3) сақтанушы сақтандыру жағдайынан болатын залалдарды азайту жөніндегі шараларды қасақана қолданбаған;
4) сақтанушы сақтандырушыға сақтандыру объектiсi, сақтандыру тәуекелi, сақтандыру жағдайы және оның салдарлары туралы көрiнеу жалған мәлiметтердi хабарлаған;
5) сақтанушы сақтандыру жағдайының басталуы үшiн жауапты тұлғаға өзiнiң талап қою құқығынан бас тартқан, сондай-ақ талап қою құқығының өтуi үшiн қажеттi құжаттарды сақтандырушыға беруден бас тартқан жағдайда керi талап қоюға құқығы бар.
2. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырған сақтандырушыға төленген сома шегiнде, сақтандырушы сақтандыру нәтижесiнде өтеген залалдар үшiн жауапты тұлғаға сақтанушы қоятын кері талап қою құқығы өтедi.
20-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босату негiздерi
1. Сақтандырушы, егер сақтандыру жағдайы:
1) туристiң сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына ықпал ететiн қасақана iс-әрекеттерiнiң;
2) туристiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сақтандыру жағдайымен себептiк байланыстағы қасақана қылмыстар не әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар деп танылған iс-әрекеттерiнiң салдарынан болса, сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан толық немесе iшiнара бас тартуға құқығы бар.
2. Сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тартуы үшiн:
1) сақтанушының залал келтiруге кiнәлi тұлғадан залалдың тиiстi өтемiн алуы;
2) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталуы туралы хабарламау немесе уақтылы хабарламау;
3) еңсерiлмейтiн күш жағдайлары;
4) сақтанушы осы Заңның 18-бабының 2-тармағына сәйкес сақтандырушыға сақтандыру төлемi туралы өтiнiшке қоса берiлетiн құжаттарды толық көлемде бepмeуi негiздеме бола алады.
3. Сақтандыру жағдайының басталуы туралы сақтандырушыға хабарламау немесе уақтылы хабарламау, егер сақтандырушы сақтандыру жағдайының басталуы туралы уақтылы бiлгенi дәлелденбесе не сақтандырушыда бұл туралы мәлiметтердiң болмауы оның сақтандыру төлемiн жүзеге асыру мiндетiне ықпал ете алмаса, оған сақтандыру төлемiнен бас тарту құқығын бередi.
4. Сақтандырушы сақтандыру төлемiнен бас тарту үшiн негiздер бар кезде, осы Заңның 18-бабында көзделген құжаттарды алған күннен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде сақтандыру төлемi туралы өтiнiш берген тұлғаға бас тарту себептерiнiң уәждi негiздемесi келтiрiлген сақтандыру төлемiнен толық немесе iшiнара бас тарту туралы тиiстi шешiмдi жазбаша нысанда жiберуге мiндеттi.
5. Сақтандырушының осы бапта көзделмеген негiздер бойынша сақтандыру төлемiнен бас тартуға құқығы жоқ.
6-тарау. Қорытынды ережелер
21-бап. Дауларды қарау тәртібі
Туроператордың және турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартынан туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қаралады.
22-бап. Туроператордың және турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзуға кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
Қазақстан Республикасының