берешекті өтеу үшін күмәнді борыштар бойынша 61,500 млн. теңге мөлшерінде резерв құрумен байланысты. 2005 жылдың қорытындылары бойынша 0,488 млн. теңге мөлшерінде таза пайда алу көзделіп отыр.
2003 жылы салықтық аударымдар 15,653 млн. теңгені, 2004 жылы 11,247 млн. теңгені құрады. 2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы салық пен бюджетке төленетін төлемдердің барлық сомасы 4,405 млн. теңгеге қысқарды. Көп жағдайда бұл ҚҚС төлеуден босатумен, сондай-ақ жеке еңбек шарттары бойынша тартылатын жұмыскерлер санының азаюына байланысты жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықтың азаюымен түсіндіріледі.
2006-2008 жылдарға арналған перспективалар
"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ
"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ (бұдан әрі - Компания) өз алдына мынадай ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттарды қояды:
1) қаржы-экономикалық көрсеткіштерді жақсарту;
2) запастарды өcipу;
3) өндірісті өсіру;
4) ірі мұнай-газ жобаларының экономикалық тиімділігін арттыру;
5) көлік мүмкіндіктерін дамыту;
6) мұнай-химияны дамытуға жәрдемдесу;
7) басқару жүйесін жетілдіру.
2006-2008 жылдар кезеңінде Компанияның мұнай өндіруші кәсіпорындарының өндірістік қуаттарын дамыту жер үсті объектілерін салуға, қайта жаңартуға және жаңғыртуға, сенімді әрі өнімділігі жоғары жер асты жабдығын қолдануға, компьютерлік геологиялық модельдер негізінде кен орындарын игеруді бақылаудың тиімділігі жоғары жүйесін құруға келіп тіреледі.
2006-2008 жылдар кезеңінде мұнай өндірудің жыл сайынғы көлемі 9,4 - 9,5 млн. тонна деңгейінде сақталады. 2006-2008 жылдар кезеңінде мұнай өндірудің есепті өсу қарқыны геологиялық-кәсіпшілік зерттеу деректері мен Өзен кен орнын игерудің ағымдағы жай-күйіне негізделеді.
Магистральдық мұнай құбырларымен 2006 жылы 44,6 млн. тонна, 2007 жылы - 44,8, 2008 жылы - 44,2 млн. тонна деңгейінде мұнай тасымалдау жоспарланып отыр. Мұнай тасымалдаудың жоспарланып отырған көлемі рыноктық жағдайлар конъюнктурасы мен көлік жүйелерінің өткізу қабілетін есепке ала отырып, Республикада мұнай өндірудің болжамды деңгейі негізінде айқындалған.
Магистральдық газ құбырлары арқылы 2006 жылы 120,9 млрд. текше м., 2007 жылы 2,6 млрд. текше м., 2008 жылы - 131,1 млрд. текше м. деңгейінде табиғи газ тасымалдау жоспарланып отыр.
Ішкі рынокта газ өткізу көлемі 2006 жылы - 2,6 млрд. текше м., 2007 жылы - 2,4 млрд. текше м., 2008 жылы - 2,6 млрд. текше м. деңгейін құрайды.
2006-2008 жылдар кезеңінде мұнай өңдеу жиынтығы 10,2 млн. тоннаны құрайды.
Өнімді өткізуден түсетін болжамды кірістер 2006 жылы 455 млрд. теңгені құрайды. Макроэкономикалық көрсеткіштердің ұсынылған болжамына сәйкес мұнай бағасы болжамының 2006 жылы бір баррель үшін 34,4 АҚШ долларынан 2008 жылы бір баррель үшін 28,5 АҚШ долларына дейін (17 %-ға азаю) төмендеуіне байланысты кірістер болжамының 2%-ға азаюы күтілуде.
Магистральдық құбырлар арқылы мұнай тасымалдаудан түсетін кірістердің болжамды өсуі ішкі рынокқа мұнай тасымалдау көлемінің күтіліп отырған өсуімен негізделген, сондай-ақ өндірістік бағдарламаның ұлғаюына байланысты мұнайды танкер флотымен тасымалдаудан, газ тасымалдаудан түсетін кірістерді ұлғайту жоспарланып отыр.
Компанияның таза пайдасы 2006 жылы 55,4 млрд. теңге, 2007 жылы - 53,9 млрд. теңге және 2008 жылы 42,5 млрд. теңге деңгейінде болжанып отыр.
Таза пайданың 23%-ға (2008 жылға қатысты 2007 жылы) болжамды азаюы мынадай факторларға негізделген:
1) мұнай бағасының 17 %-ға, бір баррель үшін 34,4 АҚШ долларынан бір баррель үшін 28,5 АҚШ долларына дейін болжамды төмендеуі;
2) КТК құбырларына мұнай жеткізудің 53 %-ға, 2006 жылы 1 500 млн. тоннадан 2008 жылы 2 300 млн. тонна мұнайға дейін өсуіне байланысты көліктік шығыстарының ұлғаюы;
3) 2006 жылдан бастап өндіру көлемін 9,45 млн. тонна деңгейінде тұрақтандыру.
Компанияның дивидендтік саясаты Компанияның 2004-2006 жылдарға арналған даму жоспарының құрамында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 шілдедегі № 784-қпү қаулысымен бекітілген. Еншілес ұйымдарға үлестік қатысудан түсетін кірістерді есепке ала отырып, Компанияның таза пайдасы дивиденд есептеу объектісі болып табылады. Компания 2006-2008 жылдары 2 млрд. теңге дивиденд төлеуді жоспарлап отыр.
Перспективалы 15 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр, оның ішінде 1 жобада құрлықтағы кен орнын игеру көзделеді, 8 жоба Каспий қайраңының құрылымын геологиялық барлауға және игеруге қатысты, 3 жобада көмірсутек шикізатын өндіруге қызмет көрсету, сақтау және тасымалдау жөніндегі инфрақұрылымдық объектілерді салу, жаңғырту көзделеді, 3 жоба сервистік қосалқы қызметтер саласына қатысты және басқаларына қарағанда Компанияның негізгі бизнесі үшін бейінді емес.
"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ
"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ (бұдан әрі - Компания) Компанияның негізгі мақсаты уран өнеркәсібі кәсіпорындарын басқару функцияларын қамтамасыз ету болып табылады.
Мақсаттарға орай, болжамды кезеңде шешілуі қажет мынадай міндеттер қалыптасты:
Табиғи уран өндірісінде:
қолданыстағы кен орындарында ("Шығыс Мыңқұдық", "Қанжуған", "Ақдала") уран өндіру көлемдерін өсіру;
"Ыңғай", "Мойынқұм" "Төртқұдық", "Заречное", "Иіркөл", "Қарасан", "Орталық Мыңқұдық", "Оңтүстік Ыңғай", "Батыс Мыңқұдық", "Буденовское" кен орындарында жаңа рудниктер салу;
табиғи уранның химиялық концентратын тотықша-тотыққа дейін қайта өңдеу жөніндегі қуаттарды дамыту;
Степногорск кен-химия комбинатында қуаты 80 мың тонна Күкірт қышқылы зауытын іске қосу.
Уран өндірісін дамыту бойынша:
құрамында уран бар материалдар мен қалпына келтірілген уранды ресейлік дизайндағы реакторларға арналған отын таблеткаларына дейін қайта өңдеу қызметтері бар ресейлік рыноктағы өз позициясын сақтау;
құрамында уран бар ашылуы қиын қайталама балқымаларды қайта өңдеудің әлемдік рыногындағы монополист позициясын сақтау;
табиғи байытылған, төмен байытылған, "әлсіз байытылған" уран диоксидының ұнтақтарымен сыртқы рыноктарға шығу;
батыстық дизайндағы реакторларға арналған таблеткалармен әлемдік рынокқа шығу.
Бериллий өндірісін дамыту бойынша:
Қытай рыногына бастапқы бериллий өнімдерін жеткізуде жетекші позицияларға шығу;
АҚШ рыногындағы позицияны кеңейту;
Ресей рыногындағы монополиялық мәртебені сақтау;
Еуропа рыногындағы позицияларды нығайту және кеңейту.
Тантал-ниобий өндірісін дамыту бойынша:
өндірісті шикізатпен қамтамасыз ету;
жоғары технологиялық өнімдерді:
- сыйымдылығы жоғары тантал конденсаторлық ұнтақтарын;
- танталдан жасалған өнімнің жетілдірілген түрлерін шығару жөніндегі өндірістерді ұйымдастыру есебінен тантал өндірісі өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
сыйымдылығы жоғары ұнтақтарды, конденсаторлық сымды және тантал өндірісінде шығарылатын тантал жабдықтарын шикізат ретінде пайдалана отырып, тантал электр конденсаторларын шығару жөніндегі конденсатор зауытын салу.
Мынадай:
2006 жылы - 3 735,2 млн. теңге;
2007 жылы - 6 332,9 млн. теңге;
2008 жылы - 11 482,0 млн. теңге таза пайда алу жоспарланып отыр.
Қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу жолдары:
бәсекеге қабілетті ядролық отын өндіру;
уран өнімдерінің барлық түрлері бойынша маркетингтік зерттеулердің тиімділігін арттыру;
ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және жартылай үзбей құю технологиясын енгізу;
конденсаторлар үшін сыйымдылығы жоғары тантал ұнтақтарын және сым өндіру технологиясын құру;
жұмыс істеп тұрған өндірісті техникалық қайта жарақтандыру.
Инвестициялық жобалар:
Уран, бериллий және тантал өндірісінің жобаларын іске асыру өңірі - Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы.
Инвестициялық бағдарламалар:
уран өндірісі - жалпы сомасы 2 139 597 мың теңге 8 жоба;
бериллий өндірісі - жалпы сомасы 1 462 918 мың теңге 4 жоба;
тантал өндірісі - жалпы сомасы 1 375 455 мың теңге 5 жоба;
"Экология" бөлімі бойынша - жалпы сомасы 1 362 203 мың теңге 5 жоба.
"Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" АҚ
2006-2008 жылдары елдің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, астық бағасы демпингінің алдын алу, астық өткізу рыноктарын кеңейту компанияның негізгі мақсатына жатады.
Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" АҚ (бұдан әрі - Компания) алдында мынадай міндеттер тұр:
мемлекеттік астық ресурстарын сақтауды және жаңартуды қамтамасыз ету;
отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерден жыл сайын астық сатып алуды жүзеге асыру;
қазақстандық астықты әлемдік рыноктарға жылжыту және дәстүрлі рыноктардағы позицияларды нығайту.
Қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу жолдары:
2006-2008 жылдары мынадай шаралар көзделеді:
тұқымдық материал сапасын жақсарту жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
ішкі рыноктағы астық бағасын реттеу;
мемлекеттік азық-түліктік астық резервінің сақталу сенімділігін арттыру;
қазақстандық астықты, оның ішінде оны тасымалдау жөніндегі проблемаларды шешу жолымен өткізудің тиімділігін жоғарылату;
астық өңдеуші ұйымдарға астық өткізудің тәртібін, оның уақтылы және тиімді өткізілуін қамтамасыз ету мақсатында жетілдіру;
қазақстандық астықты халықаралық рыноктарға жылжыту.
2006 жылға арналған негізгі қызметтен кірісі 32347,2 млн. теңге мөлшерінде жоспарланған, оның ішінде:
мемлекеттік астық ресурстарын басқарудан түсетін кіріс - 4765,6 млн. теңге;
меншікті қаржы-шаруашылық қызмет бойынша кіріс - 27581,6 млн. теңге.
2006 жылы бюджетке мемлекеттік акциялар пакетіне 294,3 млн. теңге мөлшерінде дивидендтер аудару жоспарланады.
2007 жылға арналған негізгі қызметтен кірісі 34288 млн. теңге мөлшерінде жоспарланды, оның ішінде:
мемлекеттік астық ресурстарын басқарудан түсетін кіріс - 5051,2 млн. теңге;
меншікті қаржы-шаруашылық қызмет бойынша кіріс - 29236,5 млн. теңге.
2007 жылы бюджетке мемлекеттік акциялар пакетіне 323,8 млн. теңге мөлшерінде дивидендтер аудару жоспарланады.
2008 жылға арналған негізгі қызметтен кірісі 36002,4 млн. теңге мөлшерінде жоспарланды, оның ішінде:
мемлекеттік астық ресурстарын басқарудан түсетін кіріс - 5304,1 млн. теңге;
меншікті қаржы-шаруашылық қызмет бойынша кіріс - 30698,3 млн. теңге.
2008 жылы бюджетке мемлекеттік акциялар пакетіне 349,6 млн. теңге мөлшерінде дивидендтер аудару жоспарланады.
Корпорацияның ортамерзімді кезеңдегі инвестициялық саясатының негізгі басымдықты бағыттары болып қазақстандық өнім өткізу нарықтарын кеңейту, оның экспорты көлемін арттыру, мақта өндірушілерге қолдау көрсету, сондай-ақ Компанияның одан әрі қозғалысты дамуы үшін капиталдандыру деңгейін жоғарлату табылады.
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ
2006-2008 жылдары "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ (бұдан әрі - Компания) негізгі мақсаты электрондық үкімет құру үшін базалық инфрақұрылым қалыптастыру және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің қалыптасуына жәрдемдесу болып қала береді.
Осыған байланысты жоспарланып отырған кезеңде Компанияның негізгі міндеттері:
нормативтік құқықтық және әдіснамалық қамтамасыз етуді жетілдіру;
"электрондық" үкімет қызметтеріне қол жетімділікті қамтамасыз ету;
мемлекеттік органдардың электрондық қызметтерін қалыптастыру және дамыту;
"электрондық үкімет" инфрақұрылымының базалық құрамдауыштарын қалыптастыру;
ведомствоаралық және типтік ведомстволық ақпараттық жүйелерді құру және дамыту;
жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық ресурстары мен жүйелерін құру;
"электрондық үкіметтің" ақпараттық инфрақұрылымын қорғауды қамтамасыз ету;
"Электрондық үкімет" инфрақұрылымын қалыптастырудың мемлекеттік бағдарламасының орындалуын қоғамдық қолдауды қамтамасыз ету болып табылады.
Компания 2006 жылы 859,7 млн. теңге, 2007 жылы 959,7 млн. теңге, 2008 жылы 1058,3 млн. теңге негізгі қызметтен кіріс алуда жоспарлануда. 2006 жылы 47,9 млн. теңге, 2007 жылы - 48,1 млн. теңге, 2008 жылы - 52,6 млн. теңге мөлшерінде таза пайда алуды жоспарлап отыр, оның ішінде бюджетке мемлекеттік акциялар пакетіне 2006 жылы 14,5 млн. теңге, 2007 жылы 15,0 млн. теңге және 2008 жылы 15,8 млн. теңге мөлшерінде дивидендтер аудару жоспарланып отыр.
"Қазпочта" АҚ
"Қазпочта" АҚ (бұдан әрі - Компания) таяу перспективада дамуының негізгі мақсаты жоғары сапалы деңгейде ұсынылатын почта-жинақтау қызметтерге еркін қол жетімділікті қамтамасыз ете алатын өңірлік инфрақұрылымды дамыту және жаңғырту болып табылады.
Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:
Компанияның материалдық-техникалық базасын жетілдіру және қазіргі заманғы технологияларды енгізу;
почта-жинақтау қызметтерін ұсыну сапасын арттыру;
көрсетілетін қызметтер аясын кеңейту және қазіргі заманғы банктік өнімдер мен Интернетке бағдарланған қызметтерді енгізу үшін технологиялық база құру;
почта-жинақтау қызметтерін дамыту үшін қаржы тетіктерін қалыптастыру;
басқарудың қазіргі заманғы технологияларын енгізу.
Қойылған міндеттерге қол жеткізу мынадай іс-шараларды жүзеге асыруды болжайды:
қалалық, аудандық және ауылдық деңгейлерде өңірлік желіні дамыту;
прогрессивтік технологиялар базасында почта-жинақтау қызметтерінің жаңа түрлерін енгізу;
почта-жинақтау қызметтерін көрсету сапасын арттыру.
Шетелдік ұйымдармен және почта әкімшіліктерімен халықаралық ынтымақтастықты дамыту саласында Компания:
біртұтас почта аумағын сақтау және дамыту үшін Дүниежүзілік почта одағының органдарымен, өңірлік почта одақтарымен, шетелдік почта әкімшіліктерімен ынтымақтастықты;
почта жөнелтілімдерін жіберудің бақылау мерзімдерін сақтауды жалғастырады.
Қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу жолдары:
Инвестицияларды өңірлік инфрақұрылымды дамытуға жіберу капиталдық және ақпараттық-технологиялық жайластыру деңгейі бойынша почта-жинақтау қызметтерінің стандартты тізбесін сапалы негізде көрсетуге мүмкіндік береді. Мынадай іс-шаралар басым болып айқындалған: өңірлік желіні және магистральдық бағыттарды оңтайландыру мақсатында почта жөнелтілімдерін жеткізу жиілігін және оларды жеткізу мерзімдерін қоса алғанда, почта байланысын пайдалану көрсеткіштерін жақсарту.
Алға қойылған мақсаттарға табысты қол жеткізу үшін таяу перспективада көрсетілетін қызметтер аясын кеңейтуге, олардың жаңа түрлерін енгізуге көп назар аударылады, оның ішінде:
EMS Kazpost курьерлік қызметін дамыту және халықаралық жедел почта саласында әлемнің аса ірі почта әкімшіліктерімен ынтымақтастық;
тапсырыстар бойынша сәлемдемелік сауда жүйесінің шегінде сервистік қызмет көрсету арқылы "Taуap-Почтамен" каталогтары бойынша, оның ішінде Интернет арқылы почталық сауданы ұйымдастыру және дамыту;
халықтың тұрғын үй жинақтарын және тұтыну кредиттерін беруді тарту жөніндегі агенттік қызметтерді дамыту;
кеңейтілген функционалдық мүмкіндіктері бар банкоматтарды пайдалану және Pos терминалдарды орнату арқылы пластикалық карточкалар қызметтерін енгізу;
сақтандыру ұйымдары мен зейнетақы қорларына шарттар жасасу, зейнетақы жинақтары туралы хабарламаларды жеткізіп беру жөнінде агенттік қызметтер көрсету саласын кеңейту.
Қазақстан экономикасының индустриялық-инновациялық дамуына, жәрдемдесу үшін Компания 2006-2008 жылдары біртұтас ақпараттық кеңістікке қол жетімділікті қамтамасыз ететін және технологиялық дамудың базалық тұғыры болатын технологиялық процестерді жаңғырту және автоматтандыру процесін жалғастыруды жоспарланып отыр. Негізгі іс-шаралар ретінде мыналар айқындалды:
корпорациялық ақпараттық жүйені енгізуді аяқтау;
Компанияның ауылдық өңірлік желісін компьютерлендіру;
Компанияның материалдық-техникалық базасын жаңғыртуды жүзеге асыру және қазіргі заманғы технологияларды енгізу;
жоғары технологиялық қызметтерді енгізу үшін техникалық негіз құру.
2006-2008 жылдары шығатын жазбаша хат-хабардың көлемін 36,5 млн. бірлікке дейін немесе 2004 жылға қатысты 11,3 %-ға ұлғайтуды қамтамасыз ету, 2006-2008 жылдары сәлемдемелерді қабылдау деңгейін 1,57 млн. бірлікке дейін немесе 2004 жылмен салыстырғанда 4,7 %-ға арттыру жоспарланып отыр, мерзімді баспа басылымдарының көлемін 2004 жылға қатысты 23,7 %-ға өсіруді қамтамасыз ете отырып, 194,0 млн. бірлікке дейін жеткізу ұйғарылған. 2008 жылы қабылданған жеделдетілген почта жөнелтілімдерінің санын 370 мың бірлікке немесе 2004 жылмен салыстырғанда 5,7%-ға арттыру жоспарланады.
Компания 2006 жылы 8470,2 млн. теңге, 2007 жылы 9528,9 млн. теңге, 2008 жылы 10624,5 млн. теңге негізгі қызметтен кіріс алуда жоспарлануда. 2006 жылы 174,2 млн. теңге, 2007 жылы - 175,7 млн. теңге, 2008 жылы - 177,5 млн. теңге мөлшерінде таза пайда алуды жоспарлап отыр, оның ішінде бюджетке мемлекеттік акциялар пакетіне 2007 жылы 50 млн. теңге және 2008 жылы 55 млн. теңге мөлшерінде дивидендтер аудару жоспарланып отыр.
"Қазақтелеком" АҚ
Экономиканың өрлеуімен, іскерлік белсенділіктің жандануымен, халық табысының біршама өсуімен сипатталатын қолайлы макроэкономикалық факторлар болжанып отырған кезеңде телекоммуникация қызметтерін көрсетуге деген көтеріңкі сұранысты қалыптастырады және телекоммуникациялар рыногының серпінді дамуына септігін тигізеді.
"Қазақтелеком" АҚ (бұдан әрі - Компания) жоспарланып отырған кезеңге арналған мақсаты:
1) мемлекеттік басқару органдары мен қоғамның телекоммуникациялық қызметтердің барлық түрлерін алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру;
2) рыноктық құнды тұрақты ұзақ мерзімді өсіру болып табылады.
Компанияның алдағы кезеңге арналған міндеттері:
1) өзінің рыноктағы позициясын нығайту;
2) бизнеске бағдарланған ішкі және сыртқы саясатты қалыптастыру;
3) бәсекеге қабілетті әрі қазіргі заманғы телекоммуникациялық инфрақұрылымды қалыптастыру.
Қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу жолдары:
1) қазіргі заманғы телекоммуникациялық инфрақұрылымды қалыптастыруды аяқтау;
2) жоғары табысты сегменттерде бизнесті жандандыру;
3) қызметтер мен клиенттерге қызмет көрсету сапасын арттыру.
Негізгі телефон аппараттарының саны 2006 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 5,9%-ға өседі және 2,4 млн. бірлікті құрайды. Қалааралық, халықаралық телефон трафигі 13%-ға өседі және 1,8 млрд. минутты құрайды.
Дивидендтер төлеу заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Өткен жылдың қорытындылары бойынша дивидендтер болжамы 2006 жылы 4600 млн. теңгені, 2007 жылы 4500 млн. теңгені, 2008 жылы 4500 млрд. теңгені, оның ішінде мемлекеттік акциялар пакетіне дивидендтер бойынша тиісінше 2600 млн. теңгені, 2500 млн. теңгені және 2500 млн. теңгені құрайды.
Компанияның тәуелді ұйымдарға қатысты 2006 - 2008 жылдарға арналған дивидендтік саясатында Компания дивидендтер төлеуге таза кірістің шамамен 20%-ын жұмсайтын болады деп ұйғарылып отыр. Компания алатын дивидендтер тәуелді ұйымдардың жарғылық капиталындағы оның үлесі негізінде есептелетін болады.
2006 - 2008 жылдары тәуелді ұйымдардан дивидендтердің жиынтық түсімдер болжамы жыл сайын 2500 млн. теңгені құрайтын болады.
Болжам бойынша негізгі қызметтен түсетін кірістер 2006 жылы 85400 млн. теңгені, 2007 жылы 87200 млн. теңгені, 2008 жылы 89300 млн. теңгені құрайды. Компанияның эксклюзивтік құқығын алып тастау және бәсекелестікті дамыту нәтижесінде қалааралық, халықаралық байланыс кірістері 2005 жылдың деңгейінде қалады деп болжанып отыр. Тарифтерді қайта теңгерімдеу және желіні кеңейту нәтижесінде жергілікті байланыс бойынша кірістер 2005 жылғы 18500 млн. теңгеден 2007 жылы 19000 млн. теңгеге дейін өседі.
Телекоммуникациялар саласын ырықтандыру жағдайларында бәсекелі ортаның дамуы рентабельділіктің 2005 жылғы 33,3 %-дан 2008 жылы 30,3 %-ға дейін төмендеуіне түрткі болды.
Болжам бойынша таза пайда 2006 жылы 27100 млн. теңгені, 2007 жылы 27000 млн. теңгені, 2008 жылы 27100 млн. теңгені құрайтын болады.
Инвестициялық бағдарлама мынадай басым жобаларды іске асыруға бағытталады:
1) Ұлттық ақпараттық супермагистраль (МACM) салуды жалғастыру;
2) жергілікті телекоммуникациялар желісін жаңғырту және дамыту;
3) деректер беру желісін дамыту;
4) коммерциялық жобаларды дамыту.
2007 жылы ҰАСМ-ның құрылысы аяқталады, жергілікті желілерді цифрландыру деңгейін құрастырылған сыйымдылықтың 60%-ына дейін қамтамасыз ету көзделіп отыр. Қазіргі заманғы цифрлық жабдықтар базасында жергілікті телекоммуникациялар желілерін жаңғырту және дамыту, желіні оңтайландыру мен оны пайдалану жөніндегі жұмыстар жалғасады. Компания алдағы уақыттағы қызметінде озық технологияларды пайдалану негізінде телекоммуникациялық қызметтер аясын кеңейтуге басым мән беретін болады.
"Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ
Жоспарланып отырған кезеңде "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ (бұдан әрі - Компания) дамыту сыртқы және ішкі факторлардың ықпалымен жүргізілетін болады.
Компанияны дамытудың негізгі мақсаттары:
1) жолаушыларды, жүктерді, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау кезінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
2) саланың сапалы, одан әрі тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жаңа ақпараттық және техникалық деңгейге көшуі;
3) Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту жолымен транзиттік тасымалдар көлемін арттыру;
4) жүктемесі көп учаскелерді электрлендіруді жүргізу;
5) темір жол көлігін одан әрі қайта құрылымдау;
6) қаржылық тұрақтылықты нығайту болып табылады.
Көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін Компания мынадай міндеттерді шешуді көздеп отыр:
1) негізгі құралдарды жаңарту және жаңғырту;
2) барлық ақпарат ағындарын біріктіретін және тасымалдау процесі туралы барлық деректерді шоғырландыратын бірыңғай ақпараттық желі құру;
3) өндірістік процестерді автоматтандыру және механикаландыру;
4) жүктерді шекаралас елдердің темір жол учаскелерін пайдаланбай ел аумағымен барынша қысқа бағыттар бойынша тасымалдауға мүмкіндік беретін, сондай-ақ табиғи ресурстардың перспективалы кен орындары мен жаңа өндірістік орталықтарды игеру, ұлттық экономиканың ауданаралық көлік байланыстарын ұтымды ету, жаңа көліктік бағыттар мен транзиттік дәліздер құру сияқты маңызды міндеттерін шешу үшін жаңа темір жол желілерін салу;
5) қабылдау-өткізу пункттерін жақсарту және дамыту;
6) темір жол көлігі саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;
7) ресурстарды ұтымды пайдалана отырып, шығыстарды оңтайландыру.
Жоспарланып отырған кезеңде әлеуметтік-экономикалық дамудың жалпы бағыты сақталады және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары мен Темір жол көлігін қайта құрылымдау бағдарламасының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетін болады.