7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: ауыл шаруашылығы санағының бірінші кезеңінде, 2006 жылдың тамыз-қыркүйегінде: 2500 жуық ауылдық және кенттік округтерді; 7600 жуық елді мекендерді; 9700 ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын, 187 мыңнан астам шаруа (фермер) қожалықтарын; 750 мың саяжай учаскелерін; екі миллионнан астам үй шаруашылықтарын қамту.
Түпкілікті нәтиже: "ауыл шаруашылығы" саласын сипаттайтын негізгі көрсеткіштер алынатын болады: егістік алаңдардың құрылымы, ауыл шаруашылығы дақылдарының сұрыптары бойынша егістік алаңдары, жеміс-жидек екпелері, жүзімдіктер туралы негізгі мәліметтер, ауыл шаруашылығы дақылдарына тыңайтқыштар енгізу, инфрақұрылым;
ауыл шаруашылығының негізгі сипаттамалары бойынша жиынтық көрсеткіштерді алу, олар санақ аралығындағы кезеңдерде бағалауды әзірлеу кезінде базистік шама ретінде пайдаланылатын болады, сондай-ақ кейінгі ауыл шаруашылығының іріктемелі зерттеулерін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен де, сол сияқты өңдеумен және сақтаумен де айналысатын барлық тауар өндірушілердің негізгі жиынтығын құру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: санақтың дерекқоры санақ аралығындағы кезеңдерде бағалауды әзірлеу кезінде базистік шама ретінде және статистикалық тіркелімді, ауыл шаруашылығы құрамаларының тіркелімдерін жаңғырту үшін пайдаланылатын болады.
Уақтылығы: жыл бойына
Сапасы: елдің азық-түлік ресурстарын қалыптастыруда ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің әрбір санаттары рөлінің даму жағдайы мен үрдістері туралы ақпарат сапасын арттыруға мүмкіндік жасайды.
Статистикалық байқаудың санақтан басқа ауыл шаруашылығы саласы туралы толық сандық және сапалық ақпарат алу мүмкіндігі бар баламалы нұсқалары жоқ.