салынып жатқан тұрғын үйлердің уақтылы аяқталуы мен пайдалануға берiлуін, құрылысы аяқталмаған тұрғын үйлердiң тиiмдi құрылысшыларға берілуін қамтамасыз ететiн экономикалық тұтқаларды енгізу көзделедi.
10.2. Индустриялық-инновациялық даму
Шикiзат ресурстарының өндiрiсi мен экспортын қарқынды дамыту ұлттық экономикаға дағдарысты еңсеруге және соңғы үш жылда экономикалық өсудің жоғары қарқындарын қамтамасыз етуге мүмкіндік бердi.
Өнеркәсiп көлемдерiнің өскенiне қарамастан, мынадай проблемалар шешусiз қалып отыр:
шикiзаттық бағытталу, өңдеушi өнеркәсiптің төмен өнiмдiлiгi;
әлемдiк экономикамен елеусiз бірігу;
ел iшіндегi әлсiз салааралық және аймақаралық экономикалық бірiгу iшкi рыноктағы (шағын экономика) тауарлар мен қызметтерге тұтыну сұранысының төмендiгi;
өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның дамымағандығы;
кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық артта қалуы;
ғылымның өндiрiспен пәрмендi байланысының жоқтығы;
ғылыми-зерттеу және тәжiрибелік-конструкторлық жұмыстарға бөлiнетiн шығыстардың төмендiгi;
менеджменттің экономиканың ғаламдастыру процестерi мен сервистiк-технологиялық экономикаға көшуге бейiмделу мiндеттерiне сәйкес еместiгi.
Мақсаттары мен мiндеттерi
Мемлекеттік индустриялық-инновациялық саясатты 2004-2006 жылдары iске асыру Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық даму стратегиясының шеңберінде жүзеге асырылатын болады.
Стратегияның басты мақсаты экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткізу, сол арқылы дамудың шикiзаттық бағытталуынан шеттеу; ұзақ мерзiмдi жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға көшу үшiн жағдайлар даярлау болып табылады.
Өңдеушi өнеркәсiп пен қызметтер саласында бәсекеге қабiлеттi және экспортқа бағдарланған тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi өндiру мемлекеттік индустриялық-инновациялық саясаттың басты мәнi болып табылады.
Аталған мақсатқа қол жеткізу өңдеушi өнеркәсiптің қосылған құнын өнiм өндiру көлемдерiн ұлғайту жолымен ғана емес, сондай-ақ адамдар мен өндiрiлген өнiм капиталын пайдалану тиiмдiлiгiн арттыру есебiнен ұлғайтуға мүмкiндiк бередi. Бұл өнiм өндiру процесi мен халықтың тұрмыс деңгейiн арттыруға оң әсер етедi. Сонымен қатар босайтын еңбек ресурстарын, энергия мен материалдарды жаңа өндiрiстер құруға бағыттауға болады.
Орташа мерзiмдi перспективада шешiлетiн мiндеттер:
өңдеушi өнеркәсiпте 8,4% мөлшерде орташа жылдық өсу қарқындарын қамтамасыз етуге, еңбек өнiмдiлiгiн 2015 жылы 2000 жылмен салыстырғанда кем дегенде 3 есеге арттыруға және ЖIӨ энергия сыйымдылығын 2 есеге азайтуға;
өңдеушi өнеркәсiптің негiзгi қорларының өнімділiгiн арттыруға;
жеке секторды бәсекелi түрде артықшылықты жасауға және жетілдіруге әрi неғұрлым жоғары қосылған құн салығының элементтерiне қарай жылжи отырып, нақты өндiрiстерде қосылған құн тiзбесіндегi элементтердi игеруге ынталандыратын кәсіпкерлiк ахуал, қоғамдық институттардың құрылымы мен мазмұнын құруға;
ғылымды қажет ететiн және жоғары технологиялық экспортқа бағдарланған өндiрiстердi құруды ынталандыруға;
елдің экспорт әлеуетiн қосылған құны жоғары тауарлар мен қызметтердің пайдасына әртараптандыруға;
әлемдiк сапа стандарттарына көшуге;
әлемдік ғылыми-техникалық және инновациялық процестерге қоса отырып, аймақтық экономикаға және әлемдiк шаруашылық жүйеге бірігудi ұлғайтуға бағытталады.
Индустриялық-инновациялық саясаттың басымдықтары барлық әлеуеттi түрде бәсекеге қабiлеттi, оның ішiнде экспортқа бағытталған, шикізаттық емес бағытты экономика салаларында iске асырылатын өндiрiстер болып табылады. Ұзақ мерзiмдi стратегиялық мiндеттердi шешу мақсатында ғылымды қажет ететiн және жоғары технологиялық өндiрiстердi дамыту үшiн жағдайлар жасауға баса назар аударылатын болады.
Осы тәсіл экономиканың әр түрлі салаларының кәсіпкерлері үшін жұмыс жасап тұрған өндiрiстердi техникалық және ұйымдастырушылық жетілдіруге және экспортқа бағдарланған жаңа өнiм түрлерiн шығару жолында кедергi жасамайды.
Қойылған мақсаттарға қол жеткізу және мiндеттердi шешу жолдары
Стратегияны бірiншi кезеңiнде инновациялық және кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға кедергi жасайтын тосқауылдар анықталды және оларды шешу бойынша шаралар қабылданды, сондай-ақ кәсiпкерлiк қызметке ынталандырушы шаралардың кешенi айқындалды.
Стратегияны табысты iске асыру мақсатында қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, жаңа заңдар әзiрлеу, мемлекеттiң инвестициялық және инновациялық жобаларға қатысуын қамтамасыз ететiн мемлекеттік институттар құру, қосылған құндар тiзбесiне талдау жүргiзу жөніндегі мамандарды даярлау, мемлекеттiң қатысуымен iске асырылатын тиiмдi жобаларды айқындау жорамалданып отыр.
Мемлекеттiң Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын iске асыруға қатысуы құрылатын және жетілдiрiлетiн даму институттары арқылы қамтамасыз етiлетiн болады.
Стратегияда айқындалған мақсаттарға қол жеткізу үшiн мемлекеттік даму институттары, атап айтқанда: Қазақстан инвестициялық қоры, Қазақстан Даму банкi, Ұлттық инновациялық қор, экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі Мемлекеттік сақтандыру корпорациясы құрылды. Экономика салаларына талдау жүргiзу үшiн Маркетинг-талдау зерттеулерi орталығы құрылды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры, өз активтерiмен әлемдiк қор рыноктарындағы өтімдiлiгi жоғары қаржы институттарын инвестициялайтын болады.
Құрылған Қазақстан инвестициялық қоры кәсiпорындардың тауарлары мен қызметтердi шығару жұмыс жасап тұрған өндiрiстердi кеңейту, қайта жаңарту және техникалық қайта жарақтандыруға, сондай-ақ жаңа өндiрiстердi құруға бағытталған инвестициялық жобаларын қаржыландыратын болады. Инвестициялық қордың мiндеттерi:
материалдар шикiзатына тереңдетiп қайта өңдеу жүргiзетiн, қазiргi заманғы және озық технологияларды пайдалана отырып, тиiмдi және паналы өнiмдер шығаратын, сондай-ақ перспективалы өнеркәсiп кәсiпорындарына өндiрiстiк қызметтер көрсететiн жаңадан құрылған, сондай-ақ жұмыс жасап тұрған кәсіпорындардың жарғылық капиталына инвестицияларды жүзеге асыру;
инвестициялардың көлемiн кеңейту жолымен Қазақстан Республикасындағы корпоративтi бағалы қағаздардың рыногын дамытуды ынталандыру, сондай-ақ қор рыногының қазiргi заманғы құралдарын қолдану үшiн жағдайлар жасау;
әлеуеттi инвесторлар үшiн қордың жарғылық капиталға қатысуы есебiнен кәсiпорындар мен осы кәсiпорындарды басқару тартымдылығын арттыру;
отандық және шетелдiк кәсiпорындар арасындағы өндiрiстiк кооперацияны қамтамасыз ету мен толықтырушы, аралас өндiрiстердi дамыту үшiн шетелдiк инвестицияларды жүзеге асыру;
қазақстандық кәсiпорындардың шетелдегi инвестициялық белсендiлiгiн арттыруға жәрдемдесу;
халықаралық тәжiрибе мен стандарттарды қолдану негiзінде инвестициялық портфельдердi басқарудың озық практикасын жасау;
қордың инвестициялық жобаларына қатысу үшiн менеджерлердi даярлау болып табылады.
Даму банкi қазақстандық экономиканың шикiзаттық емес салаларында iске асырылатын, негiзiнен жұмыс жасап тұрған кәсiпорындарды кеңейту және техникалық қайта жарақтандыру жөніндегі инвестициялық жобаларын іске асыруға кредит беретiн болады.
Ұлттық инвестициялық қор өндiрiс тиімділігін арттыруға және тауарлар мен қызметтердің жаңа түрлерiн шығаруға жәрдемдесетiн инновацияларды коммерциялауға қатысатын болады.
Экспортты сақтандыру жөніндегі компанияның негiзгi міндетi экспорттық келісім-шарттар мен инвестицияларды сақтандыру және қайта сақтандыру жолымен қазақстандық өндiрушiлердің тауарлары мен қызметтерiн экспорттауға тiкелей жәрдемдесу болып табылады. Тиімдi жұмыс жасау үшiн Экспортты сақтандыру жөніндегі компания қазақстандық өнiмдердің экспортын дамыту үшiн маркетингiлiк зерттеулер, әлеуеттi сату рыноктары туралы ақпаратты зерделеу мен оны кейiннен таратуды жүргiзетiн болады. Бұл құрал әлемде кеңiнен танымал әрi қаржылық және әкiмшiлiк көзқарас тұрғысында экспорттық транзакцияларды жеңiлдетуге жол ашады.
Осы кезеңде капитал мен құруы жорамаланып отырған қорларды құру, Даму Банкінің жарғылық капиталын ұлғайту, жобаларды инвестициялаудың мемлекеттік жүйесiн елеулi түрде жетілдіру қажет.
Тұтастай алғанда, даму институттары тұрақты жұмыс жасауы орталықсыздандыру, мамандандыру, ішкі және сыртқы бәсеке қағидаттарына негiзделетiн жүйенi қалыптастыруға тиiс.
Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын iске асырудың бастапқы iс-шарасы осы бағдарламаны абыройлы iске асыруды қамтамасыз етуге қабiлеттi басқарушы, инженер, техникалық және ең бастысы, жұмысшы кадрларды мақсатты даярлау болуға тиiс.
10.2.1. Химия және мұнай химиясы өнеркәсiбi
2003-2006 жылдары өндiрiстердi тұрақтандыру мен дамыту есебiнен фосфор мен оның туындыларын шығару ұлғаяды.
Минералдық тыңайтқыштар мен өсiмдiктердi қорғаудың агрохимиялық заттарын сатып алуға мемлекеттік кепілдiк минералдық тыңайтқыштар мен өсімдiктердi қорғау құралдарын өндiру перспективаларын оң бағалауға мүмкiндiк бередi.
Қазақстанның минералдық тыңайтқыштарды қажет етуi жылына 2-2,5 млн. тоннаны құрайды. Жұмыс жасап тұрған қуаттардың ("Қазфосфат" ЖШС, "ҚазСабтон" ЖАҚ, Химкешен, Ақтау қ.) қызметiн тұрақтандыру есебiнен 2006 жылы 530-550 мың тонна азот және фосфор тыңайтқыштарын өндiру жоспарлануда.
Мұнай-химия кәсiпорындары үшiн отандық шикiзат базасын жасау проблемасын шешу қажет.
Республиканың жұмыс жасап тұрған мұнай-химия кәсіпорындары үшiн шикiзат ресурстарының отандық базасын жасау проблемасын шешу қажет.
Табиғи газдың сұйық компоненттерiн тереңдетiп фракциялау жөніндегі қазiргi заманғы және тиімдi технологиялар мен қондырғыларды пайдалану негiзінде бірнеше инвестициялық жобаларды iске асыру көзделдi.
Осы жобаларды iске асыру бастапқы мұнай химиясы өнiмдерiн, ал олардың негiзінде кейiннен тауарлардың кең ассортименттерiн шығару бойынша өндiрiстер құра отырып, пластикалық массалар мен икемдi өлшеуiштер (полиэтилен, полистирол, поливинилхлорид, синтетикалық талшықтар, синтетикалық каучуктер) алуға мүмкiндiк бередi.
Құрылыс инвестициялық қаражат есебiнен, сондай-ақ отандық ресурстық, өндiрiстiк және ғылыми-техникалық бастама пайдаланыла отырып, басты дәрежеде жоғары технологиялар трансфертi есебiнен жүзеге асырылатын болады.
Құрылыс орнын таңдау - көмiрсутек шикiзатын игеру инфрақұрылымының жанында өндiруге арналған шығындарды төмендетуге мүмкіндік береді.
Шикiзат ресурстары ретiнде Теңiз, болашақта Қарашығанақ және Құмкөл кен орындары газдарының бөлiгiн жоғарыда аталған кен орындары базасында мұнай химиясы өндiрiсiн дамытудың мынадай нұсқаларына пайдалану көзделiп отыр:
1. Ақсай қаласында Қарашығанақ газхимкешенiн салу 2003-2005 жылдарға инвестициялық қаржыландыру көлемімен 1,2 млрд. теңге. Кешен 200 мың тоннаға дейiн сұйық құрауыштар - этан, пропан, бутан, гексан және 10 млрд. куб. м дейiн құрғақ газ алуға мүмкiндiк бередi. Жобаны iске асыру 2010 жылға қарсы синтетикалық каучуктардың 5 түрiн шығаруды ретке келтiруге мүмкiндiк бередi.
2. Өнеркәсiптiк аймақта 2004-2007 жылдары қазiргi заманғы және тиiмдi технологияларды енгiзе отырып:
табиғи газдың сұйық құрауыштарын (этан, пропан, бутан, гексан) терең фракциялау жөніндегі;
бастапқы мұнай химиясы өнiмдерiн және олардың негiзiнде пластикалық массалар мен икемдi өлшеуiштер (полиэтилен, полистирол, поливинилхлорид, синтетикалық каучуктер мен талшықтар (полиамидтiк және полипропилендiк) алу жөніндегі;
iлеспе мұнай газынан бензол алуды орнату жөніндегі Қарашығанақ мұнай химиясы кен орнының құрылысын салу.
Кешен жылына сұйық газды 800 мың тонна, 30 млрд. текше м. құрғақ газды немесе 100 мың тоннаны алуға мүмкiндiк бередi.
Құрылыс құны - 1,0 млрд. доллар.
3. Отандық және шетел кәсiпорындарында пластмассалардың әртүрлi маркаларын ала отырып, кейiннен өңдеу үшiн жаңа құрылатын "КРИП" зауытында кейiннен этилен мен пропиленге қайта өңдеп, 500,0 мың тонна этанды өндiру жөніндегі объектiлер кешенінің құрылысын салу.
Осылайша, мұнай және газ химиясы кешендерiн салу және пайдаланымға қосу, сондай-ақ қолданыстағы мұнай және газ өңдеу зауыттарын жаңғырту және технологиялық жағынан жаңарту:
- жоғары қосылған құны бар мұнай химиясы өнiмдерiнiң рыногын құру туралы айту мүмкiндiгiн беретiн көмiрсутек шикiзатын терең және кешендi өңдеу жөніндегі құрылымдарды қалыптастыруды бастауға;
- Қазақстан экономикасының мұнай бен газға әлемдiк баға жағдаятынан тәуелдiлiгiн азайтуға, Орта Азиялық және iшкi рынокты қазақстанда өндiрiлген мұнай химиясы өнiмдерiмен толтыруды қамтамасыз етуге;
- көмiрсутек шикiзатын терең өңдеу жөніндегі қолданыстағы технологиялар мен өндiрiстер құрғанға және жоғары қосылған құны бар тауарлық мұнай химиясы өнiмдерiн шығарғанға дейiн қызметi мұнай мен газдыөндiруден және тазалаудан жүзеге асырылатын сатылас-біріктiрiлген кешендердi Қазақстан Республикасында қалыптастыру үшiн негiз құруға мүмкiндiк бередi.
10.2.2. Жеңiл өнеркәсiп
Жеңiл өнеркәсiпте тоқыма және былғары өнеркәсiбi салаларын дамыту басымды бағыт болып табылады, олар жеңіл өнеркәсiптің кейiннен отандық шикiзатқа - иiрiм жіппен, матамен, былғары тауарлармен қайта жасауды қамтамасыз етедi. Мақта-мата және жүн жiп, трикотаж жайма, дайын мақта-мата, жүн және синтетикалық кездемелер, киiмдер және аяқкиiмдер түріндегі шала фабрикат шығару басымды болып табылады.
Синтетикалық және жасанды жiптерден жасалатын кездемелердің сапасы жақсарды, осылайша Шығыс Қазақстан облысында жергiлiктi өндiрушiлердің тауарлар көрме-конкурсында үздiктер қатарында "Текстиль-Восток" AAҚ кездемелерінің ассортименттерi болды.
"Алматыкiлем" АҚ тұрмыс рыногын кеңейту үшiн кiлем және кiлем бұйымдарын шығару бойынша белсенді шаралар қабылдайды, айналым қаражатына кредит беру бойынша қазақстан банктерiмен жұмыс реттелдi, импорт өнiмдерiн берушi кәсiпорындар iрiктелдi, жүн шикiзатын дайындау және беру жүйесi ұйымдастырылды.
2004-2006 жылдардың орта мерзiмдi кезеңдерiнде жеңiл өнеркәсіп өнiмдерi көлемдерiнің өсiмi Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму стратегиясының шеңберiнде шикiзаттық тоқыма саласын дамытуға инвестициялар тарту, өндiрiске жоғары технологиялар енгізу үшiн қолайлы жағдайлар жасау саясатын жалғастыру есебiнен күтіледi.
10.2.3. Ағаш өңдеу және жиhаз өнеркәсiбi
Ағаш өңдеу және жиhаз өнеркәсiбiнде аса басымды бағыт орман, ағаш өңдеу және жиhаз өндiрiсiн қамтитын технологиялық өзара байланысты өндiрiстердi кешендi қалпына келтiру және дамыту болып табылады.
Ағаш өңдеу өнеркәсiбінде - ағаш дайындау, кесiлмелi материалдар, тақта материалдарын, құрылыс және ағаш бұйымдарын өндiру, жиhаз үшiн ағаштан дайындау.
Жиhаз өнеркәсiбiнде - сапасы және бағасы бойынша бәсекелестi жиhаздардың кең ассортиментiн шығару.
Қағаз, картон және басылым iсi өнiмдерiн шығаруда қағаз және картон өндiру басымды болып табылады.
Аталған міндеттердi iске асырудың негiзгi жолдары:
нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру жолымен отандық кәсiпорындар үшiн бәсекелестiк ортаны жақсарту;
тұрмыстық рынокты кеңейту болады.
10.2.4. Машина жасау
2004-2006 жылдардағы кезеңде машина жасау саласын дамытудың басым бағыттары мұнайгаз, тау-кен металлургиялық, ауыл шаруашылық және көлiктiк машина жасаудың өсуiне негiзделетiн болады.
2004 жылы мұнайгаз және ауыл шаруашылығы басым бағыттарын ескере отырып, машина жасау саласын қолдау және дамыту шараларын айқындайтын 2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Машина жасау кешенiн дамыту бағдарламасы әзiрленетiн болады.
Осы кезеңде өндiрiстің өсу факторлары:
Каспий теңiзiнің Қазақстандық секторын игеру үшiн мұнай өндiрiсi мен геологиялық қадағалау өндiруге және жөндеуге сұранысты көбейту;
көлiк құралдары рыногының нақты мұқтаждарына бағдарланған кәсiпорын құру жолымен өнімдердің жаңа түрлерiн игеруге тапсырыстардың өсуi;
аграрлық сектор кәсiпорындарында ауылшаруашылық техникасына сұраныстың өсуі;
"Агромашхолдинг" ААҚ ("Қостанайдизель" ААҚ мен "Сибмашхолдинг" ААҚ қатысуымен) мемлекетаралық холдингiн құру есебiнен дизельдiк қозғалтқыштарды iске асыру географиясын кеңейту;
жабдықтарға және материалдарға металлургиялық кәсiпорындардан тапсырыстардың өсуi болады (машина жасау холдингтерiн жасау тауарлардың сапасын арттыруға, өндiрiстi оңтайландыруға және шығындарды азайтуға мүмкiндiк бередi).
10.2.5. Құрылыс материалдарының өнеркәсiбi
Құрылыс материалдары өнеркәсіптерiнің негiзгi мiндетi iшкi рынокта ұқсас импорттық өнiмдi ығыстырып шыға алатын және әлемдік рынокта бәсекелестік қабілетi болатын жоғары сапалы құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкциялар шығаруды ұйымдастыру болып табылады.
Мұнайгаз өнеркәсiбінің даму қарқынын ескере отырып, 2004-2006 жылдары цемент, құрғақ құрылыс қоспаларын, табақты шыны, полимерлiк құбыр бұйымдарын, қаптағыш және тесiк керамикалық кірпiш, жоғары тиiмдi жылу және гидрооқшаулағыш материалдар шығару жөніндегі өндiрiстердi орналастыру жолымен Қазақстанның Батыс өңiрлерде құрылыс индустриясының базасын, сондай-ақ әртүрлi мақсаттағы металдық конструкцияларды жинау және монтаждау бойынша қуаттылықтарды дамыту қажет.
Құрылыс материалдары өнеркәсiбiн дамытудың басым бағыттары ғылымды қажет ететiн автоматтандырылған технологиялар негізінде құрылысматериалдарын өндiрудi дамыту болып табылады, олар:
керамикалық кiрпiштер, қабырға бұйымдарын және бетон блоктарын өндiру;
пластикалық шыны, полимерлiк құбыр және бұйымдар өндiру;
керамикадан жасалатын сантехникалық бұйымдар өндiру;
конструктивтік, оның ішінде отқа төзімдi бұйымдар өндiру;
минералдық мақта негiзiнде тиімдi жылытқыштар өндiру;
жаңа ұрпақтың шатыр және оқшаулау материалдарын өндiру;
жеңiл құрылыс конструкцияларын өндiру; құрғақ құрылыс қоспалары мен әрлеу материалдарын өндіру.
Қойылған мiндеттердi шешу үшiн жаңа экспортқа бағдарланған құрылыс материалдары өндiрiсiн әзiрлеудi және игерудi инновациялық қолдау ұйғарылып отыр.
Болжамдалып отырған нәтижелер
Өнеркәсiптiк өндiрiстің ортажылдық өсiмi 2004-2006 жылдары 9%-ды, оның iшiнде өңдеу өнеркәсiбiнде - 6%-ды құрайды.
10.3. Агроазық-түлiк саясаты
Мiндеттерi мен мақсаттары
2004-2006 жылдарға арналған мемлекеттік агроазық-түлiк саясатының негiзгi мақсаты агроөнеркәсiптiк кешеннің тиiмдi жүйесiн қалыптастыру және бәсекелестiк қабiлеттi өнімдер өндiру. Оған қол жеткізу үшiн мынадай міндеттердi шешу көзделiп отыр.
Бірiншi. Халықтың барынша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету, әрбір отбасының табысын арттыру үшiн жағдайларын жақсарту, халықтың сұранысын толық қанағаттандыру үшiн ауыл шаруашылығы өнімдерi мен кең ассортименттi жоғары сапалы азық-түлiк тауарларын жеткiлiктi өндiру жолымен елдiң әрбір тұрғынын белгіленген тұтыну стандарттарынан төмен емес деңгейде тамақтану мүмкіндігін қамтамасыз ету.
Екiншi. Агробизнестің тиiмдi және бәсекелестiк қабiлетi бар жүйесiн қалыптастыру.
Осы мiндеттердi iске асыру мақсатында:
ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлердi рыноктық айналымға тарту үшiн заңнамалық және экономикалық жағдайлар жасау;
ауыл шаруашылық су пайдалануда экономикалық қатынастарды реттеу;
өндiрiске аграрлық ғылымның соңғы жетiстiктерiн жедел енгізуге жәрдемдесу;
жануарлар мен өсiмдiктердiң генетикалық әлеуетiн тұрақты арттырып отыру үшiн жағдайлар жасау;
өсiрiлген өнiмдердi өндiру, қайта өңдеу, өткізу мәселелерiн бірлесіп шешу мақсатында ауыл шаруашылық тауар өндiрушілерiне ассоциациялар мен кооперативтерге бірлесуге ықпал ету жоспарланып отыр.
Үшiншi. Өндiрiс тұрақтылығының басты шарты және оның өнiмiне баға деңгейiн ұстап тұрудың қолайлы тетiгi болып табылатын өндiрiс пен өткізу балансына қол жеткізу мақсатында ауыл шаруашылық өнiмдерi мен оның қайта өңделген өнiмдерiн сату көлемін арттыру үшiн қажеттi жағдайлар жасау.
Төртiншi. Агроөнеркәсiптiк кешеннiң бәсекелестiк қабiлетi бар экспортқа бағдарланған салаларын дамытуға бағытталған экономиканың аграрлық секторын ұтымды мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету.
Қойылған мақсаттарға қол жеткізу және мiндеттердi шешу жолдары
Алдағы кезеңде өсiмдiк шаруашылығы саласында егiншiлiк және өңiрлiк мамандандыру жүргiзудің ғылыми-негiзделген принциптерiн ескере отырып, егiн егу алаңдары құрылымына түзетулер енгізу қажет.
Егiн егу алаңдарының құрылымын оңтайландыру тұқым шаруашылығы жүйесiн қайта құрумен бекуi тиiс.
Мал дәрiгерлiгiнде негiзгi бағдар барлық мал басын алдын-алу диагностикалық зерттеулермен барынша қамту үшін зертханалық диагностика бойынша жұмыстардың көлемiн кеңейтуге жасалатын болады.
Өсiмдiктердi қорғау мен олардың карантинi саласында фитосанитарияға қарай назар өсiмдiктер ауруларына және карантиндiк орданы оқшауландырылуын және жойылуын бақылауды нығайтуға аударылатын болады. Осыған байланысты мал дәрiгерлік, фитосанитариялық және карантиндiк зертханалардың материалдық-техникалық базасын нығайту жөніндегі шаралар кешенi жүргiзiледi, фитосанитариялық диагностиканың республикалық әдiстемелiк орталығы және республикалық интродукциялық-карантиндiк дәндi-дақыл мөлтегі құрылды.
Егiншілiктi ынталандыру жөніндегі шаралар қабылданатын болады. Осы мақсаттарға республикалық бюджеттен алынатын қаражат көлемi 2006 жылға қарсы 2,6 есе артады. Минералдық тыңайтқыштарды субсидиялау көлемдерi 3 есеге, көктемгi егiс және жинау жұмыстарын жүргiзуге жергiлiктi бюджеттерге кредит беру көлемдерi - 1,7 есеге өседi.
Алдағы шараларға байланысты жер жағдайына бақылауды нығайтуды агрохимиялық қызметтiң ғылыми-әдiстемелік орталығы ұйымдастырады.
2003 жылдан бастап су мелиорациясында мемлекеттік меншіктегі шаруашылық аралық арналар мен су мелиорациялық үй-жайлар апаттық участкелерiн қалпына келтiру жөніндегі бюджеттік бағдарлама, сондай-ақ ауыл шаруашылығының су пайдаланушыларына белгiленген тарифтердің 40,%-ына дейiнгi мөлшерде ағын суын беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау бойынша бюджеттік бағдарлама iске асырылады.
Астық өндiру салаларын мемлекеттік реттеу шаралары елеулi түрде нығайтылатын болады, өйткенi астық басты экспорттық өнiм болып табылады. Болжамдық деректерге қарай мемлекет жыл басында өзінің астық рыногында қатысу өлшемдерi туралы хабарлайтын болады. Атап айтқанда сатып алынатын баға деңгейi сапасына қарай сараланатын болады. Мемлекеттік резервтi жаңартуға арналған бюджет қаражаты есебiнен мемлекеттік сатып алу көлемдерi өзгермейдi және шамамен 450-500 мың тоннаны құрайды. Кредиттiк және қарыз қаражаты есебiнен коммерциялық сатып алу көлемдерi астық рыногындағы жағдайларға және күтілетiн болжамдық деректерге қарай анықталады.
Бірегей тұқымдарды өндiрудің құнын субсидиялау және ауыл шаруашылығы дақылдарының элиталық тұқымдарын отандық ауыл шаруашылық тауар өндiрушілерi iске асыру арқылы тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға бағытталған қаражаттар 9% ұлғаюда.
Сондай-ақ нарықтық айналымға астық қолқасын неғұрлым кеңінен тарту, оларды өтей алмау тәуекелiн болдырмау және оларды құнды қағаздар ретінде қамтамасыз ету мақсатында астық қолқасын пайдаланудың кепілдендiрiлген қоры құрылды.
Ауыл шаруашылығының машина жасау жүйесiнде өндiрiстi ауыл шаруашылығы техникасы мен қосалқы бөлшектерiн ынталандырудың жеткіліктi қомақты шаралары қабылданатын болады.
2004 жылы ауыл шаруашылығында ауыл шаруашылық техникасын лизингтеудi және ауыл шаруашылығы өндiрiсiн 22% техникалық көмек көрсету жөніндегi инфрақұрылымды бюджеттік қаржыландыру көлемiн ұлғайту күтілуде.
Атап айтқанда, мемлекеттік МТС және сервис-орталықтарының жерлерiн құру бағдарламасын кеңейту жоспарлануда. Осы мақсаттарға алдағы кезеңде 4,8 млрд. теңге бөлу көзделіп отыр.
Мемлекеттік қолдауды аса талап ететiн аграрлық өнеркәсiп кешендерi салаларының арасында ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу маңызды орын алып отыр. Республиканың қайта өңдеу өнеркәсiптерi моральдық артта қалған тозған материалдық-технологиялық базасының бар екенiн ескере отырып, 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасында қайта өңдеу кәсiпорындарын мемлекеттік қолдау жөніндегі бірқатар шаралар көзделген, оның ішінде: