7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
- өңірдің сейсмикалығын және оның тереңдік құрылысын зерттеу (шағын сейсмикалықты, қалалық жарылым аймақтарын зерттеу);
- тереңдікте бақылаудың жаңа әдістерін әзірлеу;
- мониторингтің тереңдік және жер беттілік жүйесі үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу;
- деректерді өңдеудің компьютерлік бағдарламаларын әзірлеу;
- тереңдік мониторинг жөнінде деректер базасын құру;
- Алматы қаласын шағын сейсмикалық аудандарға бөлу үшін деректерді өңдеу;
- сейсмикалық тереңдік мониторинг деректерін республикалық жер сілкіністерін болжау желісіне бейімдеу және енгізу.
Түпкілікті нәтиже: Алматы қаласын шағын сейсмикалық аудандарға бөлу міндеттерін шешу үшін жаңа бірегей геофизикалық материалдар арқылы ескерту қызметтеріне мәліметтер беру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: Алматы қаласының сейсмикалық қауіптілігінің тереңдік ұңғымалық сейсмикалық мониторингі саласында ғылыми зерттеу жүргізу жөніндегі шығындар - 90096,0 мың теңге.
Уақтылығы: жасалған келісім-шарттарға сәйкес жыл ішінде.
Сапасы: төтенше жағдайлар саласында жаңа бірегей геофизикалық материалдар алу арқылы Алматы қаласының халқы мен табиғи-шаруашылық жүргізу объектілерінің 100% қауіпсіздігін қамтамасыз ету.