Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 404 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қарашадағы № 1127 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007.26.07. № 633 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестерiне кiрiс туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 404 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 18, 184-құжат) мынадай толықтырулар енгізiлсiн:
1) 1-тармақта:
2) тармақшадағы "акцияларының жүз пайызы" деген сөздерден кейiн "немесе бақылау пакетi" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгі белгiленген тәртiппен "Хабар" агенттігi" акционерлік қоғамы акционерлерiнiң жылдық жалпы жиналыстарын өткiзген кезде 2004-2006 жылдардың қорытындысы бойынша таза кiрiстiң 10 (он) пайызын дивидендтер төлеуге бағыттау үшiн барлық қажеттi шаралар қабылдауды қамтамасыз етсiн";
2) көрсетiлген қаулыға 3-қосымшада:
тақырыбындағы "жүз пайызы" деген сөздерден кейiн "немесе бақылау пакетi" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 6-жолмен толықтырылсын:
"6. "Хабар" агенттiгi" АҚ".
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |