«Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 31 тамыздағы № 917 және
2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1289 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 қарашадағы № 1111 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір қаулыларына мынадай өзгерістер енгiзілсiн:
1) "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 31 тамыздағы № 917 қаулысында:
көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспарында:
2005-2007 жылдарға арналған қолданыстағы және әзiрленетiн мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлiнiсiндегi басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiнде (5-бөлiм):
"Республикалық бюджеттен дамытуға және кредиттер беруге арналған мақсатты трансферттердiң есебiнен қаржыландырылатын басымды жергiлiктi бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) 2005-2007 жылдарға арналған тiзбесi" деген кестеде:
"Қазақстан Республикасында білім берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы" деген кiшi бөлiмде:
реттiк нөмiрi 26-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"Астана қаласының Орынбор көшесi бойынан 1200 орындық орта мектеп салу";
"Астананың гүлденуi - Қазақстанның гүлденуi" 2005 жылға дейiнгi кезеңге арналған Астана қаласының әлеуметтiк-экономикалық дамуының мемлекеттік бағдарламасы" деген кiшi бөлiмде:
реттік нөмiрi 372-жолда:
5-бағандағы "1200000" деген сандар "1100315" деген сандармен ауыстырылсын;
7-бағандағы "500000" деген сандар "400315" деген сандармен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 378-жолда:
5-бағандағы "8259149" деген сандар "8358834" деген сандармен ауыстырылсын;
7-бағандағы "673449" деген сандар "773134" деген сандармен ауыстырылсын;
2) "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1289 қаулысында:
көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
04 "Білім беру" функционалдық тобында:
225 "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі" әкiмшiсi бойынша:
012 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне білiм беру объектілерін салуға және қайта жаңартуға берілетiн нысаналы даму трансферттерi" бағдарламасы бойынша:
"Астана қаласының Чернышевский-Ушаков көшелерi ауданында" деген сөздер "Астана қаласының Орынбор көшесi бойынан" деген сөздермен ауыстырылсын;
08 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк, оның iшiнде инвестициялық жобаларға:" функционалдық тобында:
200 "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі" әкiмшiсi бойынша:
026 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне мәдениет және спорт объектілерiн дамытуға берілетiн нысаналы даму трансферттерi" бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
"026 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы
қалаларының бюджеттерiне мәдениет және спорт
объектілерiн дамытуға
берілетiн нысаналы даму трансферттерi 2705784
оның iшiнде инвестициялық жобаларға:
2000 орындық цирк ғимаратын салу 1032335
"Думан" ойын-сауық объектілерi кешенi 773134
Қоянды өзенiнiң су қоймасында Астана
қаласының тұрғындарына арналған қысқа
мерзiмдi демалыс аймағы 400315
Астана қаласында теннис кортын салу 500000".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |