"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ;
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ;
"Қазақстан темір жолы" АҚ;
"Қазақтелеком" АҚ;
"Астана халықаралық әуежайы" АҚ;
"Қазақ ақпарат агенттігі" Ұлттық компаниясы (Қазақпарат)" АҚ;
"Қазақстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы" АҚ;
"Қазғарыш" Ұлттық компаниясы" АҚ;
Мынадай мемлекеттік органдар ұлттық компаниялардың салалық министрліктері болып табылады:
1) Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі:
1. "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ;
2. "Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания" АҚ;
3. "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" АҚ;
2) Көлік және коммуникациялар министрлігі:
1. "Қазақстан темір жолы" АҚ;
2. "Астана халықаралық әуежайы" АҚ;
3) Ауыл шаруашылығы министрлігі:
"Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" АҚ;
4) Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі:
"Қазақ ақпарат агенттігі" Ұлттық компаниясы (Қазақпарат)" АҚ;
5) Индустрия және сауда министрлігі:
"Қазақстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы АҚ;
6) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі:
"Қазғарыш" Ұлттық компаниясы" АҚ;
7) Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі:
1. "Қазпочта" АҚ;
2. "Қазақтелеком" АҚ;
3. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ.
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ пен "Қазақстан темір жолы" АҚ аса ірі компаниялар болып табылады, оларда ұлттық компанияларда жұмыс істейтіндердің жалпы санының 60%-ы еңбек етеді және жалпы өндіріс көлеміндегі олардың үлес салмағы шамамен 75%-ды құрайды.
Мемлекет басшысының 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындау үшін ұлттық компаниялардың бейімді емес активтерін анықтау нысанына арналған іс-шаралар өткізілді.
Жекелеген ұлттық компаниялардың еншілес ұйымдары бар, өз кезегінде, олар да еншілес ұйымдарға ие. Нәтижесінде үйлестіру функциялары мен жалпы басқаруды басты компаниялар жүзеге асыратын тігінен ықпалдастырылған холдингтер құрылады. Бұл ретте қазіргі кезеңде акционер ретіндегі мемлекетте холдинг ұйымдарының қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы толық ақпарат жоқ. Бұдан басқа, көбінесе, холдингтің "еншілес" және "немерелес" ұйымдарында компания қызметінің негізгі бағытына технологиялық байланысы жоқ, оның мақсаттары мен міндеттеріне сай келмейтін бейінді емес қызмет түрлері бар.
2003-2005 жылдарға талдау
"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (бұдан әрі - Компания) тігінен ықпалдастырылған құрылым, мемлекеттің 100% үлесі бар мұнай-газ холдингі - Басқарушы компания болып табылады.
Компания Қазақстан Республикасы Президентінің "Ел экономикасының мұнай-газ секторындағы мемлекеттің мүдделерін одан әрі қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" 2002 жылғы 20 ақпандағы № 811 Жарлығына сәйкес құрылған.
Компанияның мақсатты құрылымы қызметтің негізгі бағыттарына: мұнай өңдеуге және өндіруге, мұнай мен газ тасымалдауға, маркетинг пен өткізуге шоғырландырылған.
Компания Қазақстанда және шетелдерде жұмыс істейтін 130 еншілес, бірлесіп бақыланатын, басқа да тәуелді ұйымдарға қатысады немесе акционер болып табылады.
2004 жылы Қазақстан Республикасы бойынша мұнай мен газ конденсатын өндіру 59 млн. тоннадан асты.
2004 жылы Компанияның еншілес ұйымы "Барлау және өндіру" АҚ 8,9 млн. тонна мұнай мен газ конденсатын өндірді, бұл 2003 жылдың деңгейінен 13%-ға асып түсті. Жоспарға қосымша 584 мың тонна мұнай алынды. 2005 жылы мұнай мен газ конденсатын өндіру 9,3 млн. тонна көлемінде бағаланды, бұл 2004 жылдың деңгейінен 404 тоннаға артық.
Компания екі негізгі бағытта мұнай сатады: экспорт және ішкі рынок. 2004 жылы мұнайды экспортқа шығару шамамен 6,7 млн. тоннаны, ішкі рынокқа шығару 2,1 млн. тоннаны құрады. 2003 жылмен салыстырғанда, мұнайды экспортқа шығару 779 мың тоннаға өсті. 2005 жылы экспортқа шығару шамамен 7,1 млн. тоннаны, ішкі рынокқа - 2,1 млн. тоннаны құрайды.
Компанияның еншілес ұйымы "Атырау МӨЗ" АҚ (бұдан әрі - "АМӨЗ" АҚ) 2004 жылы 2,9 млн. тонна мұнай өңдеді. 2004 жылы 2419,6 мың тонна мұнай өнімдері, оның ішінде 392,3 мың тонна автобензин, 842,5 мың тонна дизель отыны, 938,7 мың тонна тауарлық мазут, 219,9 мың тонна пеш отыны, 20,7 мың тонна TC-1 отыны, 5,5 мың тонна сұйытылған газ шығарылды.
2003 жылы "АМӨЗ" АҚ-тағы өңдеу көлемі 2,9 млн. тонна, оның ішінде Компания ресурстарынан 2,1 млн. тонна деңгейінде күтіледі.
Мұнай өнімдерін сатуды Компанияның еншілес ұйымы - "ҚазМұнайГаз Сауда үйі" АҚ" жүзеге асырады.
Компания "АМӨЗ" АҚ-ты қайта жаңарту жобасы жөніндегі зауыттың қолданыстағы қуаттарын жаңғырту мен жаңартуға бағытталған жұмыстарды жалғастырады.
Магистральдық құбырлар бойынша ("ҚазТрансОйл" АҚ) мұнай тасымалдаудың жалпы көлемі 38,4 млн. тоннаны құрады, бұл жоспарланған көлемнен (35,5 млн. тонна) 8%-ға артық және 2003 жылмен салыстырғанда (34,2 млн. тонна) 12%-ға артық. Тасымалдау көлемінің өсуі бірқатар мұнай өндіруші компаниялардың магистральдық мұнай құбырлары жүйесіне мұнай беру көлемінің ұлғаюымен негізделген.
2005 жылы мұнай тасымалдау көлемі 36,6 млн. тонна көлемінде болады деп күтілуде, 2004 жылдың деңгейімен салыстырғанда кему 1,8 млн. тоннаны құрайды.
2004 жылы магистральдық газ құбырларымен ("Интергаз Орталық Азия" АҚ) газ тасымалдаудың жалпы көлемі жоспардағы 113,7 млрд. м3 орнына 121,6 млрд. м3-ні құрады, жоспарға қарағанда өсу 107%-ды құрады, бұл 2003 жылдың деңгейінен 10,6%-ға (120,1 млрд. текше м.) жоғары.
Бұл ретте 2004 жылы ішкі тасымалдау 5,1 млрд. текше м., халықаралық транзит - 109,5 млрд. текше м., экспортқа газ тасымалдау - 6, 97 млрд. текше м. құрады.
2004 жылы тасымалдау көлемінің ұлғаюы OAO магистральдық газ құбырымен өзбек газын тасымалдау көлемінің ұлғаюымен белгіленеді.
2005 жылы ресей және өзбек газының халықаралық транзиті көлемінің азаюына байланысты көліктік қызметтер көлемінің 4,8 млрд. текше м.-ге (116,7 млрд. текше м.) азаюы күтілуде.
Таратушы газ құбырлары бойынша тасымалданатын газдың Қазақстан бойынша сатылатын газ көлеміндегі үлесі ("ҚазТрансГаз" АҚ Өңірлік газ тарату желілері үлесін көрсетті) 60%-ды құрайды.
2003 жылы негізгі капиталға инвестициялардың барлығы 107 млрд. теңге сомасына бағаланып отыр, оның ішінде меншікті қаражат есебінен - 77,7 млрд. теңге, қарыз қаражаты есебінен - 27,9 млрд. теңге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен - Амангелді кен орнын игеру жобасына жіберілген 4 млрд. теңге, оның ішінде бұрынғы шығындарды өтеуге 3 млрд. теңге.
2004 жылы негізгі капиталға инвестициялардың барлығы 105,6 млрд. теңгені, оның ішінде өндіріске - 59,2 млрд. теңгені немесе капитал салымдарының жалпы көлемінің 78,4 %-ын құрады. 2002 жылғы капитал салымдарының сомасы 2001 жылдың осындай көрсеткішінен 20,4 млрд. теңгеге жоғары.
2005 жылы Компанияның негізгі капиталына инвестициялардың барлығы 142,9 млрд. теңге сомасына бағаланып отыр, оның ішінде меншікті қаражат есебінен - 107,4 млрд. теңге, қарыз қаражаты есебінен - 35,5 млрд. теңге.
2004 жылы өнімді сатудан түскен кіріс 476,9 млрд. теңгені құрады, бұл жоспардан 20%-ға асып түсті және 2003 жылдың деңгейінен 20%-ға жоғары.
Кірістердің өсуі мұнай өндірудің ұлғаюына, 2003 жылмен салыстырғанда мұнайдың экспорттық бағасының өсуіне, мұнайдың жүк айналымының ұлғаюына, мұнай процессингінен және мұнай өнімдерін сатудан түсетін кірістердің, мұнайды сатудан түсетін кірістердің ұлғаюына байланысты.
2004 жылмен салыстырғанда 2005 жылы кірістердің 5%-ға, 452,9 млрд. теңгеге дейін күтіліп отырған азаюы 2004 жылы мұнайдың әлемдік бағасының (Брент сорты) бір баррель үшін 38,3 АҚШ долларынан бір баррель үшін 35 АҚШ долларына дейін бағалық төмендеуімен түсіндіріледі.
2004 жылы 51,2 млрд. теңге жоспарланып, 74,9 млрд. теңге сомасында таза пайда алынды, жоспарға қарағанда өсу 47 %-ды және 2003 жылмен салыстырғанда 28 %-ды құрайды.
2005 жылы таза пайда 54,9 млрд. теңге деңгейінде бағаланып отыр. Магистральдық мұнай құбырларымен мұнай тасымалдау көлемінің азаюы салдарынан, сондай-ақ ресей және өзбек газының халықаралық транзиті көлемінің азаюынан 2004 жылмен салыстырғанда көмірсутектерді тасымалдау секторында таза пайданың азаюы күтілуде.
2004 жылдың қорытындылары бойынша Компания кемінде 2 949 млн. теңге сомасында, ал 2005 жылы кемінде 2 000 млн. теңге сомасында мемлекеттік акциялар пакетіне дивидендтер төлеуді жоспарлап отыр.
"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ
"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" АҚ (бұдан әрі - Компания) Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 14 шілдедегі № 3593 Жарлығына сәйкес құрылған. Компания уран мен оның қосындыларының, атом энергетикалық станциялары үшін ядролық отынның, арнайы жабдықтар мен технологиялардың, қосарлы пайдалану материалдарының экспорты мен импорты жөніндегі бас оператор болып табылады.
2003 жылы уран өндіру 2 946,36 тоннаны құрады, бұл 2002 жылдың көрсеткіштерінен 8,8%-ға жоғары. 2004 жылы өндіру көлемі 2003 жылдың көрсеткіштерінен 26%-ға асып түсті және 3 712 тоннаны құрады.
2002 жылмен салыстырғанда 2003 жылы тотықша-тотық өндірісі 8,5%-ға ұлғайды және 2802,69 тоннаны, 2004 жылы 3 690,14 тоннаны құрады. 2005 жылы тотықша-тотық өндірісінің жоспарланып отырған көлемі шамамен 3 660,08 тоннаны құрайды.
Табиғи уран өндіру көлемінің тұрақты өсуіне мынадай іс-шараларды іске асыру:
жаңа кен орындарын игеру және қолданыстағы кеніштерді дамыту есебінен өндіріс көлемін ұлғайту;
жаңа техника мен озық технологияларды, өндірістерге ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстарды енгізу есебінен өндірісті интенсивтендіру, жұмысты ұйымдастыруды жетілдіру есебінен қол жеткізілді.
2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы өнімді сатудан түскен шоғырландырылған кіріс 50,6%-ға ұлғайды және 42 664,3 млн. теңгені құрады. Бұл ретте кірістің 44,11%-ын (18818,4 млн. теңге) уран өнімдерін сату, 4,06 %-ын (1 732,3 млн. теңге) бериллий өнімдерін сату, 6,09%-ын (2 596,8 млн. теңге) тантал-ниобий өнімдерін сату, 0,49%-ын (208,7 млн. теңге) плавик қышқылын сату құрады, жалпы сату көлемінің 24,7 %-ын (10 536,3 млн. теңге) энергетикалық кешен өнімдерін сату құрайды, 20,56 %-ы (8 771,7 млн. теңге) өзге де сатудан түскен кіріс.
2004 жылы негізгі қызметтен түсетін кіріс саны 3713,6 млн. теңге болды. Таза табыстың саны 2004 жылы 2647,9 млн. теңге күйінде.
2005 жылы негізгі қызметтен түсетін кіріс саны 5076,0 млн. теңге мөлшерінде жобалануда, таза табыс 10503,8 млн. теңге. Таза табыстың күрт өсуі 2005 жылы "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС-нің мүліктік кешенінің қайта бағалануымен түсіндіріледі.
Компания қазіргі уақытта "Строительство рудника ПВ-19" жобасы бойынша инвестицияларды жүзеге асырады. Инвестициялар 2004 жылы 9162,3 млн. теңге құрады. 2005 жылдан Компанияның инвестициялық қызметі 2010 жылға қарай 15 мың тоннаға дейін уран қазбасына жетуге мүмкіндік беретін жаңа жобаларды жүзеге асыруға бағытталады.
"Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" АҚ
"Азық-түлік келісім корпорациясы" АҚ (бұдан әрі - Компания) миссиясы мемлекеттік астық ресурстарының сақталуы мен жаңартылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ астық пен одан жасалған өнімдер бағасының ішкі конъюнктурасын реттеу болып табылады, бұл елдің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Компания мемлекеттік ресурстар астығы мен одан жасалатын өнімдерді сатып алуды, әзірлеуді, есепке алуды қамтамасыз ету, сақтауды, жаңартуды, оның орнын ауыстыруды, сатуды ұйымдастыру мақсатында әрекет етеді.
Компанияның 2003 жылғы қызметінің қорытындылары бойынша 785,6 млн. теңге сомасында таза пайда алынды, оның ішінде республикалық бюджетке дивидендтер түрінде 386,6 млн. теңге аударылды.
2003 жылы жалпы кіріс 34602,8 млн. теңгені құрады, оның ішінде:
мемлекеттік астық ресурстарын басқарудан түсетін кіріс - 9284,9 млн. теңге;
жеке қаржы-шаруашылық қызмет бойынша түсетін кіріс - 25317,9 млн. теңге.
2003 жылы жалпы шығыстар 33431,6 млн. теңгені құрады, оның ішінде:
мемлекеттік астық ресурстарын басқару шығыстары - 9243,4 млн. теңге;
жеке қаржы-шаруашылық қызмет бойынша шығыстар - 24188,3 млн. теңге, оның ішінде әкімшілік шығыстар - 405,8 млн. теңге.
2003 жылы салық салынатын кіріс 1171,2 млн. теңгені құрады.
2004 жылы Корпорация барлық егіннің:
астықты мемлекеттік сатып алу бағдарламасы бойынша - 464,2 мың тоннасын;
тартылған кредиттік ресурстар есебінен астық сатып алу бағдарламасы бойынша - 1271,1 мың тоннасын сатып алды.
2004 жылы негізгі қызметтен кіріс 31242,9 млн. теңгені құрады, оның ішінде:
мемлекеттік астық ресурстарын басқарудан түсетін кіріс - 2730,0 млн. теңге;
жеке қаржы-шаруашылық қызмет бойынша кіріс - 28512,9 млн. теңге.
2004 жылы Компанияның жалпы шығыстары 33665,6 млн. теңгені құрады, оның ішінде:
мемлекеттік астық ресурстарын басқару шығыстары - 3421,6 млн. теңге;
жеке қаржы-шаруашылық қызмет бойынша шығыстар - 30244 млн. теңге, оның ішінде әкімшілік шығыстар - 521 млн. теңге.
2004 жылғы салық салынатын кіріс 820,3 млн. теңге.
2005 жылғы 1 шілдеде Корпорация 625,74 мың тонна көлемінде мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастырды.
Мемлекеттік астық ресурстары негізінен республиканың 58 ірі астық қабылдау кәсіпорындарына орналастырылады, оларды іріктеуді Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Компания конкурстық негізде жүргізеді.
Астық сатып алу мемлекеттік азық-түліктік астық резервін қалыптастыру және отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қолдау мақсатында жүргізіледі. 2005 жылы 2005 жылғы егіннен:
мемлекеттік сатып алу бойынша - 6208 млн. теңге сомасына 549,999 мың тонна;
коммерциялық сатып алу бойынша - 23000 млн. теңге сомасына 2 млн. тонна астық сатып алу көзделген.
Өткен жылдардағыдай, астық сатып алу екі кезеңмен: жеткізу шартының негізінде көктемгі-жазғы кезеңде қаржыландыру арқылы және күзде тікелей сатып алу арқылы жүргізілетін болады.
Компанияның 2005 жылға негізгі қызметтен алатын кірісі 35268,7 млн. теңге мөлшерінде жоспарланған, оның ішінде:
мемлекеттік астық ресурстарын басқарудан түсетін кіріс - 6469,2 млн. теңге;
жеке қаржы-шаруашылық қызмет бойынша кіріс - 28799,5 млн. теңге.
2005 жылға арналған жалпы шығыстар 35164,6 млн. теңге мөлшерінде жоспарланған, оның ішінде:
мемлекеттік астық ресурстарын басқару шығыстары - 6464 млн. теңге;
жеке қаржы-шаруашылық қызмет бойынша шығыстар - 28700,6 млн. теңге.
2005 жылға арналған салық салынатын кіріс 805,6 млн. теңге көлемінде жоспарланып отыр.
2005 жылы бюджетке 275,5 млн. теңге мөлшерінде мемлекеттік акциялар пакетіне дивидендтерді аудару жоспарлануда.
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ (бұдан әрі - Компания) "Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпараттық кеңістікті дамыту және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 сәуірдегі № 492 қаулысына сәйкес құрылды.
Компания қызметінің негізгі нысаны мемлекеттік ақпарат ресурстарының коммуникациялық ортасын және өзара әрекет ету жүйесін құру, жалпы қолданылатын ақпараттық база қалыптастыру, сондай-ақ халықаралық ақпарат жүйелерімен ынтымақтастық болып табылады.
2003 жылғы қызмет қорытындылары бойынша Компания алған кіріс 443,7 млн. теңгені құрады, оның ішінде негізгі қызметтен түсетін кірістер 432 млн. теңгені, негізгі емес қызметтен - 11,7 млн. теңгені құрады.
Тұтастай алғанда, 2003 жылы Компания 95,6 млн. теңге мөлшерінде зиян шекті. Зиян шегудің негізгі себептері клиенттердің жеке телекоммуникациялық желілер құруына байланысты олардың жаппай кетуі немесе олардың басқа провайдерлерге көшуі салдарынан телекоммуникациялық қызметтердің 3 есе азаюы болып табылады. Компанияның залалды қызметіне байланысты 2003 жылдың қорытындылары бойынша 6,6 млн. теңге мөлшерінде жоспарланған мемлекеттік акциялар пакетіне дивидендтер есептеу және төлеу жүзеге асырылған жоқ. 2003 жыл ішінде бюджетке жалпы сомасы 92,6 млн. теңге салық пен басқа да төлемдер төленді.
2004 жылы орындалған жұмыстардың жалпы көлемі 622,7 млн. теңгені құрады, оның ішінде қызметтің негізгі бағыттары бойынша:
Мемлекеттік бағдарлама шеңберіндегі жұмыстарды орындау - 313,8 млн. теңге;
жүйелерді сервистік сүйемелдеу және мемлекеттік органдардың жабдығына техникалық қызмет көрсету - 260,2 млн. теңге;
телекоммуникациялық қызметтер көрсету - 39,9 млн. теңге;
өзге де жұмыстар мен қызметтерден - 8,8 млн. теңге.
2004 жылғы қаржы-шаруашылық қызмет қорытындылары бойынша Компанияның жалпы кірісі жоспарланған 560,8 млн. теңгенің орнына 548,3 млн. теңгені (97,8 %) құрады. 2003 жылмен салыстырғанда (443,7 млн. теңге) өсу 23,6 %-ды құрады. Негізгі қызметтен түсетін кірістер жоспарланған 556,3 млн. теңгенің орнына 541,5 млн. теңгені құрады (жоспардың орындалуы 97,3 %), негізгі емес қызметтен түсетін кіріс жоспарланған 4,5 млн. теңгенің орнына 6,8 млн. теңгені (151%) құрады. Компания бюджетінің кіріс бөлігінің орындалмау себебі телекоммуникациялық қызметтер көлемінің азаюы, мемлекеттік органдардың орталықтандырылған сервистік техникалық қызмет көрсетуге көшу кестесін толық көлемде орындамауы болып табылады.
2005 жылы Компанияның жалпы сомасы 678,6 млн. теңге кіріс алуы күтіліп отыр. Негізгі қызметтен түсетін кірістер 673,6 млн. теңгені құрайды, негізгі емес қызметтен түсетіні 5 млн. теңге сомасында күтілуде.
2005 жылдың қорытындылары бойынша 51,8 млн. теңге сомасында таза пайда алу күтіліп отыр.
Инвестициялық саясат Компаниялар қызметінің келесідей негізгі бағыттарын дамытуды қамтамасыз етуге бағытталған:
Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы шегінде құрылған және әкімшіліктендіру;
Ведомствоаралық ақпараттық жүйелерді қамтамасыз ету мен мемлекеттік органдардың есептеуіш-телекоммуникациялық құрал-жабдықтарына жүйелік-техникалық қызмет көрсету;
әртүрлі деңгейдегі мамандарды оқыту мен біліктілігін жоғарлату, соның ішінде электрондық құжат айналымы жүйесі мен қолданбалы ақпараттық жүйелерді пайдаланушыларды дайындау.
"Қазпочта" АҚ
"Қазпочта" АҚ (бұдан әрі - Компания) "Республикалық мемлекеттік почта байланысы кәсіпорнын және оның еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1940 қаулысына сәйкес Республикалық мемлекеттік почта байланысы кәсіпорнын қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылды.
Компанияның миссиясы Қазақстанның бүкіл аумағында жоғары сапалы деңгейдегі почта-жинақтау қызметтеріне еркін қол жетімділікті қамтамасыз етуден тұрады.
Қазақстан почтасы қаржы жағдайын тұрақтандыру және тұрақты өсу сатысына нық сеніммен көшуде: почта байланысының сапасы біртіндеп жақсаруда, почта-қаржы қызметтерінің аясы кеңеюде, қазіргі заманғы коммерциялық қызметтер дамуда.
2004 жылы Компания 32,8 млн. бірлік жазбаша хат-хабар қабылдады, бұл 2003 жылдың деңгейінен 102,4%-ға артық. Сондай-ақ, мерзімді басылымдар саны 21,2%-ға ұлғайды.
Жалпы ақылы алмасу көлеміндегі ең көп үлес салмақты жазылу мен мерзімді басылымдарды сату - 73,5 %, жазбаша хат-хабар - 15,4 % алады, зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеу үлесі 9,8 %-ды құрайды.
2004 жылы аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдық өңірлерде зейнетақыларды, жәрдемақылар мен атаулы әлеуметтік көмекті дербес төлеу жөніндегі іс-шараларды іске асыру жалғастырылды.
2004 жылы жалпы сомасы 115,1 млрд. теңге болатын барлығы 20,9 млн. зейнетақы мен жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек төлемі жүргізілді, бұл 2003 жылғы нақты орындаудан 23,6%-ға жоғары. Қалыптасып отырған үрдіс Компанияның қызметін жандандыру жөніндегі міндеттердің осы бағытта іске асырылуына оң сипаттама береді.
Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері бойынша 2003 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 2004 жылы Компанияның жиынтық кірісі 42,1 %-ға ұлғайып, 7111,0 млн. теңгені құрады. Компанияның негізгі қызметтен кірісі 6456,4 млн. теңге құрады. 2004 жылы шығыстар 2003 жылдың деңгейінен 43,3 %-ға артып, 6952,2 млн. теңгені құрады. 2004 жылы Компанияның таза пайдасы 158,8 млн. теңге сомасын құрады, бұл 2003 жылдың көрсеткішінен 4,7 %-ға немесе 7,1 млн. теңгеге артық.
2005 жылы Компания 2003-2004 жылдары байқалған мерзімді басылымдар бойынша почталық алмасудың, жазбаша хат-хабарлар, зейнетақы, жәрдемақы төлемдері және почталық ақша аударымдары бойынша ақылы алмасулардың өсу үрдісін сақтауды жоспарлап отыр. 2005 жылы шығатын ақылы алмасу көлемін 4,19%-ғa ұлғайту күтілуде.
2005 жылдан бастап аудан орталықтары мен селоларда зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеу жөніндегі функцияларды біртіндеп Компанияға беру жоспарлануда.
Тиімді жұмыс істейтін отандық почта-жинақтаушы жүйені қалыптастыруға бағытталған қызметті жандандыру нәтижесінде компанияның қаржылық жай-күйі біршама жақсарды.
2005 жылы 2003 жылдың деңгейімен салыстырғанда жиынтық табыстың 12,6 %-ға өсуі күтілуде, бұл 894,0 млн. теңгені құрайды, жиынтық шығыстар деңгейі 12,7 %-ға немесе 880,4 млн. теңгеге өседі. Компанияның негізгі қызметтен кірісі 2005 жылы 7421,9 млн. теңге мөлшерінде бағаланады және таза табыс 172,3 млн. теңге сомасында болжанып отыр.
"Қазақтелеком" АҚ
"Қазақтелеком" ҰК" АҚ (бұдан әрі - Компания) Қазақстан Республикасының жалпы қолданыстағы бірыңғай телекоммуникация желісінің ұлттық операторы болып табылады.
"Қазақтелеком" ұлттық акционерлік компаниясы "Қазақтелеком" ұлттық акционерлік компаниясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 17 маусымдағы № 666 қаулысына сәйкес ұлттық ауқымда құрылатын, мемлекеттік өңірлік және мамандандырылған телекоммуникация кәсіпорындарының мүлкін Республиканың бүкіл аумағында кең ауқымды байланыс қызметтерінің көрсететін акционерлік қоғамның жарғылық қорына беру жолымен құрылды.
2004 жылғы 1 сәуірде "Қазақтелеком" ҰАК-ты Астана қаласының Әділет басқармасы "Қазақтелеком" АҚ етіп қайта тіркеді.
Компания Қазақстанда жұмыс істейтін 3 еншілес және бірлесіп бақыланатын ("Алтел" АҚ (50 %), "Қазақстан GSM" ЖШС (49 %), "Нұрсәт" ЖАҚ (41,25 %)) ұйымға қатысушы немесе акционер болып табылады.
Компания мынадай негізгі қызметтерді көрсетеді:
жергілікті, қалааралық, халықаралық телефон байланысы;
телеграф, телекс, деректер беру;
спутниктік байланыс;
сым арқылы радиохабар тарату;
байланыс арналарын жалға беру.
2003-2004 жылдары Компанияда жоғары өндірістік және қаржылық көрсеткіштер байқалды.
Компанияның бағалауы бойынша 2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы қазақстандық телекоммуникация қызметтері рыногының көлемі 27%-ға өсті және 140000 млн. теңгеден асты. Рынок құрылымының өзгеруі ұялы байланыс рыногы үлесінің өсуі есебінен болды, оның үлес салмағы телекоммуникациялық рынок көлемінің 37 %-ын құрады. Қалааралық байланыс рыноктың 20%-ын құрайды, оның үлесінің осы деңгейде сақталуына көп жағдайда ұялы желілердің өсіп бара жатқан трафигі ықпал етеді. ТМД-ға халықаралық сөйлесулер үлесі 7 %-ды құрайды. Барлық қызметтер түрі көлемінің өсуі аясында алыс шетелдерге қызметтер үлесі қысқарды және 4%-ды құрады. Жергілікті желі қызметтерінің үлесі 10%-ды құрайды. Деректер беру және Интернет қызметтерінің үлесі жыл сайын өсу үстінде және 2004 жылы 10%-ды құрады. ІР-телефония қызметтерінің үлесі 2 %-ды құрайды, алайда бұл сегмент жоғары өсу қарқынымен сипатталады.
Телекоммуникациялар рыногындағы Компанияның үлесі 2004 жылы айтарлықтай өзгеріске ұшыраған жоқ және орта есеппен 57 %-ды құрады.
Жергілікті байланыс рыногындағы Компанияның үлесі 2004 жылы 94 %, қалааралық - 92 %, ТМД елдерімен халықаралық - 85 %, алыс шетелдермен - 67 % деп бағаланады. Деректер беру рыногындағы Компания үлесінің бағасы 65 %-ды, Интернет жүйесінде 58 %-ды құрайды.
Рыноктың жоғары үлесі көбінесе тарихи қалыптасқан клиенттік қормен түсіндіріледі. Кейбір жергілікті рыноктарда және корпорациялық клиенттер рыногында Компанияның үлесі анағұрлым төмен.
Компанияның тәуекелдері бәсекелестер желілерінің, әсіресе жер үсті желілерінің дамуына, олардың корпорациялық клиенттер және жеке тұлғалар рыногындағы белсенді қызметіне, ұялы байланыстың дамуына, телекоммуникация рыногын ырықтандыру процесімен байланысты реттеуші органдардың іс-шараларына келіп тіреледі.
2004 жылы негізгі қызметтен түсетін кірістер 80096,4 млн. теңгені құрады немесе 2003 жылмен салыстырғанда 82,2 %-ға артық, оның ішінде қалааралық, халықаралық байланыс қызметтерінен түсетін кірістер - 46678,2 млн. теңге, жергілікті байланыс қызметтерінен түсетін кірістер - 13710,5 млн. теңге, деректер беру желісі қызметтерінен түсетін кірістер - 4206,5 млн. теңге.