11) тармақша 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енедi
11) заемшылар салынып жатқан объект құрылысына қатысушылар үлесiнiң және қатысушылар үлесiнiң кепiлдiктерiн қосқандағы жылжымайтын мүлiк құрылысы жөніндегі тапсырыс берушiнiң жобасының қатысушылары болып табылады. Осы тармақшада аты аталған заемшылар тобы құрған бір заемшының тәуекел мөлшерi жеке тұлғалардың қатысушылар үлесi кепiлдiктерiнiң және/немесе салынып жатқан объектiнiң құрылысына қатысушылар үлесiнiң - жеке тұлғалардың қатысуымен жасалған топ үшiн осы тармақтың 1)-10) тармақшаларына сәйкес бір заемшының тәуекел мөлшерiнiң жиынтық есебiне қабылданбауы тиiс.
33. Егер мемлекет (уәкiлеттi орган атынан) екi немесе одан да көп заңды тұлғалардың iрi қатысушысы болып табылған жағдайда, осы топқа қатысты тәуекел мөлшерi жиынтықты түрде алғанда егер басқа iрi қатысушылар болмаса, сондай-ақ бір заемшыға арналған тәуекел мөлшерi ретiнде есептелген жағдай бойынша осы Нұсқаулықтың 32-тармағында белгiленген өзге де жағдайлар кездеспеген жағдайда осы топқа арналған тәуекелдiң мөлшерi бір заемшыға арналған тәуекелдiң мөлшерi ретiнде есептелмейдi.
34. Бір заемшыға, оның iшiнде банкке арналған тәуекелдiң мөлшерi (Р) мынадай сомамен есептеледi:
1) банктiң балансында ескерiлген банктiң заемшыға қоятын талаптары;
2) осының алдындағы ағымдағы жылғы соңғы бес жыл iшіндегі банктiң балансынан есептен шығарылған банктiң заемшыға қоятын талаптары;
3) банк үшiншi тұлғаның пайдасына немесе заемшы үшiн мiндеттеме қабылдаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде немесе жасалған шарттарында көзделген өзге де негiздемелер бойынша талап етулер;
4) заемшының мiндеттемелерi бойынша қамтамасыз ету сомасын шегере отырып, мынадай түрде:
аталған мiндеттеменiң қамтамасыз етуi ретiнде банк өкiлеттiгіне ұсынылған салымдар;
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банк шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;
тазартылған қымбат металдар;
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кепiлдемелерi;
Standard & Poor's агенттiгiнiң "А" немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірi ұсынған осыған ұқсас ұзақ мерзiмдi борыштық рейтингi бар басқа банктердiң кепiлдемелерi.
Бір заемшының тәуекелi есебiне мыналар енгiзiлмейдi: Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Ұлттық Банкке қойылатын талаптар және Standard & Poor's агенттiгiнiң "BBB" ұзақ мерзiмдi рейтингi немесе халықаралық рейтинг агенттiктерi ретiнде танылған басқа халықаралық рейтинг ұйымдарының бірiнiң осыған ұқсас рейтингi бар банктердiң ашық корреспонденттiк шоттарына қойылатын талаптар.
35. Банктiң меншiктi капиталының мiндеттемелерi бойынша бір заемшы үшiн банк тәуекелiнiң мөлшерiне қатысы мынадан аспауы тиiс:
банкпен айрықша қатынастар бойынша (k3.1) байланыстары бар тұлғалар болып табылатын заемшылар үшiн - 0,10. Банкпен айрықша қатынастар бойынша байланыстары бар заемшылар үшiн тәуекелдердiң жиынтық сомасы банктiң меншiктi капиталының мөлшерiнен аспауы тиiс;
басқа заемшылар үшiн (k3) - 0,25 (оның iшiнде заемшы алдындағы қамтамасыз етiлмеген шартты мiндеттеменiң бланктiк заемдары бойынша 0,10 астам не заемшыға банктiң ағымдағы және содан кейiнгi екi ай iшiнде талап етуi мүмкiн үшiншi тұлғаның пайдасына, сондай-ақ Standard & Poor's агенттiгiнiң немесе одан басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осы деңгейдегi рейтингiнiң Қазақстан Республикасының тәуелсiз рейтингiнiң бір тармағынан төмен болмайтын және Standard & Poor's агенттiгiнiң "А" рейтингiнен төмен емес немесе одан басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiнен төмен емес рейтингi бар резидент еместерiнiң мiндеттемелерi бойынша).
36. Банктiң заемшыға қоятын талаптарының олар пайда болған күнгi жалпы көлемi осы Нұсқаулықпен белгiленген шектеулер шегiнде болса, бірақ соңынан соңғы үш ай iшiнде банктiң меншiктi капиталының деңгейi бес проценттен артық төмендеуiне байланысты аталған шектеулерден асып кеткен жағдайда не соңғы үш ай iшiнде заемшыға қойылатын талаптар он процент деп көрсетiлген теңгенiң шетел валютасымен орташа алынған биржалық бағамының ұлғаюынан банктiң заемшыға қоятын талаптарының өсуiне байланысты бір заемшыға деген тәуекел нормативiнiң барынша жоғары мөлшерi орындалды деп есептеледi.
Аталған жағдайларда банк шектеулерден асып кету фактiсi туралы уәкiлеттi органды дереу хабардар етедi және ағымдағы және одан кейiнгі айларда шектен асып кетудi жою жөнiнде мiндеттемелер қабылдайды. Егер осы шектен асып кету аталған мерзiмде жойылмаған болса, онда бір заемшының барынша жоғары тәуекел мөлшерiнiң нормативi шегiнен асып кету осы аталған шектен асып кету анықталған күннен бастап осы нормативтiң бұзылуы деп қарастырылады.
37. Егер банк заемшысы жағдай пайда болған сәтте банкпен айырықша қатынасы бар тұлға болмай, соңынан ондай болып табылған жағдайда, осы Нұсқаулықтың 35-тармағының екiншi абзацында белгіленгендей, осы заемшының аталған шектен асып кеткен тәуекел мөлшерi мына талаптарға сәйкес келсе, тәртiп бұзу ретiнде қарастырылмайды:
банк осы Нұсқаулықтың 34-тармағының 4) тармақшасына сәйкес қосымша қамтамасыз етудi ұсыну жөніндегі заемшының қабiлеттiлiгiн растай отырып, осы шектен асып кету туралы немесе норматив мөлшерiн сақтау үшiн қажеттi мөлшерге дейiнгi банк талап етулерінiң бөлiгiн орындайтындығы және уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде осы тәртiп бұзуды жою жөнiнде мiндеттемелер қабылдағандығы туралы уәкiлеттi органды дереу хабарландырған жағдайда;
Активтердi, шартты мiндеттемелердi жiктеу ережесіне сәйкес заемшының қаржылық жағдайы қанағаттанарлықтан төмен бағаға ие болмаған жағдайда.
38. Осы Нұсқаулықтың 37-тармағының шарттары сондай-ақ мына жағдайларда, егер заемшылар мiндеттемелер пайда болған сәтте бір заемшы ретiнде қаралмай, соңынан солай болған жағдайларда қолданылады.
4-тарау. Өтiмдiлiк коэффициентi
39. Өтiмдiлiк екi коэффициентпен сипатталады:
банктiң ағымдағы өтiмдiлiк коэффициентi (k4);
банктiң қысқа мерзiмдi өтiмдiлiк коэффициентi (k5).
Банктiң ағымдағы өтiмдiлiк коэффициентiнiң және қысқа мерзiмдi өтiмдiлiк коэффициентiнiң барынша төмен мәндерiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
40. Банктердiң ағымдағы өтiмдiлiк коэффициентi банктердiң талап ету бойынша мiндеттемелерiнiң орташа айлық мөлшерiне жоғары өтiмдi активтердiң орташа айлық мөлшерiнiң қатысы ретiнде есептеледi.
41. Жоғары өтiмдi активтер есебiне мыналар енгiзiледi:
1) қолма-қол ақша;
2) тазартылған қымбат металдар;
3) Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ұлттық Банк шығарған мемлекеттік бағалы қағаздар, банктiң қайта сатып алу немесе кепiлге беру шарты бойынша сатқандарынан басқа "Қазақстан ипотекалық компаниясы" акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар;
4) Ұлттық Банктегi, Қазақстан Республикасының банктеріндегі және Standard & Poor's агенттiгiнiң "А" рейтингінен төмен емес немесе одан басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiнен төмен емес ұзақ мерзiмдi борыштық рейтингi бар резидент емес банктердегi талап ету бойынша салымдар;
5) Қазақстан Республикасының банктерiне және Standard & Poor's агенттiгiнiң "А" рейтингiнен төмен емес немесе одан басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiнен төмен емес ұзақ мерзiмдi борыштық рейтингi бар резидент емес банктерiне берiлетiн "овернайт" заемдары;
6) Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттік тiркеу Тiзiлiмiнде № 2428 тiркелген "Екiншi деңгейдегi банктер брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асырған кезде мемлекеттік бағалы қағаздарымен мәмiле жасау құқығы бар елдерден талап ететiн барынша төмен рейтинг туралы" Ұлттық Банк Басқармасының 2003 жылғы 4 шiлдедегi № 219 қаулысымен белгiленген деңгейден төмен емес шетел валютасындағы тәуелсiз ұзақ мерзiмдi рейтингi бар елдердiң мемлекеттік бағалы қағаздары.
42. Талап ету бойынша мiндеттемелер есебiне мыналар енгiзiледi:
1) клиенттер мен корреспондент банктердiң талап ету бойынша салымдары;
2) "овернайт" банкаралық салымдары;
3) басқа да талап ету бойынша мiндеттемелер, оның iшiнде есеп айырысуды жүзеге асыру мерзiмi белгiленбеген мiндеттемелер.
43. Банктердiң қысқа мерзiмдi өтiмдiлiк коэффициентi талап ету бойынша мiндеттемелердi қосқандағы үш айдан аспайтын тарту мерзiмi бар мiндеттемелердiң орташа айлық мөлшерiне жоғары өтiмдi активтердi қосқандағы үш айдан аспайтын бастапқы өтеу мерзiмi бар активтердiң орташа айлық мөлшерiне қатыстылығы бойынша есептеледi.
Жоғары өтiмдi активтер есебiне қосылмайтын Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ұлттық Банк шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары, егер мемлекеттік бағалы қағаздар қамтамасыз ету болып табылған мiндеттемелер мiндеттемелердiң орташа айлық мөлшерiнiң есебiне қосылған жағдайда активтердiң орташа айлық мөлшерiнiң есебiне қосылады.
44. Өтiмдiлiк коэффициенттерiн есептеу кезiнде мыналар алынып тасталуы тиiс:
1) бірiншi және екiншi санатты күмәндiлерiнен басқа жiктеу, активтер, шартты мiндеттемелер ережесіне сәйкес жiктелген активтер;
2) кастодиан шарттары негiзiнде сақтауға және сенiмгерлiк басқару туралы шарттар негiзiнде сенiмгерлiк басқаруға банк қабылдаған қаражаттың инвестицияланбаған қалдықтары;
3) оффшорлық аймақтар аумағында тiркелген, заңды тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент еместерiне немесе уәкiлеттi орган белгiлеген оффшорлық аймақтар тiзбесiне енгiзiлген не Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының ақпарат алмасу жөнiнде мiндеттеме қабылдамаған оффшорлық аймақтар тiзбесiне енгiзген немесе аталған оффшорлық аймақтар аумағында тiркелген заңды тұлғаларға еншiлес ретiнде қатысты болып табылатын ұйымдарға қатысы бар мемлекеттердiң азаматтарына қойылатын талаптар.
45. Есептi кезең iшiнде банктiң кредиторлар мен салымшылар алдында мерзiмi өтiп кеткен мiндеттемелерi болған не Қазақстан Республикасының төлем және ақшаны аударым жасау туралы заңнамалық нормаларының бұзылу фактілері болған жағдайында орташа айлық негiзде белгiленген өтiмдiлiк коэффициенттерiнiң есептiк мәндерiне қатыссыз өтiмдiлiк нормативтерi орындалмаған деп есептеледi.
46. Банктер ағымдағы өтiмдiлiк коэффициентiнiң және қысқа мерзiмдi өтiмдiлiк коэффициентiнiң есебiнен басқа осы Нұсқаулықтың 7-қосымшасына сай нысан бойынша активтер мен мiндеттемелердiң мерзiмдерiн салыстыру кестесiн ұсынады.
5-тарау. Ашық валюталық позиция лимиттерi
47. Ашық валюталық позиция - жеке шет мемлекеттің (шет мемлекеттер тобының) валютасындағы банктiң талап етулерінiң (мiндеттемелерiнiң) сол шетел валютасындағы мiндеттемелерiнiң (талап етулерінiң) шегiнен асып кетуi.
Ұзын валюталық позиция - бұл талап етулер (активтер мен шартты талап етулердiң жиынтық сомасы) банктiң сол шетел валютасындағы мiндеттемелерiнiң (мiндеттемелер мен шартты мiндеттемелердiң жиынтық сомасы) шегiнен асып кететiн жеке шет мемлекеттің (шет мемлекеттер тобының) валютасындағы ашық валюталық позиция.
Қысқа валюталық позиция - бұл мiндеттемелер (мiндеттемелер мен шартты мiндеттемелердiң жиынтық сомасы) банктiң сол шетел валютасындағы талап етулері (активтер мен шартты талап етулердiң жиынтық сомасы) шегiнен асып кететiн жеке шет мемлекеттің (шет мемлекеттер тобының) валютасындағы ашық валюталық позиция.
Валюталық позициялар есебiне мөлшерi валюталардың айырбас бағамының өзгеруiмен белгiленетiн, теңгемен көрсетiлген талап етулер (активтер мен шартты талап етулердiң жиынтық сомасы), мiндеттемелер (мiндеттемелер мен шартты мiндеттемелердiң жиынтық сомасы) енгiзiледi.
Мөлшерi бір шетелдiк валютадан артық айырбас бағамының өзгеруiмен анықталатын, теңгемен көрсетiлген талап етулер (активтер мен шартты талап етулердің жиынтық сомасы), мiндеттемелер (мiндеттемелер мен шартты мiндеттемелердiң жиынтық сомасы) осы Нұсқаулықтың 48-тармағында белгiленген ашық валюталық позицияның мейлiнше төмен лимитiн иеленетiн шетел валютасындағы валюталық позициялар есебiне енгiзiледi.
Әрбір шетелдiк валюта бойынша ашық валюталық позиция жеке есептеледi.
Жеке шет мемлекеттердiң (шет мемлекеттер тобының) валюталарының есебi кезiнде бірiншi кезекте олар бойынша қалыптасқан арнайы провизияларды шегергендегi активтер шоттарындағы әрбір шетелдiк валюта бойынша ашылған шоттардың сальдосы және банктiң мiндеттемесi бойынша шоттары есептеледi. Соңынан ол бойынша қалыптасқан арнайы провизияларды шегере отырып, шартты талап етулер шоттарында және шартты мiндеттемелер шоттарында ашылған осы шетелдiк валюта бойынша шоттар сальдосы анықталады. Мiндеттемелерден (талап етулерден) шетел валютасындағы талап етулер (мiндеттемелер) шегi асып кеткендiгiн көрсеткен сальдо өзара жиынтықталады, ал алынған қорытынды банктiң шетел валютасындағы ашық позициясының мөлшерiн және түрiн анықтайды.
Банктiң валюталық нетто-позициясы банктiң барлық шетелдiк валюталары бойынша ұзын позициясының жиынтық сомасы мен барлық шетелдiк валюталары бойынша қысқа позициясының жиынтық сомасы арасындағы айырма ретiнде есептеледi.
Шетел валютасымен көрсетiлген талап етулер және мiндеттемелер осы талап етулер және мiндеттемелер көрсетiлген (белгiленген) шетел валюталары бөлiгіндегі валюта позициясы есебiне енгiзiледi.
Мәмiленi жасаған күн болып табылмайтын болашақ валюталау күнi бар валюталық операцияларды жүргiзу кезiнде осы сияқты валюталық операциялар осындай мәмiленi жасаған күннен бастап валюталық позиция есебiне енгiзiледi.
48. Осы Нұсқаулық ашық валюталық позицияның мынадай лимиттерiн белгiлейдi:
1) Standard & Poor's агенттiгiнiң "А" рейтингiнен төмен емес тәуелсiз рейтингi бар немесе одан басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiнен төмен емес рейтингi бар елдердiң шетелдiк валютасы бойынша және банктiң меншiктi капиталы шегiнiң 15 процентiнен аспайтын мөлшердегi "Еуро" валютасы бойынша ашық валюталық позиция (ұзын және қысқа) лимитi;
2) Standard & Poor's агенттiгiнiң "А" рейтингiнен төмен тәуелсiз рейтингi бар немесе одан басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң шетелдiк валютасы бойынша және банктiң меншiктi капиталы шегiнiң 5 процентiнен аспайтын мөлшердегi ашық валюталық позиция (ұзын және қысқа) лимитi;
3) банктiң меншiктi капиталы шегiнiң 30 процентiнен аспайтын мөлшердегi валюталық нетто-позиция лимитi.
49. Әрбір шетелдiк валюта бойынша және аптаның әрбір жұмыс күнi үшiн валюталық нетто-позиция бойынша валюталық позициялар туралы есеп осы Нұсқаулықтың 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша есептi аптадан кейiнгi аптаның үшiншi жұмыс күнi берiледi.
50. Ашық валюталық позицияның лимиттерi кез-келген шетел валютасы бойынша шектен асып кеткен кезде содан кейiнгi үш апта iшiнде тәртiп бұзған банктiң бұзылған валюталары бойынша ашық валюталық позицияларының лимиттерi осы Нұсқаулықтың 48-тармағында белгiленген ашық валюталық позиция лимиттерiнiң 5 проценттiк тармаққа кемуiмен айқындалады.
Жекелеген шетел валютасы бойынша банк белгiлеген лимиттердiң 0,09 проценттiк шектен асып кетуi ашық валюталық позицияның лимитiнiң бұзылуы болып есептелмейдi.
51. Осы Нұсқаулықтың 49-тармағында көрсетiлген есептен басқа, банктер осы Нұсқаулықтың 9-қосымшасына сәйкес нысанда шетел валютасындағы және осы Нұсқаулықтың 10-қосымшасына сәйкес нысанда ұлттық валютада активтер мен мiндеттемелердiң мерзiмдерiн салыстыру кестесiн бередi.
6-тарау. Банктiң негiзгi құрал-жабдықтардағы
инвестициясының барынша жоғары мөлшерiнiң коэффициентi
және басқа қаржылық емес активтер
52. Банктiң негiзгi құрал-жабдықтардағы инвестициясының мөлшерiнiң және басқа қаржылық емес активтердiң меншiктi капиталға (k6) қатысы 0,5-тен аспауы тиiс.
53. Негiзгi құрал-жабдықтар және басқа қаржылық емес активтерге мыналар жатады:
1) жер, үй және ғимарат;
2) салынып жатқан (орнатылып жатқан) негiзгi құрал-жабдықтар;
3) банк жалға алған үйлер бойынша күрделi шығындар;
4) компьютерлiк жабдықтар;
5) көлiк құрал-жабдықтары;
6) жалға беруге арналған негiзгi құрал-жабдықтар;
7) қаржы лизингiне қабылданған негiзгi құрал-жабдықтар;
8) басқа да негiзгi құрал-жабдықтар;
9) банктiң негiзгi қызмет мақсаты үшiн және сатып алынған және 38 халықаралық қаржылық есеп беру стандартына сәйкес келетiн лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету;
10) басқа да материалдық қорлар;
11) күрделi салымдар бойынша дебиторлық берешек.
7-тарау. Қорытынды ережелер
54. Банктердiң пруденциалдық нормативтердi сақтауына бақылау жасауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
55. Ай сайын, есептiден кейiнгi айдың алтыншы жұмыс күнiнен кешiктiрмей, банктер уәкiлеттi органға пруденциалдық нормативтер есебi үшiн қажеттi мәлiметтердi, осы Нұсқаулық белгiлеген коэффициенттер есебi туралы анықтамаларды, сондай-ақ есептiден кейiнгi айдың бірi күнгi жағдай бойынша дайындалған активтер мен мiндеттемелердiң мерзiмдерiн салыстыру жөніндегі кестелердi бередi.
56. Банк Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес осы Нұсқаулықтың талаптарын бұзған жағдайда жауап бередi.
Екiншi деңгейдегi банктер
үшiн пруденциалдық нормативтер
бойынша есеп айырысудың
нормативтiк мәнi мен әдiстемесi
туралы нұсқаулықтың 1-қосымшасы
43 және 44 жолдары 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енедi
Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша
сараланған банк активтерiнiң кестесi
№ | Баптар атауы | Тәуекел дәрежесi процентпен |
I топ |
1 | Қолма-қол теңге | 0 |
2 | Standard & Poor's агенттiгiнiң "AA"-дан кем емес тәуелсiз рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингiнен кем емес рейтингi бар елдiң шетелдiк қолма-қол валютасы | 0 |
3 | Тазартылған қымбат металдар | 0 |
4 | Қазақстан Республикасының Үкіметіне берiлген заемдар | 0 |
5 | Standard & Poor's агенттiгiнiң "AA"-дан кем емес тәуелсiз рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингiнен кем емес рейтингi бар елдердiң орталық үкiметтерiне берiлген заемдар | 0 |
6 | Ұлттық Банкке берiлген заемдар | 0 |
7 | Standard & Poor's агенттiгiнiң "АА"-дан кем емес тәуелсiз рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингiнен кем емес рейтингi бар елдердiң орталық банктерiне берiлген заемдар | 0 |
8 | Standard & Poor's агенттiгiнiң "AA"-дан кем емес борышты рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар халықаралық қаржы ұйымдарына берiлген заемдар | 0 |
9 | Ұлттық Банктегi салымдар | 0 |
10 | Standard & Poor's агенттiгiнiң "АА"-дан кем емес тәуелсiз рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингiнен кем емес рейтингi бар елдердiң орталық банктеріндегі салымдар | 0 |
11 | Standard & Poor's агенттiгiнiң "АА"-дан кем емес борышты рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар | 0 |
12 | Қазақстан Республикасы Үкіметінің дебиторлық берешегі | 0 |
13 | Қазақстан Республикасының жергілікті билік органдарының бюджетке салықтары мен басқа төлемдер туралы дебиторлық берешегi | 0 |
14 | Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банк шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары | 0 |
15 | Standard & Poor's агенттiгiнiң "АА"-дан кем емес тәуелсiз рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар шет мемлекеттердiң орталық үкiметтерi шығарған мемлекеттік мәртебесi бар бағалы қағаздар | 0 |
16 | Standard & Poor's агенттiгiнiң "АА"-дан кем емес борышты рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар | 0 |
17 | І-тәуекел тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы | 0 |
II топ |
18 | Standard & Poor's агенттiгiнiң "АА"-дан төмен тәуелсiз рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар және тиiстi рейтингтiк бағасы жоқ елдердiң шетелдiк қолма-қол валютасы | 20 |
19 | Standard & Poor's агенттiгiнiң "А"+дан "А-" дейiнгi тәуелсiз рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар елдердiң орталық үкіметтерiне берiлген заемдар | 20 |
20 | Standard & Poor's агенттiгiнiң "А"+дан "А-" дейiнгi тәуелсiз рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар елдердiң орталық банктерiне берiлген заемдар | 20 |
21 | Standard & Poor's агенттiгiнiң "А"+дан "А-" дейiнгi борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейiндегі рейтингi бар халықаралық қаржы ұйымдарына берiлген заемдар | 20 |
22 | Қазақстан Республикасының жергiлiктi билiк органдарына берiлген заемдар | 20 |
23 | Standard & Poor's агенттiгiнiң "АА-" кем емес тәуелсiз рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар елдердiң жергiлiктi билiк органдарына берiлген заемдар | 20 |
24 | Standard & Poor's агенттiгiнiң "АА-" кем емес борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар ұйымдарға берiлген заемдар | 20 |
25 | Standard & Poor's агенттiгiнiң "А"+дан "А-" дейiнгi тәуелсiз рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар елдердiң орталық банктеріндегі салымдар | 20 |
26 | Standard & Poor's агенттiгiнiң "А"+дан "А-" дейiнгi борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар | 20 |
27 | Standard & Poor's агенттiгiнiң "АА-" кем емес борышты рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар ұйымдардағы салымдар | 20 |
28 | І-тәуекел тобына жатқызылған дебиторлық берешектен басқа Қазақстан Республикасының жергiлiктi билiк органдарының дебиторлық берешегi | 20 |
29 | Standard & Poor's агенттiгінiң "АА-" кем емес борышты рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар ұйымдардың дебиторлық берешегi | 20 |
30 | Standard & Poor's агенттiгiнiң "А"+дан "А-" дейiнгi тәуелсiз рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар елдердiң орталық үкіметтерi шығарған мемлекеттік мәртебесi бар бағалы қағаздар | 20 |
31 | Standard & Poor's агенттiгінiң "А"+дан "А-" дейiнгi борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар | 20 |
32 | Қазақстан Республикасының жергiлiктi билiк органдары шығарған бағалы қағаздар | 20 |
33 | Standard & Poor's агенттiгiнiң "АА-" кем емес тәуелсiз рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар елдердiң жергiлiктi билiк органдары шығарған бағалы қағаздар | 20 |
34 | Standard & Poor's агенттiгiнiң "АА-" кем емес борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар ұйымдар шығарған бағалы қағаздар | 20 |
35 | "Қазақстан ипотекалық компаниясы" акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалық қағаздар | 20 |
36 | II-тәуекел тобына енгiзiлген активтер бойынша есептелген сыйақы | 20 |
III-топ |
37 | Тазартылмаған қымбат металдар | 50 |
38 | Standard & Poor's агенттiгiнiң "ВВВ+"-дан "ВВВ-" дейiнгi тәуелсiз рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар елдердiң орталық үкiметтерiне берiлген заемдар | 50 |
39 | Standard & Poor's агенттiгiнiң "ВВВ+"-дан "ВВВ-" дейiнгi тәуелсiз рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар елдердiң орталық банктерiне берiлген заемдар | 50 |
40 | Standard & Poor's агенттiгiнiң "ВВВ+"-дан "ВВВ-" дейiнгi борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар халықаралық қаржы ұйымдарына берiлген заемдар | 50 |
41 | Standard & Poor's агенттiгiнiң "А"+дан "А-" дейiнгi тәуелсiз рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар елдердiң жергiлiктi билiк органдарына берiлген заемдар | 50 |
42 | Standard & Poor's агенттiгiнiң "А"+дан "А-" дейiнгi борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар ұйымдарға берiлген заемдар | 50 |
43 | Қамтамасыз ету құны жеті мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын ипотекалық тұрғын үй заемдары | 50 |
44 | Қамтамасыз ету құны жеті мың айлық есептік көрсеткіштен асатын ипотекалық тұрғын үй заемдары | 75 |
45 | Standard & Poor's агенттiгiнiң "ВВВ+"-дан "ВВВ-" дейiнгi тәуелсiз рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар елдердiң орталық банктеріндегі салымдар | 50 |
46 | Standard & Poor's агенттiгiнiң "ВВВ+"-дан "ВВВ-" дейiнгi борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар | 50 |
47 | Standard & Poor's агенттiгiнiң "А"+дан "А-" дейiнгi борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар ұйымдардағы салымдар | 50 |
48 | Standard & Poor's агенттiгiнiң "А"+дан "А-" дейiнгi борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар ұйымдардың дебиторлық берешегі | 50 |
49 | Standard & Poor's агенттiгiнiң "ВВВ+"-дан "ВВВ-" дейiнгi тәуелсiз рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар елдердiң орталық үкiметтерi шығарған мемлекеттік мәртебесi бар бағалы қағаздар | 50 |
50 | Standard & Poor's агенттiгiнiң "ВВВ+"-дан "BBB-" дейiнгi борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар | 50 |
51 | Standard & Poor's агенттiгiнiң "А"+дан "А-" дейiнгi тәуелсiз рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар елдердiң жергiлiктi билiк органдары шығарған бағалы қағаздар | 50 |
52 | Standard & Poor's агенттiгiнiң "А"+дан "А-" дейiнгі борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар ұйымдар шығарған бағалы қағаздар | 50 |
53 | III-тәуекел тобына енгiзiлген активтер бойынша есептелген сыйақы | 50 |
IV-топ |
54 | Standard & Poor's агенттiгiнiң "ВВ+"-дан "В-" дейiнгi тәуелсiз рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар және тиiстi рейтингтiк бағасы жоқ елдердiң орталық үкiметтерiне берген заемдар | 100 |
55 | Standard & Poor's агенттiгiнiң "ВВ+"-дан "В-" дейiнгi тәуелсiз рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар және тиiстi рейтингтiк бағасы жоқ елдердiң орталық банктерiне берiлген заемдар | 100 |
56 | Standard & Poor's агенттiгiнiң "ВВ+"-дан "В-" дейiнгi борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар және тиiстi рейтингтiк бағасы жоқ халықаралық қаржы ұйымдарына берiлген заемдар | 100 |
57 | Standard & Poor's агенттiгiнiң "ВВВ+"-дан "ВВ-" дейiнгi борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар және тиiстi рейтингтiк бағасы жоқ елдердiң жергiлiктi билiк органдарына берiлген заемдар | 100 |
58 | Standard & Poor's агенттiгiнiң "А-" дан төмен борышты рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар, тиісті рейтингтік бағасы жоқ резидент ұйымдарға және Standard & Poor's агенттiгiнiң "ВВВ+"-дан "ВВ-" дейiнгi борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар резидент емес ұйымдарға берiлген заемдар | 100 |
59 | ІII-тәуекел тобына жататындардан басқа жеке тұлғаларға берiлген заемдар | 100 |
60 | Standard & Poor's агенттiгiнiң "ВВ+"-дан "В-" дейiнгi тәуелсiз рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар және тиiстi рейтингтiк бағасы жоқ елдердiң орталық банктеріндегі салымдар | 100 |
61 | Standard & Poor's агенттiгінiң "ВВ+"-дан "В-" дейiнгi борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейiндегі рейтингi бар және тиiстi рейтингтiк бағасы жоқ халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар | 100 |
62 | Standard & Poor's агенттiгiнiң "А-" дан төмен борышты рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар, тиiстi рейтингтiк бағасы жоқ резидент ұйымдардың және Standard & Poor's агенттiгiнiң "ВВВ+"-дан "ВВ-" дейiнгi борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар резидент емес ұйымдардағы салымдар | 100 |
63 | Standard & Poor's агенттiгiнiң "А-" дан төмен борышты рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар, тиiстi рейтингтiк бағасы жоқ резидент ұйымдардың және Standard & Poor's агенттiгiнiң "ВВВ+"-дан "ВВ-" дейiнгi борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар резидент емес ұйымдарды дебиторлық берешегi | 100 |
64 | Жеке тұлғалардың дебиторлық берешегi | 100 |
65 | Standard & Poor's агенттiгiнiң "ВВ+"-дан "В-" дейiнгi тәуелсiз рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар және тиiстi рейтингтiк бағасы жоқ елдердiң орталық үкiметтерi шығарған мемлекеттік мәртебесi бар бағалы қағаздар | 100 |
66 | Standard & Poor's агенттiгiнiң "ВВВ+"-дан "ВВ-" дейiнгi тәуелсiз рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар және тиiстi рейтингтiк бағасы жоқ елдердiң жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар | 100 |
67 | Standard & Poor's агенттiгiнiң "ВВ+"-дан "В-" дейiнгi борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар және тиiстi рейтингтiк бағасы жоқ халықаралық қаржы ұйымдарының халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар | 100 |
68 | Standard & Poor's агенттiгінiң "А-" дан төмен борышты рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар, тиiстi рейтингтiк бағасы жоқ резидент ұйымдардың және Standard & Poor's агенттiгiнiң "ВВВ+"-дан "BB-" дейiнгi борыштық рейтингi бар резидент емес ұйымдардың немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар резидент ұйымдар шығарған бағалы қағаздар | 100 |
69 | IV-тәуекел тобына енгiзiлген активтер бойынша есептелген сыйақы | 100 |
70 | Төлемдер бойынша есептер | 100 |
71 | Негiзгi құрал-жабдықтар | 100 |
72 | Материалдық қорлар | 100 |
73 | Сыйақының және шығыстар сомасының алдын-ала төлемi | 100 |
V-топ |
74 | Заңды тұлғалардың банктiң инвестициясынан басқа акциялар бөлiгіндегі (жарғы капиталындағы қатысу үлесi) және реттелген борышқа салған салымдардағы әдiл құн бойынша ескерiлген инвестициялар | 100 |
75 | Банктiң негiзгi қызмет мақсаты үшiн сатып алынған және 38 халықаралық қаржылық есеп беру стандартына сәйкес келетiн лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз eту | 100 |
76 | Standard & Poor's агенттiгiнiң "В-" дан төмен тәуелсiз рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң орталық үкіметтерiне берiлген заемдар | 150 |
77 | Standard & Poor's агенттiгiнiң "В-"дан төмен тәуелсiз рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң орталық банктерiне берiлген заемдар | 150 |
78 | Standard & Poor's агенттiгiнiң "В-"дан төмен тәуелсiз рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң халықаралық қаржы ұйымдарына берiлген заемдар | 150 |
79 | Standard & Poor's агенттiгiнiң "ВВ-"дан төмен тәуелсiз рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң жергiлiктi билiк органдарына берiлген заемдар | 150 |
80 | Standard & Poor's агенттiгiнiң "ВВ-"дан төмен борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар және тиiстi рейтинг бағасы жоқ резидент емес ұйымдарға берiлген заемдар | 150 |
81 | Standard & Poor's агенттiгiнiң "В-"дан төмен тәуелсiз рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттіктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң орталық банктеріндегі салымдар | 150 |
82 | Standard & Poor's агенттiгiнiң "В-"дан төмен борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар | 150 |
83 | Standard & Poor's агенттiгiнiң "ВВ-"дан төмен борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар және тиiстi рейтинг бағасы жоқ резидент емес ұйымдардағы салымдар | 150 |
84 | Standard & Poor's агенттiгiнiң "ВВ-"дан төмен борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар және тиiстi рейтинг бағасы жоқ резидент емес ұйымдардың дебиторлық берешегi | 150 |
85 | Standard & Poor's агенттiгiнiң "В-" дан төмен тәуелсiз рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң орталық үкіметтерi шығарған бағалы қағаздар | 150 |
86 | Standard & Poor's агенттiгiнiң "ВВ-"дан төмен тәуелсiз рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң жергiлiктi билiк органдары шығарған бағалы қағаздар | 150 |
87 | Standard & Poor's агенттiгінiң "В-"дан төмен борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар | 150 |
88 | Standard & Poor's агенттiгінiң "ВВ-"дан төмен борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар және тиiстi рейтинг бағасы жоқ резидент емес ұйымдар шығарған бағалы қағаздар | 150 |
89 | V-тәуекел тобына енгiзiлген активтер бойынша есептелген сыйақы | 150 |