Тұқым шаруашылығы туралы
2003 жылғы 8 ақпандағы № 385-II Қазақстан Республикасының Заңы
(2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2006 ж. 10 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 3 баптар)
2-тарау. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік реттеу мен басқару (4 - 10 баптар)
3-тарау. Тұқым шаруашылығын ұйымдастыру (11 - 12 баптар)
4-тарау. Тұқымдарды өндіру, дайындау, өңдеу, сақтау, тасымалдау, сату (13 - 20 баптар)
және пайдалану
5-тарау. Тұқымның сорттық және егу сапаларын анықтау тәртібі (21 - 23 баптар)
6-тарау. Тұқым шаруашылығы саласындағы дауларды шешу және жауапкершілік (24 - 25 баптар)
Осы Заң тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерiн белгiлейдi және тұқым шаруашылығы жүйесiнiң ұйымдастырылуы мен жұмыс iстеуi және ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң тұқымдарын өндiру, дайындау, өңдеу, сақтау, тасымалдау, сату мен пайдалану iсiн мемлекеттік бақылау мәселелерiн реттеуге бағытталған.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгi ұғымдар пайдаланылады:
1) агроэкологиялық аймақ - ауыл шаруашылық өсiмдiктерiн өсiру жағдайлары бойынша бiртектi немесе дақылдардың экологиялық талаптары бойынша жақын аумақ;
2) байқаудан өткізушi - тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң сортты егiстерiн сынақтан өткізу құқығына аттестаттаған жеке адам;
3) егiстердi байқаудан өткізу - ауыл шаруашылық өсiмдiктерi егiстерiнiң сорттық сапаларын: сорттық тазалығын, сортқа тәндiлiгiн, арамшөптер басу, ауруға шалдығу және зиянкестерден бүлiну дәрежесiн анықтау;
4) аттестаттау - жеке және (немесе) заңды тұлғалардың тұқым шаруашылығы субъектiсiнiң мәртебесiне сәйкестiгiн анықтау (растау);
5) тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектор - тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлетті мемлекеттік органның тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамы;
6) жерге егiп бағалау - тұқымдардың белгiлi бiр түрге, сортқа жататындығы мен сорттық тазалығын оларды арнаулы учаскелерде егу және өсiмдiктер бойынша сорттық сапаларын кейiннен тексеру жолымен анықтау;
7) тұқымдардың кондициялылығы - тұқымдардың тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік стандарттар мен өзге де нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкестiгi;
8) бақылау сынақтары - ауыл шаруашылық өсiмдiгiнiң сорт белгiлерiнiң сақталуын және әр түрiнiң осы сортқа сәйкестiгiн анықтау;
9) тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана - тұқымдардың сорттық және егу сапасының тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік стандарттар мен өзге де нормативтiк құжаттар талаптарына сәйкестiгiне зерттеулер жүргiзу құқығына белгiленген тәртiппен аттестатталған заңды тұлға;
10) зертханалық сорттық сынақтар - тұқымдардың белгiлi бiр сортқа тиiстiлiгiн белгiлеу және зертханалық талдау жүргiзу жолымен тұқымдардың сорттық тазалығын анықтау;
11) кондициясына жеткiзiлмеген тұқым - сорттық және егу сапасы жағынан тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік стандарттар мен өзге де нормативтiк құжаттар талаптарына сай келмейтiн тұқым;
12) бiрегей тұқымдар - ауыл шаруашылық өсiмдiгi сортының авторы, ол уәкiлдiк берген адам немесе сорттың оригинаторы өсiрiп шығарған және элиталық тұқымдарды өндiруге арналған тұқым;
13) сорт оригинаторы - сорттың сақталуын қамтамасыз ететiн жеке немесе заңды тұлға;
14) тұқымдар тобы - тиiстi құжатпен (байқаудан өткізу актiсiмен, тұқымның аттестатымен, тұқым куәлiгiмен, тұқымның кондициялылығы туралы куәлiкпен, тұқымдарға талдау жасау нәтижесiмен, карантиндiк сертификатпен, фитосанитариялық сертификатпен немесе импорттық карантиндiк рұқсатпен) расталған, шығу тегi мен сапасы жөнiнен бiртектес тұқымның белгiлi бiр мөлшерi;
15) тұқымның eгу сапасы - тұқымдардың егуге (отырғызуға) жарамдылық дәрежесiн сипаттайтын сапа көрсеткiштерiнiң жиынтығы;
16) тұқым өндiрушiлер - осы Заңға сәйкес тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
17) тұқым куәлiгi - тұқымдардың алғашқы және одан кейiнгi көбейтiлуiнiң сорттық және егу сапасын растайтын құжат;
18) аттестаттау туралы куәлiк - тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган берген, мемлекеттiң тұқым шаруашылығы саласындағы аттестатталған субъектiлердiң қызметiн тануын куәландыратын құжат;
19) ауыл шаруашылық өсiмдiктерi - дәндi, дәндi-бұршақтық, жармалық, азықтық, майлы, эфирлi-майлы, техникалық, көкөнiстiк, дәрi-дәрмектiк, гүлдiк, жемiстiк, жидектiк дақылдар, картоп, жүзiм;
20) тұқымдар - өсiмдiктердiң сортын молықтыру үшiн пайдаланылатын генеративтiк және вегетативтiк органдары: тұқымның өзi, жемiстер, күрделi жемiстердiң бөлiгi, қосалқы жемiс, масақтар, көшеттер, жуашық, түйнек, қалемшелер, түзушi ұлпалар және басқалар;
21) бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқымдар - тұқымдар элитасының жылдар бойынша кейiннен өсiрiп-өндiрiлуi: бiрiншi жыл - бiрiншi көбейтiлген тұқым, екiншi жыл - екiншi көбейтiлген тұқым, үшiншi жыл үшiншi көбейтiлген тұқым;
22) тұқым сараптамасы - тұқымдардың сорттық және егу сапасының тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік стандарттар мен өзге де нормативтiк құжаттар талаптарына сәйкестiгiн анықтау жөніндегі iс-шаралар кешенi;
23) тұқымдық бақылау - тұқымның егу сапасын анықтау жөніндегі iс-шаралардың жүзеге асырылуын, тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік стандарттар мен өзге де нормативтiк құжаттар талаптарының сақталуын бақылау;
24) тұқым сарапшысы - тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананың тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген тәртiппен тұқымдардың сорттық және егу сапасына сараптама жүргiзу құқығына аттестатталған маманы;
25) тұқым шаруашылығы - тұқымдарды өндiру, дайындау, өңдеу, сақтау, тасымалдау, сату және пайдалану жөніндегі iс-шаралар кешенiн қамтитын қызмет, сондай-ақ мемлекеттік бақылау, оның iшiнде сорттық және тұқымдық бақылау;
26) тұқым өсiру шаруашылығы - тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган аттестаттаған, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқымдарды өндiру мен сатуды жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъект;
27) сортқа тәндiлiк - айқас тозаңдандырылатын ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң сорттық тазалығының көрсеткiшi;
28) сорттық тазалық - негiзгi сорт өсiмдiктерiнiң немесе сабақтарының осы ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң немесе сабақтарының жалпы санына проценттiк қатынасы;
29) сорттық бақылау - ауыл шаруашылық өсiмдiктерi егiстерiнiң сорттық тазалығын анықтау және тұқымдардың белгiлi бiр сортқа жататындығын белгiлеу жөніндегі iс-шаралардың жүзеге асырылуын бақылау;
30) тұқымдардың сорттық сапасы - тұқымдардың ауыл шаруашылық өсiмдiгiнiң белгiлi бiр сортына жататындығын сипаттайтын белгiлер жиынтығы;
31) сорттық сынақ - сорттың патент қабiлеттiлiгi мен шаруашылықта пайдалылығын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiлетiн сынақтан өткізу мен бағалау;
32) сорт жаңарту - өндiрiсте пайдалану кезiнде сорттық және биологиялық сапасы нашарлаған тұқымдарды сол сорттың жақсы тұқымдарымен ауыстыру;
33) сорт ауыстыру - тұқым өсiрушiлердiң өндiрiсте егiлiп жүрген ескi сорттарды неғұрлым шығымды немесе ауыстырылатын сорттан шаруашылық-бағалылық белгiлерi мен қасиеттерi жағынан артық жаңа, пайдалануға рұқсат етiлген сорттармен ауыстыруы;
34) суперэлиталық тұқымдар - бiрегей тұқымдарға жататын, өсiрiп-өндiру көшеттiгiнiң өнiмiнен алынған, мемлекеттік стандарттар мен тұқым шаруашылығы саласындағы өзге де нормативтiк құжаттардың талаптарына сай келетiн және элиталық тұқымдарды өндiруге арналған тұқымдар;
35) тұқым шаруашылығының схемасы - көшеттiктер мен тұқымдық егiстiктердiң өзара байланысты топтары, оларда белгiлi бiр реттiлiкпен, сұрыптау және өсiрiп-өндiру жолымен сортты молықтыру процесi жүзеге асырылады;
36) тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган - өз құзыретi шегiнде тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты және оның ғылыми қамтамасыз етiлуiн iске асыруды, тұқым шаруашылығына қатысушылардың қызметiн үйлестiру мен реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
37) элиталық тұқым өсiру шаруашылығы - тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган аттестаттаған, элиталық тұқымдарды өндiру мен сатуды жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъект;
38) элиталық тұқымдар - ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң бiрегей немесе суперэлиталық тұқымнан алынған және мемлекеттік стандарттар мен тұқым шаруашылығы саласындағы өзге де нормативтiк құжаттардың талаптарына сай келетiн тұқымдары.
2-бап. Тұқым шаруашылығы саласындағы объектiлер мен субъектiлер
1. Тұқым шаруашылығы саласындағы объектiлерге:
сорт (өскiн, топ, будан, жеке түр, аралас сорттар);
тұқымдар;
тұқымдық және тұқым өcipy егiстерi мен екпелерi жатады.
2. Тұқым шаруашылығы саласындағы субъектiлерге:
сорттың авторы;
сорттың оригинаторы;
тұқым өндiрушiлер;
тұқымдарды сату құқығынсыз үй жанындағы, бау-бақ, саяжай және бақша учаскелерiнде пайдалану үшiн тұқым өндiрумен шұғылданатан жеке адамдарды қоспағанда, тұқымдарды тұтынушылар;
тұқымдардың сорттық және егу сапасын анықтау бойынша қызмет көрсететiн жеке және (немесе) заңды тұлғалар жатады.
3-бап. Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
2-тарау. Тұқым шаруашылығы саласындағы
мемлекеттік реттеу мен басқару
4-бап. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік реттеу
Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік реттеу:
1) тұқым шаруашылығы субъектiлерiн аттестаттау;
2) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттік тiзiлiмiн жүргiзу;
3) тұқымның сорттық және егу сапасына мiндеттi сараптама жасау;
4) тұқым шаруашылығы саласында мемлекеттік, оның iшiнде сорттық және тұқымдық бақылау жүргiзу;
5) аттестатталған тұқым өндiрушiлер қызметiнiң тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген біліктiлiк талаптарына сай келуiн бақылау;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 6) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тұқым шаруашылығы және селекция саласында ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң тектiк қорын сақтау, дамыту және пайдалану жөніндегі iргелi және қолданбалы сипаттағы ғылыми зерттеулер жүргiзу;
7) бiрегей тұқымдар өсiруге субсидия беру және Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген және (немесе) перспективалы деп танылған элиталық тұқым сорттарының отандық ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерi сататын құнын арзандату;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 8) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
8) ауыл шаруашылық өсiмдiктерiн сорттық сынақтан өткізудi, тұқымдардың, соның iшiнде отандық ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң егуiне арналған тұқымдардың сорттық және егiстiк сапасының сараптамасын мемлекеттік қамтамасыз ету;
9) тұқымдардың мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру және олардың сан-сапа жағынан жай-күйiн бақылау;
10) тұқым шаруашылығы саласындағы инвестициялық, кредиттiк саясатты қалыптастыру;
11) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру кезiнде тұқым шаруашылығы субъектiлерiнiң мүдделерiн құқықтық жағынан қорғау;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 12) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
12) ерекше жағдайларда мемлекеттік стандарттарда белгiленген тұқым сапасы көрсеткiштерiн бiр жылдан аспайтын мерзiмге төмендету арқылы жүзеге асырылады.
13) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң тұқым шаруашылығы саласындағы құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1) тұқым шаруашылығы саласында мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;
2) тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органды белгiлейдi;
3) тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның ұсынуы бойынша селекция мен тұқым шаруашылығы жөніндегі ғылыми-техникалық және салалық бағдарламаларды бекiтедi;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4) тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның ұсынуы бойынша тұқым шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың бағыттарын, тұқымдарына бюджет қаражаты есебiнен субсидия берiлуге тиiстi ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң тiзбесiн және оларға бөлiнетiн субсидиялардың нормативтерiн белгiлейдi;
5) тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның ұсынысы бойынша мемлекеттік тұқым ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану тәртібін, олардың құрылымы мен көлемiн белгiлейдi;
6) тұқым шаруашылығы саласындағы, соның iшiнде тұқымдарды экспорттау және импорттау мәселелерi жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастырады және үкiметаралық келісімдер жасайды;
7) білім беру және тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органдардың ұсынуы бойынша кадрларды даярлау және қайта даярлау бағдарламаларын бекiтедi;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
8) тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген және (немесе) перспективалы деп танылған бiрегей тұқымдар өндiрiсiн субсидиялау және отандық ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерi үшiн элиталық тұқым сорттарының құнын арзандату тәртібін айқындайды;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 9)-10) тармақшалармен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді)
9) тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның ұсынуы бойынша ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң сорттық сынағын өткізу тәртібін айқындайды;
10) тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның ұсынуы бойынша тұқымның, соның iшiнде отандық ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiнiң егуiне арналған тұқымның сорттық және егiстiк сапасына сараптама жүргiзу тәртібін айқындайды.
6-бап. Тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның құзыретi
1. Тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган:
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1) тұқым шаруашылығын дамыту жөніндегі бағдарламаларды әзiрлейдi;
2) селекция, сортты сынақтан өткізу және тұқым шаруашылығы жөніндегі ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзiрлейдi және iске асырады;
3) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
4) тұқымның мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру мен басқаруды және олардың сан-сапа жағынан жай-күйiне бақылау жасауды жүзеге асырады;
5) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген ауыл шаруашылық өсiмдiктерi сорттарының тұқымдарын өндiру және сату көлемiне болжам жасайды;
6) бiрегей және элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқымдар өндiрушiлердi, байқаудан өткізушiлер мен тұқым сарапшыларын аттестаттау жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлердi, сорттардың оригинаторларын тiркеу, зертханалық сорттық сынақтар жүргiзу ережелерiн бекiтедi;
7) тұқым шаруашылығы субъектiлерiн аттестаттауды жүргiзiп, тиiстi куәлiк бередi;
8) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес тұқым шаруашылығы саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды;
9) сорттық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру, сорттық егiстердi байқаудан өткізудi, жерге егiп бағалауды, зертханалық сорттық сынақтан өткізудi, тұқымның сапасына сараптама жасауды жүргiзу тәртібін бекiтедi және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
10) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
11) сортты сынақтан өткізу мен тұқым шаруашылығы мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi және тұқымға арналған құжаттаманың нысандарын әзiрлейдi және бекiтедi;
12) стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органға тұқым шаруашылығы саласында бар мемлекеттік стандарттарды, техникалық талаптар мен басқа да нормативтiк құжаттарды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
13) стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органмен келісім бойынша ерекше жағдайларда тұқым сапасының мемлекеттік стандарттарда белгiленген көрсеткiштерiн бiр жылдан аспайтын мерзiмге төмендетуге рұқсат бередi;
14) бастапқы, элиталық және өнеркәсiптiк (жаппай) тұқым шаруашылығын жүргiзудiң схемалары мен әдiстерiн әзiрлейдi және бекiтедi;
15) отандық және шетелдiк селекция сорттарына мемлекеттік сынақ ұйымдастырады;
16) сорттардың оригинаторларын тiркейдi;
17) аттестатталған тұқым өндiрушiлер үшiн белгiленген квоталар шегiнде субсидия беруге жататын тұқымға шектi сату бағасын белгiлейдi;
18) республиканың тұқым ресурстарының мониторингiн жүзеге асырады;
19) өз құзыретi шегiнде селекция және тұқым шаруашылығы жөнiнде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 20) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
20) субсидия бepiлуге тиiстi тұқымдардың әрбiр түрi бойынша тұқым шаруашылығы саласында аттестатталған субъектiлер үшiн аталған мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты шегiнде жыл сайынғы квоталарды белгiлейдi;
21) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттік тiзiлiмiн және ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң перспективалы сорттарының тiзбесiн бекiтедi;
22) бiрегей тұқымдардың және отандық ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiне арзандатылып сатылған тұқымдардың нысаналы пайдаланылуын бақылайды;
23) тұқым шаруашылығы саласында ғылыми кадрларды даярлау және қайта даярлау бағдарламаларын әзiрлейдi және iске асырады, байқаудан өткізушiлер мен тұқым сарапшылары кадрларын даярлауды және олардың біліктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
24) ауыл шаруашылық өсiмдiктерi тұқымдарының сорттық және егу сапасына сараптама жүргiзу жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
25) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган өз қызметiн аумақтық органдар арқылы жүзеге асырады.
7-бап. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
8-бап. Тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлары және олардың өкiлеттiктерi
1. Тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның басшысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тиiстi мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшi лауазымдарына "Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы" және "Тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектор" деген қосымша арнаулы атақтар беруге құқылы.
2. Тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторларының:
1) тұқым шаруашылығы субъектiлерiнiң тұқым шаруашылығы саласындағы әдiстемелiк және технологиялық талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды, оның iшiнде сорттық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыруға;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тұқым шаруашылығының субъектiлерiне кедергiсiз (қызметтiк куәлiгiн көрсету арқылы) кiруге және олардан тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыру мәселелерi бойынша ақысыз негiзде ақпарат алуға;
3) аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектiлерi көрсететiн қызметтердiң сапасын тексеруге;
4) аттестатталған тұқым өндiрушiлердiң қызметiне олардың біліктiлiк талаптарына сәйкестiгi нысанында инспекция жүргiзудi жүзеге асыруға;
5) тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыру кезіндегі әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасауға;
6) тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органға субъектiлердiң тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыру құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәлiктiң қолданылуын тоқтата тұру жөнiнде ұсыныс енгiзуге;
7) тұқым сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшiн тұқым топтарынан сынамалар iрiктеп алуға;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 8) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
8) субсидия бөлiнген тұқымның нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыруға құқығы бар.
9) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
9-бап. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган, оның аумақтық органдары, тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлар жүзеге асырады және ол Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңдарының, мемлекеттік стандарттар мен тұқым шаруашылығы саласындағы өзге де нормативтiк құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.
2. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылау:
1) тұқым шаруашылығы субъектiлерiн аттестаттауды;
2) сорттық және тұқымдық бақылауды;
3) тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі аттестатталған зертханалардың тұқымдардың сорттық және егу сапасына сараптама бойынша мемлекеттік стандарттар мен басқа да нормативтiк құжаттар талаптарын сақтауын бақылауды;
4) тұқымдардың экспорты мен импортын, сондай-ақ мемлекеттік ресурстарын қоса алғанда, тұқымдардың өндiрiлуiн, дайындалуын, сақталуын, сатылуын, тасымалдануын және пайдаланылуын бақылауды көздейдi.
3. Тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын тұқым шаруашылығы субъектiлерiне тиесілi ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң егiстерi мен тұқымдарына қатысты сорттық және тұқымдық бақылауды тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлары жүргiзедi.
Сорттық және тұқымдық бақылау:
1) тұқымдарды өндiру, өңдеу, сақтау, сату және пайдалану жөніндегі iс-шаралардың жүзеге асырылуын бақылауды;
2) тұқымдардың сорттық және егу сапасына сараптама жүргiзудi бақылауды;
3) сорттық егiстердi байқаудан өткізудi бақылауды;
4) тұқым шаруашылығы субъектiлерiнiң тұқым шаруашылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi, мемлекеттік стандарттар мен өзге де нормативтiк құжаттар талаптарын сақтауын бақылауды қамтиды.
10-бап. Тұқым шаруашылығы субъектiлерiн аттестаттау
1. Мыналар:
1) тұқым сапасының сараптамасы жөніндегі зертханалар;