кәмелетке толмағанды орналастыру жөнiнде осы Ереженiң 10-тармағында көзделген шараларды белгіленген тәртiппен қабылдау туралы;
осы Ереженiң 11, 12-тармақтарында көзделген ықпал ету шараларын қолдану туралы;
дайындалып жатқан не жасалған қылмыс туралы ақпаратты iшкi iстер органдарына жіберу туралы шешiм баяндалады.
Комиссия қаулысы отырысқа қатысушы комиссия мүшелерiнiң жай көпшiлiк даусымен қабылданады. Егер дауыстар тең бөлiнген жағдайда комиссия отырысына төрағалық етушiнiң дауысы шешушi болып табылады.
Комиссия қаулысында:
комиссияның атауы және жеке құрамы;
комиссия отырысының күнi мен жерi;
материалдар қаралуға қатысты адам туралы мәлiметтер;
материалдарды қарау кезiнде белгiленген жағдайлар;
шешiм қабылдауға негiз болған дәлелдер;
кәмелетке толмағанның құқық бұзушылығы үшiн жауапкершiлiк көзделетiн не құқықтарына кепiл беретiн нормативтiк құқықтық кесiм;
комиссия қабылдаған шешiм;
кәмелетке толмағанға комиссия ұсынған әлеуметтiк көмек көрсету жөніндегі шаралар, олар тапсырылған органдар мен адамдар;
осы қаулы бойынша шағымданудың мерзiмдерi мен тәртібін түсiндiру туралы мәлiметтер көрсетiледi.
Комиссия қаулысына төрағалық етушi және оның жауапты хатшысы қол қояды, комиссия отырысында жарияланады және шағымдауға белгiленген мерзiм өткеннен кейiн, заңды күшiне енедi.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша комиссия қаулысы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодексiне сәйкес шығарылады.
Комиссия қаулысы орындау үшiн тиiстi мемлекеттік органдарға және олардың ұйымдастыру-құқықтық нысанынан тәуелсiз ұйымдарға жiберiледi.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жөніндегі iс бойынша қаулы iстi қарау аяқталғаннан кейiн дереу жарияланады, ал оның көшiрмесi, бұл ретте, шығарылған қаулыға қатысты адамға тапсырылады.
Айыппұл кәмелетке толмағанның жеке жалақысы немесе жаза салынуы мүмкiн мүлкi болған жағдайда тағайындалады. Айыппұл мөлшерi он айлық есептiк көрсеткiштен аспауы тиiс.
Кәмелетке толмағанның жеке жалақысы немесе жаза салынуы мүмкiн мүлкi болмаған жағдайда айыппұл ата-анасына немесе оны алмастыратын адамдарға жалпы негiзде салынады.
Айыппұл әкiмшiлiк айыппұл қолдану туралы қаулының заңды күшiне енген күнiнен бастап отыз күн iшiнде не қажеттi соманы белгiленген тәртiпте банк мекемесiне өткізу жолымен әкiмшiлiк заңнамамен белгiленген ұзарту мерзiмi өткеннен кейiн төленуi тиiс.
Комиссия қаулысын орындамау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жауапкершiлiк жүктейдi.
19. Комиссияның ұсынысы.
Егер материалдарды қарау барысында кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауына, құқық бұзушылықтарына, қоғамға қарсы әрекеттер мен қараусыз қалуына ықпал ететiн себептер мен жағдайлар, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзушылықтар анықталатын болса, комиссия мемлекеттік органдарға, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына және олардың ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдарға оларды жою туралы тиiстi ұсыныстар енгiзедi.
Осы тармақта көрсетiлген органдар мен ұйымдардың лауазымды адамдары комиссия ұсынысын алған күнiнен бастап бiр айдың iшiнде оны қарауға және тиiстi комиссияға кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзуды жою жөнiнде қабылданған шаралар туралы хабарлауға мiндеттi.
Кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жөнiнде қабылданған шаралар туралы хабарламау Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк заңнамасында белгiленген жауапкершiлiкте болады.
20. Комиссия отырысының хаттамасы.
Комиссия отырысында комиссияның жауапты хатшысы хаттама жүргiзедi, онда:
комиссияның атауы мен жеке құрамы;
комиссия отырысының күнi мен жерi;
қаралатын материалдардың мазмұны;
материалдары қаралатын адамның тегi, аты және әкесiнiң аты, туған күнi мен жерi, оның тұрғылықты жерi, сондай-ақ материалдардың қаралуы үшін маңызы бар өзге де мәлiметтер;
комиссия отырысына қатысушылардың келуi және оларға олардың құқықтары мен мiндеттерін түсіндiру туралы мәлiметтер;
комиссия отырысына қатысушы адамдардың түсiнiктемелерi;
материалдарды қарау кезiнде зерттелген құжаттар мен заттай айғақтар; берiлген өтiнiштер мен оларды қарау нәтижелерi, комиссия отырысында қабылданған қаулы немесе ұсынысты жариялау туралы мәлiметтер;
қабылданған қаулы немесе ұсыныс бойынша шағымдану мерзiмдерi мен тәртібін түсiндiру туралы мәлiметтер көрсетiлуi тиiс.
Комиссия отырысының хаттамасына төрағалық етушi және оның жауапты хатшысы қол қояды.
21. Кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауына, құқық бұзушылықтарына, қоғамға қарсы әрекеттерiне, сондай-ақ қараусыз қалуына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою жөніндегі жұмыстарды зерттеу мақсатында комиссия отырыстарда қаралған барлық iстердi есепке алуды және сақтауды ұйымдастырады, өзiнің аумағының шегінде осы есепке алудың деректерiн қорытындылайды.
ҚР Үкіметінің 14.06.02 ж. № 646 қаулысымен 22-тармақ өзгерді
22. Комиссия қаулысына немесе ұсынысына шағым беру.
Қаралған материалдар бойынша комиссия қабылдаған қаулы немесе ұсыным ол кiмге қатысты қабылданса, сол адам, оның заңды өкiлдерi, адвокаты, сондай-ақ жәбiрленушi сотқа немесе жоғары тұрған комиссияға шағым бере алады.
Көрсетiлген мерзiмде шағым беру тиiстi қаулының немесе ұсынымның орындалуын тоқтатады.
Комиссияның қаулысы немесе ұсынымы бойынша сотқа шағым беру мерзiмдерi мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленедi.
Комиссия қаулысына немесе ұсынымына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен прокурор қарсылық бiлдiре алады.
5. Комиссияны материалдық-техникалық қамтамасыз ету
23. Комиссия қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету әкімнің аппаратына жүктеледі.