1) есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды мал дәрiгерлiкте, сондай-ақ жануарларды аулау үшiн пайдалану шарттары мен тәртібінің сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
2) мал дәрiгерлiк және жануарларды аулау үшiн есiрткi құралдарына, психотроптық заттарға және прекурсорларға қажеттілік нормаларын белгiлейдi және заңнамада белгiленген тәртiпте бекіту үшiн Агенттiкке ұсынады;
3) өсiмдiктердегi есiрткi компоненттерiнiң деңгейiн жоғарылатуға бағытталған селекциялық жұмыстарды болдырмау мақсатында тұқым өсiру саласында бақылауды жүзеге асырады;
4) есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды пайдалану туралы статистикалық есептердi белгiленген мерзiмдерде Агенттiкке табыс етедi;
5) жабайы өсетін зығыр мен құрамында есiрткiсi бар басқа да өсiмдiктердiң таралуын оқшаулау мен шектеу жөнiнде iс-шараларды жүргiзуге бақылауды жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 03.03.04 ж. № 261 қаулысымен 17-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
17. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі:
1) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымы саласында сот-сараптама мекемелерi жүргiзетiн ғылыми-зерттеу жұмыстарына басшылық етедi;
2) есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын, олардың заңсыз айналымын және оларды терiс пайдалануға қарсы iс-қимылды реттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдерге құқықтық сараптаманы жүзеге асырады;
3) алынып тасталды
4) Қазақстан Республикасы Yкіметінiң есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын бақылау саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдерiне Қазақстан Республикасы Президентi мен Yкіметінiң тапсырмасы бойынша ресми түсiндiрме берудi жүзеге асырады;
5) сот-сараптама қызметiн ұйымдастырады және есiрткi құралдарына, психотроптық заттарға және прекурсорларға сот сараптамасы мемлекеттік органдарының сараптамалар жүргiзуiне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
6) мемлекеттік тiркеу саласында заңды тұлғаларды тiркеудi және есiрткi құралдарына, психотроптық заттарға және прекурсорларға байланысты қызметпен айналысатын заңды тұлғаларды есепке алуды заңды тұлғаларды бірыңғай мемлекеттік тiркелiм құрамында жүргiзудi жүзеге асырады.
18. Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi:
1) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы заңсыз айналымының жолын кесудi қамтамасыз етедi;
2) Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар бар тауарларға қатысты кеден ережелерi мен салық заңнамасының бұзылуын анықтайды;
3) есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы туралы мәлiметтерге қатысты бөлiгiнде Қазақстан Республикасының сыртқы сауда кеден статистикасын және арнайы кеден статистикасын жүргiзедi;
4) кеден органдарының жедел-iздестiру қызметiн жүргiзуi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы кеден органдары кинологиялық қызметi үшiн есiрткi құралдарына, психотроптық заттарға және прекурсорларға қажеттiк нормаларын белгiлейдi және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте бекіту үшiн оларды ұсынады.
19. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Көлiктiк бақылау комитетi:
Қазақстан Республикасының аумағында заңды және жеке тұлғалардың темір жол, автомобиль, су көлiгi және байланыс құралдарының жұмыс iстеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады және есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын реттеу бөлiгiнде олардың заңсыз айналымына және оларды терiс пайдалануға жол бермеу жөнiнде өз құзыретi шегiнде шаралар қабылдайды.
ҚР Үкіметінiң 23.05.01 ж. № 695 қаулысымен 20-тармақ өзгертілді
20. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі:
1) дәрi-дәрмек құралдары, оның iшiнде құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар бар құралдар айналымының тәртібін белгiлейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлейдi;
2) Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн және Қазақстан Республикасы аумағына әкелiнетiн, оның iшiнде құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар бар дәрi-дәрмек құралдарының сапасына, тиiмдiлiгiне, қауiпсiздiгiне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
3) дәрi-дәрмек құралдарын мемлекеттік тiркеудi жүзеге асырады, дәрi-дәрмек құралдарының, оның iшiнде құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар бар дәрi-дәрмек құралдарының Мемлекеттік тiзiлiмiн жүргiзедi;
4) медициналық мекемелердегi есiрткi дәрi-дәрмек құралдарын тұтынудың тiзбесi мен нормаларын белгілейдi және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте бекіту үшiн оларды Агенттiкке ұсынады;
5) есiрткi дәрi-дәрмек құралдарының медициналық мекемелердегi қозғалысының тәртібін белгiлейдi және есепке алуды жүзеге асырады;
6) есiрткi құралдарын терiс пайдаланатын адамдарды куәландыруға байланысты алдын алу, сауықтыру және бастапқы iс-қимылдарды жүзеге асыру саласында медициналық мекемелердiң қызметiн ұйымдастыруды және оларға басшылық етудi жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының Iшкі iстер министрлігімен жоғарыда аталған мәселелер бойынша өзара iс-қимыл жасайды.
7) денсаулық сақтау жүйесіндегі есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына байланысты: тасымалдау, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою қызметі түрлерін лицензиялауды жүзеге асырады.
21. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар:
1) нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң аймақтық бағдарламаларын әзiрлеудi, бекітудi және iске асыруды жүзеге асырады, аталған бағдарламаларды жергiлiктi бюджет қаражатынан iске асыруға қажеттi қаржыландыруды, сондай-ақ есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы, олардың заңсыз айналымы және оларды терiс пайдалануға қарсы iс-қимыл саласында инвестициялар, техникалық және өзге де көмек тартуды жүзеге асырады;
2) нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөніндегі аймақтық комиссиялар құрады, олардың қызметiн ұйымдастырады;
3) есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын жергiлiктi мемлекеттік органдардың өзара iс-қимылын өз құзыретi шегiнде үйлестiрудi және ұйымдастыруды жүзеге асырады.
4. Есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың
айналымы саласындағы қызметтi лицензиялау
ҚР Үкіметінiң 23.05.01 ж. № 695 қаулысымен 22-тармақ өзгертілді
22. Жалпы ережелер:
1) лицензиялау ережелерi Тiзiмнiң кестелерiне енгiзiлген есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына байланысты қызметтi лицензиялау нысанында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібін белгiлейдi;
2) лицензиялауға есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы қызметтiң барлық түрi (бұдан әрi есiрткi құралдары айналымы саласындағы қызмет):
құрамында есiрткiсi бар өсiмдiктердi өсiру, жинау және дайындау;
жаңа есiрткi құралдары мен психотроптық заттарды әзiрлеу;
есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды өндiру және ұқсату;
есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды әкелу мен әкету;
есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорларды тасымалдау, жөнелту;
есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды сатып алу және сақтау;
есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды бөлу;
есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды сату (көтерме және бөлшек);
есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды ғылыми және оқу мақсаттарында пайдалану;
есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды жою жатады.
3) есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды Қазақстан Республикасының әдiлет және денсаулық сақтау органдары сараптау бөлiмшелерiнде сараптамалар жүргiзу, сондай-ақ iшкi iстер және ұлттық қауiпсiздiк органдары жедел-криминалистiк тергеу бөлiмшелерiнiң криминалистiк зерттеулер жүргiзу үшiн, жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдарда жедел-iздестiру қызметiн жүргiзу кезiнде, сондай-ақ олардың заңсыз айналымына қарсы күрестi жүзеге асыратын қызметкерлердiң және жеке құрамның арнайы даярлығы және қызмет иттерiн үйрету үшiн пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялаусыз жүргiзiледi. Пайдаланған есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды есепке алу нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ ведомстволық нұсқаулықтарға сәйкес жүзеге асырылады;
4) лицензиат есiрткi құралдарына, психотроптық заттарға және прекурсорларға байланысты жоғарыда аталған қызмет түрлерiнiң iшiнен бірнешеуiмен айналысуға лицензия алу үшiн өтiнiш жасаған жағдайда лицензиар есiрткi құралдарына немесе психотроптық заттарға немесе прекурсорларға қатысты қызметтiң нақты түрлерiн көрсете отырып, тиiстi лицензия бередi;
5) денсаулық сақтау жүйесіндегі есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына байланысты: тасымалдау, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою қызметі түрлерінен басқа есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы қызметтi лицензиялауды уәкiлеттi мемлекеттік органдармен олардың құзыретi шегiнде келісімге отырып Агенттiк жүргiзедi;
6) қызметтiң мәлiмделген түрiн орындауға жауап беретiн біліктілік талаптарына лицензия алғаннан кейiн лицензиялау субъектiсi есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласында қызметтi жүзеге асыру құқығына ие болады.
7) есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына байланысты қызметпен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның мөлшерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте белгiленедi;
8) лицензия талаптарын лицензиаттардың орындауын бақылауды лицензиар жүзеге асырады;
9) есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласында қызметтi лицензиясыз жүзеге асыру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауаптылыққа әкеп соқтырады.
23. Лицензия алу үшiн лицензиат мынадай құжаттарды табыс етедi:
1) белгiленген үлгiдегi өтiнiшi;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктiң нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
3) құрылтай құжаттарының нотариалдық куәландырған көшiрмелерi;
4) егер қызметтiң негiзгi түрi (фармацевтiк, ғылыми-зерттеу, оқу және т.б.) лицензияланатын болса, оған лицензияның көшiрмесi;
5) есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы объектiлер мен үй-жайларды пайдалануға iшкi iстердiң рұқсат беру жүйесi аумақтық органының рұқсаты;
6) өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiне байланысты есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды алуға рұқсаты болатын қызметкерлердiң тиiсiнше тексерiлгенi туралы iшкi iстер органдарының қорытындысы (2-қосымша);
7) наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлердiң нашақорлық, уытқұмарлық, созылмалы маскүнемдiк ауыруы жоқтығы туралы, сондай-ақ олардың iшiнде кәсiби қызметтiң жекелеген түрлерiн және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiпте жоғары қауiп көзiне байланысты қызметтi орындауға жарамсыз деп танылған адамдардың жоқтығы туралы қорытынды (3-қосымша);
8) лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат.
24. Лицензиат құжаттарда ұсынылып отырған ақпараттың дұрыстығына, толықтығы мен уақытылылығына (анықтығына) заңнамада белгiленген тәртiпте жауапты болады.
25. Өтiнiш пен оған қоса берiлiп отырған құжаттарды лицензиар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген мерзiмдерде қарайды.
26. Лицензия бір данада берiледi. Лицензияны жоғалтқан ретте, лицензиаттың төлнұсқа алуға құқығы болады. Лицензиар он күн iшiнде лицензиаттың жазбаша өтiнiшi бойынша лицензияның төлнұсқасын бередi. Бұл ретте лицензиат Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген толық көлемде лицензиялық алым төлейдi.
27. Лицензия бөлiнбейдi және лицензиаттың басқа заңды тұлғаға беруiне болмайды.
28. Қызметтi тоқтатқан жағдайда лицензиат 10 күндiк мерзiмде бұл туралы лицензиарға хабарлауға және лицензияны тапсыруға мiндеттi.
29. Өзінің мекен-жайы өзгерген жағдайда лицензиат 10 күндік мерзiмде бұл туралы лицензиарға хабарлауға мiндетті.
30. Есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы қызметке лицензия, Заңның 19, 20-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда бес жылға дейінгі мерзiмге берiледi.
31. Лицензия беруден мынадай себептер бойынша бас тартылуы мүмкін:
1) егер субъектiлердiң осы санаты үшiн қызметтiң белгiлi бір түрлерiн жүзеге асыруға заң кесiмдерiнде тыйым салынған болса;
2) осы Ереженiң 23-тармағында аталған құжаттар жинағы табыс етiлмеген болса;
3) лицензиялық алым енгiзiлмеген болса;
4) өтiнiш берушiге қатысты оған қызметтiң осы түрiмен айналысуға тыйым салған сот шешiмi бар болса.
Лицензияны беруден бас тартудың себептерi көрсетiлген хабарлама өтiнiш берушiге жазбаша түрде лицензия беру үшiн белгiленген мерзiмде жiберiледi.
32. Лицензия беруден бас тартқан жағдайда лицензиаттың бас тартуды туғызған себептердi жойғаннан кейiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте жалпы негiздерде лицензия алуға қайтадан өтiнiш жасауға құқығы бар.
Егер лицензия белгiленген мерзiмде берiлмесе немесе лицензия беруден бас тарту өтiнiш берушiге негiзсiз болып көрiнсе, ол лицензиардың тиiстi шешiмiне сот тәртібімен бір айлық мерзiм iшiнде шағымдануға құқылы.
33. Лицензия Қазақстан Республикасының заңнамасы белгiленген жағдайларда сот тәртібімен қайтарып алынуы мүмкiн.
34. Лицензиар лицензияның күшiн алты айға дейiнгi мерзiмде мынадай жағдайларда тоқтата тұруға құқылы:
1) заңды тұлғаның рұқсат етiлген қызмет түрiн жүзеге асыруға байланысты өзiне қабылдаған біліктілік талаптарды орындамауы;
2) лицензиялық қызметтi жүзеге асыру кезiнде бұзушылықтардың анықталуы;
3) мемлекеттік органның лауазымды адамдарына бақылауға жататын заттардың айналымын реттейтiн Заңның және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердiң талаптары орындалуын бақылауды жүзеге асыруға заңды тұлға тарапынан кедергi келтiрiлуi;
4) қатаң бақылауға жататын есiрткi құралдары мен психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымы туралы есептi (бұдан әрi - Айналым туралы есеп) лицензиар органға белгiленген нысанда (4-қосымша) табыс етпеуi.
35. Лицензияның күшiн тоқтата тұруға сот тәртібімен шағым берiлуi мүмкiн. Бұл орайда сотқа өтiнiш беру лицензиар шешiмiнiң күшiн тоқтатпайды.
36. Соттың лицензияның күшін тоқтата тұрудың заңдылығы туралы шешімі болған кезде оны тоқтата тұрудың басталған мерзімі лицензиар осындай шешімді қабылдаған күн болып есептеледі.
37. Лицензияның күшін тоқтата тұру хабарлама лицензиатқа осындай шешiм қабылданған күннен бастап бес күн iшiнде жiберiледi.
38. Осы Ережелердiң 34-тармағында аталған бұзушылықтар жойылғаннан кейiн лицензияның қолданылуы күшi жалғастырылады.
39. Лицензия өз күшiн:
1) лицензия күшiнiң мерзiмi өткен;
2) лицензия қайтарып алынған;
3) лицензия берiлген заңды тұлғаның қызметi тоқтатылған жағдайларда тоқтатады.
40. Лицензия күшiнiң мерзiмi аяқталған немесе заңды тұлғаның қызметi тоқтатылған жағдайда қоймалық қорлар лицензиар органның рұқсаты бойынша қызметтiң осы түрiне лицензиясы бар басқа заңды тұлғаға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тендер негiзiнде сатылуға тиiс.
41. Есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды импорттауға (экспорттауға) лицензиялардан басқа, берiлген, тоқтатып қойылған, қайтарып алынған және жалғастырылған лицензияларды есепке алуды лицензиар лицензиялардың тиiстi бірыңғай республикалық тiзiлiмiн жүргiзу арқылы жүзеге асырады.
42. Есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы қызметтi лицензиялауға байланысты құжаттардың сақталу мерзiмi соңғы жазба енгiзiлген күннен бастап 10 жыл болады.
5. Есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды
Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және аумағынан әкетуге
қойылатын біліктілік талаптары
43. Жалпы ережелер:
1) Тiзiмнiң I, II, III және IV кестелерiне енгiзiлген есiрткi құралдарын, психотроптық заттармен прекурсорларды Қазақстан Республикасына әкелудi және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетудi заңнамада белгiленген тәртiпте, бекітілген квоталар шегiнде және Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiн ескере отырып, Агенттiк Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі келісіммен бойынша берген осы қызмет түрiне лицензиясы бар заңды тұлғалар жүзеге асырады;
2) лицензияда Тiзiмнiң I, II, III және IV кестелерiне әкелiнетiн (әкетiлетiн) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың қолданылу мерзiмi, мөлшерi, әкелу (әкету) бір топтаманың немесе бірнеше топтаманың көмегiмен жүзеге асырылатыны көрсетiледі. Егер әкелу (әкету) лицензияда көрсетілген мерзімде жүзеге асырылмаса, лицензияның күші жойылады.
ҚР Үкіметінің 03.09.03 ж. № 893 қаулысымен 44-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
44. Әкелуге және әкетуге қойылатын талаптар:
1) алынып тасталды
2) әкелуге (әкетуге) Рұқсат алу үшiн өтiнiш берушi Агенттiкке мынадай құжаттарды табыс етедi:
өтiнiш (5-қосымша);
беруге келісім-шарттың көшiрмесi;
комиссия шартының көшiрмесi (егер өтiнiш берушi ретiнде делдал болса);
тұтынушымен жасалған шарттың көшiрмесi;
есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына байланысты қызметтi жүзеге асыруға лицензияның көшiрмесi;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар бар дәрi-дәрмек құралдарын мемлекеттік тiркеу туралы сараптау қорытындысы (дәрi-дәрмек құралдарын әкелiнген жағдайда);
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгінің келісім-хаты (дәрі-дәрмек құралдары болып табылмайтын прекурсорларды әкелу жағдайында).
3) Агенттiк БҰҰ Конвенцияларында көзделген қосымша құжаттарды сұратып алуға құқылы.
45. Әкелуге (әкетуге) Рұқсаттың қолданылу мерзiмi - алты ай.
46. Басқа заңды тұлғаның қызметтiң аталған түрiне лицензиясы болуына қарамастан, оған әкелуге (әкетуге) берiлген Рұқсатты беруге болмайды.
ҚР Үкіметінің 23.05.01 ж. № 695; 03.09.03 ж. № 893 қаулыларымен 47-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
47. Есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды және прекурсорларды әкелу (әкету) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы мен кеден шекарасынан өткен кезде:
1) есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке (есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелумен (әкетумен) айналысуға) лицензияны;
2) бақыланатын заттарды әкелуге (әкетуге) рұқсатты (1-қосымша);
3) кедендiк жүк декларациясын;
4) дайындаушы зауыттың сапа сертификатын көрсеткен ретте жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 03.09.03 ж. № 893 қаулысымен 48-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
48. Есiрткi құралдарын, психотроптық заттармен және прекурсорларды әкелу (әкету) импорттаушылар мен экспорттаушылардың арасында Рұқсат бланкілерiн алмасу (Сертификат) арқылы нақты топтаманың түсуi немесе жөнелтілуi және әкелу (әкету) жөніндегі операцияның аяқталу фактiсi туралы әкелу (әкету) Рұқсаты бланкiсiне кеден органдарының белгi қойыла отырып жүзеге асырылады. Есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке (есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелумен (әкетумен) айналысуға) лицензиялар бланкiлерiнiң және әкелуге (әкетуге) Рұқсаттың (Сертификаттың) түпнұсқалары жүктi ресiмдеу жүргізiлетiн кеден органына берiледi. Лицензияның көшiрмесi және Рұқсатты ң түпнұсқасы алушы елдiң уәкiлетті органына жiберіледi.
49. Әкелудi (әкетудi) жүзеге асыратын заңды тұлға есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды нақты әкелу (әкету) туралы есептi екi данада жасайды (6-қосымша). Әкелу (әкету) жүргiзiлген кеден органы лауазымды адамының қол қоюымен және жеке нөмiрлi мөрiмен куәландырылған есептiң бір данасы кеден бекетiнде қалдырылады, екiншiсi тауарларды әкелу (әкету) кезiнде Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы нақты алып өткеннен кейiн оған iшкi кеден құжатының көшiрмесi қоса тiркелiп, үш күнтiзбелiк тәулiк iшiнде Агенттiкке табыс етiледi.
50. Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге әкелу және әкету кезiнде кедендiк ресiмдеу туралы ақпаратты ай сайын Агенттiкке жiберiп отырады.
51. Қазақстан Республикасында тiркелмеген құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар бар заттарды соның iшiнде дәрi-дәрмек құралдарын сараптамадан өткізу және үлгiлер үшiн, клиникалық сынақтар жүргiзу үшiн тест-эталондарды әкелуге (әкетуге) Агенттiктiң рұқсаты бойынша жүргiзiледi (7-қосымша). Тест-эталондарды әкелуге (әкетуге) рұқсат алу үшiн өтiнiш берушi Агенттiкке мынадай құжаттарды табыс етедi:
1) өтiнiш (8-қосымша);
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң толық көлемде клиникалық сынақтар жүргiзу үшiн қажеттi дәрi-дәрмек препараттарының мөлшерiн көрсеткен келісім-хаты.
52. Қазақстан Республикасында тiркелмеген құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар бар дәрi-дәрмек құралдарын сараптамадан өткізу және үлгiлер үшiн, клиникалық сынақтар жүргiзу үшiн тест-эталондарды әкелу (әкету) кеден шекарасынан өту кезiнде:
1) Агенттiктiң тест-эталондарды әкелуге/әкетуге рұқсатын (10-қосымша);
2) кедендiк жүк декларациясын;
3) дайындаушы зауыттың сапа сертификатын дәрi-дәрмектер үшiн көрсеткен кезде жүзеге асырылады.
53. Қызметкерлер:
1) заңды тұлғаның басшысы әкелу (әкету) талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру жөнiнде дербес жауапты болады;
2) есірткі құралдарына, психотроптық заттарға және прекурсорларға рұқсат берілетін мамандықтар тізбесі заңнамада белгіленеді;
3) есiрткi құралдарына, психотроптық заттармен және прекурсорлармен жұмыс істеуге рұқсаты бар адамдардың тiзiмi тiзiмде көрсетiлген адамдарды тиiстi тексеруi туралы қорытынды беретін аумақтық iшкi iстер органдарымен келiсіледi (2-қосымша);
4) есiрткi құралдарына, психотроптық заттарға және прекурсорларға рұқсат адамдарға нашақорлықпен, уытқұмарлықпен, созылмалы маскүнемдiкпен ауруының жоқтығы туралы, сондай-ақ олардың iшiнде жоғары қауiп көзiне байланысты кәсiби қызметтiң жекелеген түрлерiн орындауға жарамсыз деп танылған адамдардың жоқтығы туралы психиатр және нарколог дәрiгерлердiң қорытындыларын алуы тиiс (3-қосымша).
54. Нормативтiк-құқықтық қамтамасыз ету.
Әкелу немесе әкетудi жүзеге асыратын кәсiпорында қызметтің осы түрiн жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн тиiстi құжаттардың жинақтамасы болуға тиiс.
6. Есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар
өндiруге қойылатын біліктілік талаптары
ҚР Үкіметінiң 23.05.01 ж. № 695 қаулысымен 55-тармақ өзгертілді
55. Жалпы ережелер:
1) өндiру - шикiзатты, материалдар мен жартылай өнiмдердi сатып алуға, технологиялық процестерге, сондай-ақ оларды бақылаумен, сақтаумен, сатумен iлесетiн барлық түрiмен байланысты дайын өнiм шығару үшiн қажеттi барлық жұмыс түрiнiң жиынтығы;
2) дәріхана жағдайында дәрілік құралдар дайындауды қоспағанда өндiрушi кәсiпорын - есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды немесе прекурсорларды пайдаланумен немесе шығарумен байланысты және тиiстi технологиялық процестi жүзеге асыратын 1)-тармақшада көрсетiлген жұмыстар түрлерiнiң орындайтын ұйым болып табылады;
3) есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды өндiруге лицензия алу үшiн лицензиат осы бөлiмде аталған Бiлiктілік талаптарының ережелерiн де және есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды сақтауға және (немесе) сатуға қойылатын оларда белгiленген біліктілік талаптарын да қажеттi түрде орындауды қамтамасыз етуге тиiс;
4) Тiзiмнiң II кестесіндегі есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды өндiрудi өндiрiстiк өндiрушi-кәсiпорындар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен келісілген өндiрудiң технологиялық регламенттерiне сәйкес оларда нақты есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды өндiруге лицензия болған жағдайда белгiленген квоталар шегiнде жүзеге асырады;