Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1227 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі № 903 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар:
1) Бағдарламада көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне жыл сайын 10 қаңтардан кешіктірмей Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайын 25 қаңтардан кешіктірмей Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы жинақтық ақпарат ұсынсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 1227 қаулысымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың
2006-2012 жылдарға арналған бағдарламасы
Мазмұны
Бағдарламаның паспорты
1. Кіріспе
1.1. Автожол саласын дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың негізгі қорытындылары
2. Автожол саласының қазіргі жай-күйін талдау
2.1. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы автомобиль жолдарының рөлі
2.2. Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары желілерінің көлікті пайдалану жай-күйі
2.3. Жол қозғалысының қауіпсіздігі
2.4. Автокөлік тасымалдарын дамыту
2.5. Транзиттік көліктік әлеует
3. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
4. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары және тетігі
4.1. Басымдылықтар және жұмыстардың негізгі көлемдері
4.2. Автомобиль жолдарын пайдалануды жетілдіру және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру
Автомобиль жолдарын пайдаланылуды жетілдіру
Жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру
4.3. Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын және шаруашылық жолдарын есепке алу
4.4. Автожол саласын басқару жүйесін жетілдіру
4.5. Бюджеттік жоспарлаудың тиімділігін арттыру
4.6. Техникалық саясат
Салаға сапаны басқарудың халықаралық стандарттарын енгізу
Ғылыми және инновациялық даму
Құқықтық және нормативтік-техникалық базаны жетілдіру
4.7. Қоршаған ортаны қорғау
4.8. Кадрлық әлеуетті жоғарылату
4.9. Жол бойы инфрақұрылымын дамыту
4.10. Ақылы жолдарды құру үшін құқықтық негізді қалыптастыру
5. Қажетті ресурстар мен қаржыландырудың көздері
6. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже
7. Саланы одан әрі дамыту перспективалары
8. Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары
Бағдарламаның паспорты
Атауы Бағдарламаны әзірлеу үшін негіз Әзірлеуші Бағдарламаның мақсаты Бағдарламаның міндеттері | Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған бағдарламасы "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі № 903 қаулысы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Тұрғындардың және ел экономикасының автокөлік тасымалдарына қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының желісін жетілдіру Автомобиль жолдары желісін сақтау және дамыту; автомобиль жолдары желісін дамытудың басымдықтарын белгілеу; автомобиль жолдарының, көпірлердің көліктік- пайдаланымдық көрсеткіштерін жақсарту және олардың тұтынушылық қасиеттерін арттыру; автомобиль жолдарын қайта жаңартқаннан және күрделі жөндегеннен кейін олардың учаскелеріндегі жөндеу аралық мерзімдерді сақтау; автомобиль жолдарының бойындағы орманды қорғау көшеттерін дамыту; автомобиль жолдарының пайдалану ресурстарын көбейту, озық технологияларды және материалдарды енгізу, жол төсемелерінің конструкцияларын жетілдіру есебінен автожол саласына инвестициялардың тиімділігін арттыру; сапаны басқарудың халықаралық стандарттарын автожол саласына енгізу; саланың құқықтық және нормативтік техникалық базасын жетілдіру, техникалық реттеуге көшу; саланың кадр әлеуетін арттыру; ақылы автомобиль жолдарының жүйесін қалыптастыру үшін нормативтік құқықтық базаны құру, мемлекеттік жеке серіктестіктің тетіктерін қоса алып, балама қаржыландыру көздерін енгізу; басым ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және олардың нәтижелерін енгізу; басқару құрылымын және жергілікті жолдар желісіндегі мемлекеттік реттеуді оңтайландыру |
Іске асыру кезеңдері Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері Күтілетін нәтижелер | 2006-2012 жылдар Бағдарламаны іске асыру үшін жұмсалатын қаржы ресурстарының жалпы көлемі 1283 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде: 1) Республикалық бюджеттік комиссияның шешіміне сәйкес 830 млрд. теңге республикалық бюджеттен республикалық маңызы бар жолдарға 2006 жылға - 62 млрд. теңге; 2007 жылға - 93 млрд. теңге; 2008 жылға - 113 млрд. теңге; 2009 жылға - 125 млрд. теңге; 2010 жылға - 133 млрд. теңге; 2011 жылға - 144 млрд. теңге; 2012 жылға - 160 млрд. теңге; 2) 271 млрд. теңге облыстық және аудандық маңызы бар жолдарға жергілікті бюджеттен және мақсатты трансферттер республикалық бюджеттен, оның ішінде: республикалық бюджеттен мақсатты трансферттер есебінен 2007 жылға - 15 млрд. теңге; 2008 жылға - 19 млрд. теңге; 2009 жылға - 24 млрд. теңге; 2010 жылға - 26 млрд. теңге; 2011 жылға - 27 млрд. теңге; 2012 жылға - 30 млрд. теңге; жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен 2006 жылға - 11 млрд. теңге; 2007 жылға - 13 млрд. теңге; 2008 жылға - 15 млрд. теңге; 2009 жылға - 18 млрд. теңге; 2010 жылға - 21 млрд. теңге; 2011 жылға - 24 млрд. теңге; 2012 жылға - 28 млрд. теңге; 3) 182 млрд. теңге мемлекетті-жеке меншік серіктестіктің тетіктерін енгізумен автожол саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыруға. Бұл ретте республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландыру көлемдері тиісті жылдың бюджетін құру мен нақтылау кезінде жыл сайын белгіленген тәртіппен нақтыланатын болады |
Жалпы ұзақтығы 7205 км республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының учаскелерінде қайта жаңартуды, 1660 км күрделі жөндеуді және 16800 км орташа жөндеуді орындау, жалпы ұзақтығы 18089 км автомобиль жолдарының жергілікті желілерінің учаскелерін қайта жаңарту, күрделі және орташа жөндеуді, мемлекеттік-жеке меншік серіктестіктің тетіктерін енгізумен ұзақтығы 1281 км республикалық маңызы бар автожолдардың учаскелерін салу және қайта жаңарту; республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын ақаусыз күтіп ұстау деңгейін 86 пайызға дейін жеткізу; елді мекендерді жыл бойына үздіксіз көліктік қатынаспен қамтамасыз етуді арттыру; жол шарттары бойынша апат деңгейін төмендету; автомобиль жолдарының республикалық желісіндегі жүк көтеру қабілеттігі мен көлемдері бойынша талаптарға сәйкес келмейтін 412 көпірді қайта жаңарту мен күрделі жөндеу. |
1. Кіріспе
Қазақстан соңғы он жылдықта дүниежүзілік интеграциялық процестерге белсенді қатысушы болды. Жүктер мен жолаушыларды қызмет көрсету сервисінің жоғары деңгейімен ішкі және транзиттік тасымалдауды қамтамасыз ететін сапалы көліктік инфрақұрылымы экономикалық интеграцияның маңызды бөлігі болып табылады.
Автомобиль жолдарының сапасына және жол бойғы сервисінің деңгейіне қойылатын қазіргі заманғы талаптар автожол саласы алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Осы проблеманың жанжақтылығы автомобиль жолдарын дамытуға бірізді мемлекеттік саясатты жүргізуді талап етеді.
Осы Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығымен бекітілген Автожол саласының дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейін дамуының стратегиялық жоспарының және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі № 903 қаулысының негізінде әзірленді.
Бағдарлама автожол саласын дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік Бағдарламаның іске асырылуы нәтижелеріне және республиканың автомобиль жолдары желісінің қазіргі заманғы жай-күйіне талдау жасаудың нәтижелеріне негізделген. Ол автокөлік тасымалында тұрғындар мен ел экономикасының қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру үшін жалпы пайдаланымдағы жолдар желісін жетілдіру мақсатында автожол саласындағы техникалық және экономикалық реформаларды одан әрі дамыту мен тереңдетуге бағытталған.
Бағдарламаны іске асыру шеңберінде автомобиль жолдарының жүк жүктемесі жоғары учаскелерінің техникалық жай-күйін жақсарту және авариялық көпірлерді қайта жаңарту болжанып отыр. Автожол саласын дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында белгіленген басым бағыттар бойынша автомобиль жолдарын дамыту жобаларын іске асыру жалғасын табады.
1.1. Автожол саласын дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың негізгі қорытындылары
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 28 қарашадағы № 730 Жарлығымен бекітілген Автожол саласын дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі - Мемлекеттік бағдарлама) іске асыру барысында мемлекеттік бағдарламада көзделген 16487 шақырымның және 65 көпірдің, жалпы ұзақтығы 11346 км республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының учаскелерін және 45 көпірді салу, қалпына келтіру, күрделі және орташа жөндеу жөніндегі жұмыстарды аяқтау жоспарланып отыр.
Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру шеңберінде жол құрылысының мынадай объектілері аяқталады:
1) қайта жаңарту және қалпына келтіру:
Алматы - Астана - 937 км;
Астана - Бурабай (шипажай аймағының жолдарын қоса алғанда) - 249 км;
Астана қаласының Солтүстік Батыс айналымы - 7 км;
Бейнеу - Ақжігіт - 27 км;
Қарағанды қаласы арқылы өту - 33 км;
Рудный қаласының Батыс айналымы - 7 км;
Алматы - Бішкек - 205,4 км;
Батыс Қазақстан автожолдары - 932 км.
2) Жолдар мен көпірлерді салу:
Қызыләскер - Киров (Сырдария өзені арқылы өтетін көпірмен) - 54 км;
Астана қаласының Солтүстік айналымы - 15 км;
Риддер - Алтай Республикасының шекарасы (учаскесі) - 40 км;
Жайық және Сырдария өзендері арқылы өтетін көпір өткелдері.
Самара - Шымкент автожолының Қарабұтақ - Ырғыз - Қызылорда облысының шекарасы учаскесінде, Астана - Қостанай - Челябі, Үшарал - Достық, Қызылорда - Жезқазған автожолдарының учаскелерін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде.
Орындалған жұмыстар бұзылған жамылғылары бар учаскелерді қалпына келтіруге және автожолдардың жалпы көліктік пайдаланымдық жай-күйін жақсартуға мүмкіндік береді. Алайда жеткіліксіз қаржыландырылуы себебінен (1-диаграмма) Мемлекеттік бағдарламада жоспарланған жолдарды салу, қайта жаңарту және жөндеу жөніндегі жұмыстар толық көлемде жүргізілмейтін болады. Сонымен қатар, көзделген қаржыландыру көлемімен салыстырғанда, автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу мен күтіп ұстауға арналған бюджет шығыстарының артуы, республикалық маңызы бар жолдардың көліктік-пайдаланымдық жай-күйін, Мемлекеттік бағдарламада көзделген 70% болжамдық деңгейде 53%-ға жақсартуға мүмкіндік береді.
Диаграмма 1. Қазақстан Республикасының автожол саласын
дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын
іске асырудың қаржылық қамтамасыз етілуін талдау (млн.теңге).
2000-2005 жылдардағы шығыстар бабы бойынша автожол саласын қаржыландыру көлемі 1-кестеде берілген.
1-кесте. Автожол саласындағы бюджет шығыстарының құрылымын талдау
Шы- ғыстар бабы | 2001 | 2002 | 2003 | 2004 | 2005 |
млн. тг. | Менш. сал- мақ % | млн. тг. | Ме- нш. сал- мақ % | млн. тг. | Ме- нш. сал- мақ % | млн. тг. | Ме- нш. сал- мақ % | млн. тг. | Менш. сал- мақ % |
Автожол салу, қайта жаңарту және қалпына келтіру | 18164 | 76,5 | 22562 | 73,9 | 27482 | 79,9 | 30662 | 74,6 | 39339 | 71,5 |
Күр- делі, орташа және ағым- дағы жөндеу, күтіп ұстау және көгал- дандыру | 5155 | 21,7 | 6020 | 19,7 | 6710 | 19,5 | 9743 | 23,7 | 15601 | 28,4 |
Қолдан- балы ғылыми зерт- теулер | 44 | 0,2 | 50 | 0,2 | 138 | 0,4 | 110 | 0,3 | 60 | 0,1 |
Өзге- лері (жаб- дық, жол қоры- ның қарыз- дары) | 375 | 1,6 | 1916 | 6,3 | 81 | 0,2 | 575 | 1,4 | 0 | 0,0 |
Саланың жалпы бюджеті | 23738 | 100 | 30548 | 100 | 34411 | 100 | 41090 | 100 | 55000 | 100 |
Шығыстар құрылымын талдау жолдарды салу, қайта жаңарту және қалпына келтіру бойынша жұмыстардың басым орын алатынын көрсетеді (сала бюджетінің 75%-ы). Берілген үрдіс жылдар бойы сақталуда және инвестициялар көлемінің өсуі кезінде жолдарды күтіп ұстауға қаражаттың бұрынғыдай жеткіліксіз бөлінуіне әкеліп соқтырады. Одан басқа, қаражаттың жетіспеушілігі, күрделі және орташа жөндеуді орындау бойынша жөндеу аралық мерзімдердің сақталмауына соқтырады.
Мемлекеттік Бағдарламаны іске асыру шеңберінде саланы институционалдық дамыту мен тұтастай алғанда саланың қызмет ету тиімділігін арттыру мәселелерін шешуге ерекше назар аударылған.
Аталған кезең ішінде саладағы ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру 400 млн. астам теңгені құрады. Соның есебінен кең көлемде қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізілді. Негізінде ғылыми зерттеулер жаңа материалдар мен технологияларды әзірлеуге, жол саласының нормативтік техникалық базасын халықаралық стандарттармен үйлестіруге, бағдарламалық кешендерді және деректер базасын әзірлеу және енгізуге және автожол саласын дамытудың басқа да мәселелеріне бағытталған.
Үйлестіру бойынша жұмыстар шеңберінде автожол саласында қолданылатын Қазақстан Республикасының 62 стандарты және 27 өзге де нормативтік-техникалық құжаттарды қайта жасау көзделуде. Республикалық маңызы бар жолдардың көліктік-пайдаланымдық жай-күйінің электрондық дерекқорын қалыптастыру үшін бағдарламалық қамтамасыз ету әзірленген.
2001 жылдан бастап "Қазақавтожол" республикалық мемлекеттік кәсіпорны техникалық қайта жарақтандыру жүргізілуде, саланың жол-пайдалану қызметтері үшін мыңнан астам техника сатылып алынды.
Шетелдік компаниялармен бірлескен жұмыс отандық мердігерлерге тәжірибе игеруге, жұмыскерлердің біліктілігін жоғарылатуға, жұмыстардың басқару мен жоспарлау жүйесін жетілдіруге, озық жоғарғы технологиялық жабдықтарды сатып алу жолымен негізгі құралдар паркін жаңартуға жағдай жасады. Салаға жұмыс өндірісінің жаңа технологиясы және мұздатылған ресайклирование, геотекстиль, полимерлік түрлендіргіш және т.б. секілді жаңа жол құрылыс материалдары ендірілуде. Мердігерлік ұйымдар сапаны басқарудың халықаралық жүйесін енгізуде, көптеген мердігерлердің ІSО 9001-2000 сертификаттары бар.
2. Автожол саласының қазіргі жай-күйін талдау
2.1. Қазақстанның әлеуметтік экономикалық
дамуындағы автомобиль жолдарының рөлі
Соңғы 5-6 жыл ішінде Қазақстан экономикасында шамамен 8-10% жылдық өсу қарқыны орын алды. Бұл кезеңде ауқымды ресурстар жалпы ұлттық маңызы бар инфрақұрылымды қалпына келтіруге бағытталды. Экономиканы дамытудың көптеген әлеуметтік-экономикалық индикаторлары көліктік инфрақұрылымның сандық және сапалық жағдайын болашақтық қажеттілігіне сәйкес қалыпқа келтіру қажеттілігі туралы куәландыра отырып, дағдарыс алдындағы деңгейге дейін жеткен.
Автомобиль жолдары аймақтардың экономикалық белсенділік деңгейіне айтарлықтай әсер етеді, өнімді еткізу рыногына қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Жолдар халықтың еңбекпен қамтылу мүмкіндігін айтарлықтай кеңейтеді, ал олардың болмауы ауылдық жерлердегі жұмыссыздық себептерінің бірі болып табыла отырып және тұрғындардың өркениеттен қол үзіп қалу сезімдерін туғыза отырып теріс әлеуметтік әсер қалдырады. Автомобиль жолдарының торабы тиісінше дамымаған елдерде халыққа әлеуметтік қызмет көрсету құны инфрақұрылымы дамыған елдерге қарағанда 2-3 есе жоғары.
Ішкі көліктік қажеттіліктерге қызмет көрсетуден басқа, жол инфрақұрылымы халықаралық және транзиттік тасымалдарға қажеттіліктерді қанағаттандыра отырып, өңіраралық және мемлекетаралық көлік көпірінің қызметін атқарады.
Қазіргі жағдайда көлік саласы өзінің дамуын тұтынушылар тарапынан автожол инфрақұрылымының қызметтеріне қазіргі және болашақтағы сұранысты толығымен қанағаттандыра алатындай етіп жоспарлауы тиіс.
Республикада жүргізіліп жатқан Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық 2015 жылға дейінгі стратегиясы автомобиль көлігінің қызметтеріне сұраныстың өсуімен және жүк және жолаушылар тасымалының жалпы көлеміндегі оның үлесінің бұдан әрі ұлғаюымен қатар жүретін болады.
Әлеуметтік-экономикалық даму жағдайында автомобиль көлігін қолдану саласы қарқынды кеңеюде. Автомобиль көлігі жоғары бағалы және тез бұзылатын жүктерді үлкен қашықтыққа тасымалдау үшін қолданылады, сондай-ақ 500-1000 шақырым орта қашықтыққа тасымалдауда, әсіресе 100 шақырымға дейінгі қысқа қашықтыққа тасымалдауда біртіндеп алдыңғы орынға шығуда.
Елдің әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын ескере отырып, автомобиль көлігінде 2012 жылға қарай жүк айналымы 33-ден 55 млрд. тонна километрге дейін өседі деп болжануда.
Автомобиль көлігінде тасымалдау көлемінің әрі қарай өсуі өндіріс көлемінің ұлғаюымен, кәсіпкерлік қызметтің дамуымен, қызметтер көрсету аясының кеңеюімен, халықтың өмір сүру деңгейінің жоғарылауымен, жаңа аумақтар мен пайдалы қазба орындарын игерумен, халықаралық сауданың кеңеюімен, Қазақстан аумағы бойынша өтетін халықаралық көлік дәліздері бойынша транзиттік тасымалдаудың, дамуымен байланысты болады.
2.2. Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары желісінің
көліктік-пайдаланымдық жай-күйі
Еуропа және азия тас жолдары (1-қосымша) желісінің бөлігі болып табылатын халықаралық дәліздерді қоса алғанда республикалық маңызы бар жолдар желісінің ұзындығы 23 мың шақырымды құрайды. Жолдардың көп бөлігі қатты жабынды (2-кесте). Жерасты бөлінуінің жалпы ұзындығы 144 шақырымды құрайды.
2-кесте. Республикалық маңызы бар жолдардың жамылғыларын санаты және үлгісі бойынша бөлу
Жалпы ұзындығы | Санаттар |
І | ІІ | ІІІ | ІV | V |
км | км | км | км | км | км |
22996 | 705 | 3424 | 16667 | 2059 | 141 |
кестенің жалғасы
Жамылғы үлгісі | Көпірлер | Құбырлар |
А/б | Қара қиыр- шықты тас | Қиыршық тасты | Топырақты |
км | км | км | км | дана | дана |
7427 | 13584 | 1841 | 144 | 1177 | 13828 |
Автомобиль жолдарының 2006 жылдың басына қарай күтілетін жай-күйі 2-диаграммада берілген.
2-диаграмма. Автожолдар желісінің 2006 жылғы 1
қаңтарда жалпы ұзындығы 22996 шақырым кезіндегі күтілетін жай-күйі
Қазіргі уақытта күрделі үлгідегі жол төсемесі қызметінің жөндеуаралық мерзімі күрделі жөндеу үшін 15-16 жыл және орташа жөндеу үшін 5 жылды құрайды. Осьтік жүктеменің және ауыр салмақты автокөлік құралдары сандарының өсуімен жамылғылардың бұзылу қарқыны айтарлықтай тездетіледі.
Жалпы күрделі көпірлердің (1117) ішінен 32% қанағаттанарлықсыз жағдайда және жөндеу жұмыстарын қажет етеді, олардың ішіндегі 8% авариялық жағдайларда (3-диаграмма).
3-диаграмма. Республикалық маңызы бар жолдардағы көпірлердің жай-күйі
2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы 65365 шақырымды немесе жалпы пайдаланымдағы барлық жолдар торабы ұзындығының 74 % құрайды. Сарапшылардың бағалауы бойынша жеткілікті қаржыландырмау себебінен жергілікті жолдардың 1200 шақырымға дейіні жыл сайын қанағаттанарлықсыз жағдайға өтеді.
Қазіргі уақытта қанағаттанарлықсыз жағдайдағы жол учаскелері жергілікті жол желісінің жалпы ұзындығының 40% құрайды. Жергілікті желіде, көктем-күз мезгілінде олар бойынша жол жүру толықтай немесе ішінара тоқтатылатын, үш мың шақырымнан астам жер асты топырақ бұзылуы бар. Жергілікті маңызы бар жолдардың жабынды түрі бойынша жай-күйі мен санаты 3-кестеде және 4-диаграммада көрініс тапқан.
3-кесте. Жамылғы түрлері және санаттары бойынша жергілікті
жолдар желісі
Жалпы ұзын- дығы | Санаттар | Жамылғы үлгісі |
І | ІІ | ІІІ | ІҮ | Ү | б/к | А/б | Қара қиыр шық тасты | Қиыр- шық тасты | топы- рақты |
км | км | км | км | км | км | км | км | км | км | км |
65365 | 72 | 751 | 18714 | 39289 | 4675 | 1864 | 6322 | 29163 | 24566 | 5314 |
4-диаграмма. Облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың
көліктік-пайдалану жай-күйі
Бүгінгі уақытқа дейін республикада қатты жабынды автомобиль жолдары бойынша облыстық немесе аудандық орталықтармен байланысы жоқ шамамен 2000-ға тарта ауылдық елді мекендер бар.
Жергілікті маңызы бар жол торабындағы автожол көпірлері мен жол құбырларының көліктік-пайдаланымдық жағдайы күрделі және маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Зерттеу жүргізілген 1911 көпірдің 502-сі күрделі және орташа жөндеуді, ал 25 көпір толықтай ауыстыруды қажет етеді.
Автожол саласын қаржыландыру көлемінің жеткіліксіздігі және оның 2000 жылға дейінгі төмен деңгейде болуы жолдар жағдайының нашарлауына әкеліп соқтырады, бұл ақауларды бүгінгі күні де толықтай жою мүмкін болмай отыр.
Жол саласын қаржыландырудың шектелген кезеңінде жөндеуаралық мерзім бойынша жүргізілуі тиіс 2-3 күрделі және орташа жөндеу жіберіліп қалды, бұл автожолдардың едәуір бөлігінде жол төсемесінің нашарлауына әкелді. Мәселен, 1993 жылмен салыстырғанда республикалық торап бойынша жүру жолының негізгі элементтерінде ақау бар жолдың жалпы ұзындығы 3 есеге артты және 2004 жылғы тексеріс деректері бойынша 50% құрады.
Қазіргі уақытта жолдың техникалық жағдайын қалпына келтіру үшін қайта жаңарту және қалпына келтіруге көп қаражат бөлінуде, сонымен бірге пайдалану шығынына жеткілікті назар аударылмауда. Нәтижесінде жылдан жылға, автомобиль жолдарын жөндемеу жинақталуда, бұл кейіннен оларды толық қалпына келтіруді қажет етеді.
Қаражаттың шектеулі болғанына байланысты автомобиль жолдарын күтіп ұстау және алдын ала жөндеу жұмыстары толық деңгейде жүргізілмейді, бұл жол төсемінің, жер төсемесі мен жасанды құрылыстардың қызмет ету мерзімінің қысқаруына және мезгілінен бұрын бұзылуына әкеліп соқтырады. Көгалдандыру бойынша орман жолақтарын механикалық өңдеу бойынша ғана жұмыстар жүргізіледі, жаңадан көшет отырғызу және оны күтіп баптау жұмыстары жүргізілмейді.
Уақытынан бұрын бұзылу процесін тоқтату, күтіп-ұстау нормалары қатаң түрде сақталған жағдайда ғана мүмкін болады, бұл ең алдымен қайта жаңарту және қалпына келтіруден өткен жол учаскелеріне қатысты.
Іс-жүзіндегі бақылау көрсетіп отырғандай, жыл сайын орташа есеппен республикалық маңызы бар жолдардың 1500 шақырымға дейіні бұзылып жатады, орташа есеппен жылына 2000 шақырымға жуық жол жөндеудің барлық түрімен ретке келтіріледі. Қайта жаңартуды және жөндеуді қажет ететін республикалық жолдардың ұзындығы 19 мың шақырымнан астам екендігін ескере отырып, қолда бар қаржыландыру деңгейін сақтай отырып барлық жол тораптарын қалпына келтіру үшін 35 жылдан астам уақыт керек.
2.3. Жол қозғалысының қауіпсіздігі
Жалпы пайдаланымдағы жолдағы авариялық жағдайларын төмендету жол саласының маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.
Қазіргі уақытта қозғалыс қауіпсіздігінің деңгейін арттыру жөніндегі жұмыстар жолдардағы авариялық себептерін талдау негізінде қалыптастырылатын жыл сайынғы жоспарларға сәйкес жүргізіледі. Көктемгі-күзгі тексеріс нәтижесі жолды қауіпсіз күтіп ұстаудың барлық жақтарын көрсетеді, бұл автомобиль жолдарында қауіпсіз қозғалыс жағдайын арттыру жөніндегі қажетті іс-шараларды уақтылы жоспарлауға мүмкіндік береді.
2003-2004 жылдарда автомобиль жолдарында авариялық қауіпті жерлерді анықтау, есепке алу және жою бойынша нұсқаулық әзірленді. Жол полициясы органдары үшін жол көлік оқиғалары (бұдан әрі - ЖКО) тіркеу және талдау жөнінде бағдарламалық кешен және ЖКО шеккен экономикалық зиянды бағалау бойынша әдістемелік оқу құралы әзірленді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін мәселелерді реттейтін бірқатар нормативтік техникалық құжаттар, атап айтқанда жол белгілеріне, жол қозғалысын ұйымдастыру құралдарына, таңбалауға және қоршауларға талаптар қолданысқа енгізілді.
Сонымен қатар, қолданылып жатқан шараларға қарамастан ЖКО саны, сондай-ақ жалпы пайдаланымдағы жолдарда ЖКО жарақаттанғандар мен қайтыс болғандар саны жыл сайын аса қарқынды өсіп келеді, бұл автокөлік құралдары паркі санының өсуімен түсіндіріледі.