«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң «Атырау аудандық пайдалану бөлiмі» мемлекеттік мекемесiн құру туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қарашадағы № 1125 Қаулысы
(2014.27.06. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2004 жылғы 10 наурыздағы № 298-11қ қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң Арнайы әскерлерiне арналған штат санының лимиті шегiнде 19 бiрлiк штат саны бар Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң «Атырау аудандық пайдалану бөлiмi» мемлекеттік мекемесi (бұдан әрi - мемлекеттік мекеме) құрылсын.
2. Мемлекеттік мекеменi қаржыландыру Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі заңнамада белгіленген тәртiппен:
1) мемлекеттік мекеменiң жарғысын бекiтсiн және әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. ҚР Үкіметінің 2014.27.06. № 707 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |