«Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 1289 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
резервiнен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 3 қарашадағы № 1094 Қаулысы
"2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңына, "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiн пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 1405 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1289 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
II "Шығындар" бөлiмiнде:
13 "Басқалар" функционалдық тобында:
09 "Басқалар" iшкi функциясында:
217 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі" әкiмшiсi бойынша:
010 "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң резервi" бағдарламасында:
100 "Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердiң аумағындағы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң төтенше резервi" кiшi бағдарламасындағы "3875899" деген сандар "3375899" деген сандармен ауыстырылсын;
101 "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шұғыл шығындарға арналған резервi" кiшi бағдарламасындағы "11883014" деген сандар "12383014" деген сандармен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне 2005 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен "ҚазҚуат" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға 350880000 (үш жүз елу миллион сегiз жүз сексен мың) теңге бөлiнсiн.
3. "ҚазҚуат" акционерлік қоғамына "Мойнақ ГЭС-i" акционерлік қоғамының жарғылық капиталындағы 350880000 (үш жүз елу миллион сегiз жүз сексен мың) теңге сомасына тең 1 (елу бiр) пайыз мөлшерiндегi үлесiн төлеу ұсынылсын.
4. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |