«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 509м Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. "2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 1354 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бойынша:
көрсетілген қаулыға 246-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
"Балалардың тамақтануын, тұруын және оларды тестілеу пункттеріне жеткізуді ұйымдастыру" деген сөздер "Тестілеуді ұйымдастыру және өткізу" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Облыстық бюджеттерге тамаққа, жатын орынға, балаларды тестілеу пункттеріне жеткізуге трансферттер аудару" деген сөздер "Тамақтандыруды, тұруын және балаларды тестілеу пункттеріне жеткізуді ұйымдастыру" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |