“Қазақстан Республикасы Yкіметінiң резервiнен қаражат бөлу туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 наурыздағы № 182 Қаулысы
Осы редакция 2005 ж. 09 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Астана қаласының әкіміне Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң объектiлерiн салу үшiн Есіл өзенiнiң сол жақ жағалауында орналасқан жер (саяжай) учаскелерiн алуға (сатып алуға) байланысты шығыстарға 2005 жылға арналған республикалық бюджетте кезек күттiрмейтiн шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен 154530000 (бiр жүз елу төрт миллион бес жүз отыз мың) теңге бөлiнсiн.
2. Астана қаласының әкімі 2005 жылғы 1 тамызға дейiнгi мерзiмде мемлекеттік қажеттiлiктер үшiн жер (саяжай) учаскелерiн алуды (сатып алуды) жүргiзсiн.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |