4) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының апелляциялық тәртіппен шығарылған қаулыларына қадағалау шағымдары, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының наразылықтары бойынша істерді қарайды.
3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы осы Кодекстің 384-бабының төртінші бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынысы немесе Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасының қаулысына Қазақстан Республикасы Бас прокурорының наразылықтары бойынша істерді қарайды.";
8) 392-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"392-бап. Қадағалау шағымын (өтінімді) немесе прокурор
наразылығын қайтару
1. Қадағалау шағымы (өтінім) немесе прокурор наразылығы мынадай негіздер бойынша:
1) қадағалау шағымы (өтінім) немесе прокурор наразылығы осы Кодекстің 390, 391-баптарының талаптарына сай келмесе;
2) қадағалау шағымы (өтінім) немесе прокурор наразылығы заңды күшіне енген осы сот актісіне осы Кодекстің 385-бабына сәйкес шағым жасауға, наразылық білдіруге құқығы жоқ адамдар тарапынан берілсе;
3) қадағалау шағымы (өтінім) немесе прокурор наразылығы осы Кодекстің 388-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін берілсе және оны қалпына келтірудің дәлелді себептері болмаса;
4) қадағалау шағымы (өтінім) немесе прокурор наразылығы оларды мәні бойынша қарағанға дейін кері қайтарып алынса;
5) қадағалау шағымы (өтінім) немесе прокурор наразылығы қадағалау сатысына соттылық ережесін бұза отырып берілсе;
6) қадағалау шағымы (өтінім) немесе прокурор наразылығы осы Кодекстің 384-бабының екінші бөлігіне сәйкес сот қадағалауы тәртібімен қайта қарауға жатпайтын сот актілеріне берілсе, олар берген адамдарға қайтарылуға тиіс.
2. Қадағалау шағымын (өтінімді) немесе прокурор наразылығын қайтаруға негіз болған кемшіліктер жойылған жағдайда оларды жалпы негізде қайтадан беруге болады.";
9) 393, 394 және 395-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"393-бап. Қадағалау шағымын алдын ала қарау
1. Сот актісін сот қадағалауы тәртібімен қайта қарау туралы қадағалау шағымы облыстық және оған теңестірілген сот төрағасының, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының тапсырмасы бойынша тиісті қадағалау алқасының үш судьясынан құралған сотта алдын ала зерделенеді және қаралады. Қажет болған жағдайда азаматтық іс сұратылуы мүмкін.
2. Қадағалау шағымы келіп түскен күннен бастап бір айдың ішінде, ал іс сұратылған жағдайда - іс келіп түскен күннен бастап бір айдың ішінде қаралады.
3. Қадағалау шағымы алдын ала қаралатын күн туралы прокурорға, сондай-ақ шағым берген адамға хабарланады, алайда олардың келмеуі іс бойынша сот қадағалауы тәртібімен іс жүргізуді қозғауға негіз бар немесе жоқ екені туралы мәселені шешуге кедергі болмайды.
394-бап. Қадағалау шағымын алдын ала қараудың нәтижелерi
бойынша қабылданатын шешімдер
1. Қадағалау шағымын алдын ала қараудың нәтижелері бойынша сот:
1) шағым берілген сот актісін қайта қарау бойынша қадағалау іс жүргізуін қозғау және қадағалау шағымын азаматтық істі сұрата отырып қадағалау сатысында қарау туралы;
2) шағым берілген сот актісін қайта қарау бойынша қадағалау іс жүргізуін қозғаудан бас тарту туралы;
3) қадағалау шағымын қайтару туралы қаулы шығарады.
2. Соттың қадағалау шағымын алдын ала қарау нәтижелері бойынша шығарған қаулысында:
1) қаулының шығарылған күні мен орны;
2) қадағалау шағымын қараған және қаулы шығарған тиісті сот судьяларының тегі мен аты-жөні;
3) дау туғызған сот актісін көрсете отырып қаулы шығарылған іс;
4) қадағалау шағымының авторы;
5) қадағалау шағымында келтірілген дәлелдер;
6) қадағалау іс жүргізуін қозғаудың немесе одан бас тартудың не қадағалау шағымын оларды берген адамдарға қайтарудың негіздері көрсетілуге тиіс;
7) қаулының қарар бөлігінде осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген шешімдердің бірі жазылады.
3. Қадағалау шағымын алдын ала қараудың нәтижелері бойынша шығарылған қаулының көшірмесі қадағалау шағымын берген адамға жіберіледі.
395-бап. Қадағалау сатысы сотының отырысын тағайындау
1. Қадағалау сатысы шағым жасалған сот актісін қайта қарау бойынша қадағалау іс жүргізуін қозғау туралы сот қаулысын алғаннан
кейін тараптарға қадағалау шағымының көшірмелерін, сот отырысы өткізілетін күнді, уақытын, орнын көрсете отырып істің қадағалау сатысында қаралатыны туралы хабарлама жібереді.
2. Қадағалау сатысындағы іс қадағалау іс жүргізуін қозғау туралы қаулымен бірге қадағалау сатысына берілген не прокурор наразылығы келіп түскен күннен бастап бір айдың ішінде қаралуға тиіс.";
10) 396-баптағы "және оның орынбасарлары өз құзыреті шегінде" деген сөздер алып тасталсын;
11) 398-баптың төртінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) осы Кодекстің 387-бабында көзделген негіздердің болмауына байланысты істі сот қадағалауы тәртібімен қайта қараудан бас тарту туралы;";
12) 402-бап алып тасталсын;
13) 404-баптың 4) тармақшасындағы "күшін жою негіздер болып табылады." деген сөздер "күшін жою;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің соттың сот актісін шығаруы кезінде қолданған заңын немесе өзге нормативтік құқықтық актісін конституциялық емес деп тануы негіздер болып табылады.".
2-бап. Осы Заң, қажетті жағдайдың жасалуына қарай, бірақ 2009 жылғы 1 қаңтардан кешіктірілмей қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 2) тармақшасын және 14) тармақшасының жетінші абзацын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2005 жылғы желтоқсанның 30-ы № 111-III ҚРЗ