«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 509ж Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 1354 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 337-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 5-бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Ауыл шаруашылығы алқаптарын ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсатта пайдалану үшін алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу.";
7-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"- ауыл шаруашылығы алқаптарын ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсатта пайдалану үшін алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |