Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі № 1469 қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 16 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 2 наурыздағы № 157 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жығы 13 қазандағы № 1050 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Республикада медициналық білім беруді одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі № 1469 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 48, 450-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспесіндегі «Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қарашадағы Жарлығымен бекітілген «Халық денсаулығы» мемлекеттік бағдарламасының» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
бүкіл мәтін бойынша», білім және спорт» деген сөздер алынып тасталсын;
1-тармақтың екінші абзацы «алмай-ақ» деген сөзден кейін «және коммуналдық төлемдер өтелмей» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтың екінші абзацы «мамандықтары бойынша» деген сөздерден кейін», 2006/2007 оқу жылынан бастап «стоматология» және «шығыс медицинасы» мамандықтары бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген жоғары медициналық білім беру ұйымдарының клиникалық базасы болып табылатын ауруханалардың, емханалар мен дәрігерлік амбулаториялардың тізбесінде:
«Қазақ мемлекеттік медицина академиясының клиникалық базалары» деген бөлім мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Ақмола өңірлік темір жол көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің облыстық психиатриялық ауруханасы;
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің облыстық онкологиялық диспансері;
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің облыстық тері-венерологиялық диспансері;
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің облыстық туберкулезге қарсы диспансері;
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің № 2 қалалық ауруханасы;
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің облыстық перинатальдық орталығы;
Қостанай облысы әкімдігінің Қостанай облыстық балалар ауруханасы;
Қостанай облысы әкімдігінің Қостанай перзентханасы;
Қостанай облысы әкімдігінің Қостанай облыстық туберкулезге қарсы диспансері;
Қостанай облысы әкімдігінің Қостанай облыстық тері-венерологиялық диспансері;
Қостанай облысы әкімдігі Қостанай қаласының жедел шұғыл медициналық жәрдем станциясы;
Қостанай облысы әкімдігінің Қостанай қалалық ауруханасы»;
«Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының клиникалық базалары» деген бөлім мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Айқап» отбасылық дәрігерлік амбулаториясы»;
«Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының клиникалық базалары» деген бөлімнен кейін мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:
«Қ.А. Иассауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің клиникалық базалары:
«Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Түркістан қалалық орталық ауруханасы;
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Түркістан қалалық балалар ауруханасы;
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Түркістан туберкулезге қарсы диспансері;
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Түркістан тері-венерологиялық диспансері;
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Кентау қалалық орталық клиникалық ауруханасы;
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Кентау қалалық перзентханасы;
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Кентау қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы;
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Кентау қалалық туберкулезге қарсы диспансері;
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Кентау тері-венерологиялық диспансері;
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Кентау қалалық психо-неврологиялық диспансері;
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің облыстық клиникалық ауруханасы;
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің психоневрологиялық диспансері;
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің облыстық офтальмологиялық ауруханасы;
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің облыстық эндокринологиялық диспансері;
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің облыстық туберкулезге қарсы диспансері;
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің облыстық балалар ауруханасы;
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің облыстық тері-венерологиялық диспансері;
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің облыстық онкологиялық диспансері;
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Шымкент қалалық № 2 балалар ауруханасы;
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Шымкент қалалық № 5 емханасы;
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Шымкент қалалық № 3 балалар емханасы;
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Шымкент қалалық медициналық жедел жәрдем ауруханасы;
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Шымкент қалалық медициналық жедел жәрдем станциясы;
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Сот медицинасы орталығының Оңтүстік Қазақстан филиалы».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |