Тылдық қамтамасыз ету түрлерi бойынша нормаларды бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 19 мамырдағы № 762 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 23.07.04 ж. № 788 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 23 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 9 сәуірдегі Заңының 15-бабына, "Заңдық актiлердi одан әрi жетiлдiру жөніндегі жұмыс туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1997 жылғы 14 қаңтардағы № 64 қаулысына сәйкес және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде материалдық-техникалық құралдарды негiздi талап ету және пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнің, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының әскери қызметшiлерiн заттай мүлiкпен қамтамасыз ету нормалары;
2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң және Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң әскери қызметшiлерiн азық-түлiкпен қамтамасыз ету нормалары;
3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнің әскери техникасы мен қару-жарағын пайдалану, жөндеу және консервациялау кезiнде жанармайлардың, майлардың, жағармайлардың және арнайы сұйықтардың жұмсалу нормалары;
4) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң әскери бөлiмдерiн және мекемелерiн мал дәрiгерлiк мүлкiмен жабдықтау нормалары бекітілсiн.
2. "1999 жылға арналған мемлекеттік бюджеттiң жобасын әзiрлеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 16 наурыздағы № 219 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсін:
18-тармақтың 1) тармақшасындағы екiншi, үшiншi және бесiншi абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының әскери қызметшiлерiн заттай мүлiкпен қамтамасыз ету нормалары;
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің және Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің әскери қызметшілерін азық-түлікпен қамтамасыз ету нормалары;
Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің әскери бөлімдерін және мекемелерін мал дәрігерлік мүлкімен жабдықтау нормалары".
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2000 жылғы 19 мамырдағы
№ 762 қаулысымен
Бекітілген
ҚР Үкіметінің 23.07.04 ж. № 788 қаулысымен № 52 нормамен толықтырылды
№ 52 Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде
халықаралық мiндеттемелердi орындайтын арнайы мақсаттағы бөлiмшелер мен
бөлiмдердiң әскери қызметшiлерiн заттай мүлiкпен, арнайы киіммен, жылы
заттармен, керек-жарақтармен, спорттық мүлiкпен және төсек-орын
жабдықтарымен қамтамасыз етудiң нормасы*
Р/с N | Заттардың атауы | Есеп бірлігі | Бір адамға заттардың саны | Кию мерзімі | Осы затты берген кезде қолданылатын ескерту N |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. Киім-кешек |
1 Қара көк түстi берет дана 1 2 жыл 2 Бүркемелеу түстес далалық мақта-матадан тігілген фуражка дана 1 1 жыл 3 Бүркемелеу түстес мақта-матадан тігілген панама дана 1 2 жыл 4 Погондары бар бүркемелеу түстес мақта-матадан тігілген далалық жазғы костюм ж-қ 3 1 жыл 5 Погондары бар бүркемелеу түстес мақта-матадан тігілген жылы далалық костюм ж-қ 1 2 жыл 6 Жүннен тоқылған свитер*** дана 1 2 жыл 1 7 Мақта-матадан тігілген костюм ж-қ 1 1 жыл 8 Былғарыдан тігілген офицерлiк жабдық дана 1 4 жыл 9 Тоқыма баудан тiгiлген белдiктi белбеумен иық бау ж-қ 1 4 жыл 10 "ИК" белдiкті белбеу дана 1 2 жыл 2 11 Шалбар белбеуі дана 1 2 жыл 2 |
2. Арнайы мүлiк |
12 Кевларлы дулыға** дана 1 4 жыл 13 Тiзеқаптар** жұп 1 2 жыл 2,3 14 Шынтаққаптар** жұп 1 2 жыл 2,3 15 Қалқанымен титанды дулыға** дана 1 4 жыл 4 16 Кевларлы броньды берен** дана 1 2 жыл 17 2 б/к түсiрмелi берен** дана 1 2 жыл 18 Сыйымдылығы 115 л арқа қоржыны** дана 1 2 жыл 19 Кариматы бар ұйықтайтын қап** дана 1 4 жыл 20 Ұйықтайтын қапқа қосымша жайма дана 2 1 жыл 21 Бандана (таңғыш) дана 1 1 жыл 5 22 Күннен-шаңнан қорғайтын көзілдiрiк дана 1 2 жыл 5 23 Күннен қорғайтын көзілдiрiк дана 1 1 жыл 5 24 Жүннен тiгілген бөрік-маска дана 1 2 жыл 25 Кевларлы дулығаның тысы** дана 2 2 жыл 26 Масахана дана 1 1 жыл 27 Бәдене шыбынға қарсы шымылдық дана 1 1 жыл 28 Плащ-жамылғы*** дана 1 4 жыл |
3. Аяқ киім |
29 Ұзын қонышты бәтеңке жұп 2 1 жыл 30 Секіруге арналған бәтеңке жұп 1 2 жыл 6 31 Казармалық тапочка жұп 1 2 жыл |
4. Іш киім |
32 Бүркемелеу түстес майка дана 2 1 жыл 33 Армиялық трусылар дана 3 1 жыл 34 Бүркемелеу түстес футболка дана 2 1 жыл 35 Iштен киетін тоқыма іш киім ж-т 3 2 жыл 36 Жылы іш киім ж-т 2 1 жыл 1 37 Мақта-матадан тігілген носкилер жұп 12 2 жыл 38 Жүннен тоқылған носкилер жұп 3 1 жыл 39 Ақ жаға дана 12 1 жыл 40 Қол орамалдар дана 6 2 жыл 41 Түкті сүлгі дана 3 2 жыл 42 Вафельдi сүлгi дана 5 2 жыл 43 Шарқат дана 1 2 жыл 44 Былғары қолғаптар жұп 1 2 жыл 45 Жүннен тоқылған қолғаптар жұп 1 1 жыл 1 |
5. Спорттық мүлiк |
46 Спорттық костюм ж-т 1 2 жыл 47 Спорттық бейсболка дана 1 2 жыл 48 Футболка немесе спорттық майка дана 2 2 жыл 49 Шолақ шалбар дана 1 2 жыл 50 Кроссовкалар жұп 1 1 жыл 51 Сланцылар жұп 1 2 жыл |
6. Төсек-орын жабдықтары |
52 Жартылай жүннен жасалған көрпе** дана 1 4 жыл 53 Мақта-матадан тiгiлген көрпе тысы** дана 2 1 жыл 54 Мақта-матадан тiгiлген ақ жайма дана 4 1 жыл 55 Мақта-матадан тігілген жастық тыстары дана 3 1 жыл 56 Қауырсыннан жасалған жастық** дана 1 5 жыл 57 Бір адамдық мақтадан жасалған матрац** дана 1 4 жыл |
7. Мүкәммал мүлік |
58 Құрастырылған бақыр** дана 1 4 жыл 59 Бақырға арналған тыс дана 1 1 жыл 60 Алюминді фляга** дана 1 4 жыл 7,8 61 Флягага арналған тыс дана 1 1 жыл 7,8 |
* Осы норма бойынша офицерлер, прапорщиктер, келісім-шарт бойынша
және мерзiмдi қызметтiң әскери қызметшiлерi қамтамасыз етiледi.
** Осы мүлiк бөлiмшелер мен бөлiмдердiң мүкәммал мүлкі болып
табылады және жеке құрамның тізімдік санына беріледі.
*** Міндеттерді орындау өңіріне байланысты түсін айқындау.
Ескерту:
1. Жүннен тоқылған свитер, жылы іш киім мен жүннен тоқылған
қолғаптар суық климатты және суық климатты аудандарға теңестірілген
аудандарда беріледі.
2. Мерзімді қызметтің әскери қызметшілеріне беріледі.
3. Тізеқаптар мен шынтаққаптар бөлімшелер мен бөлімдер жеке
құрамының 50% әскери қызметшілеріне, ал инженерлік-саперлік бөлімшелер
мен бөлімдер әскери қызметшілер жеке құрамының 100%-ына беріледі.