4. Валюталық құндылықтарды пайдаланумен байланысты операцияларды лицензиялау. Қазақстанда капиталдың әкетiлуiне қатысты лицензиялар берудiң нысандандырылған рәсiмдерi тарихи қалыптасып отыр. Қазiргі жағдайларда бұл жүйе валюталық-қаржылық қатынастарды дамыту деңгейiне сай келуi барған сайын азайып бара жатқандықтан, Қазақстан Республикасында валюталық режимдi ырықтандыру тұжырымдамасына сәйкес валюталық құндылықтарды пайдаланумен байланысты операцияларға қатысты лицензиялау режимiн толық жою көзделiп отыр.
5.2.3. Қазақстан жағдайында валюталық реттеудiң
балама рәсiмдерiнiң жарамдылығын бағалау
Валютаның әкетілуiне, не әкелiнуiне байланысты операциялар, сондай-ақ айырбас операциялары бойынша төлем теңгерiмiнiң және ұлттық валютаның тұрлаулылығына қауiп төнген жағдайда қаражаттың белгiлі бiр пайызын резервтеу режимiн белгілеу практикасын не "чили салығын" Қазақстанда пайдалану мынадай себептерге байланысты мақсатқа сай емес:
1. Валютаның әкелiнуiне қатысты белгiлi бiр мерзiмге, көбiнесе 1 жылға дейiнгі мерзiмге резервтеудi талап ету (егер шетел капиталы елде бiр жылдан аз уақыт болса операцияларға салық енгізу) егер кредиттер беру, бағалы қағаздарға салу және коммерциялық банктерге салымдарды жүзеге асыру арқылы әкелiнуi жүзеге асырылуы мүмкiн қысқа мерзiмдi алыпсатарлық капитал тарапынан нақты қауiп төнсе, өзiн өзi ақтаған болып есептеледi. Бұл ретте тіпті Чили жағдайында да осы салық тиiмдiлігін бағалау бiрдей емес. Қазақстан жағдайында, ішкі қор рыногындағы операциялар валюта рыногын рыноктың шектеулі өтімділігіне және резидент еместердiң мемлекеттік, сол сияқты мемлекеттік емес бағалы қағаздар рыноктарының сегменттерiне ең аз қатысуына қатысты әлсiретуге қабiлетті емес. Банктiк емес заңды тұлғаларды коммерциялық және қаржылық кредиттеудi қатысты қарастырғанда, әдетте бұл кредиттер нақты мақсаттарға және белгілi бiр жобаларға берiледi, ал коммерциялық кредит жағдайында тауарлар жеткізу бойынша мiндеттемелер түрiндегі нақты активтермен қамтамасыз етiлген. Сонымен қатар Салық Кодексiне егер меншiктi капиталдың осындай өсуi болмаса, борыштық капиталды тартудың тартымдылығын азайтатын Жеткiлiктi Капиталдандыру Ережесi (ЖКЕ) енгізiлдi. Қысқа мерзiмдi депозиттерге қатысты шектеу өзiнен өзi емес, банктік жүйенiң өзiнiң өтiмдiлігін қолдау қабiлетi маңызды. Мұндай жағдайда резервтiк капиталды қалыптастыру, активтердi мерзiмдерi және валюталар бойынша салыстыру, ағымдағы өтiмдiліктің ең төменгі коэффициентi жөніндегі талаптарға қатысты пруденциалдық реттеу неғұрлым тиiмдi болып табылады.
2. Сыртқы сауда операциялары бойынша капиталдың әкетілуiне қатысты осы шара көбiнесе заңсыз қаражатты шет елге шығаруға бастапқыдан ниет бiлдiргендерге қарағанда, сыртқы экономикалық қызметке адал қатысушыларға қауiп төндiредi. Сонымен бiрге, оны қолданған жағдайда, кәсiпорындар айналым қаражатының елеулi көлемiн тартуға мәжбүр болады. Кредиттерге, бағалы қағаздарға инвестицияларға және қаражатты шет елдегі шоттарға аударуға қатысты кейбір артықшылықтарымен шоттың лимитiн белгілей отырып лицензиялау талабы сақталатын болады. Бұдан басқа, қаржы ұйымдарына қатысты капиталдың ауқымды әкетiлуiн шектейтiн пруденциалдық нормативтер қолданылады.
3. Егер капиталдың ауқымды қысқа мерзiмдi ағыны валюта рыногының тұрақтылығына қауiп төндiрмейтiн болса да, елдiң iшіндегі қол жетерлiк валюта қаражаты алыпсатарлық мақсатқа пайдаланылуы мүмкiн деген белгілі бiр қауiп бар. Бұл ретте банктерге қатысты алыпсатарлық ықтималдығы валюта позициясының лимитiн белгiлеумен реттеледi. Банктiк емес ұйымдарға қатысты, олардың көпшiлiгiне алыпсатарлық операциялар тән емес болса да, соған қарамастан, толық ырықтандыруға дейiн белгiлi бiр шектеулер, атап айтқанда, шетел валютасын белгілi мақсатқа сатып алуға және кейiннен сатуға қатысты шектеулер сақталатын болады. Сонымен қатар меншіктi валюта қаражаты бар iрi экспорттаушылардың валюталық пассивтерi мен активтерiн реттеу шешiлмеген мәселе қалпында қалып отыр. Олар айырбас бағамында тiкелей орын алмаса да, соған қарамастан, шетел валютасын сатуға өтiнiштер бере отырып және оны өзiнiң валюта шоттарында ұстай отырып, валюта рыногына әсер ете алады. Экспорттаушылар валюталық түсiмдi мiндетті түрде сатпаған жағдайларда, валюта рыногына қатысушылардың айырбас бағамының ауқымды алыпсатарлық ауытқуларын Ұлттық Банктің ұстап тұру мүмкiндiгін бағалауы неғұрлым маңызды. Шығыс Еуропа елдерiнiң тәжiрибесi көрсетiп отырғандай (атап айтқанда 2003 жылы Венгрияда), валюталық режимдi толық ырықтандыру жағдайында Ұлттық Банктiң валюта рыногындағы интервенциясы, пайыздық ставкалар саясаты және өтімділіктi басқару алыпсатарлық шабуылдарға қарсы жалғыз тиiмдi әсер ету құралдары болып табылады.
4. Қолданылып жүрген режим шоттар мен операцияларды оларға айырбастау және қаражат есептеу режимiн белгiлей отырып бөлудi көздемейтінін ескере отырып, резервке алу режимiн немесе чили салығын енгізу шығынды және тиiмсiз болып табылады.
5.2.4. Қазақстандағы валюталық операцияларға
ұсынылып отырған шектеулер жүйесi
Заңнамалық нормаларды қолданудың уақытша шеңберiне сәйкес валюталық операцияларды жүргізуге қойылатын шектеулердi алдағы уақытта қолданылатын не 2007 жылға дейiн оларды енгізу құқығы көзделетiн, яғни күрделi операциялардың шоты бойынша валюталық режим толық ырықтандырылғанға дейiн және күрделi шот толық ырықтандырылғаннан кейiн де енгізу құқығы сақталатын шектеулер деп шартты түрде бөлуге болады. Қолдану тетiктерiне байланысты валюталық операцияларды жүргізуге қойылатын шектеулердi (1) қолданылып жүрген валюталық реттеу жүйесiнен капиталдардың еркiн қозғалысының режимiне өтудi қамтамасыз ететін және (2) белгiлi бiр жағдайларда валюталық реттеу органы ендiруi мүмкiн шектеулерге бөлуге болады. Тиiсiнше валюталық операцияларды жүргiзуге қойылатын ықтимал шектеулер жүргiзiлетiн валюталық операциялардың айқындылығын қамтамасыз ететiн және күмәнды мәмілелерге жол бермеуге бағытталған, сондай-ақ Валюталық режимдi ырықтандыру тұжырымдамасына сәйкес ерекшелiк қағидатына сүйене отырып енгізілуі мүмкiн шектеулерге бөлiнедi. Ерекшелiк қағидаты елдiң сыртқы төлем қабілеттілiгіне және iшкi валюта рыногының тұрақтылығына елеулi қауiп төнген жағдайда шектеулер енгізу мүмкiндiгiн белгілейдi.
1) Қолданылып жүрген валюталық реттеу жүйесiнен капиталдардың еркiн қозғалысы режимiне өтудi қамтамасыз ететiн шектеулер.
Ұлттық Банк капитал қозғалысымен байланысты операцияларға қатысты алдын ала (тараптар мiндеттемелердi орындауды бастағанға дейiн не ағымдағы валюталық операциядан капитал қозғалысымен байланысты операция санатына өткен сәттен бастап белгiлi бiр мерзiм iшiнде) лицензия не тiркеу куәлiгін алу талабы бойынша шектеу енгізуге құқылы. Капитал қозғалысымен байланысты операцияларға қатысты лицензиялау режимiн пайдалану құқығы Ұлттық Банкте 2007 жылға дейiн сақталады. Статистикалық есеп жүргiзудiң ақпараттық базасын толық қамтуды және нақтылауды қамтамасыз ету мақсатында тiркеу режимiн қолдану мүмкiндігі күрделi шот толық ырықтандырылғаннан кейiн де сақталады. Операция жасалғаннан кейiн оның жүргізiлгенi туралы хабарлау режимi валюталық реттеу тұрғысынан алғанда шектеу ретiнде қарастырыла алмайды;
2) Жүргізiлетін валюталық операциялардың айқындылығын қамтамасыз ететiн валюталық операцияларға қойылатын шектеулер.
Тек валюталық операцияларды ғана қамтымайтын жекелеген заңнама шеңберiнде күмәнды қаржылық операцияларды бақылау рәсiмдерiн әзiрлеу жобаланатын болғандықтан, осы шектеулер валюталық реттеу құралы болып табылмауы тиiс;
3) Айрықша жағдайлардағы шектеулер.
Халықаралық мiндеттемелердi орындау мақсатында және төтенше жағдайлар туындаған жағдайда Қазақстан Республикасы Президентінің кез келген валюталық операцияларды шектеу немесе тоқтата тұру мүмкiндігі қазiргі уақытта валюталық заңнамада бекiтілген. Президенттiң төтенше жағдайлар енгізу жөніндегі өкiлеттігі Қазақстан Республикасының Конституциясында, "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Заңында және "Төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңында айқындалғандықтан, валюта заңнамасының осы нормасына өзгерістер енгiзілетiн болады.
Айрықша шектеулер енгізу құқығы Қазақстан Республикасының Президентiнде сақталатын болады. Тиiстi шешiм Президенттiң Жарлығымен ресiмделедi. Бұл жүйе ерекше жағдайларда жедел әсер ету тетiгінiң оралымдылығын, негіздiлігін және шынайылығын қамтамасыз етедi. Экономиканың қауiпсiздiгіне және қаржы жүйесiнiң тұрақтылығына қатер төнген жағдайда, егер жағдайды экономикалық саясаттың басқа құралымен шешуге болмайтын болса, шектеулер енгізiлуi мүмкiн. Шектеудiң уақытша сипаты болады. Сонымен қатар шектелетiн валюталық операциялардың Ұлттық Банктiң арнайы рұқсатынсыз жүргізiлмейтiнi заң жүзiнде көзделедi. Арнайы рұқсат операцияларды жүзеге асырмаудың азаматтардың өмiрi мен денсаулығына, мемлекеттiң қауiпсiздігіне, дипломатиялық қызметті жүзеге асыруға қатер келтiруi мүмкiн болған жағдайда, сондай-ақ, егер осы операцияның төлем балансындағы және валюта рыногындағы жағдайды едәуiр жақсартуға ықпалын тигізген жағдайда ғана беріледi. Осы норманы валюта заңдарында 2007 жылдан кейiн де сақтау қажет.
5.3. Валюталық режимдi одан әрi ырықтандыру
(екiншi кезеңнiң iс-шаралары)
5.3.1. Резиденттердiң шет елдегі инвестицияларын реттеу
Инвесторлардың санаттары. Мәмілеге қатысушы резиденттердi, валюталық операциялардың субъектілерiн, яғни, қаражаты есебiнен шет елге инвестицияларды жүзеге асыруға байланысты осы операциялар жүзеге асырылатын резиденттердi жiктеуге сүйене отырып, шартты түрде мынадай санаттарға бөлуге болады:
Қызметi қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты, тартылған қаржы құралдары есебiнен инвестицияларды жүзеге асыратын қаржы рыногының субъектiлерi, оның iшiнде:
банктер,
сақтандыру ұйымдары,
жинақтаушы зейнетақы қорлары,
инвестициялық қорлар.
Меншiктi қаражаты есебiнен шет елге инвестицияларды жүзеге асыратын жеке инвесторлар.
Инвестициялық шешiмдер қабылдауды айқындайтын факторлар. Мынадай факторлар тобы шет елге инвестициялардың пайдасына артықшылық жасауы мүмкiн:
Факторлардың бiрiншi тобы бизнестi дамытудың ұзақ мерзiмдi мүдделерiмен айқындалады және заңды тұлғалар - тiкелей инвесторларға барынша тән, атап айтқанда:
ресурстық және өндiрiстiк базаны кеңейту және түрлендiру,
өткізу рыногын кеңейту,
инвестордың экономикалық мүддесi болатын аумақта тұрақты мекеме құру есебiнен резидент еместердiң қаржылық немесе коммерциялық операцияларына қатысты түрлi сауда және әкiмшiлiк кедергiлерден айналып өту,
қаржылық және өндiрiстiк ресурстарды неғұрлым қолайлы инвестициялық және салық режимi бар елдерге ауыстыру.
Факторлардың екiншi тобын бағалы қағаздардың iшкi рыногында рұқсат етiлген құралдармен салыстырғанда шетелдiк активтерге салымдардың инвестициялық тартымдылығын бағалау айқындайды. Бұл ретте шетелдiк қаржы құралдарының тартымдылығы:
салыстырмалы түрде алғанда, неғұрлым жоғары шетелдiк нақты пайыздық ставкалармен,
шетелдiк бағалы қағаздар рыногының неғұрлым жоғары өтімділігімен,
рұқсат етілген қаржы құралдарын неғұрлым ауқымды таңдаумен,
төмен инвестициялық тәуекелдермен айқындалады.
Ең төменгі ықтимал тәуекел болған кезде оңтайлы кiрістілiк алуға мүдделi портфельдiк инвесторлардың барлық санаты үшін жоғарыда аталған факторлар тiкелей тән.
Қаражат аударудың тиiсiнше әлуетті инвестициялық кiрiсті азайтатын және инвестицияларды жүзеге асыру ынтасын төмендететін транзакциялық шығындары да маңызды рөл атқарады.
Валюталық заңнаманың шетелдiк инвестицияларды реттеу жүйесiндегі рөлi. Инвесторлардың бiрiншi санаты жүзеге асыратын операциялар (бағалы қағаздарды сатып алу, жарғылық капиталға салымдар) бiрiншi кезекте қаржы рыногы субъектілерiнiң қызметiн реттейтiн заңнаманың және шетел активтерiмен операциялар жүзеге асырылған жағдайда валюталық заңнаманың тарапынан реттеу объектiсi болып табылады. Осылайша қаржы институттарының қызметiн реттейтін заң нормаларының валюталық заңнама алдындағы басымдығын айқындауға болады. Мысалы, егер резидент еместердiң қандай да болмасын бағалы қағаздарын сатып алу операциясын банк заңнамасы бойынша жүзеге асыруға болмаса, тиiсiнше валюталық реттеу органының валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды жүзеге асыруға лицензия беру үшін негiздерi болмайды.
Инвесторлардың eкінші санатына келетiн болсақ, онда валюталық заңнаманың шет елдегі инвестицияларға шектеулерi әрқашанда тиiмдi емес, себебi валюталық қаражатты шет елге шығарудың басқа да арналары бар.
Жоғарыда жазылғандарға сүйене отырып, мынадай тұжырымдар жасауға болады:
1. Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды жүзеге асыруға лицензия шын мәнiнде валюталық қаражатты шетел активтерiн сатып алу есебiне аударуға рұқсат болып табылады және, егер осы операцияларды жүзеге асыру мүмкiндiгi арнайы заңнамамен реттелсе, қаржылық ұйымдардың шетел активтерiн сатып алуды жүзеге асыруына рұқсат ретiнде қарастырылмайды.
2. Шетел активтерiне қойылатын талаптардың тiзбесi, инвестициялық портфельдiң құрылымы және шет елге инвестициялардың көлемi қаржы институттарының қызметiн реттейтiн заңнамамен айқындалады және валюталық заңнама тарапынан реттеу пәнi болып табылмауға тиiс.
3. Валюталық заңнама тарапынан шектеулер болған жағдайда олар қаржы институттарының қызметiн реттейтiн заңнаманың нормаларын қайталайды және шетел активтерiмен операцияларға шектеулер ретiнде қарастырылмайды. Тиiсiнше, бұл жағдайда валюталық заңнаманың шектеулерiн жою капитал әкетілуінің ұлғаюына әкеп соқпауға тиiс.
4. Капиталды шығарудың және шетел активтерiне инвестициялаудың орнықты алғышарттары болған кезде шет елге инвестицияларға валюталық шектеулердiң тиiмдiлігі шектеулi және валюталық режимдi ырықтандыру процесiнде одан әрi төмендей бастайды. Мемлекеттің экономикалық саясаты капитал ағынын шектеуге емес, оның iшiнде экономикалық мақсатқа сай болуға негізделген, капиталдың "тұрақтамау" себептерiн жоюға бағытталуы тиiс. Сонымен қатар көбiнесе шектеулердiң өзi операцияларды жасыруға және белгiленген шектеулердi айналып өтуге мүмкiндiк жасайтындықтан капиталдың рұқсат етілмеген "жылыстауын" одан да көбiрек туындатуға қабiлет.
5.3.1.1. Шет елге инвестицияларды реттейтiн
заңнаманың қолданылып жүрген нормаларын талдау
Қаржылық ұйымдардың инвестицияларын реттеу. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына арналған пруденциалдық нормативтерде (активтердi түрлендiру дәрежесiне қойылатын талаптар) шетелдiк эмитенттердiң бағалы қағаздарына салымдардың көлемi сақтандыру ұйымының активтерi сомасының 30%-нан аспайтыны көзделедi. Бұл ретте инвестициялау объектiлерi халықаралық қаржылық ұйымдардың жоғары өтiмдi және төмен тәуекелдi бағалы қағаздарымен және инвестициялық кредит рейтингi бар бағалы қағаздармен шектелген.
Осылайша, резидент еместердiң зейнетақы активтерiн орналастыруға болатын бағалы қағаздарының ең жоғары ықтимал үлесi портфельдi түрлендiру жөніндегі талаптар ескерiле отырып, инвестициялық рейтинг деңгейiне байланысты 40%-дан аспауға тиiс. Тиiсiнше, тартылған зейнетақы активтерi есебiнен резидент еместердiң бағалы қағаздарына инвестициялар қолданылып жүрген валюталық заңнамаға сәйкес лицензиялауға жатпайды.
Банктердiң брокерлiк-дилерлiк қызметі банктiк заңнамаға сәйкес "Standard & Poor's" немесе "Fitch" рейтинг агенттіктерінің "А-дан" төмен емес немесе "Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінiң "А2-дан" төмен емес шетел валютасындағы ұзақ мерзiмдi тәуелсiз рейтингі бар елдердiң мемлекеттік бағалы қағаздарымен ғана рұқсат етiлген. Банктердiң дилерлiк қызмет шеңберіндегі инвестициялары валюталық заңнамаға сәйкес лицензиялаудан алынып тасталған. Сонымен қатар, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банктiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес заңды тұлғалардың акцияларын Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын қор биржасының ең жоғары санаттағы тiзiмiне енгізу шартымен ғана, сонымен бiрге заңды тұлға қаржы рыногы инфрақұрылымының бөлiгi және(немесе) банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қызметiн автоматтандыруды iске асыратын жағдайда, банктердiң резидент емес заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуына болады. Банктердiң шет елдегi еншiлес ұйымдарын, филиалдарын және өкiлдiктерiн уәкiлетті органның келісімiмен ғана құруға болады. Банктерге арналған пруденциалдық нормативтерде меншiктi капиталдың жеткілiктi болу өлшемдерiн есептеу кезiнде ескерiлетiн тәуекел дәрежесi бойынша бағалы қағаздарды егжей-тегжейлi жiктеу көзделедi. Сондай-ақ, Ұлттық Банк Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы № 262 қаулысымен бекітілген Банктер қаражатының бiр бөлігін iшкi активтерге орналастыру тәртібі туралы нұсқаулыққа сәйкес банктер меншiктi және тартылған қаражаттарын есептi ай iшiнде iшкi активтердiң (Қазақстанның резиденттерiне қойылатын ақшалай талаптар және Қазақстан аумағында орналасқан мүлiк) орташа айлық өлшемiнiң төленген жарғылық капиталдың, реттелген борыштың сомасына және iшкi мiндеттемелердiң (Қазақстан резиденттерiнiң алдындағы) орташа айлық өлшемiне арақатынасы кемiнде 1 болатындай етiп орналастыруға мiндеттi. Банктердiң Нұсқаулықтың iшкi активтердi қалыптастыруға талаптарын сақтау мақсаты банктер мен олардың салымшыларының банктердiң халықаралық активтiк операцияларды жүргізуiне байланысты елдiк тәуекелге ұшырауын шектеу болып табылады.
Осылайша, банктердiң, сақтандыру компанияларының, зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметiн реттейтiн қолданылып жүрген заңнамада шетел активтерiне инвестициялаудың көлемi мен тәуекелiн шектейтiн нормалар бар. Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қызметiн реттейтiн қолданылып жүрген заңнамада арнайы мүмкiндiктер айқындалмаған және шетел активтерiне инвестициялардың мөлшерiне қатысты талаптар, пруденциалдық нормативтер белгiленбеген.
Инвестициялық қорларға қатысты - олар инвестицияларды бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары болып табылатын инвестициялық портфельдi басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар арқылы ғана жүзеге асыруға құқылы болады. Әзiрленiп жатқан заңнамаға сәйкес инвестициялық қорлардың инвестициялық декларациясы уәкiлеттi органмен келісілуi тиiс. Сонымен қатар заңда резидент еместердiң бағалы қағаздарына инвестициялау көлемi бойынша шектеулер болуға тиiс. Тиiсiнше басқарушы компаниялардың резидент еместердiң бағалы қағаздарына инвестициялық қорлардың қаражаты есебiнен инвестицияларына қойылатын талаптар валюталық режим толық ырықтандырылғанға дейiн валюталық заңнамада сақталатын болады.
Резиденттердiң шет елге инвестицияларына қатысты валюталық заңнама. Ырықтандырудың бiрiншi кезеңiн iске асыру шеңберiнде мынадай валюталық операциялар лицензиялаудан алынып тасталды:
1. Шетелде, Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымдары (ЭЫДҰ) елдерiнде, сондай-ақ Қазақстанмен инвестицияларды өзара ынталандыру және қорғау туралы келісім жасалған және бекiтілген елдерде еншілес ұйымдар құру (яғни, резидентке акциялардың 50 және одан көп пайызы тиесілі болғанда).
2. "Fitch" және/немесе "Standard & Poor's" агенттіктерiнiң А-дан төмен емес немесе "Moody's Investors Service" агенттiгінiң А2-ден төмен емес рейтингi бар резидент еместердiң бағалы қағаздарын бағалы қағаздар рыногының қазақстандық кәсiби қатысушылары арқылы сатып алу.
Сонымен қатар, халықаралық қаржылық ұйымдар эмиссиялаған бағалы қағаздарға резиденттердiң инвестициялары банктердiң дилерлiк қызметi шеңберiнде де лицензиялауға жатпайды.
5.3.1.2. Валюталық режимдi ырықтандырудың екiншi
кезеңiнiң жағдайында шет елге инвестицияларды
валюталық реттеу мiндеттерi
1. Ұзақ мерзiмдi сипаты бар валюталық операцияларды ынталандыру мақсатында инвестицияларды портфельдiк және тiкелей инвестицияларды реттеу тәсiлдерiн бөлу және тiкелей инвестицияларға қатысты ең жоғары қолайлы режимдi қолдану қажет13.
2. Тiкелей инвестициялаудың iрi мәмiлелерi бойынша және портфельдiк инвестициялар бойынша жеткiлiктi ақпарат базасын қамтамасыз ету.
3. Инвестициялық операциялар бойынша капиталдың әкетілу көлемiне әсер ету құралдарын сақтау тұрғысынан алғанда бiр жағынан және инвестициялық портфельдi түрлендiру және икемдi инвестициялық саясатты жүргізу үшiн инвесторларды ең жоғары мүмкiндiкпен қамтамасыз ету тұрғысынан алғанда, екiншi жағынан, шет елге портфельдiк инвестицияларды валюталық реттеу тетiктерiн жетiлдiру. Осы кезеңде портфельдiк инвестицияларды толық ырықтандыру дұрыс емес. Шет елге инвестициялар жасауға арналған арнайы (банктік, сақтандыру, бағалы қағаздар рыногы туралы) заңнаманың шектеулерi сақталған кезде валюталық заңнаманың жеке инвесторлардың инвестициялары бойынша барлық шектеулерi алынып тасталған жағдайда, iшкi ресурстардың неғұрлым өтiмдi рыноктарға, мысалы Ресей қор рыногына кетуi орын алуы мүмкiн.
4. Валюталық заңнама тарапынан қаржы рыногы субъектілерiнiң мақсатқа сай емес реттеу функцияларын қайталауды жою.
_______________
13Тiкелей инвестициялар халықаралық жiктеуге сәйкес шетелдік заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде айқындалады, соның нәтижесiнде инвесторға дауыс беретін акциялардың (қатысушылар дауысының) 10 және одан көп пайызы тиесiлi болады.
5.3.1.3. Шет елге инвестицияларға қатысты валюталық реттеу
нормаларын ырықтандырудың ұсынылып отырған шаралары
Ырықтандырудың екiншi кезеңiнде қойылған мiндеттердi iске асыру мақсатында мынадай шараларды жүзеге асыру қажет:
1. Барлық қаржылық емес ұйымдардың шет елге тiкелей инвестицияларын лицензиялауды жою. Шет елге тiкелей инвестициялаудың iрi операцияларын жүзеге асыру шарттары туралы нақтыланған ақпаратты алу мақсатында белгiлi бiр шектен асып кеткен тiкелей инвестициялар Ұлттық Банкте тiркелуге жататын болады. Құны шектен асып кеткен жағдайда тiркелуге жататын тiкелей инвестициялар сыртқа шығару үшiн рұқсат етілген қолма-қол шетел валютасының сомасы ескерiле отырып құн шегі 10 мың АҚШ доллары деңгейiнде белгiленедi.
2. Банктер және сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын шет елге инвестицияларды лицензиялауды жою. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың инвестициялары қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес лицензиялаудан алынып тасталған. Екiншi деңгейдегi банктердiң резидент еместердiң акцияларын сатып алуы Ұлттық Банкке хабарлануға жататын болады.
3. Қалған барлық инвесторлар бағалы қағаздар рыногының қазақстандық кәсiби қатысушылары арқылы жүзеге асыратын шет елге портфельдiк инвестицияларға арналған бiржолғы лицензияларды жою.
4. Брокерлiк-дилерлiк қызметтi жүзеге асыратын, инвестициялық портфелiн, оның iшiнде инвестициялық қорлардың, басқарушы ұйымдардың шет елге инвестицияларды жүзеге асыруына қажеттi білiктілiк талаптарын белгiлей отырып операциялық лицензиялар беру жүйесiне өту. Операциялық лицензиялар жүйесiне өтудiң бiржолғы лицензиялар берудiң қолданылып жүрген рәсiмдерiнен айырмашылығы, ол инвесторларға портфельдiң құрылымын неғұрлым ыңғайлы етуге, мерзiмдi мәмілелердi, қосымша шектеулер қоймай ыңғайлы негізде туынды қаржы құралдарымен жасалатын операцияларды пайдалануға мүмкiндiк жасайды. Тәуекелдер жүргiзiлетiн операциялардың көлемiмен шектеледi.
5. Резиденттердiң шетелдiк брокер арқылы, жүзеге асыруы үшiн резиденттiң брокерде шот ашуы тиiс инвестициялары брокерлiк қызмет көрсетуге, атап айтқанда шот бойынша қаражатты есепке алуға және пайдалануға арналған лицензияланатын шартқа қатысты белгiленетiн біліктілiк талаптар арқылы реттеледi.
6. Шет елге инвестицияларды жүзеге асыруға байланысты барлық өзге валюталық операциялар қолданылып жүрген валюта заңнамада белгiленген тәртiппен лицензиялануға жатады, яғни бiр жолғы лицензия алу талабы қолданылады.
Iс-шаралар:
1) брокерлiк-дилерлiк қызметтi және инвестициялық қорлардың инвестициялық портфелiн басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың активтерiнен алынатын, соның шеңберiнде өздерi алған операциялық лицензияларға сәйкес резидент еместердiң бағалы қағаздарымен операцияларды жүзеге асыруға құқылы үлестi бағалау қажет. Бiлiктілiк талаптары резидент еместердiң бағалы қағаздарымен жасалатын операциялардың қазiргi көлемiне қарағанда неғұрлым шектеулi болмауы тиiс;
2) "Инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасының жаңа Заңының жобасы тәуекелдi инвестициялау қорларын құру мүмкiндігін жеке айқындайтын болғандықтан, осы қорлар үшiн резидент еместердiң бағалы қағаздарына инвестициялауға лицензиялар бойынша неғұрлым қолайлы біліктілік талаптарын белгiлеудiң дұрыс екенiн бағалау қажет;