53. Экологиялық зiлзалалар - табиғи тепе-теңдiк бұзылуының экологиялық тұтқиыл факторлары, олар:
1) құрлықтың жай-күйiнiң (пайдалы қазбаларды өндiру салдарынан болатын апатты опырылыстар, тектоникалық жарықтар, грифондар, көшкiндер, ойылыстар, топырақта ауыр металдардың немесе басқа да зиянды заттардың жол беруге болатын шектен тыс шоғырлануы, топырақтың тез азып-тозуы, топырақтың эрозиясы, сортаңдануы немесе батпақтануы салдарынан көлемдi аумақтардың шөлге айналуы);
2) атмосфераның құрамы мен қасиеттерiнiң (антропогендiк әсер ету салдарынан климаттың күрт өзгеруі, зиянды қоспалар жиынтығының жол беруге болатын шектен үнемi артып кетуi және ауа тазалығының нашарлауы, елдi мекендерде оттегiнiң тұрақты жетiспеуi, қышқылды жауындар жауатын көлемдi аймақтың пайда болуы);
3) гидросфера жай-күйiнiң (су көздерiнiң сарқылуы немесе олардың апатты түрде немесе бiржола ластануы, ауыз судың, сондай-ақ өндіріс қажеттерi мен шаруашылық-тұрмыстық қажеттерiне арналған судың тұрақты жетiспеуi);
4) биосфера жай-күйiнiң (көлемдi аумақтардағы өсiмдiктердiң құрып бiтуi, хайуанаттар, өсiмдiктер түрлерiнiң жойылуы, биосфераның өсіп-өндіру қабiлетiнiң күрт өзгеруi) өзгеруiмен байланысты.
Табиғи зiлзалалар (табиғи апатты құбылыстар) да экологиялық зiлзалаларға жатады.
54. Айрықша реттеу мен қала құрылысын регламентациялау объектiлерi - сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң арнаулы ережелерi (тәртібі) енгiзiлмей, аумақтарды, елдi мекеннiң, жылжымайтын дүние-мүлiктiң жеке объектiсiнiң аумағын пайдаланудағы жалпыға бiрдей қабылданған ережелерге (тәртiпке) ерекше ереже (тәртiп) белгiленбей не оларға толықтырулар енгiзiлмей жүзеге асырылуы қиындаған немесе мүмкiн болмайтын объектiлер.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-бап 55-тармақпен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді)
55. Инженерлiк инфрақұрылым - адамдардың тiршiлiк етуi, сондай-ақ өндiрiстiң немесе тауарлар мен қызмет айналымының тұрақты жұмыс iстеуi үшiн қалыпты жағдай туғызатын кәсiпорындардың (ұйымдардың), объектiлердiң (ғимараттар мен құрылыстардың), инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз етудiң коммуникациялары мен желiлерiнiң жиынтығы.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-бап 56-тармақпен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді)
56. Көлiк инфрақұрылымы - көпiр, тоннель және өзге де көлiктiк құрылыстардың, жол тарамдары мен белгi беру құрылғыларын, байланысты реттейтiн жол өткiзгiштерiнiң, көлiк жұмысын инженерлiк қамтамасыз ету, жүктерді, жолаушыларды тасымалдайтын көлiк құралдарына қызмет көрсету, өндiрiстiк және қызмет көрсетушi адамдардың функционалдық қызметiн қамтамасыз ететiн объектiлердiң, қойма үй-жайлары мен аумақтардың, санитарлық-қорғаныс және күзет алаңдарының, сондай-ақ көрсетiлген бағыт жолдарына және жылжымайтын мүлiк объектiлерiн қамтитын объектiлерге заңдарда бекітілген жерлердiң кешенi бар жерүстi (автомобиль және (немесе) темір) жолдар, су (теңiз және (немесе) өзен) жолдарының жиынтығы.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен бап 57-тармақпен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді)
57. Республикалық маңызы бар объект - жоспарлануы мен салынуы мемлекеттік мiндеттердi орындау үшiн қажеттi немесе облысаралық маңызы бар, күрделi халық шаруашылық маңызы бар бақылау объектiсi; "бiрегей объект"; жеке-дара конструкторлық шешiмi бар, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын объект.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен бап 58-тармақпен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді)
58. Жергiлiктi маңызы бар объект - пайдаланылуының бiр облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) шегiнде маңызы бар, республикалық бюджеттi қоспағанда, жоспарлануы мен құрылысы жергiлiктi бюджеттен және басқа көздерден қаржыландырылатын бақылау объектiсі.
2005.12.04. № 38-III ҚР Заңымен бап 59-тармақпен толықтырылды
59. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік қызметтер көрсету - оңтайлы жобалық көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатымен құрылыстың әзірлігін және жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін қызметтер кешенін көрсету.
2005.12.04. № 38-III ҚР Заңымен бап 60-тармақпен толықтырылды
60. Техникалық қадағалау - жобаны іске асырудың барлық сатысында орындалған жұмыстың сапасын, мерзімін, құнын, қабылдап алынуын және объектінің пайдалануға берілуін қоса алғанда, құрылысты қадағалау.
2-бап. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңның, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң және өзге де нормативтiк құқықтық актілерінiң нормаларынан тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңдарында көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтiң негiзгi бағыттары
1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтiң негiзгi бағыттары осы саладағы мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүдделердi:
1) мемлекеттік мүдделердi - тұтастай алғанда, аймақтарды, қалаларды, кенттердi, ауылдарды (селоларды) және басқа да қоныстарды тұрақты дамыту жағдайларын, тiршiлiктi қамтамасыз ету жүйелерiнiң, көлік және инженерлiк коммуникациялардың, байланыс пен энергетиканың жұмыс iстеуiн, қоршаған ортаны қорғауды, тарихи және мәдени мұра объектiлерiн сақтауды қамтамасыз етудегi қоғам мүдделерiн;
2) қоғамдық мүдделердi - жекелеген аймақтар, қалалар, кенттер, ауылдар (селолар) мен басқа да қоныстар халқының осы аумақта тұруының (болуының) қолайлы жағдайларын, экологиялық ахуалдың жақсаруын, шаруашылық және өзге де қызмет салдарынан болған қауіпті (зиянды) әсерлердiң алдын алуды, елдi мекендер мен оған iргелес жатқан аумақтардың инфрақұрылымдарын дамытуды, тарихи және мәдени мұраны, табиғат құндылықтарын сақтауды қамтамасыз етудегі мүдделерiн;
2005.13.04 № 40-III ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3) жеке мүдделердi - жеке және заңды тұлғаларға тиесiлi жер учаскелерiнде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн жүзеге асыруға байланысты олардың мүдделерiн қамтамасыз етуге тиiс
Азаматтар мен заңды тұлғалардың қала құрылысы, сәулет-құрылыс қызметi, егер бұл оларға тиесiлi (олар пайдаланатын) объектiлердi (жер учаскелерi немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi) пайдалануға, оған иелiк не билiк етуге қолайсыз немесе мүмкiн болмайтын жағдай туғызса, шектелуi мүмкiн.
2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi:
1) құрылыс үшiн инженерлiк iзденiстер жүргiзу, сәулет-қала құрылысы және құрылыс мақсаттарына картографиялық-геодезиялық қорды пайдалану;
2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы негiздемелердi, болжамдарды, бағдарламаларды жасау;
3) қала құрылысы, сәулет-құрылыс және өзге де жобалау (жобалау-смета) құжаттамасын белгiленген тәртiппен әзiрлеу, сараптау, келiсу және бекіту;
4) жаңа құрылыстар салу, сондай-ақ бар құрылыстарды, үйлердi, ғимараттарды, инженерлiк және көлiк коммуникацияларын кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтiру және күрделi жөндеу;
5) аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру объектiлерiн салу;
6) аяқталмаған объектiлер құрылысын тоқтатып қою;
7) объектiлердi кейiннен кәдеге жарату жөнiнде жұмыс кешенiн жүргiзу;
8) ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-эксперимент жұмыстарын жүргiзу және олардың нәтижелерiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында пайдалану;
9) құрылыс процесiн технологиялық жағынан сүйемелдеудi қоса алғанда, қала құрылысы және сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыру; .
2005.12.04. № 38-III ҚР Заңымен тармақ 10) тармақшамен толықтырылды
10) инжинирингтік қызметтерді тарту және көрсету болып табылады.
4-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң субъектiлерi
Қазақстан Республикасының аумағында адамның мекендейтiн және тiршiлiк ететiн ортасын қалыптастыруға және дамытуға қатысатын мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң субъектiлерi болып табылады.
Азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдiктер мен шетелдiк заңды тұлғаларға, егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, сәулет, қала құрылысы және (немесе) құрылыс қызметiне қатысты жұмыстар (қызмет көрсету) Қазақстан Республикасының аумағында орындау құқығы заңдарда белгiленген тәртiппен берiлуi мүмкiн.
5-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң объектiлерi
Мыналар сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң объектiлерi болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының аумағы;
2) облыстардың, аудандардың аумақтары;
3) елдi мекендердiң және олардың бөлiктерiнiң аумақтары;
4) функционалдық аймақтар;
5) тиесiлi технологиялық және инженерлiк жабдықтарымен ғимараттардың барлық түрлерiн қоса алғанда, жылжымайтын объектiлер;
6) арнайы экономикалық аймақтар;
7) мәртебесi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тарих және мәдениет, табиғи және қалалық ландшафт жылжымайтын ескерткiштерi.
6-бап. Ерекше реттелетiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi мен қала құрылысы регламентациясының объектiлерi
1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң ерекше реттелетiн және қала құрылысы регламентациясы объектiлерi:
1) ерекше реттелетiн және қала құрылысы регламентациясының аумақтық объектiлерiне;
2) ерекше реттелетiн және қала құрылысы регламентациясының елдi мекендерiне;
3) ерекше реттеудi және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететiн жекелеген жылжымайтын мүлiк объектiлерiне бөлiнедi.
2. Ерекше реттелетiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi мен қала құрылысы регламентациясының аумақтық объектiлерiне:
1) экологиялық апат және (немесе) төтенше жағдайлар аумақтары;
2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар;
3) тарихи және мәдени мұра объектiлерi және (немесе) қорғалатын ландшафтық объектiлер бар аумақтар;
4) сауықтыру, курорттық, рекреациялық және резервтiк мақсаттағы аумақтар;
5) қала маңы аймақтары шекарасы шегіндегі аумақтар;
6) Қазақстан Республикасының заң актілерінде ерекше реттелетiн аймақтарға жатқызылған өзге де аумақтар жатады.
3. Ерекше реттелетiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi мен қала құрылысы регламентациясының елдi мекендерiне:
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1) Қазақстан Республикасының астанасы және республикалық маңызы бар қалалар;
2) халқының саны жүз мың тұрғыннан асатын қалалар;
3) курорттық қалалар мен кенттер;
4) тарихи, мәдени құндылықтар не қорғалатын ландшафтық объектiлер бар елдi мекендер, олардың бөлiктерi немесе оған iргелес жатқан аумақ, сондай-ақ қорықтар мен ұлттық парктердегі қоныстар;
5) әскери қалашықтар, шекара заставалары және өзге де жабық объектiлердегi қоныстар;
6) ерекше (төтенше) табиғи-климаттық, геотехникалық немесе гидрогеологиялық жағдайлары бар аудандарда, сондай-ақ экологиялық және техногендік зілзалалардан не өзге де қолайсыз құбылыстар мен процестердің әсер етуінен зақымданған аймақтарда орналасқан елді мекендер жатады.
4. Ерекше реттелетiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi мен қала құрылысы регламентациясының жылжымайтын мүлiк объектiлерiне:
1) тарих және мәдениет ескерткiштерi мен олардың ансамбльдерi;
2) мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектiлерi;
3) адамның өмiрi мен денсаулығына немесе қоршаған ортаға көрiнеу қауiп төндiретiн объектiлердi қоса алғанда, арнаулы мемлекеттік немесе шаруашылық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ғимараттар;
2005.12.04. № 38-III ҚР Заңымен тармақ 4) тармақшамен толықтырылды
4) мүгедектердің тұруына, келіп-кетуіне және жұмыс істеуіне арналған үй-жайлар мен ғимараттар жатады.
5. Ерекше реттеу режимi осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерімен белгiленедi.
2-тарау. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс
қызметін жүзеге асырған кезде мекендейтін және
тіршілік ететін қолайлы ортаны қамтамасыз ету
7-бап. Азаматтардың елдi мекендердегi қолайлы ортаға құқықтары
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi нәтижелерiнiң тұтынушылары ретiнде азаматтардың:
1) мемлекеттік қала құрылысы саясатының өндiргiш күштердi қоныстандыру мен орналастыру бөлiгiне, аумақтарды аймақтарға бөлуге қойылатын қала құрылысы талаптарына, экологиялық және санитариялық-гигиеналық қауiпсiздiк нормаларына және аталған жергiлiктi жердiң инфрақұрылыммен қамтамасыз етiлу деңгейiне сәйкес елдi мекеннiң (қоныстың) аумағы шегiнде осы мекенге қатысты мекендеу мен тiршiлiк етуге қолайлы ортаға;
2) демалу мақсаттарына арналған және тиiстi емдiк және санитариялық-гигиеналық жағдайлары, оқу-ағарту, мәдени-бұқаралық, спорт-сауықтыру және ойын-сауық iс-шараларын қоса алғанда, бос уақытты өткізу жағдайлары, саяжайлық, бағбандық және бақшалық учаскелердi орналастыру мүмкiндiгi бар, табиғи-климаттық жағдайлары мен ландшафты мейлiнше қолайлы рекреациялық аумақтарды бөлу (бөлiп беру) арқылы демалуға құқығы бар.
Халықтың демалуына арналған аумақты таңдау кезiнде қорғалатын ландшафтық объектiлер мен (немесе) тарихи және мәдени құндылықтарға жатқызылған объектiлердiң болуы да ескерiлуге тиiс.
8-бап. Табиғи және техногендiк, антропогендiк әсерлерден қауіпсіздікті қамтамасыз ету
1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн жүзеге асыру халықтың, аумақтар мен елдi мекендердiң қауiптi (зиянды) табиғи және техногендiк, антропогендiк құбылыстар мен процестердiң әсер етуiнен қауiпсiздiгi жөнінде заңдарда белгiленген талаптарды қамтамасыз ету ережелерiне негiзделуге тиiс.
Осы талаптарды орындау жөніндегi шаралар мемлекеттік нормативтермен реттелетiн жобалау құжаттамасында көрiнiс табуға тиiс.
2. Мемлекеттік нормативтер (мемлекеттік нормативтiк құжаттар) қала құрылысы мен сәулет-құрылыс құжаттамаларына халықты, елдi мекендердi және қонысаралық аумақтарды табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан болатын қауiптi (зиянды) әсерлерден қорғау жөніндегi шаралар туралы бөлiмдердi қамту мiндеттілігiн көздеуге тиiс.
3. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар, сондай-ақ техногендiк сипаттағы болжамды төтенше жағдайлар салдарынан болатын қауiптi (зиянды) әсерлерге ұшырайтын елдi мекендер мен аумақтар халықты және аумақтарды аталған әсерлерден қорғау жөніндегi кешендi жобалық құжаттамалармен қамтамасыз етiлуге тиiс.
4. Табиғи, техногендiк, антропогендiк сипаттағы әсерлерге ұшыраған елдi мекендерде болып өткен қауiптi (зиянды) құбылыстар мен процестер мониторингiнiң нәтижелері мемлекеттік қала құрылысы кадастрында базалық деңгейде көрсетiледi.
9-бап. Экологиялық қауiпсiздiк және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі талаптар
1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi оның қоршаған ортаға әсерiн бағалауды ескере отырып жүзеге асырылуға және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, экологиялық қауiпсiздiк пен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі iс-шараларды көздеуге тиiс.
Аталған iс-шаралар әсер етудiң осы түрi үшiн заңдарда белгiленген нормативтерге және (немесе) мүмкiн болатын шектi деңгейге (жүктемеге) сәйкес қарастырылады және орындалады.
2. Қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасының құрамына қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жөніндегі жобалардың бөлiмдерi (бөлiктерi) енгiзiледi.
Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау жөніндегi жобалау құжаттамасының белгiленген тәртiппен бекітілген талаптарын (шарттарды, шектеулердi) орындау жобаларды iске асыруды жүзеге асыратын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң барлық субъектiлерi үшiн мiндеттi.
Экологиялық апат аймақтары деп жарияланған өнеркәсiптiк орталықтар немесе жекелеген өндірістiк кешендер бар аумақтар халықты және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі кешенді жобалық құжаттамалармен қамтамасыз етiлуге тиiс.
3. Аумақтарда қала құрылысын дамытудың кешендi схемаларында, сондай-ақ аумақты дамытудың аймақаралық схемаларында, сондай-ақ аумақты дамытудың аймақаралық схемаларында қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану, сондай-ақ экологиялық зілзала және төтенше жағдайлар аймағын оңалту шаралары ескерілуге тиіс.
4. Аумақтың және (немесе) объектiнiң жол берiлетiн концентрациялар шегiнен тыс зиянды химиялық, биологиялық заттармен, жол берiлетiн шектi деңгейден тыс радиоактивтi заттармен ластану салдарынан аумақта бұрын туындаған не күтіліп отырған (болжанып отырған), адам өмiрi мен денсаулығына төнетiн қауiп болған жағдайда, қала құрылысы құжаттамасында жобаның мұндай көздердi құрту (жою) жөніндегi шараларды, ластанған аумақтарды (объектiлердi) оңалтудың кешендi шараларын жүргiзе отырып, оларды тоқтатып қоюды, сондай-ақ азаматтардың (халықтың) қолайсыз аймақта уақытша болуын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң аумақты және объектiнi (объектiлердi) пайдаланудың ерекше режимiн енгізу мүмкiндiгiн көздейтiн жобаның арнаулы бөлiмдерi (бөлiктерi) болуға тиiс.
10-бап. Тарихи, мәдени мұра объектiлерi мен ландшафтарды сақтау жөніндегі талаптар
1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн жүзеге асыру заңдарда белгiленген тәртiппен тарихи, мәдени құндылықтар және қорғалатын ландшафтық объектiлер деп танылған аумақтар мен объектiлердiң сақталу талаптарына негiзделуге тиiс.
2. Тарих және мәдениет ескерткiштерi, қорғалатын табиғат объектiлерi бар аумақтарда ерекше реттелетiн шекара белгiленедi, оның шегiнде сәулет, Қала құрылысы және Құрылыс қызметін жүргiзуге тыйым салынады немесе шек қойылады.
3. Аталған аймақтар шегіндегі жердi пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.
11-бап. Елдi мекендердi инфрақұрылым объектілерiмен қамтамасыз ету және оларға қол жеткізуге жағдай жасау
1. Елдi мекендер не оның бiр бөлігiн жоспарлау және салу жөніндегі қала құрылысы құжаттамасында (қала құрылысы жобаларында) әлеуметтiк, өндiрiстiк, рекреациялық, инженерлiк және көлік инфрақұрылымдарының құрамы мен құрылымы анықталуға, сондай-ақ:
1) қоныстандыру түрiн (рөлiн) ескере отырып, аумақты абаттандыру, көгалдандыру, инженерлiк жағынан дайындау қажеттi сервитуттар;
2) аумақта кешендi құрылыс салу;
3) халықтың әлеуметтiк, демографиялық және кәсiптiк түрлi топтарының мүдделерiн ескеру;
4) нормативтiк талаптарды (шектеулердi, шарттарды) сақтау;
5) қызмет көрсету саласында бәсекелестiк ортаны дамыту көзделуге тиiс.
2. Елдi мекендер қоныстану үлгiсiне және сол жердiң жағдайына сәйкес халықтың барлық санаттары үшiн (мүгедектер мен iс-қимылы шектеулi басқа да топтарды қоса алғанда) жұмыс орындарына, әлеуметтiк, рекреациялық, инженерлiк және көлiк инфрақұрылымы объектiлерiне (ғимараттарына, коммуникацияларына) қол жеткізуiн оңтайлы жағдайлармен және құралдармен қамтамасыз етiлуге тиiс.
3. Елдi мекендерге арналған қала құрылысы құжаттамаларында мүгедектердiң және халықтың iс-қимылы шектеулi басқа топтарының әлеуметтiк және рекреациялық инфрақұрылым объектiлерiне қажеттерiн қамтамасыз етуге жағдай жасау жөніндегі бөлiмдер мазмұндалуға тиiс.
4. Мемлекеттік нормативтермен белгiленген қызмет көрсету деңгейiн төмендетуге әкеп соғатын халыққа қызмет көрсету объектiлерi мәнiнiң өзгертiлуiне жол берiлмейдi.
5. Қала құрылысы құжаттамасын әзiрлеу, елдi мекендердi жобалау мен салу кезiнде елдi мекеннiң жоспарлық құрылымымен өзара байланыстырылған және оның барлық қызмет ету аймақтарымен (қала маңындағы аймақтарды қоса алғанда), сондай-ақ сыртқы көлік объектiлерiмен байланысты қамтамасыз ететiн көлiк коммуникацияларының және көше-жол торабының бiрыңғай жүйесi көзделуге тиiс.
6. Қонысаралық аумақтарды игеруге (абаттандыруға, құрылыс салуға) арналған жобалау құжаттамасында адамдардың келуiмен байланысты кейiннен шаруашылық және (немесе) өзге де қызметтi жүзеге асыру мақсатында осы аумақта, инфрақұрылым объектiлерiнiң құрылысын қоса алғанда, тiршiлiктi қамтамасыз ететiн тұрақты және қол жеткiзiлетiн жүйе көзделуге тиiс.
7. Инженерлiк инфрақұрылымның магистральды коммуникацияларының, басты ғимараттарының жобалау құжаттамасын әзiрлеу, салу, пайдалану және кейiннен кәдеге жарату кезiнде, сондай-ақ аумақтарды инженерлiк жағынан дайындау жұмыстарын жүргiзу кезiнде шектес аумақтардың мүдделерiн ескеретiн және аумақ пен халыққа қауiптi (зиянды) құбылыстар мен процестердiң әсер ету мүмкiндiгiн болғызбайтын шешiмдер қабылдануға тиiс.
8. Республикалық, аймақаралық және аймақтық инженерлiк және көлiк жүйелерiнiң бекітілген схемалары жобалау (жобалау-смета) құжаттамасын әзiрлеуге, сондай-ақ тiршiлiктi қамтамасыз ету мен елдi мекендердi жайғастыру жүйесiн дамытуға бағытталған қызметке негiз болып табылады.
12-бап. Жер учаскелерiн пайдалану кезiнде қала құрылысы талаптарын қамтамасыз ету
Меншiк иелерi не жер пайдаланушылар жер учаскелерiн құрылыс салу үшін (коммуникацияларды жүргізу, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру, көгалдандыру және учаскенi жайғастырудың басқа да түрлерiн қоса алғанда) пайдалануды заңдарда белгiленген тәртiппен бекітілген жобалау құжаттамасына сәйкес және нысаналы мақсатын немесе сервитутты, аумақты аймақтарға бөлуді, қызыл сызықтарды және құрылыс салуды реттеу сызықтарын, құрылыс салу мен оны пайдалану ережелерiн сақтай отырып қана жүзеге асыра алады.
13-бап. Жеке және заңды тұлғалардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі жөніндегi шешімдердi талқылауға қатысуы
1. Қол жеткiзiлуi заң тәртібімен шектелген немесе мемлекеттік құпияларға жатқызылған ақпаратты қоспағанда, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары өздерi мекендейтiн және тiршiлiк ететiн ортаның жай-күйi, оның сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнде белгiленiп отырған болжамды өзгерістерi туралы толық, уақтылы және сенiмдi ақпарат алуға құқығы бар.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Жеке және заңды тұлғаларды өздерiнiң мекендейтiн және тiршiлiк ететiн ортасының жай-күйi туралы, сондай-ақ аумаққа құрылыс салу (қайта жоспарлау) жөніндегi ниеттерi туралы хабардар етудi бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе қоғамдық талқылау жүргізу, экспозициялар мен көрмелер арқылы жергілікті аудандардың (қалалардың) атқарушы органдары жүзеге асырады.
3. Қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасы бекітілгенге дейiн жеке және заңды тұлғалардың талқылауға қатысуға, қоғамдық немесе жеке мүдделердi қозғайтын, қабылданатын шешiмдердi өзгерту жөнiнде ұсыныстар енгізуге құқығы бар.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4. Жобаланатын объектілер, мекендеу және тiршiлiк ету ортасының жай-күйi мен онда жасалмақшы болып отырған, мемлекеттік нормативтерге немесе бекітілген қала құрылысы құжаттамасына сәйкес келмейтiн, сондай-ақ тiкелей қоғамдық және жеке мүдделердi қозғайтын өзгерістер туралы мемлекеттік органдар жалған ақпараттар берген (қол жеткiзiлуi шектеулi санатқа жатқызылмаған сұратылған ақпаратты беруден бас тартқан) жағдайда, жеке және заңды тұлғалар сот органдарына жүгінуге құқылы.
5. Қала құрылысы, сәулет немесе құрылыс шешiмдерiн қабылдау кезiнде жеке және заңды тұлғалардың талқылауға қатысуы:
1) тiкелей қатысу;
2) өкілдiгi нысанында;
3) заңда тыйым салынбаған өзге де нысанда көрiнiс табады.
6. Егер сәулет, қала құрылысы және (немесе) құрылыс қызметi осы аумақта азаматтардың, қоғамдық бiрлестiктердiң және заңды тұлғалардың мүдделерiн қозғаса, онда олардың: