«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 желтоқсандағы № 1290 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір қаулыларына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 тамыздағы № 917 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында:
2005-2007 жылдарға арналған қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесінде (5-бөлім):
Республикалық бюджеттен дамытуға және кредиттер беруге арналған мақсатты трансферттердің есебінен қаржыландырылатын басымды жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) 2005-2007 жылдарға арналған тізбесінде:
"Астананың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі" 2005 жылға дейінгі кезеңге арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының мемлекеттік бағдарламасы" деген кіші бөлімде:
реттік нөмірі 369-жолда:
5-бағанда "8020100" деген сандар "8190100" деген сандармен ауыстырылсын;
7-бағанда "6350000" деген сандар "6520000" деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 373-жолда:
7-бағанда "1084228" деген сандар "914228" деген сандармен ауыстырылсын;
10-бағанда "6299422" деген сандар "6469422" деген сандармен ауыстырылсын;
"Бағдарлама бойынша жиыны" деген жолда:
10-бағанда "28033393" деген сандар "28203393" деген сандармен ауыстырылсын;
"Барлығы" деген жолда:
10-бағанда "122279535" деген сандар "122449535" деген сандармен ауыстырылсын;
2) "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1289 қаулысында:
көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
07 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобында:
233 "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі" әкімшісі бойынша:
"028 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне коммуналдық шаруашылықтарды дамыту үшін берілетін нысаналы даму трансферттері" бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
"028 Облыстық бюджеттерге, Астана
және Алматы қалаларының
бюджеттеріне коммуналдық
шаруашылықтарды дамыту үшін
берілетін нысаналы даму
трансферттері 11458600
оның ішінде инвестициялық жобаларға:
Астана қаласының сол жақ жағалау
аумағының құрылысын топырақты
сулардың басуынан инженерлік қорғау,
дренаж, деңгейін төмендету 57000
Астана қаласында Талдыкөл
сарқынды су жинақтаушысын қалпына
келтіріп жою (1 және 2-кезектері) 6520000
Нөсер кәрізі жүйесін дамыту 914228
Астана қаласындағы жобаланатын
және салынып жатқан тұрғын үй
кешендеріне инженерлік желілер
мен жолдар салу 1767372
Алматы қаласындағы жобаланатын және
салынып жатқан тұрғын үй кешендеріне
инженерлік желілер мен жолдар салу 2000000
Алматы қаласындағы жаппай жеке
құрылыстар жүріп жатқан аудандарда су
құбырларының кәріз желілері мен
құрылыстарын салу және қайта жаңарту"; 200000
3) "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған (екінші кезең) орта мерзімді жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 тамыздағы № 884 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарында:
2005-2007 жылдарға арналған қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесінде (5-бөлім):
"2006-2008 жылдарға арналған қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі" деген кестеде:
"Астананың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі" 2005 жылға дейінгі кезеңге арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының мемлекеттік бағдарламасы" деген кіші бөлімде:
реттік нөмірі 310-жолда:
6-бағанда "7862116" деген сандар "8139530" деген сандармен ауыстырылсын;
10-бағанда "46516884" деген сандар "46239470" деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 314-жолда:
6-бағанда "1309100" деген сандар "914228" деген сандармен ауыстырылсын;
10-бағанда "11375322" деген сандар "11770194" деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |