26. Лицензияның күшін алты айға дейін тоқтата тұруға:
1) білім беру ұйымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес болмауының анықталуы;
2) білім беру сапасының мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім стандарттарына сәйкес келмеуі;
3) көрсеткiштердiң біліктілік талаптарында белгіленгеннен төмендеуi негіз болып табылады.
27. Лицензияның қолданылуы тоқтатылып тұрған кезеңде лицензиат білім беру қызметін тоқтатпай, лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға негіз болған себептерді жоюға тиіс.
28. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімге лицензиат сот тәртібімен шағымдануға құқылы.
29. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру себептері жойылғаннан кейін лицензияны қолдану жаңартылады.
ҚР Үкіметінің 07.12.04 ж. № 1281 қаулысымен 30-тармақ толықтырылды
30. Лицензияны қайтарып алуға:
1) соттың лицензиатқа өзінің жүзеге асыруына лицензиясы бар қызмет түрімен айналысуына тыйым салуы;
2) лицензиардың лицензияның қолданылуын тоқтата тұру себептерінің жойылмауы;
3) лицензияда қойылған талаптарды лицензиаттың орындамауы;
4) лицензиаттың қасақана жалған ақпарат бepуi негіз болып табылады.
31. Берілген лицензия кері қайтарып алынған жағдайда, оның қолданылуы тоқтатылады және лицензиарға қайтарылуға тиіс.
32. Лицензияның кері қайтарылып алынуы тиісті білім беру қызметін тоқтатуға әкеп соғады.
33. Білім беру ұйымы лицензияның кері қайтарып алынуына байланысты білім беру қызметін тоқтатқан жағдайда, оның құрылтайшылары білім алушылардың басқа білім беру ұйымдарында оқу жылын аяқтауына шаралар қолдануға міндетті.