«Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарының қызметке алғаш
рет түскен адамдары мен қызметкерлерiн кәсiби даярлау туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 16 мамырдағы № 847 қаулысы
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң кадрларын iрiктеу, зерделеу және даярлау жөніндегі жұмысты жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң iшкi iстер органдарының қатардағы, кiшi және орта басшы құрамын кәсiби даярлаудың қазiргi бар мектебiн Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң училищесi етiп құру, оған iшкi iстер органдарының жеке құрамын, қатардағы, кiшi және орта басшы құрамын қайта даярлау мен біліктiлiгiн көтерудiң алғашқы даярлығының мiндеттерiн жүктеу туралы ұсынысына келісім берiлсiн.
2. "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруi туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 27 желтоқсандағы № 1644 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
аталған қаулымен бекітілген "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруi туралы" Ереженiң 11-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Iшкi iстер органдарына қатардағы, кiшi және орта басшы құрам қызметiне алғаш рет түскен адамдар кадрға есепке алынғанға дейiн Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң училищелерiнде алғашқы даярлықтан өтуi тиiс.
Аталған училищелерде алғашқы даярлықтар өтудiң тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі айқындайды.
3. Облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi:
облыстық және қалалық iшкi iстер басқармаларымен бiрлесiп, училищелердiң оқу базасын нығайту, оқу процесiн ұйымдастыру үшiн қажеттi материалдық-техникалық құралдармен жабдықтауға шаралар қолдансын;
жыл сайын жергiлiктi бюджетте iшкi iстер органдарына жергiлiктi
бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын лауазымдар бойынша жұмысқа жiберу
бойынша шығыстар көздесiн;
облыс аумағында орналасқан училищенiң штаттық санын ұстауға
қаражат бөлудi, сондай-ақ училищелердiң жұмыс iстеуiне байланысты
өзге де шығыстарды қамтамасыз етсiн.
4. Құпия.
Қазақстан Республикасының