«қазақстан республикасы үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі № 537 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» қазақстан республикасы үкіметінің 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 1249 қаулысы
қр үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 676 қаулысымен күші жойылды
қазақстан республикасының үкіметі қаулы етеді:
1. «кедейлік шегін анықтаудың тәртібі туралы» қазақстан республикасы үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі № 537 қаулысына (қазақстан республикасының пүкж-ы, 2000 ж., № 18, 198-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. қазақстан республикасы статистика агенттігі, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім және ғылым министрліктері ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасын есептеу ережесін әзірлесін және бекітсін.»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген кедейлік шегін анықтаудың тәртібінде:
2-тармақ «кедейліктің шегі» деген сөздерден кейін «ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасына дейін кезең-кезеңмен арттыру қағидатын негізге ала отырып,»деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтағы «30» деген сандар «40» деген сандармен ауыстырылсын.
2. осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
қазақстан республикасының
премьер-министрі | д. ахметов |