Көшіп-келу квотасы бойынша келген оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне тұрақты тұратын жеріне бару және мүлкін (оның ішінде малын) апару жөніндегі шығыстарын өтеу, келген жері бойынша тұрғын үй сатып алу үшін қаражат бөлу және біржолғы жәрдемақылар төлеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 15 Қаулысы
(2011.04.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 249 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2007.22.10. № 978 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
ҚР Үкіметінің 2007.22.10. № 978 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Көшіп-келу квотасы бойынша келген оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне тұрақты тұратын жеріне бару және мүлкін (оның ішінде малын) апару жөніндегі шығыстарын өтеу, келген жері бойынша тұрғын үй сатып алу үшін қаражат бөлу және біржолғы жәрдемақылар төлеу ережесі бекітілсін.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2011.04.03. № 230 Қаулысымен бүкіл мәтін бойынша «төлемдер жөніндегі», «төлеу жөніндегі» деген сөздер «беру жөніндегі» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 6 қаңтардағы
№ 15 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2007.22.10. № 978 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
Көшіп-келу квотасы бойынша келген оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне тұрақты тұратын жеріне
бару және мүлкін (оның ішінде малын) апару жөніндегі шығыстарын өтеу,
келген жері бойынша тұрғын үй сатып алу үшін қаражат бөлу және біржолғы жәрдемақылар төлеу
ережесi
ҚР Үкіметінің 2007.22.10. № 978 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Осы Ереже «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатында келген және оралмандардың көшіп-келу квотасына енген оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне тұрақты тұратын жеріне бару және мүлкін (оның ішінде малын) апару жөніндегі шығыстарын өтеудің, келген жері бойынша тұрғын үй сатып алу үшін қаражат бөлу және біржолғы жәрдемақылар (бұдан әрі - қосымша жеңілдіктер) төлеудің тәртібін айқындайды.
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2010.15.01. № 7 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.04.03. № 230 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті);
2) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері - Ішкі істер департаментінің Көші-қон полициясы басқармасы;
2-1) қосымша жеңілдіктерді төлеу жөніндегі уәкілетті ұйым (бұдан әрі - Орталық) - «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
2-2) Орталықтың филиалдары — «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының облыстың, Астана және Алматы қалаларындағы филиалдары;
2-3) Орталықтың бөлімшелері - «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының қалалық, аудандық бөлімшелері;
3) беру жөніндегі уәкілетті ұйым - екінші деңгейдегі банктер немесе Қазақстан Республикасы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органының және Ұлттық Банкінің банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдар.
4) Бағдарламаға қатысушы оралман - оралмандардың көшіп келу квотасына енгізілген және 2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасына (бұдан әрі - Бағдарлама) қатысушы болған оралман.
ҚР Үкіметінің 2007.22.10. № 978 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қосымша жеңілдіктер оларды алуға құқығы бар оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне төленеді.
ҚР Үкіметінің 2007.22.10. № 978 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Оралмандардың және олардың отбасы мүшелерінің қоныс аударуы өз бетімен және ұйымдасып қоныс аудару жолымен жүзеге асырылады.
Ұйымдасып қоныс аудару кезінде оралмандар және олардың отбасы мүшелері тұрғылықты жеріне жеткенге дейінгі жолда тамақ өнімдерімен және дәрілік заттармен қамтамасыз етіледі.
2. Қосымша жеңілдіктерді тағайындауға және төлеуге өтініш беру
4. Қосымша жеңілдіктерді тағайындауға және төлеуге өтініш беру оралманның отбасы оралмандардың көшіп-келу квотасына енгізілгеннен кейін жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2007.22.10. № 978 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.15.01. № 7 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.04.03. № 230 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Қосымша жеңілдіктер тағайындау және төлеу үшін оралман отбасының басшысы өзінің тұрғылықты жері бойынша халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне төлемдер беру жөніндегі уәкілетті ұйымда алдын ала ашқан жеке шотын көрсете отырып, отбасының атынан осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Отбасының басшысын оралманның отбасы белгілейді.
3. Қосымша жеңілдіктерді тағайындау және төлеу тәртібi
ҚР Үкіметінің 2011.04.03. № 230 Қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Халықтың көші-қоны жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы қолдаухат қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қосымша жеңілдіктерді тағайындау туралы немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады.
Қосымша жеңілдіктер тағайындау туралы немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімге халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.
Қосымша жеңілдіктер тағайындау туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша осы шешімнен үзінді көшірме ресімделеді (бір дана) және осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламамен қоса төлемдерді жүзеге асыру үшін Орталықтың филиалы арқылы Орталықтың бөлімшесіне жіберіледі.
Орталықтың бөлімшесі келіп түскен қосымша жеңілдіктер тағайындау туралы шешімнен үзінді көшірмені осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, оны тіркеу журналына тіркейді, орталықтандырылған деректер базасында алушының (оралманның) карточкасын қалыптастырады және тиісті деректерді енгізеді.
Қосымша жеңілдіктер тағайындаудан бас тартылған жағдайда халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі бас тарту себептерін көрсете отырып, үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіні хабардар етеді.
7. Қосымша жеңілдіктерді тағайындау туралы шешімде оралман отбасының құрамы, оларға тиесілі төлемдердің мөлшері және беру жөніндегі уәкілетті ұйымда оралман отбасының басшысы ашқан жеке шоттың нөмірі көрсетіледі.
ҚР Үкіметінің 2011.04.03. № 230 Қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Орталықтың бөлімшесі қосымша жеңілдіктерді тағайындау туралы шешімнен үзінді көшірме алғаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей беру жөніндегі уәкілетті ұйымдарға тиісті төлемдерді аударады.
ҚР Үкіметінің 2011.04.03. № 230 Қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
9. Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің қосымша жеңілдіктер тағайындаудан бас тартуына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға немесе сотқа шағымдануға болады.
ҚР Үкіметінің 2011.04.03. № 230 Қаулысымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10. Қосымша жеңілдіктер оралман отбасының өздері оралмандардың көшіп-келу квотасына енгізілген жылдың ішінде Қазақстан Республикасының аумағына келмеген мүшелеріне берілмейді.
4. Төлемдердің мөлшерi
ҚР Үкіметінің 2010.15.01. № 7 Қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11. Бағдарламаға қатысушы болып табылмайтын оралмандарға:
1) біржолғы жәрдемақылар:
отбасы отағасына 15 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
отбасының әрбір мүшесіне 10 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) өз бетімен қоныс аудару кезінде тұрақты тұратын жеріне бару және мүлкін (оның ішінде малын) апару жөніндегі шығыстарды өтеуге қаражат. Бұл ретте оралман отбасының әрбір мүшесінің жол жүру ақысын төлеу 10 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүргізіледі. Жеке мүлкін апару ақысын төлеу оралман отбасына 50 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүргізіледі;
3) оралман отбасының әрбір мүшесіне 100 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тұрғын үй сатып алуға арналған қаражат бөлінеді. Бұл ретте оралман отбасы отағасының жеке шотына аударылған бөлінген қаражат сомасы мен сатып алынатын тұрғын үйдің сатып алу құны арасындағы теріс айырма оралмандардың отбасы мүшелерінің өз қаражаты есебінен төленеді, ал оң айырма оралман отбасында қалады.
ҚР Үкіметінің 2010.15.01. № 7 Қаулысымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12. Бағдарламаға қатысушы оралмандарға тұратын жеріне бару және мүлкін апару жөніндегі шығыстарды өтеу қаражатын қамтитын біржолғы жәрдемақылар мынадай мөлшерде:
1) отбасы отағасына 100 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) отбасының әрбір мүшесіне аумақтық даму осьтері бойынша қоныстануына байланысты:
Солтүстік осьте (Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары) 75 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Орталық осьте (Атырау, Қарағанды, Қызылорда және Маңғыстау облыстары) 65 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Оңтүстік осьте (Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстары) 55 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде сараланып бөлінеді.
Бағдарламаға қатысушы оралмандар Солтүстік осьте қоныстанған жағдайда олардың біржолғы жәрдемақы сомасы 2,0 арттырушы коэффициентіне және Орталық осьте 1,7 арттырушы коэффициентіне көбейтіледі.
ҚР Үкіметінің 2010.15.01. № 7 Қаулысымен 13-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13. Бағдарламаға қатысушы оралмандарға тұрғын үйді салу, қалпына келтіру немесе сатып алу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жеңілдікті кредиттік қарыздар беріледі.
ҚР Үкіметінің 2007.22.10. № 978 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.04.03. № 230 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 14-тармақ өзгертілді
14. Ұйымдасып қоныс аудару кезінде оралмандарды және олардың отбасы мүшелерін тасымалдау және олардың мүлкін апару жөніндегі көліктік шығыстарды:
1) шыққан мемлекетінен Қазақстан Республикасының аумағындағы келу пунктіне дейін - уәкілетті орган;
2) Қазақстан Республикасының аумағындағы келу пунктінен соңғы тұрғылықты жеріне дейін - халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі жүзеге асырады.
Ұйымдасып қоныс аудару кезінде көлік ұйымдарының оралмандардың және олардың отбасы мүшелерінің мүлкін апару жөніндегі қызметтері оралман отбасына салмағы 1000 килограмнан аспайтын жүк үшін өтеледі.
Соңғы тұрғылықты жеріне дейінгі жолда тамақ өнімдерімен, дәрілік заттармен қамтамасыз ету әрбір отбасы мүшесіне айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 50 пайызы мөлшерінде жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 2007.22.10. № 978 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.04.03. № 230 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 15-тармақ өзгертілді
15. Оралмандарды және олардың отбасы мүшелерін құжаттамалау (тұруға ықтиярхат немесе Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі) жөніндегі қызметтерге ақы төлеу осы құжаттардың Қазақстан Республикасының азаматтары үшін белгіленген құны мөлшерінде жүргізіледі.
5. Есеп және есеп беру
ҚР Үкіметінің 2011.04.03. № 230 Қаулысымен 16-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
16. Орталықтың бөлімшелері мен беру жөніндегі уәкілетті ұйымдардың арасында есептіден кейінгі айдың 5-күніне дейін төленген сомалар бойынша салыстыру актілері жасалады.
ҚР Үкіметінің 2011.04.03. № 230 Қаулысымен 17-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
17. Орталықтың бөлімшелері беру жөніндегі уәкілетті ұйыммен арадағы салыстыру актісінің негізінде есептіден кейінгі айдың 7-күніне Орталыққа төлемдер туралы есептерді ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2007.22.10. № 978 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.04.03. № 230 Қаулысымен (бұр.ред.қара) қосымша өзгертілді
Көшіп-келу квотасы бойынша келген
оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне тұрақты тұратын
жеріне бару және мүлкін (оның ішінде малын) апару
жөніндегі шығыстарын өтеу, келген жерi
бойынша тұрғын үй сатып алу үшін қаражат
бөлу және біржолғы жәрдемақылар төлеу
ережесіне 1-қосымша
Кімге __________________________________________________________________________________________________________________
(ұйым басшысының лауазымы, тегі және аты-жөні)
_______________________________________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________ мекен-жайы бойынша тұратын
_______________________________________________________________________________________________________________________
(оралман отбасы басшысының тегі, аты, әкесінің аты)
Қосымша жеңілдіктерді тағайындау және төлеу туралы
өтініш
Сізден маған ___________________________________________________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасына келу мақсаты көрсетіледі)
байланысты, келген отбасы мүшелерінің мынадай құрамын:
______________________________________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________________________
ескере отырып, қосымша жеңілдіктер төлеуді сұраймын.
Бізге тиесілі соманы _____________________________________________________________________________________________________
(банктің атауы, банктің СТН-і, банктің
______________________________________________________________________________________________________________________
ФАА-сы, алушының жеке шотының нөмірі көрсетіледі)
аударуды сұраймын.
______________________________________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________________________
20__жылғы «____» __________ ___________________________________________
(отбасы басшысының қолы)
ҚР Үкіметінің 2011.04.03. № 230 Қаулысымен 2-қосымшамен толықтырылды
Көшіп келу квотасы бойынша
келген оралмандарға және олардың
отбасы мүшелеріне тұрақты тұратын
жеріне бару және мүлкін (оның
ішінде малын) апару жөніндегі
шығыстарын төлеу, келген жері
бойынша тұрғын үй сатып алу үшін
қаражат бөлу және біржолғы
жәрдемақылар төлеу ережесіне
2-қосымша
_______________ облысы (қаласы) Ішкі істер департаменті
Көші-қон полициясы басқармасының қосымша төлемдер
тағайындау туралы шешімінен үзінді көшірме
Іс № ________________________________________________________________________________________________________________
Тегі (отбасы басшысы) _________________________________________________________________________________________________
Аты ________________________________________________________________________________________________________________
Әкесінің аты _________________________________________________________________________________________________________
Туған күні ___________________________________________________________________________________________________________
Отбасы мүшелері ___________________________________________ _________________________________________________________
(саны) (жазумен)
Тұрғылықты мекенжайы (нақты) ________________________________________________________________________________________
Жеке куәлігі (оралманның) _____ ж. « ____ » _______ № _________
Кім берді _____________________________________________________________________________________________________________
Әлеуметтік жеке коды (ЖӘК) ____________________________________________________________________________________________
Салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) _____________________________________________________________________________________
Осы атауы ____________________________________________ коэффициент ___________________________________________________
« _____________________ » Қазақстан Республикасының _____ жылғы
« ____ » ______ № _____ Заңының _____ ___ бабының ___ тармағына
сәйкес төлемдер тағайындалсын.
1. Төлеуге тағайындалған біржолғы жәрдемақының мөлшері:
____________________________________________________ теңге. ___________________________________________________________
(жазумен)
оның ішінде (мәлімет үшін):
отбасы басшысына ____________________________________ теңге ___________________________________________________________
(жазумен)
отбасы мүшелеріне _____________ теңге __________________________________________________________________________________
2. Тұрғын үй сатып алуға тағайындалған қаржының төленетін мөлшері:
_____________________________________________________ теңге ___________________________________________________________
(жазумен)
оның ішінде (мәлімет үшін):
отбасы басшысына ______________________________________ теңге _________________________________________________________
(жазумен)
отбасы мүшелеріне _______________________________________ теңге ________________________________________________________
(жазумен)
______________________________________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________________________
Банкінің деректемелері және алушының ағымдағы шотының нөмірі:
БЖК _________________________________________________________________________________________________________________
Банк СТН-і ____________________________________________________________________________________________________________
Банк (ағымдағы, картшоты) ______________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________________________
(банктің аты, мекен жайы)
М.О. Ішкі істер департаменті
Көші-қон полициясы басқармасының бастығы ______________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
Маман __________________________________ ______________________
(тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
ҚР Үкіметінің 2011.04.03. № 230 Қаулысымен 3-қосымшамен толықтырылды
Көшіп келу квотасы бойынша
келген оралмандарға және олардың
отбасы мүшелеріне тұрақты тұратын
жеріне бару және мүлкін (оның
ішінде малын) апару жөніндегі
шығыстарын төлеу, келген жері
бойынша тұрғын үй сатып алу үшін
қаражат бөлу және біржолғы
жәрдемақылар төлеу ережесіне
3-қосымша
_______________________________________________________________
(қосымша жеңілдіктерді тағайындаған органның атауы)
_______________________________________________________________
(Орталық филиалының атауы)
Төлемдерді ресімдеу үшін ұсынылатын үзінді көшірмелер туралы
20 __ ж.« ___ » № ___
хабарлама
Р/с № | Істің № | Тегі, аты, әкесінің аты | Төлемдердің түрі | Ескертпе |
| | | | |
| | | | |
| | | | |
| | | | |
| | | | |
| | | | |
| | | | |
| | | | |
| | | | |
Қоса берілген құжаттардың барлығы ____________
Ішкі істер департаменті
Көші-қон полициясы басқармасының бастығы ______________________________ ______
(Т.А.Ә.) (қолы)
Маман _____________________________________________ _________________________
(тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
М.О. ЗТМО облыстық филиалының директоры ___________________________ _________
(Т.А.Ә.) (қолы)
Маман ____________ кіріс _____ 20 ж «___» ____ № __________
шығыс _____ 20 ж «___» ____ № __________
М.О. ЗТМО бөлімшесінің бастығы ______________________________________ ___________
(Т.А.Ә.) (қолы)
Маман ____________ кіріс _____ 20 ж «____» ____ № __________
ҚР Үкіметінің 2011.04.03. № 230 Қаулысымен 4-қосымшамен толықтырылды
Көшіп келу квотасы бойынша
келген оралмандарға және олардың
отбасы мүшелеріне тұрақты тұратын
жеріне бару және мүлкін (оның
ішінде малын) апару жөніндегі
шығыстарын төлеу, келген жері
бойынша тұрғын үй сатып алу үшін
қаражат бөлу және біржолғы
жәрдемақылар төлеу ережесіне
4-қосымша
__________________________ көшірмелерін тіркеу журналы
(төлемдердің түрі)
Р/с № | Үзінді көшірменің №, күні | Оралманның тегі, аты, әкесінің аты | Хабарлама уақыты, № | Тіркеу уақыты |