«Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қарашадағы № 1144 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 31 тамыздағы № 917 қаулысында:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспарында:
2005-2007 жылдарға арналған қолданыстағы және әзiрленетiн мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлiнiсiндегi басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiнде (5-бөлiм):
"Республикалық бюджеттен дамытуға және кредит беруге арналған мақсатты трансферттердiң есебiнен қаржыландырылатын басымды жергiлiктi бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) 2005-2007 жылдарға арналған тiзбесi" деген кестеде:
"Ауылдық аумақтарды дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы" деген кіші бөлiмде:
реттік нөмiрi 217-жолда:
5-бағанда "707500" деген сандар "743803" деген сандармен ауыстырылсын;
7-бағанда "237500" деген сандар "273803" деген сандармен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 252-жолда:
5-бағанда "820320" деген сандар "784017" деген сандармен ауыстырылсын;
7-бағанда "130000" деген сандар "93697" деген сандармен ауыстырылсын;
2) "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1289 қаулысында:
көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада:
05 "Денсаулық сақтау" функционалдық тобында:
226 "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі" әкімшісі бойынша:
005 "Облыстық бюджеттерге, Астана қаласының бюджетіне денсаулық сақтау объектілерін салуға және қайта жаңартуға берілетiн нысаналы даму трансферттерi" бағдарламасы бойынша:
"Алматы облысы Қарасай ауданының Шамалған ауылында 150 адам қабылдайтын емханасы бар 50 төсектiк көп бейiндi аурухана салу" деген жолда "237500" деген сандар "273803" деген сандармен ауыстырылсын;
"Қызылорда облысының Жаңақорған кентiнде 190 төсектік Жаңақорған орталық аудандық ауруханасын салу" деген жолда "130000" деген сандар "93697" деген сандармен ауыстырылсын;
3) "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған (екiншi кезең) орта мерзiмдi жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2005 жылғы 26 тамыздағы № 884 қаулысында:
көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарында:
2006-2008 жылдарға арналған қолданыстағы және әзiрленетiн мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісiндегi басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесінде (5-бөлім):
"Республикалық бюджеттен дамытуға және кредит беруге арналған мақсатты трансферттердің есебiнен қаржыландырылатын басымды жергiлiктi бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) 2006-2008 жылдарға арналған тiзбесi" деген кестеде:
"Ауылдық аумақтарды дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы" деген кiшi бөлiмде:
реттiк нөмiрi 105-жолда:
5-бағанда "820320" деген сандар "784017" деген сандармен ауыстырылсын;
6-бағанда "130000" деген сандар "93697" деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |